Желілі – рөлді ойын:
Бесікке салу
Ойынның мақсаты: ұлттық салт-дәстүрді қастерлеуге тәрбиелеу.
Ойынның көрнекті құралы: Бесіктің құрал-жабдықтары
Ойынның мазмұны: Әже балалармен әңгімелесе отырып, кішкентайды бесікке салады. Әр бала өзінің тілектерін айтады. Әже бесікті не үшін аластайтынын айта, көрсете отырып, жастығының астына керектігін салады. Балалар өз білгендерін қысылмай жеткізе отырады. Бәрі бесік жырын орындайды.
Қуыр, қуыр, қуырмаш
Ойынның мақсаты: ойын арқылы балалардың тілін дамыту, сөз қорын байыту, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
Ойынның шарты: Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де, сол қолмен оны бүктемелеп, саусақтардың басын көрсетіп ғана қапсыра ұстайды. Қасындағы балаға:
Ортан қолымды тапшы, - дейді. Екінші бала бір саусақтың басынан шымшып:
Міне, мынау, - деп көрсетеді. Егер ортан қолды таба алмаса, мына ережелерді орындайды.
Бас бармақтан бастап, шынашаққа дейін саусақтарын аттарын атап, жұмылдыра береді.
Қайтадан бас бармақтан бастап мына сөздерді пйтып, жазады.
Сен тұр, қойыңа бар;
Сен тұр, түйеңе бар;
Сен тұр, жылқына бар;
Сен тұр, сиырына бар
Ал сен кішкентай бөбек, әді жас екенсің, қазанның қаспағын қырып жеп, жыламай отыра тұр.
Енді осы шынашақтың өзін алақанның шұңқырына бүгі, тұқырта ұстайды да:
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Балапанға бидай шаш,
Әжен келсе, есік аш,
Қасқыр келсе, мықтап бас, - деп шынышақты шыр айналдырып, баланың алақаның қытықтайды. Оларды істеп бола беріп:
Мына жерде қой бар, - деп баланың білезігін түртеді.
Мына жерде түйе бар, - деп баланың білегін түртеді.
Мына жерде жылқы бар, - деп білектің жоғарғы жағын түртеді.
Мына жерде түлкі бар, - деп қолтығына барады да тездете түседі.
Мына жерде күлкі бар, - деп қытықтай бастайды. Қытық, қытық!
Сымсыз телефон
Ойынның мақсаты: Ойында ой-танымын кеңейту.
Ойынның шарты: Ойынға қатысушылар жартылай шеңбер жасап отырады. Ойын жүргізуші бірінші отырған ойыншының құлағына сыбырлап бір сөз айтады. Ол сөді естіген ойыншы сыбырлап екінші ойыншыға айтады. Осылайша барлық ойыншы сөзді сыбырлау арқылы естігенне кейін соңғы ойыншыдан бастап, қандай сөз естігені сұралады. Сөз қай жерде дұрыс айтылмаса, сол жерден телефон сымы үзілген деп есептеліп, үзген бала ойыннан шығарылады.
Көкпар
Ойынның шарты: Ойыншылар белгіленген көмбеде сызықтың бойына қатарға тұрады. Ойын жүргізушінің берген белгіс бойынша он адымдай жерде жатқан көкпарды қай озғандары алып қашып, арасы он қадамдай екінші көмбеге қайсысы бұрын келсе, сол ойыншының ұтқаны. Көкпардың орнына басқа да заттарды пайдалануға болады.
Ақ серек пен көк серек
Ойынның мақсаты: Ойынға деген балалардың қызығушылыған арттыру, көңіл-күйін көтеру, жылдамдыққа, ептілікке, шапшандыққа үйрету.ойын шартын дұрыс түсіндіре отырып, ойынға деген белсенділігін арттыру.
Ойынның шарты: Ойын ашық алаңда өткізіледі. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Аралары 30-40 метрдей жерде бір-біріне қарсы орналасады. Қаз қатар қол ұстасып тізіліп тұрады. Жеребе бойынша анықталған ойынды бастаушы топтың балалары әндете өлең айтады:
Ақ, серек те, көк серек
Бізден сізге кім керек?
Екінші тотың балалары:
А, ақ серек те, көк серек
Бізге сізден Еркеназ керек – деп бірінші топтағы баланың атын атайды. Сол кезде аты аталған бала өз тобына қосады. Осылайша ойын жалғаса береді. Қай топ өз ойыншыларынан көп айырылып қалса, жеңілген болып есептелінеді.
Арқан түю
Ойынның мақсаты: Балалардың секіру дағдыларын қалыптастыра отырып, дұрыс секірулеріне көңіл бөлу. Дененің қимыл жаттығуларын дамыту. Балалардың ынтымақты, ұйымшыл болып ойнауларына көмектесе отырып, белгі бойынша қимыл жасап, байқау білуге үйрету.
Қатысушылар: Ойыншылар
Керекті құрал: Арқан
Ойынның шарты: Ойыншылар шеңбер жаспа дөнгелене тұрғаннан кейін, қолына арқаны бар ойын жүргізуші топ ортасына шығып: «Ойынды бастадым» - деп дауыстайды. Содан соң арқанның түйілмеген басынан ұстап шеңбер бойымен айналдырады. Ал ойыншылар болса, секіріп тұрып арқанды аяқтарының астынан өткізіп жібереді. Кімді-кім арқанды өткізе алмай, аяғына тигізіп алса, онда айып тартады. Көпшіліктің ұйғарумен ортаға шығып өнер көрсетеді және ойын жүргізушімен орын ауыстырады. Ослайша ойын одан әрі жалғаса береді.
