«Ќазаќтелеком» акционерлік ќоєамы



жүктеу 0,51 Mb.
бет3/3
Дата14.05.2018
өлшемі0,51 Mb.
#12877
түріКодекс
1   2   3

151. Басқарма құрамына сайлауға кандидаттар бойынша ұсыныстарды Директорлар кеңесінің қарауына Басқарма төрағасы ұсынады, ол Басқармадағы бір бос лауазымға ұсынылатын кандидат бойынша екі мәртеден аспайтын ұсыныс беруге құқылы.

152. Директорлар кеңесі Басқарма төрағасының бір бос лауазымға ұсынған кандидатурасын екінші рет қайтарған жағдайда, аталған бос лауазымға кандидаттың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізу құқығы Директорлар кеңесінің төрағасына өтеді.

153. Басқармадағы лауазымдарға кандидаттардың жүктелген міндеттерін тиісті деңгейде орындауына қажетті тәжірибесі, білімі мен біліктілігі, оң беделі болуы және директорлардың көпшілігі үшін қолайлы болуы қажет.

154. Басқарманың мүшелерін іріктеу және сайлау Директорлар кеңесі белгілейтін барынша айқын және дәлме-дәл іс-жосықтар негізінде жүргізіледі.

155. Қоғам мен Басқарма мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас шарттармен ресімделеді. Шарттарда тараптардың құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі және басқа да талаптар, сондай-ақ Басқарма мүшелерінің осы Кодекс ережелерін сақтау бойынша міндеттемесі көрсетілуі тиіс. Директоралар кеңесі Басқарма төрағасымен және Басқарма мүшелерімен жасалатын үлгі шартты бекітуі мүмкін.

2.2. БАСҚАРМАНЫҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
156. Басқарма тұрақты отырыстар өткізіп тұрады. Басқарма мүшелері отырыстың күн тәртібінің мәселелері туралы алдын ала ақпарат алады. Бұл ретте Басқарма өз отырыстарын қатысу тәртібімен дауыс беру нысанында жүргізеді. Сырттай дауыс беру нысанына Қоғам туралы ережеде жазылатын ерекше жағдайларда жол беріледі.

Басқарманың жұмыс тәртібі Басқарма туралы ережеде реттеледі.



2.3. СЫЙАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСТЫ БАҒАЛАУ
157. Басқарма төрағасы мен мүшелеріне берілетін сыйақы мөлшерін акционерлердің пікірін ескере отырып, Сыйақылау комитетінің ұсынымы бойынша Директорлар кеңесі белгілейді.

158. Басқарма төрағасы мен мүшелеріне берілетін сыйақы тұрақты және ауыспалы бөліктерден тұрады, соңғысы Басқарма мүшелерінің басты жұмыс көрсеткіштеріне, олардың біліктілік деңгейіне және Қоғам қызметінің нәтижелеріне қосқан жеке үлесіне байланысты.

159. Басқарма мүшелерін сыйақылау транспарентті болуы тиіс. Сыйақылау Басқарма мүшелерін жоғары жұмыс сапасына қол жеткізуге ынталандыруы қажет.

3. ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ МЕН БАСҚАРМАНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ. КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫ
160. Тиімді корпоративтік басқару Директорлар кеңесі мен Басқарма арасында ашық диалогты талап етеді. Осы мақсатта Қоғамда Басқарма төрағасының және Басқарманың Директорлар кеңесіне мерзімді есептер (ақпарат) ұсыну тәртібін тәртіптемелеуші құжат болуы тиіс. Бұл үдерісті ұйымдастыруда корпоративтік хатшы басты рөл атқарады.

161. Корпоративтік хатшы өз міндеттерін тұрақты негізде толық жұмыс күні тәртібінде орындайды. Корпоративтік хатшының корпоративтік басқару саласындағы заңнаманың және Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын органдардың орындауын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін біліктілігі болуы тиіс. Корпоративтік хатшы Қоғамның Жарғысы мен басқа ішкі құжаттарының ережелеріне сәйкес Қоғамның органдары арасындағы айқын өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, сондай-ақ корпоративтік басқарудың дамуындағы жаңа тенденциялар туралы Қоғамның лауазымды тұлғаларын хабардар етеді.

162. Корпоративтік хатшы Директорлар кеңесінің және Акционерлердің жалпы жиналысының отырыстарын дайындау мен өткізуде, Қоғам туралы ақпаратты ашу мен ұсынуды қамтамасыз етуде ерекше рөл атқарады, себебі дәл осы рәсімдерді сақтамау салдарынан Акционерлердің көптеген құқықтарын бұзу мен мүдделеріне нұқсан келтіріледі.

163. Корпоративтік хатшы Қоғамның тиісті органдарының акционерлердің өтініштерін тиісті деңгейде қарауын және акционерлердің құқықтарын бұзуға қатысты қақтығыстарды шешуді қамтамасыз етеді. Қоғам органдарының мұндай өтініштерді уақтылы қарауын бақылау корпоративтік хатшыға жүктеледі.

164. Корпоративтік хатшының міндетіне Директорлар кеңесінің, оның комитеттерінің шегінде, Басқарма мен Директорлар кеңесі арасында ақпараттың қалыпты ағынын қамтамасыз ету, сондай-ақ директорларды лауазымға енгізу үдерісінде көмек көрсету кіреді.

165. Корпоративтік хатшы барлық басқару мәселелері бойынша барлық директорлар үшін консультациялар өткізуді ұйымдастыру бойынша жауапты болып табылады.

166. Корпоративтік хатшының мәртебесі, функциялары мен міндеттері Қоғамның ішкі құжаттарында анықталады.

167. Корпоративтік хатшыны лауазымға тағайындау және босату Директорлар кеңесінің құзыретіне жатады.
3-ТАРАУ. АКЦИОНЕРЛЕРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ
Акционерлер Қоғамды басқаруға қатысуға және кірістің белгілі бір бөлігін алуға құқылы. Олардың құқықтары Қоғам Жарғысының, Кодексінің және ішкі құжаттарының ережелерімен реттеледі.


1. АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
168. Қоғам Жарғыда белгіленген тәртіппен акционерлердің негізгі құқықтарын іске асыруды қамтамасыз етеді, оның ішінде:

- акцияларды иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығы;

- Қоғамның қызметіне қатысты жазбаша сұраулармен жүгіну және Жарғыда белгіленген мерзімдерде уәжді жауаптар алу құқығы;

- Қоғамды басқаруға және Директорлар кеңесін сайлауға қатысу құқығы;

- Қоғам табысының үлесін (дивиденд) алу құқығы;

- Қоғам таратылған жағдайда оның активтерінен үлес алу құқығы.



169. Қоғам акционерлердің корпоративтік басқарудағы басты шешімдерді қабылдауға тиімді қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

170. Қоғам өз қызметі туралы ақпаратты Қоғамның Жарғысында, ішкі құжаттарында және листингілік ережелер талаптарында қаралған тәртіппен уақтылы және толық көлемде өз акционерлерінің назарына жеткізіп отыруы тиіс.

171. Директорлар кеңесі мен Басқарма Қоғамның қызметіндегі жоспарланып отырған өзгерістерді негіздеуі және акционерлердің құқықтарын сақтау мен қорғауды нақты саясатын ұсынуға міндетті.

172. Қоғам заңнама мен листингілік ережелер талаптарына сәйкес акционерлерді өзінің қаржы-шаруашылық қызметі мен оның нәтижелері туралы дұрыс ақпаратпен қамтамасыз етеді. Әсіресе бұл акционерлер үшін барынша негізделген және ашық болуы тиіс акционерлік капитал (акциялар) саласындағы мәмілелерге қатысты.

173. Қоғам акционерлермен өзара мақсаттар түсіністігі негізінде диалог жүргізуі тиіс. Директорлар кеңесі жалпы алғанда акционерлермен қанағаттанарлық диалогты жүзеге асыруға жауапты және аталмыш диалогты қамтамасыз ету корпоративтік хатшыға жүктеледі.