Ақшамшық
Ойын жүргізуші ойыншылардың арасынан бір кісі өтетіндей өтіп дөңгелекте отырғызады да, ортаға шығып өзі екі алақанын беттестіре ұстайды. Ойыншыларға да солай істеуді тапсырады. Содан кейін алақандарының арсындағы сақинаны ойыншылардың біріне тастау үшін айнала жүгіріп, бәріне сақина тастаудың белгісін жасайды. Алайда ол сақинаны білдірмей біреуге ғана
Тастайды. Сақина жасырылған адам да оны басқаларға байқатпауға тырысады. Ойын басқарушы түгел айналып шыққан соң ортаға келіп: «Ақшамшығымды бер», -деп дауыстайды. Сонда сақинаны алған ойыншы орнынан атып тұруы керек. Әрбір ойыншы оң жағында отырған көршісін бағады, сондықтан сақинаның онда барын білсе орнынан тұрғызбауға тырысады. Ал сақинаны алған ойыншы білдірмей тұрып кетсе, өзі жаза тартады, ол тұра алмай қалса. Айыпкер көпшіліктің ұйғаруымен өлең айта ма, би билей ме, домбыра тарта ма –әйтеуір бір өнер көрсетіп жазасын өтеуге тиіс, /көпшіліктің ұйғаруына қарсыласуға болмайды/
Содан кейін ойын қайтадан басталып, жалғаса береді
Арқан тартыс
Ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойнаушылардың саны 10 баладан көп болмағаңы жөн. Ойынға ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан керек. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады.
Ойынға қатысушылар бойына қарай қатарға тұрады да, ойын жүргізушінің тапсыруымен бір, екі... деп санап шығады. Содан кейін дегендері /жұп/ бір жаққа, бір дегендері/тақ/екінші жаққа бөлінеді.
Арқанның қызыл мата байланған жерін күні бұрын еденге немесе жерге сызылған белгі сызықтың үстіне дәл келтіреді.
Ал ойнаушылар арқанның белгісінен бастап ұшына дейін қос қодап ұстап тартып тұрады. Егерде арқанға қолдары сыймаса, онда ойнаушылар бірінің белін бірі ұстайды. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша екі команда арқанның екі жағынан жағынан екі жаққа тартары. Ойынның мақсаты – екі команданың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өтіп кеткен команда ойыншысы ойыннан шығып қалады.
Қай команда қарсылас команданың ойыншыларын түгелдей ортаңғы сызықтан аз жағына өткізсе, сол ұтқан болып есептеледі.
Ойнаушылардың өзара келісімдері бойынша ойынды тағы да жалғастырады.
Арқан тартыс
/екінші түрі/
Бұл ойынды ойнау үшін он-он бала тартқан үзілмейтін арқан және үлкен адамның алақаны көлеміндей екі тақтай дайындалады. Ол тақтайлардың ортасы арқан өтетіндей өтіп тесіледі. Содан кейін қар жентектеліп, аққалаға ұқсатылып үйіледі. Оның орта шені таяқпен тесіледі де, әлгі арқан өткізіледі. Содан тақтайшалар аққалаға екі-үш қарыстай тақап әкелініп, арқан түйелітін болады. Тақтайшалар өздеріңе жылжып кетпейтіндей жағдайда болуы керек. Бәрі дайын болған соң команда екі топқа бөлінеді де, екі жаққа ерсілі-қарсылы тартыс басталады. Аққала қай топқа қарай құласа, жеңіс солардікі болады.
Сақина жасыру
Бұл ойын жасөспірімдер арасында ойналады.
Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойышылар дөңгелек шеңбер бойымен отырады тізелерін көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қарсы жұмған алақанның ішіне қолына сақина алып, әр ойыншының қолына қолын кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқаруша жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, олар алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші күні бұрын сайланған кезекшіден «Сақина кімде» деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін табуы керек. Егер кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлнң айтып, би билеп т.б. көрсетеді де, өз қызметін қайтадан атқарады.
Белбеу тастау
Ойнаушылар екі топқа бөлінеді де, арасы 15-20 м екі сызықтың бойына қатарға тұрады. Ойын жүргізуші топ ойыншылардың біреуіне қолындағы орамалды береді. Ол жүгіріп жүріп екінші топтағы бір қыздың /баланың/ артына орамалын қалдырады да, өз орнына қарай жүгіреді. Ормалды тауып алған ойыншы қуып жетіп ұрса, онда қарсыласымен бірге өз тобына келеді, ал қуып жете алмаса қарсы топқп кетеді. Келесі кезек екінші топтың ойыншысына беріледі. Осылайша барлық ойыншылар орамалды бір-бір реттен тастап шыққанша ойын жалғаса береді.
Белбеу тастау
/екінші түрі/
Ойыншылар екі топқа бөлініп /ұлдар мен қыздар араласып ойнауына болады/, бір-бірімен 50-60 м қашықтықта қарама-қарсы тұрады. Екі топтың дәл ортасындағы сызыққа жалау байлап, түбіне белбеу немесе шиыршақталған орамал тастайды.
Кезек бойынша бір топтың басқарушы өз ойыншыларының біреуінің атын атайды. Берілген белгі бойынша әлгі екі ойыншы ортадағы жалауға қарай жүгіреді, бұрын жетіп, белбеуді алуға ұмтылады. Бұрын жеткен ойыншы белбеуді ала салып, жете алмаған ойыншы қарсы топқа жеткенше көрі қуып барады да, қолындағы белбеуді сонда тастай салып, өзі кейін қашады. Енді әлгі қашып келген ойыншы жаңағы ұтылған ұпайларын қайтарып алуға тырысады.