174. Директорлар кеңесі жылдық есепте акционерлердің Қоғамға қатысты пікіріне қатысты директорлардың түсіністікке келуі үшін қабылданған барлық шараларды баяндайды.

175. Қоғам акционерлерге тиесілі акциялардың түріне қарамастан, оларға әділ және тең қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Акционерлер өз құқықтарының бұзылғаны үшін заңнамада белгіленген тәртіппен өтемақы алуға мүмкіндігі бар.

176. Қоғам миноритарлық акционерлерді тікелей, жанама және/немесе басқа жолмен Қоғам қабылдайтын шешімдерді айқындай алатын тұлғалардың қаскөйлік әрекеттерінен қорғайды. Институционалды инвесторларды қоса алғанда, акционерлер Қоғамның басқа акционерлерімен және өкілдерімен акционерлердің негізгі құқықтарын ажәне Қоғамды корпоративтік басқару саясатының сақталу мәселелерін талқылауға құқылы.

177. Қоғамның лауазымды тұлғалары өздерінің тікелей немесе жанама (үшінші тұлғадар арқылы) мүдделілігі бар мәселелер бойынша шешімдер қабылдауға қатыспауы тиіс. Мүддесінің бары туралы ақпарат Директорлар кеңесі төрағасының назарына уақтылы жеткізілуі тиіс.

178. Акционерлердің Акционерлердің жалпы жиналысына тиімді қатысуға және дауыс беруге, сондай-ақ дауыс беру рәсімін қоса алғандағы ережелер туралы ақпарат алуға мүмкіндігі боуы тиіс. Қатысу тәртібімен және сырттай дауыс беру нысандарының нәтижелері бірдей танылады.

179. Жекелеген акционерлерге диспропорционалды тиесілі Қоғамның акциялар пакетіне бақылау деңгейін алуды қамтамасыз ететін механизмдер мен меншік құрылымын аталған акционерлер ашуы тиіс.

180. Институционалды инвесторлар корпоративтік басқару құрылымын, Қоғамға қатысты дауыс беру саясатын, сондай-ақ мүдделер қақтығыстар туындаған жағдайда оларды басқаруды ашуы тиіс. Аталған акционерлер өз құқықтарын жүзеге асыруға атүсті қарамауы тиіс, яғни Қоғам ұшырайтын тәуекелдер мен қиыншылықтар табиғатын есепке алуы тиіс.

181. Жекелеген акционерлер осы Кодекстің ережелер шегінен шыққан жағдайда, олар Қоғамға себептерін негіздеумен жазбаша түсініктеме береді. Аталған түсініктеме Акционерлердің жалпы жиналысында қаралады.

2. АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ
2.1. АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫН ӨТКІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
182. Акционерлердің жалпы жиналысын ұйымдастыру мен өткізу тәртібі мынадай талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

- барлық акционерлерге әділ және тең қарым-қатынас;

- барлық акционерлер үшін жалпы жиналысқа қатысудың қолжетімдігі;

- барынша ұйымдастырушылық және есептік ақпаратты ұсыну;

- Жалпы жиналысты өткізудің жеңілдігі мен ашықтығы.

183. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізгенге дейін акционерлерге берілетін ақпарат пен материалдар, сондай-ақ оларды ұсыну тәртібі талқыланытан мәселелердің мәні туралы барынша толық мағлұматты, барлық қызықтыратын сұрақтарға жауап алуды және күн тәртібі мәселелері бойынша негізделген шешімдерді қабылдауды қамтамасыз етуі тиіс. Қоғам Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу туралы кемінде 30 күнтізбелік күн бұрын, ал егер сырттай немесе аралас дауыс беретін жағдайда - Акционерлердің жалпы жиналысын өткізуден 45 күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлауы тиіс.

184. Акционерлердің жалпы жиналысын шақыру туралы акционерлерге хабарлау тәсілдері барлық акционерлерге уақтылы хабарлауды қамтамасыз етуі тиіс. Қажет жағдайда хабарлауды қайталап жүргізумен қатар, хабарлаудың бірнеше тәсілдері де қолданылады. Акционерлердің барлығына Қоғамның қызметі туралы ақпаратты бір мезгілде ұсыну мақсатында оларға деген тең қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін, Акционерлердің жалпы жиналысы бұқаралық ақпарат құралдарын белгілейді. Ақпарат қосымша Қоғамның корпоративтік веб-сайтына орналастырылады.

185. Акционерлердің жалпы жиналысы жұмысына қатысатын тұлғалар тізімімен танысуға барлық акционерлердің мүмкіндігі болуы тиіс. Бұл үдеріс Акционерлердің жалпы жиналысы жұмысына қатысушылар тізіміне нормативті түрде қосылмауы мүмкін акционерлердің құқықтарын іске асыруына ықпал етеді. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және материалдарын алуға құқығы бар тұлғалардың тізімімен танысу үдерісі қарапайым болуы және барлық акционерлер үшін қиындық келтірмеуі тиіс. Акционерлердің жалпы жиналысы жұмысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін Қоғамның тіркеушісі Қоғамның акцияларын ұстаушылар тізілімі жүйесінің негізінде және заңнамада белгіленген тәртіппен акцияларды меншік иелерінің нақты ұстаушыларын ашумен құрылады.

186. Акционерлердің жалпы жиналысын дайындау кезінде таратылатын ақпараттық материалдар қаралатын мәселелердің мәнін толық көлемде ашуы және Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне қатысты жүйеленген болуы керек. Осы материалдарды алу немесе танысудың барынша қарапайым және қиындық келтірмейтін тәртібі белгіленуі тиіс.

Корпоративтік хатшы акционерлерге сұратылған ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді.



187. Акционерлердің жалпы жиналысына Қоғам жоспарлары, қызметінің жетістіктері мен проблемалары туралы қосымша мәлімет, оның ішінде Қоғамның қызметі туралы басқа ұйымдардың аналитикалық зерттемелері мен материалдары ұсынылуы мүмкін.

Ақпаратты ашу талаптары Қоғамға артық әкімшілік күш немесе негізсіз шығындарды жүктемеуі тиіс.



188. Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау мәселелері енгізілген жағдайда, лауазымдарға кандидаттар туралы барынша толық ақпарат ұсынылуы тиіс.

189. Күн тәртібінің мәселелері барынша анық болып, әр түрлі түсіну мүмкіндігі болмауы тиіс. Акционерлердің жалпы жиналысы күн тәртібіне «түрлі», «өзге», «басқалар» және т.с.с. түріндегі мәселелер болмауы тиіс.

Акционерлердің жалпы жиналысында Қоғам немесе мәселені Акционерлердің жалпы жиналысының қарауына шығаруды бастамаға алған ірі акционер дауыс беруге шығарылған күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша жеке шешім ұсынуы тиіс.



190. Акционерлердің жалпы жиналысында дауыс беру дауыс берудің барлық мүмкін болатын тәсілдерін пайдалана отырып, барынша жеңіл және ыңғайлы болуы тиіс.

191. Акционерлердің Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіне ұсыныстар енгізу, сондай-ақ Акционерлердің жалпы жылдық және кезектен тыс жиналысын шақыруды талап ету құқығы олар айқын негізделген жағдайда жеңіл іске асырылатындай болуы тиіс.

192. Директорлар кеңесінің төрағасы акционерлердің сұрақтарына жауап беруді қамтамасыз етеді.

2.2. ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСТЫ ӨТКІЗУ
193. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі барлық акционерлерге Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқықтарын іске асырудың тең мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Акционерлер өзі немесе жеке қатысуынсыз (акционердің үшінші тұлғаға немесе нақтылы ұстаушының өкіліне берген сенімхаты бойынша) дауыс бере алады, бұл ретте өзі және жеке қатысуынсыз берілген дауыстардың күші тең болады.

194. Акционерлердің жалпы жиналысының жұмыс тәртіптемесі күн тәртібіндегі мәселелерді кеңінен жеткілікті талқылау мен олар бойынша негізделген шешімдер қабылдау мүмкіндігіне негізделеді.