Ойынның қорытындысында қай тотың ойыншылары қарсыластарына көбірек белбеу жұмсаса, сол ұтқан болып есептеледі.
Бұрыш
Ойынды бес не тоғыз адам ойнайды.
Ойын жүргізушінің бұйрығымен белгілі бір арақашықтағы /3-5/ төрт ойыншы төрт бұрышқа тұрады, олар екі-екіден орындарын ауыстырады. Ойын жүргізушінің мақсаты – төртеуінің ортасында тұрып, осы кезде босаған оыңға тұра қалу. Ойынның шарты түсінікті болу үшін, әрбір ойынша тұрған жерін бормен белгілеп қойса да болады. Сөйтіп, орнынан айрылған ойын жүргізуші болады да, ол да бос орын іздейді. Ал тоғыз ойынша ойнағанда әрбір қабырғаға тұрып, өзара екі-екіден орын ауыстырады.
Дауыста, атыңды айтам
Ойнаушылар қол ұстасып дөңгелене шеңбер жасайды. Көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады да, қолындағы таяғын шеңбер бойында тұрған ойыншылардың ке-келгеніне ұсынып – дауыста, атыңды айтам,-дейді. Таяқтың екінші ұшынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін әдейі дауысын бұзып шығарады. Шеңбер бойындағы ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады. Көзі байланған ойыншы бірінші таяқ ұсынған ойыншының атын дұрыс тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса, таяғын екінші ойыншыға ұсынады, оны таба алмаса, келесіге ұсынады, осылайша үш ойыншының атын анықтай алмаса, ойыннан шығып қалады.
Жаяу тартыс
Ойынға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, екі басы біріктіріліп түйілген тұйық арқанды мойындарына іліп қолтық астынан өткізіп, екі жаққа қарай тартады. Ойынның мақсаты – ойыншылардың бірін-бірі тартып белгіленген мезеге дейін жеткізу. Қайсысы бұрын жеткізсе, сол ойыншы ұтқан болып есептеледі. Осылайша ойнаушылардың барлығы қатысып болғаннан кейін ғана жеңіске жеткен ойыншыны жариялайды.
Жаяу аударыспақ
Мұнда балалар «Батырлар соғысы» деп те атайды. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әркім бір-бір баланы ат қылып мінеді де, соның үстінде отырып тартысады. Астындағы балалар тыныш тұрады. Аударысқандардың қайсысы құлап қалса немесе аяғы жерге тиіп кетсе, сонысы жеңіледі.
Жаяу көкпар
Ойын – күні бұрын белгіленген жерде өткізіледі. Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды..
Ойнаушылар көмбеде бір сызықтың бойында қатарға тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша көмбеден 10 адымдай жерде жатқан көкпарды екі, төрт жүз әрі кеткенде бір шақырымдай жердегі екінші көмбеге кім бұрын әкелсе , сол ұтқан болады.
Егерде екінші бір ойыншы жол ортада қуып жетіп басып озатындай шамасы болса, көкпарды қарсыласының қолынан алып кете береді. Ал көкпарды алып келе жатқан ойыншының мұндай жағдайда қарсыласуына болмайды. Көкпардың орынна түйілген орамалды пайдалануға болады.
Жаяу көкпар
/екінші түрі/
Ойынның бұл түрінде екі немесе одан да көп топқп бөлінеді де, енді көкпарды көмбеге бұрын әкелген ойыншының өзі емес, сол ойыншының тобы жеңімпаз атанады. Ойын қайталанған жағдайда басқа ойыншылар қатысады.
Көрші
Ойнаушылар екі-екіден отырады да, бір ойыншы жалғыз қалдырылады. Ойын жүргізушінің мақсаты – сыңар қалған ойыншыға көрші іздеу.
Ойын жүргізуші: - саған кімнің көршісі керек?-деп сұрайды.. егер ол аразбын десе, сыңар ойыншыға келіп көрше болады. «Татумын» десе тату болғаны үшін, яғни көршісін бермегені үшін жаза тартады, сыңар ойыншының ұйғаруымен көпшілік алдында өнер көрсетеді. Ал сыңар қалған ойыншы көрші іздейді. Осылайша ойын жалғаса береді.
Белбеу соқ
Ойыншылар екі-екіден жұптасып, шеңбер жасап тұрады. Бір ойыншы белбеуді алып, екіншісін қууға тиіс. Қашқан шеңбер жасап тұрған бір жұптың алдына келіп тұрған кезде, артық қалған үшінші ойыншы шеңберді айнала қашады. Егер, қуғыншы оны белбеумен соғып үлгеріп, өзі бір жұптың алдына келіп үлгерсе, оның орнын келесі ойыншы басады. Ойын осылай жалғаса береді.
Бөрік жасырмақ
Ойынға қатысушылардың арасынан бір бала шығып бөрікті жасырып келеді. Қалған ойыншылар тығылған бөрікті іздеуге кіріседі. Кімде-кім тығылған бөрікті көріп қойып, алуға кам жасаса, онда иесі бермеуге тырысады. Бөрікті кімде-кім айла тәсілімен алып, белгіленген орынға жетсе сол жеңіске жетеді.
Көрші мен көрші
Үнтаспадан ән орындалып тұрады. Балалар музыка ырғағымен билеп жүреді. Музыка тоқтағанда екі жұптан бірін-бірі құшақтай қалу керек, бір бала сыңарсыз қалады. Жүргізуші кімнің көршісі керек деп сұрайды. Айгүлдің көршісі керек. Жүргізуші Айгүлдің көршісін сұрайды. Айгүл, сен көршіңмен татусың ба, жоқ аразсың ба деп. Егер, ол аразбын десе сыңар ойыншыға көрші болады. Жоқ, татумын десе тату болғаны үшін, сыңар ойыншының талабын орындауы тиіс, өнерін көрсетеді, би билейді, ән шырқайды ж.т.б. Ал, сыңарсыз қалған ойыншы ары қарай көрші іздейді. Осылайша ойын жалғаса береді.
Бұғынай
Ойын жүргізуші ойынға қатысушыларды айнала отырғыза жүріп, «бірінші бұғынай», «екінші бұғынай» деп бас-басына реттік санмен атап шығады да, кез-келген біреуін шақырады. Мысалы: «сезгізінші бұғынай!». Малдас құрып отырған балалар бірден тез тұра алмай қалады да, ал, кейбір айыпты саналады да өнерлерін көрсетуі тиіс.
Бұл ойынның мақсаты балалардың есте сақтай қабілетін қалыптастыру мен қоса ширақ қозғалуларын дағдыландырады.
Арынды арқан
Ойнаушылар дөңгелене шеңбер құрып тұрады. Бір ойыншы арқанның екінші бір жақ ұшын ұстап, шеңбер ортасында тұрады. Екінші ойыншы арқанның екінші ұшына таяқшы байлап, шеңбер бойымен айналдырады. Ал балалар секіріп арқанды аяқтарының астынан өткізіп тұрулары керек. Кімде-кім арқаннан секіре алмай қалса, сол бала ойыннан шығады да, көпшіліктің ұйғаруы бойынша ортада өнер көрсетеді.
Немесе, былай да ойнауға болады: арқаннан секіре алмай қалған бала ойыннан шығып қалады, осылайша бір ойыншы қалғанға дейін арқанды айналдыра беруге болады, соңғы қалған бір ойыншы жеіңмпаз атанады.
Ойынның екінші түрінде командаға бөлініп ойнауға болады. Белгіленген уақыт аралығында қанша бала қалады, солардың санына байланысты. Қай команданың балалары көп қалса, сол команда жеңімпаз атанады.
Қыз қуу
Белгіленген межеде орамал ұстап екі қыз бала тұрады. Екі топтан екі-екіден ер балалар атып шығады да ағаш атқа қамшы салып шауып келіп қыздардың орамалын алып тоқтамай өте шығуы керек. Егер, ала алмаса қыздар қуып барып қамшымен сабайды.
Жамбы ату
Ертеде сырықтың басына тойтұяқ алтын, не күміс ілінетін болған. Қазір оның орнына атуға ыңғайлы заттар алуға болады. Жамбыны (затты) ату үшін белгіленген межеде садақ атып жерге түсіру керек. Бұл ойын мергендіктің, дәл көздегіштікті қажет етеді.
Құйындап қатты шауып келе жатып,
Сырыққа ілген жамбына алар атып.
Аларман
Ойыншылар бірінің белінен бірі ұстап, тізбек құрып тұрады. Бір ойыншы «аларман»(қасқыр) болып тізбектің басындағы ойыншымен қарама-қарсы тұрады. «Аларман» тізбектің біресе оң жағына, біресе сол жағына шығып, ең соңғы ойыншы (қойды) ұстауға тырысады. Ал, тізбектің басындағы ойыншы «аларманың» бағытымен бірге қозғалып тұрады. Ұстаған жағдайда өзі тізбектің басына тұрады да, ұсталған ойыншы «аларман» болады. Ойын осылай жалғаса береді.
Тауқырайдан
Ойыншылар бірінің қолы бірінің басына жетерліктей мөлшерде дөңгеленіп отырады. Ойын бастаушылардың басқасы жалаң бос болуы керек.
Ойын бастаушы: - Тауқырайдан - тауқырайдан, - деп қайталап айта түседі де, өз басындағы тақияны оң жағындағы көршінің басына кигізе қояды. Көрші де сол сөзді қайталап, оң жақ көршісіне кигізеді. Осылай жалғасып кете береді. Бір мезетте ойын бастаушы көзін жұмып отырады да: - тау-тау, - деп басын өз қолымен баса қояды. Тақия кімнің басында қалса соған айып салынады.
Белбеу тастау
Ойынның мақсаты: Балаларды белсенді қатысуға баулу, шыдамдылығын дамыту.
Ойынның шарты: Ойыншылар екі топқа бөлінеді, ұл мен қыз араласып ойнауға да болады. 50-60 метрдей қашықта екі топ қарама-қарсы тұрады. Екі топтың дәл ортасындағы сызыққа жалау байлап, түбіне белбеу, не шиыршықталған орамал тастайды. Жеребе бойынша бір топтың басшысы саған бара-бара өз ойыншысының атын атайды. Екінші жақтың басшысы әлгі екі ойыншы ортадағы жалауға қарай жүгіреді, бұрын жетіп белбеуді алуға ұмтылды. Кім бұрын жетсе, ала сап екіншісі ойыншыны кері қуады. Ол өз қатарына қашып жеткенше қанша ұрса, сонша ұпай алады. Қатарына дейін қуып барған соң, қолындағы белбеуді тастаай сап, қуған ойыншы қашады. Енді жанағы ұтылған ұпайларын қайтаруға тырысады. Өстіп кім ұпайды көп жинаса, сол жақ жеңеді.