195. Акционерлердің жалпы жиналысында сөз сөйлеудің нақты тәртіптемесі жасалады.

196. Тіркеу уақыты барлық қатысушылардың тіркелуі үшін жеткілікті болу керек, бұл ретте тіркеу уақыты Акционерлердің жалпы жиналысы жұмысының басталуымен шектелмейді, яғни Акционерлердің жалпы жиналысы басталғаннан кейін келген қатысушылар оның одан кейінгі жұмысына қосылу керек және оларды тіркегеннен кейін дауыс беруге қойылған мәселелер бойынша дауыс беруге қатысуға құқығы болуы тиіс.

Кворум Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша анықталады.



197. Акционерлердің жалпы жиналысының төрағасы тікелей Акционерлердің жалпы жиналысында барлық сұрақтарға акционерлердің жауап алуын көздеу керек.

Директорлар кеңесінің төрағасы Акционерлердің жылдық жалпы жиналысындағы сұрақтарға жауаптар беру үшін Директорлар кеңесінің барлық мүшелерінің, Қоғамның Ішкі аудит қызметі мен құрылымдық бөлімшелері басшыларының қатысуын қамтамасыз етуі керек. Қоғамның Ішкі аудит қызметінің және құрылымдық бөлімшелерінің басшылары дәйекті қатыспаған жағдайда олардың орынбасарлары және/немесе осы мәселелерге құзыретті тұлғалар қатысу керек. Егер сұрақтардың күрделілігіне орай оған бірден жауап беру мүмкін болмаса, сұрақ қойылған тұлға (тұлғалар) Акционерлердің жалпы жиналысының жұмысы аяқталғаннан кейін барынша қысқа уақытта қойылған сұрақтарға жазбаша жауаптар ұсынады.



198. Дауыстарды жинау мен санау рәсімі барынша қарапайым және ашық болуы тиіс. Акционерлер дауыс беру қорытындыларын қандай да болмасын бұрмалау мүмкіндігі болмайтынына сенімді болу керек. Қоғам тиісті түрде дауыстар беруді және тіркеуді қамтамасыз ету керек.

199. Акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін күн мен уақыт оған қатысу құқығы бар адамдардың көпшілігі жиналысқа қатыса алатындай етіп белгіленуі тиіс.

Акционерлердің жалпы жиналысы Басқарма орналасқан жерде өткізіледі.



200. Акционерлердің жалпы жиналысының дауыс беру қорытындылары немесе сырттай дауыс беру нәтижелері акционерлерге Акционерлердің жалпы жиналысы жабылғаннан кейін он күн ішінде оларды бұқаралық ақпарат құралдарында және Қоғамның корпоративтік веб-сайтында жариялау немесе әрбір акционерге жазбаша хабарлама жіберу арқылы хабарланады.

Акционерлерге дауыс берудің қорытындылары туралы хабарлау тәртібі Жарғыда анықталады.



3. АКЦИОНЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ
201. Қоғамда акционерлердің өтініштерін тіркеу және корпоративтік қақтығыстарды тиімді реттеу жүйесі қабылданған.

202. Қоғам акционерлерінің тізілімін тәуелсіз тіркеуші жүргізеді. Барлық қажетті техникалық құралдар мен мінсіз беделге ие тіркеушіні таңдау және тағайындау Қоғамға Қоғамның акцияларына және басқа да бағалы қағаздарына меншік құқығын сенімді және тиімді тіркеуге мүмкіндік береді.

203. Қоғамда миноритарлық акционерлердің құқықтарын қорғауда айқын құрылған және қатаң сақталынатын саясат бар.

4. ДИВИДЕНДТІК САЯСАТ
204. Директорлар кеңесі Қоғамның дивидендтік саясатын іске асыру қағидаттары мен құрылымдарын анықтайтын, Акционерлердің жалпы жиналысының бекітуіне жататын Дивидендтік саясат туралы ережені әзірлейді. Дивидендтік саясат Қоғамның корпоративтік веб-сайтында да ашылады.