Қуыршақты киіндір
Ойынның мақсат: Қуыршақтың жетіспейтін киім-кешегін ретімен киіндіруді үйрету. Ұқыптылыққа, әсемпаздыққа тәрбиелеу.
Ойынның көрнекілік құралдары: Конверт ішінде қатырма қағаздан қиылған жалаңаш қуыршақ бейнесі, киімнің 2-3 түрі, түрлі-түсті қағаздар, қарындаш, сызғыш, қайшы, желім.
Ойынның мазмұны: Педагог әр балаға конверт үлестіріп береді. Балалар конвертті ашып, қуыршақтың жетіспеген киімдерін мөлшерлеп, суретін салып, қияды. Қиылған дайын киімдерді алып, қуыршақты ретімен киіндіреді.
Ескерту: Конверт ішінде киімдер әр түрлі (біреуінде бас киім мен шалбар жетіспейді, екіншісінде шалбар, аяқ киім жетіспейді). Ойын соңында ретімен дұрыс киінген қуыршақ көрмеге алынады.
Қамшы тастамақ
Ойынның мақсаты: Өлең жолдарын айта отырып, дұрыс сөйлеу үлгілерін қалыптастыру.
Ойынның шарты: ойынға бірнеше бала қатысады, шеңбер жасап тұрады. Жүргізуші өлең жолдарын айтады.
Асапаймын, саспаймын,
Шеңберді айнала бастаймын.
Біреудің тұсына келгенде,
Білдіртпей қамшы тастаймын.
Егер біреу сезіп қалса, жүргізушіні қуып жетуі керек. Жете алмаса айыбын төлейді.
Сабаққа қолданатын ұлттық ойындар картотекасы
№1 картотека – «Сынарын тап»
Ойынның мақсаты: Жыл мезгілдерін ажырата білу, баланың сезу қабілетін дамыту, түр түсін ажырата білу.
Ойынның шарты: Балалар шеңбер жасап тұрады да, бір-біріне асықты немесе допты лақтырып сұрақ қою керек, екінші бала жауап беру керек.
Мысалы:
Қыс қандай? – суық,
Жаз қандай? – ысытық,
Күз қандай? – ызғарлы,
Көктем қандай? – жаңбырлы,
Көйлегін қандай? – әдемі, қызыл,
Шашың қандай? – ұзын, қысқа,
Бала қандай? – әдепті, әдемі, тәртіпсіз, жаман.
№2 картотека – «Кім білгіш, кім тапқыр»
Ойынның мақсаты: Балалардың тапқырлығын, білімін тексеру.
Ойынның шарты: Кім білгіш, кім тапқыр, асықты ортаға лақтырып, қайсысына түссе, сол тақырыпқа байланысты әңгіме айту.
№3 картотека – «Арқан тарту»
Ойынның мақсаты. Балалардың 10-ға дейін санауларын бекіту, қандай саннан бастаса әрі қарай жалғастыру, заттың аттарын дұрыс айта білу.
Ойынның шарты: Балалардың екі топқа бөліп, әр топқа тапсырма беру керек. Мысалы: Бірінші топ көкөністер атын, екінші топ жемістер атын т.б. Жіптін әр байланаған түйінде соны атау керек.
№4 картотека – «Күшті-күшті»
Ойынның мақсаты: Балалардың қанша сөз ұққандарын тексеру, сөз қорын молайту.
Ойынның шарты: Екі топқа бөлінген балалардың бір-біреуін ортаға шығарып, қол ұстасып күш сынасады.
Мысалы: Аю – қоян, қасқыр – түлкі, қияр – орамжапырақ.
№5 картотека – «Аңшы, аң аулау»
Ойынның мақсаты: Балалардың үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылығын айыра білуін бақылау.
Ойынның шарты: Балаларды екі топқа бөліп, аңдар мен үй жануарларының суретін бір қатарға тізіп қою керек те, балалардың қолдарына асық беріп, аңдарды аулау. Не ауладың? – Аю ауладым. Не ауладың? – Қасқыр ауладым.
Керекті құралдыр: Аңдар, асық, арқан.
№6 картотека – «Алтын сақа»
Ойынның мақсаты: Балалардың білімін қорытындылау.
Ойынның шарты: Екі қатарға төрт-төрттен тізіп асықтар қоб керек, ортасына алтын сақаны қою керек.
Мысалы: Көкөністер мен жемістердің аттарын атап, қайсы тотптың баласы алытын сақаға бірінші жетсе, сол топ алтын сақаны алады. Азық-түлік, ыдыс-аяқ, үй жануарлары – жабайы аңдар.
№7 картотека – «Бәйге»
Ойынның мақсаты: Бәйге ойынында екі топқа бөлініп ойнайды. Екі топқа тапсырма беріледі, сол тапсырманы тез орындаған топ, сол дереу тақтадағы өз жорғасын мәреге жеткізеді.
Қазақ халқының ойындары
№1 картотека – «Орамал тастау»
Ойынның мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру, ойын арқылы тапқырлыққа және шапшандыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Ойынға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Олар шеңбер жасап дөңгеленіп отырады. Ойын жүргізуші қолына түйілген орамалды ұстап, шеңберді айнала жүгіріп жүріп, кез-келген бір ойыншының артына орамалды байқатпай тастайды. Өзі шеңберді айнала жүгіріп ойыншының қасына отыра қалады. Ойыншы жүргушінің тастаған орамалын байқап қалса, оны қуып, орамалмен дәлдеп ұрады. Ал байқамаса ортаға шығып, өз өнерін көрсетеді.
№2 картотека – «Бәйге»
Ойынның мақсаты: Балаларды ойын арқылы шапшандыққа, қиындықты жеңуге тәрбиелеу, төзімділікті баулу.
Ойынның шарты: Бәйге – қазіргі кезде өте жақсы дамыған, әлемге әйгілі ойынның бірі. Бәйге ойынның бірнеше түрі бар. Олар: той жарыс (1-2 жасар тайлар жарысы), құнан жарыс (2-ден 3 жасқа дейінгі аралықтағы құнандар жарысы), топ бәйге (3-4 жасар кез-келген жылқы, дөнендер жарысы), аламан бәйге (ұзын қашықта жүргізілетін жарыс).
Бәйге ойыны кез-келген жазық жерлерде өткізіле береді. Шабандоздардың санына шек қойылмайды.
Ойынды жүргізу үшін ара қашықтық бнлгіленеді. Бәйгешілер бір сызықтың бойына қатарға тұрады. Берілген белгіден кейін, олар келесі көмбеге қарай шаба жөнеледі. Көмбеге алғаш шауып келген шабандоз жеңімпаз атанып, ол адамға сыйлық беріледі. Бұрынғы кездерде күн бұрып ойынға қатысатын аттарды бәйгенің басталар орнына керешілер айдап апаратын болған. Сол жерден аттар кері қарай жарыса шауып келетін межені «Қарауыл төбе» деп атаған.
№3 картотека – «Теңге алу»
Ойынның мақсаты: Ойын арқылы балаларды батылдыққа, шапшандыққа, ептілікке, жалпы төзімділікті, жылдамдық-пәрменділік қасиеттерін дамыту.
Ойынның шарты: Бұл ойынды ер балалар ойнайды. Аттың орнына шыбық ат пайдаланады. Белгілі бір жерге теңге ыдысқа салып қойылады. Ойыншылар атпен шауып келіп, еңкейіп теңгені ыдыстан тез алып, шауа жөнеледі. Егер ойыншы теңгені ала алмай қалса, жеңілген боп есептеледі.
№4 картотека – «Қол күрес»
Ойынның шарты: Жылдамдық – күш сапасын мақсатты дамыту. Балаларды құрбылырының қимылдарын бағалауға үйрету.
Ойынның шарты: Ортаға екі ойыншы шығып, кілемнің үстіне жамбасынан жатады. Олар бас бармақтарын айқастыра қолдарын жымдастыра тік қарсыласының қолын жерге тигізуі керек.
№5 картотека – «Асық ату»
Ойынның мақсаты: Шапшандық пен жалпы төзімділікті мақсатты дамыту, балаларды тапқырлыққа, ептілікке, батылдыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Асық ойындарына қой, қасқыр, еліктің асықтары пайдаланады. Олар түрлі бояулармен боялып, ірі қара малдың асықтары сақа етіп алынады. Асықты жерге иірген кезде төрт түрлі қылыпта түседі: алшы – асықтың тік тұрғандағы иректеу болып біткен ойық беті, тәйкі – асықтың тік тұрғандағы алшыға қарама-қарсы томпақтау жағы, бүк – асықтың шалқасынан жатқан томпақ беті, шік – бүкке қарама-қарсы асықтың екпетінен жатқан ойық жағы.
№6 картотека – «Қуыр, қуыр, қуырмаш»
Ойынның мақсаты: ойын арқылы балалардың тілін дамыту, сөз қорын байыту, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.
Ойынның шарты: Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де, сол қолмен оны бүктемелеп, саусақтардың басын көрсетіп ғана қапсыра ұстайды. Қасындағы балаға:
Ортан қолымды тапшы, - дейді. Екінші бала бір саусақтың басынан шымшып:
Міне, мынау, - деп көрсетеді. Егер ортан қолды таба алмаса, мына ережелерді орындайды.
Бас бармақтан бастап, шынашаққа дейін саусақтарын аттарын атап, жұмылдыра береді.
Қайтадан бас бармақтан бастап мына сөздерді пйтып, жазады.
Сен тұр, қойыңа бар;
Сен тұр, түйеңе бар;
Сен тұр, жылқына бар;
Сен тұр, сиырына бар
Ал сен кішкентай бөбек, әді жас екенсің, қазанның қаспағын қырып жеп, жыламай отыра тұр.
Енді осы шынашақтың өзін алақанның шұңқырына бүгі, тұқырта ұстайды да:
Қуыр, қуыр, қуырмаш,
Балапанға бидай шаш,
Әжен келсе, есік аш,
Қасқыр келсе, мықтап бас, - деп шынышақты шыр айналдырып, баланың алақаның қытықтайды. Оларды істеп бола беріп:
Мына жерде қой бар, - деп баланың білезігін түртеді.
Мына жерде түйе бар, - деп баланың білегін түртеді.
Мына жерде жылқы бар, - деп білектің жоғарғы жағын түртеді.
Мына жерде түлкі бар, - деп қолтығына барады да тездете түседі.
Мына жерде күлкі бар, - деп қытықтай бастайды.
Қытық, қытық!
№7 картотека – «Ханталапай»
Ойынның мақсаты: Балалардың дұрыс санау, түсті танытуды жақсы ойналатын ұлттық ойын.
Ойынның шарты: Ойын әуен ырғағымен өтеді. Балалар музыка әуені тоқталған кезде, педагогтің шашқан асықтарын жинап алулары керек. Қызыл асық кімнің қолына түссе, сол ойынды әрі қарай жалғастырады.