205. Дивидендтік саясат акционерлердің әл-ауқатын көтеру және Қоғам капиталының өсуін қамтамасыз ету бойынша Қоғамның жалпы міндеттерімен қатар, нормативтік құқықтық актілерге негізделген нақты дивидендтік саясаттың ережелерін құрады.

206. Дивидендтік саясат таза кірісті бөлу және дививдендтерді төлеуге жіберілетін оның бөлігін анықтау тәртібін, дивидендтер мөлшерін есептеу тәртібін, дивидендтерді төлеу тәртібін, оның ішінде оларды төлеу мерзімін, орны мен нысанын тәртіптемелеуі тиіс. Дививдендтерді алу акционерлер үшін қиын және ауыр болмауы керек.

207. Дивидендтік саясат дивидендтерді төлеуге жіберілетін Қоғамның таза пайдасының ең кіші бөлігін анықтау тәртібін белгілеу керек.

208. Дивидедтерді төлеу туралы мәселені қарастыру кезінде Қоғамның ағымдағы қаржылық жай-күйі, оның қысқа, орта және ұзақ мерзімді жоспарлары ескеріледі.

209. Дивидендтерді төлеу туралы шешімдерді қабылдау туралы (жариялау туралы) ақпарат дивидендтер төлеу үшін жағдайдардың және оларды төлеу тәртібінің болуы туралы дәл ұсынысты құру үшін жеткілікті болу керек.

5. ЖАСАЛУЫНА МҮДДЕЛІЛІК БАР МӘМІЛЕЛЕР
210. Қоғам жасалуына мүдделілік бар мәмілелерді жасамауға тырысады. Мұндай мәмілелерді жасаған жағдайда Қоғам мұндай мәмілелер туралы ақпаратты ашады.

6. ЕЛЕУЛІ КОРПОРАТИВТІК ОҚИҒАЛАР
211. Елеулі корпоративтік оқиғаларға мыналар жатады: Қоғамды қайта ұйымдастыру, Қоғамның ірі мәмілелерді жасауы, Жарғыға және шешімі Қоғам үшін принципті тұрғыдан маңызды бірқатар басқа да мәселелерге өзгерістер енгізу.

212. Елеулі корпоративтік оқиғалардың туындауына әкелуі мүмкін шешімдерді қабылдау кезінде Директорлар кеңесі мен Басқарма акционерлерге және мүдделі тұлғаларға көрсетілген іс-қимылдарды жасау қажеттігінің негіздемесін ұсынуға міндетті.

213. Басқарма елеулі корпоративтік оқиғалар саласындағы саясатты әзірлейді және оны Директорлар кеңесі бекіткеннен кейін келісілген саясатта мынадай мәселелерге ерекше көңіл бөледі:

- елеулі корпоративтік оқиғаларды іске асыру құрылымдары мен рәсімдерін анықтау;

- іске асырылатын елеулі корпоративтік оқиғаларды алдын ала мақұлдау және бағалау;

- елеулі корпоративтік оқиғаларды терең талдау және талқылау.



214. Қоғам елеулі корпоративтік оқиғаларға қатысты мәселелерді шешуге акционерлердің қатысуын қамтамасыз етеді.

7. ҚОҒАМДЫ ТАРАТУ
215. Қоғам таратылған жағдайда Директорлар кеңесі Басқармамен бірге акционерлерге және мүдделі тұлғаларға Қоғамды таратуды жүргізу қажеттігіне негіздеме ұсынады.

4-ТАРАУ. АҚПАРАТТЫ АШУ ЖӘНЕ АЙҚЫНДЫҚ
1. АҚПАРАТТЫ АШУ САЯСАТЫ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕСІ
216. Ақпаратты ашу акционерлердің және мүдделі тұлғалардың Қоғам қызметін бағлауы үшін, сондай-ақ Қоғамға деген сенімді қолдау үшін аса маңызды.

217. Ақпаратты ашу мақсаты осы ақпаратты тиісті шешім қабылдауға қажетті көлемде мүдделі тұлғалардың назарына жеткізу болып табылады. Қоғам ақпараттық материалдар мен жарияланымдарды бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің корпоративтік веб-сайтында тұрақты жариялайды.