№8 картотека – «Қамшы тастамақ»
Ойынның мақсаты: Өлең жолдарын айта отырып, дұрыс сөйлеу үлгілерін қалыптастыру.
Ойынның шарты: Ойынға бірнеше бала қатысады, шеңбер жасап тұрады. Жүргізушінің өлең жолдарын айтады.
Аспаймын, саспаймын,
Шеңбердің айнала бастаймын.
Біреудің тұсына келгенде,
Білдіртпей қамшы тастаймын.
Егер біреу сезіп қалса, жүргізушіні қйып жетуі керек. Жете алмаса айыбын төлейді.
№9 картотека – «Күн мен түн»
Ойынның мақсаты: Балаларды шапшандылыққа, татулыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Бұл ойын алаңда ойналады. Алаң ортасына көлденең сызық сызылады да, оған қарама-қарсы екі жағынан әрбір бір метр сайын тағы екі сызық сызылады. Ойыншылар саны жағынан бірдей екі топқа бөлінеді. Топтың біріне «күн», екіншісіне «түн» деп ат қойылады. Мәселен: ойын жүргізуші «күн» деп дауыстаса, «түн» тобындағы ойыншыларды мәре сызығына дейін қуып барады. Ойынның мақсаты қарсыластар тобынан көп адам ұстау.
№10 картотека – «Тауық күрес»
Ойынның мақсаты: Балаларды төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Ойынның шарты: Оң аяқты көтеріп тұрып, қолдары арттарында, шеңберде екі бала бір-бірін иықпен қағып шығару. Шеңберден шыққан ойыншы жеңілген болып есептеледі.
№11 картотека – «Аударыспақ»
Ойынның мақсаты: Ойынға деген қызығушылықтарын арттарын арттыру.
Ойынның шарты: Аударыспақ – ашық алаңда көгалды ойналатын өте қызықты ойын. Ойынға екі атқа мінген жігіт қатысады. Шабандоздарға белгілі бір уақыт белгіленген дұрыс. Осы уақаттың ішінде екеуі бірін-бірі жеңе алмаса, онда ортаға келесі екі атты ойыншы шығады. Ал, жеңіске жеткен жігіт ойын шарты бойынша келесі жеңімпаз аңықталғанша жалғаса береді.
№12 картотека – «Қыз қуу»
Ойынның мақсаты: Ойынды қызығушылықты дамыту және ойын ойнауды үйрену.
Ойынның шарты: Қыз қуу – ашық алаңда жүргізілетін қызықты және әдемі ұлттық ойын. Ойынға атқа мінген қыз бен жігіт қатысады. Алдымен ара қашықтығы 1-2 шақырымдай екі көмбе белгіленеді. Бірінші көмбеде жігіт, ал, қыз оның ат жағында он адымдай жерде тұрады. Берілген белгіден кейін қыз екінші көмбеге қарай шаба жөнеледі. Қыз жігіттің жанынан өте бере, жігіт қызды қуып жетуге қамданады. Егер жігіт қызды қуып жетсе, құшақтап сүйеді. Қыз бен жігіт көмбеге жеткен соң кері қарай шабады.
№13 картотека – «Сымсыз телефон»
Ойынның мақсаты: Ойында ой-танымын кеңейту.
Ойынның шарты: Ойынға қатысушылар жартылай шеңбер жасап отырады. Ойын жүргізуші бірінші отырған ойыншының құлағына сыбырлап бір сөз айтады. Ол сөді естіген ойыншы сыбырлап екінші ойыншыға айтады. Осылайша барлық ойыншы сөзді сыбырлау арқылы естігенне кейін соңғы ойыншыдан бастап, қандай сөз естігені сұралады. Сөз қай жерде дұрыс айтылмаса, сол жерден телефон сымы үзілген деп есептеліп, үзген бала ойыннан шығарылады.
№14 картотека – «Көкпар»
Ойынның мақсаты: Ойын шартын дұрыс түсіндіре отырып, ойынға деген белсенділігін арттыру.
Ойынның шарты: Ойыншылар белгіленген көмбеде сызықтың бойына қатарға тұрады. Ойын жүргізушінің берген белгіс бойынша он адымдай жерде жатқан көкпарды қай озғандары алып қашып, арасы он қадамдай екінші көмбеге қайсысы бұрын келсе, сол ойыншының ұтқаны. Көкпардың орнына басқа да заттарды пайдалануға болады.
№15 картотека – «Аш қасқыр»
Ойынның шарты: Ойынға 10-15 бала қатысуға болады. Ойыншылардың арасынан біреуі аш қасқыр болып сайланады. Ойыншылар – қойлар аш қасқырға жеткізбей қашып, жүгірулері керек. Қай ойыншыға болсын аш қасқардың қолы тисе, ол аш қасқырға айналады да, өзі ойыншыларды қуа жөнеледі.
№16 картотека «Сақина салу»
Ойынның мақсаты: Балалардың ойлану, сезім қабілетін дамыту.
Ойынның шарты: Ойын жүргізуші ортаға шығып алақанын қапсыра, қолын отырған ойыншыларға екі алақанының арасындағы сақинаны тастай бастайды. Сөйтіп, бәріне тастап болған соң қайтадан ортаға келіп «ақшамшығымды бер», - деп дауыстады. Осы сәтте сақинаны алған ойыншы «менде», - деп көршісі үшін жауап береді. Сондықтан сақина кімде екенін ешкім білмесе, ойыншылар бірін-бірі ұстап тұрғызбауға тырысады. Егер сақинашы алған ойыншы тұрып кетсе, жазаны сол жағындағы ойыншы тартады, ал тұра алмай қалса өзі тартады.