218. Қоғамның ақпараттық ашықтығы Қоғамның ішкі құжаттары мен листингілік ережелердің негізінде құрылады.

219. Қоғам дер кезінде өз қызметінің барлық елеулі фактілері туралы, атап айтқанда, өзінің қаржылық жағдайы, қызмет жоспарлары мен нәтижелері, корпоративтік басқару тәжірибесі туралы ақпаратты ашады, дер кезінде корпоративтік оқиғалардың күнтізбесін және басқа да елеулі ақпаратты жариялайды.

Қоғам өз уақытында бағалы қағаздар проспектісі, тоқсан сайынғы есептер, елеулі фактілер туралы хабарламалар сынды басқа да маңызды құжаттарды дайындайды.



220. Қоғам мыналарды қамтитын, бірақ мұнымен шектелмейтін толық жылдық есепті жариялайды:

- Қоғамның мақсаттары мен оларды орындау нәтижелері;

- қаржылық және операциялық қызметтің нәтижелері;

- заңнаманың талаптарын ескере отырып, Қоғам мен оның еншілес және тәуелді ұйымдарының меншік құрылымы;

- корпоративтік басқару туралы бөлім;

- біліктілігін, іріктеу үдерісін қоса алғанда, Басқарманың директорлары мен мүшелері, оның ішінде тәуелсіздігін анықтау критерийлерін көрсете отырып, тәуелсіз директорлар туралы ақпарат;

- мүдделі тұлғалармен байланысты елеулі мәселелер;

- мемлекеттен алатын кепілдемелерді қоса алғанда, кез келген қаржылық қолдау және Қоғамның өзіне қабылдаған мемлекет пен қоғам алдындағы кез келген міндеттемелері;

- кез келген елеулі корпоративтік оқиғалар.


2. ІШКІ АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУ
221. Қоғам ақпаратты ашу кезінде коммерциялық, қызметтік және заңнамамен қорғалатын өзге де құпиядан тұратын ақпараттың қорғалуы тиіс екенін ескереді. Қоғам мұндай ақпаратқа қатынау талаптарын, сондай-ақ оны алу мүмкіндігін Қоғамның ашықтығы мен оның мүддесіне нұқсан келтірмеуге ұмтылу арасындағы балансты сақтау қажеттілігін ескере отырып анықтайды.

222. Қоғам заңнамаға және Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкес құпия ақпаратты қорғауға шаралар қабылдайды.

223. Қоғам қызметтік және ішкі ақпаратты пайдалануды бақылаудың тиімді жүйесін әзірлеп қолданады. Қоғам ішкі ақпаратты анықтау, бақылау мен тарату үшін бақылаудың барабар іс-жосықтарын, жүйелері мен құралдарын белгілейді және ашылатын ақпарат жалған болып табылмайтынын немесе жаңылуға әкелмейтінін қамтамасыз ететін барлық қажетті іс-қимылдарды қабылдайды.

224. Қоғам Қоғамның ішіндегі және одан тыс жердегі тиісті қызметкерлерге Қоғам туралы ақпаратты Қоғамның ашу мүмкіндігіне қатысты бақылау құралдарын енгізу туралы ақпарат береді және директорлар мен Қоғамның тиісті қызметкерлерінің ақпаратты ашу саясатын қолдану бойынша жеткілікті дайындыққа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

225. Қоғамның қызметкерлеріне еңбек қызметін жүзеге асыруы кезінде құпия ішкі (қызметтік) ақпаратты ашуына тыйым салынады. Қоғамдағы еңбек қызметін қызметкерлер тоқтатқаннан кейін Қоғам көрсетілген ақпаратты ашпау бойынша мерзімді белгілейді.

3. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК
ҚОҒАМНЫҢ ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІ
226. Қоғам қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес қаржылық есептілікті дайындайды.

227. Қаржылық есептілікті жүргізу және Қоғамда аудит өткізу мынадай қағидаттармен жасалады:

- толықтық және дұрыстық;

- қасақана еместік және тәуелсіздік;

- кәсібилік және біліктілік.