№17 картотека – «Тақия тастамақ»
Ойынның мақсаты: Балалардың сөздік қорын, сезу қабілетін бекіту, назар аударып тыңдауларын, шыдамдылығын дамыту.
Ойынның шарты:
Ойын бар, бір ойын бастамақ,
Аты оның – «Тақия тастамақ»
Шеңбер боп отыра қалыңдар,
Болмасын асығу – сасқалақ
Ақырын, аспаймын – саспаймын,
Шеңбердің айнала бастаймын
Біріңнің тұсына келгенде,
Сіздірмей тақия тастаймын.
№18 картотека – «Ақ серек пен көк серек»
Ойынның мақсаты: Ойынға деген балалардың қызығушылыған арттыру, көңіл-күйін көтеру, жылдамдыққа, ептілікке, шапшандыққа үйрету.ойын шартын дұрыс түсіндіре отырып, ойынға деген белсенділігін арттыру.
Ойынның шарты: Ойын ашық алаңда өткізіледі. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Аралары 30-40 метрдей жерде бір-біріне қарсы орналасады. Қаз қатар қол ұстасып тізіліп тұрады. Жеребе бойынша анықталған ойынды бастаушы топтың балалары әндете өлең айтады:
Ақ, серек те, көк серек
Бізден сізге кім керек?
Екінші тотың балалары:
А, ақ серек те, көк серек
Бізге сізден Еркеназ керек – деп бірінші топтағы баланың атын атайды. Сол кезде аты аталған бала өз тобына қосады. Осылайша ойын жалғаса береді. Қай топ өз ойыншыларынан көп айырылып қалса, жеңілген болып есептелінеді.
№19 картотека – «Белбеу тастау»
Ойынның мақсаты: Балаларды белсенді қатысуға баулу, шыдамдылығын дамыту.
Ойынның шарты: Ойыншылар екі топқа бөлінеді, ұл мен қыз араласып ойнауға да болады. 50-60 метрдей қашықта екі топ қарама-қарсы тұрады. Екі топтың дәл ортасындағы сызыққа жалау байлап, түбіне белбеу, не шиыршықталған орамал тастайды. Жеребе бойынша бір топтың басшысы саған бара-бара өз ойыншысының атын атайды. Екінші жақтың басшысы әлгі екі ойыншы ортадағы жалауға қарай жүгіреді, бұрын жетіп белбеуді алуға ұмтылды. Кім бұрын жетсе, ала сап екіншісі ойыншыны кері қуады. Ол өз қатарына қашып жеткенше қанша ұрса, сонша ұпай алады. Қатарына дейін қуып барған соң, қолындағы белбеуді тастаай сап, қуған ойыншы қашады. Енді жанағы ұтылған ұпайларын қайтаруға тырысады. Өстіп кім ұпайды көп жинаса, сол жақ жеңеді.
№20 картотека – «Арқан түю»
Ойынның мақсаты: Балалардың секіру дағдыларын қалыптастыра отырып, дұрыс секірулеріне көңіл бөлу. Дененің қимыл жаттығуларын дамыту. Балалардың ынтымақты, ұйымшыл болып ойнауларына көмектесе отырып, белгі бойынша қимыл жасап, байқау білуге үйрету.
Қатысушылар: Ойыншылар
Керекті құрал: Арқан
Ойынның шарты: Ойыншылар шеңбер жаспа дөнгелене тұрғаннан кейін, қолына арқаны бар ойын жүргізуші топ ортасына шығып: «Ойынды бастадым» - деп дауыстайды. Содан соң арқанның түйілмеген басынан ұстап шеңбер бойымен айналдырады. Ал ойыншылар болса, секіріп тұрып арқанды аяқтарының астынан өткізіп жібереді. Кімді-кім арқанды өткізе алмай, аяғына тигізіп алса, онда айып тартады. Көпшіліктің ұйғарумен ортаға шығып өнер көрсетеді және ойын жүргізушімен орын ауыстырады. Ослайша ойын одан әрі жалғаса береді.
Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы 6 ақпан, 2008.
Бабаев С.Б. «Бастауыш мектеп педагогикасы», Алматы, 2007.
Бабаев С.Б. Оңалбек Ж.К. «Жалпы педагогика», Алматы, 2007.
Бадел А. – Қазақ этнопедагогикасы – бала дүниетанымын қалыптастыру негізі. – Астана 2009.
8.Молдагаринов Аскар «Казахские детские игры» Алма-Ата «Жалын» 1987.
«Қазақстан мектебі» журналы № 9-10 2005.
Төтенаев Б. Қазақтың ұлттық ойындары. - Алматы, 1994.
М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев. Шынашақ, - Алматы, 1992.
Молдагаринов А. Казахские детские игры. - Алма-Ата, 1987.
ТөтенаевБ. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы, 1994.
Әбілова З. Ә. Этнопедагогика. – Алматы, 1997.
Қоянбаев Ж.К. Педагогика. – Алматы, 2001.
Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы, 1995.
Жұмабекова Ф,Н. Мектепке дейінгі педагогика – Астана, 2007.
Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы – Алматы, 2000.
Білімдегі жаңалықтар журналы - №4, 2004.
Отбасы және балабақша журналдары. №1, 4, 5, 7, 2007.
Қазақстан мектебі журналдары. - № 9,10, 2005.
Достарыңызбен бөлісу: |