228. Қоғамның жылдық қаржылық есептілігінде осындай есептілікті оқушыға Қоғам қызметінің қаржылық нәтижелері туралы деректерді дұрыс түсінуіне мүмкіндік беретін толық ескертпелер болады.

229. Директорлар кеңесі акционерлерге Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізілген тексерудің нәтижелері туралы ақпаратты ұсынады. Директорлар кеңесінің кесімді және ұғынықты баға беру жауапкершілігі аралық және өзге де жария есептерді, бақылау-қадағалау органдарының есептеріне, сондай-ақ заңнаманың, листингілік ережелердің, Жарғының және Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес міндетті ұсынылуы тиіс ақпаратқа қолданылады.

230. Заңнамаға сәйкес директорлар жылдық есепте және қаржылық есептілікте Қоғамның есептілігін дайындауға өз жауапкершілігін сипаттауы керек және осындай жылдық есеп пен қаржылық есептілікте есеп беру үшін олардың жауапкершілігі туралы аудитор ұйымының қорытындысы болу керек.

4. ІШКІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ІШКІ АУДИТ
231. Ішкі бақылау жүйесін әзірлеу, бекіту, қолдану және бағалау үдерістеріне қатысына қарай Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жасау жүйесіне кіретін органдар құзыреті Қоғамда нақты белгіленеді.

232. Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жүргізуді, ішкі бақылау саласында бағалауды, тәуекелдерді басқаруды, корпоративтік басқару саласында құжаттар орындауды жүзеге асыру үшін және Қоғам қызметін жетілдіру мақсатында Қоғамда Ішкі аудит қызметі құрылады. Ішкі аудит қызметі қызметкерлері Директорлар кеңесі және Басқарма құрамына сайлана алмайды.

233. Ішкі аудит қызметі Директорлар кеңесіне тікелей бағынады және өз жұмысы туралы олардың алдында есеп береді. Ішкі аудит қызметіне жетекшілік етуді Аудит комитеті жүзеге асырады. Ішкі аудит қызметінің міндеттері мен функциялары, оның құқығы мен жауапкершілігі Директорлар кеңесі бекітетін Ішкі аудит қызметі туралы ережемен анықталады.

234. Директорлар кеңесі жылына кем дегенде Қоғамның ішкі бақылау жүйесі тиімділігін (Аудит комитеті және Ішкі аудит қызметі) бағалауды жүзеге асыруға міндетті және осындай бағалауды жүргізу туралы акционерлердің жалпы жиналысында есеп беруі тиіс, ол қаржылық және операциялық бақылауды, тәуекелдерді басқару жүйесі тиімділігі және оларды сақтауды бақылауды қоса алғанда, толық айтарлықтай бақылауды қамтиды.

235. Директорлар кеңесі Аудит комитетімен, Ішкі аудит қызметі және Қоғамның сыртқы аудиторларымен бірлесіп, оларға қаржылық есептілік және ішкі бақылау қағидаттарын және Қоғамның сыртқы аудиторларымен тиісті қатынастар орнату тәртібін қолдану жолдарының ресми және ашық тәртібін белгілейді.

236. Аудит комитеті Ішкі аудит қызметімен бірлесіп, іс-шаралар жүйесін зерделеуі тиіс, олар арқылы Қоғам қызметкерлері құпия түрде есептілік және өзге мәселелерде мүмкін сәйкессіздіктерге қатысты мәселелер көтеруі мүмкін.

Аудит комитетінің мақсаты Ішкі аудит қызметімен бірлесіп, осындай мәселелерді тиісті және тәуелсіз зерделеу бойынша іс-шаралар жүйесін құру және тиісті шаралар қабылдау болып табылады.



237. Аудит комитеті Ішкі аудит қызметі жұмысының тиімділігін бағалайды.

5. СЫРТҚЫ АУДИТ
238. Қоғамның қаржылық есебін жасаудың дұрыстығы мен объективтілігі туралы тәуелсіз пікір алу мақсатында Қоғам өткен жылға заңнама талаптарына сәйкес сыртқы аудиторды (аудитор ұйымын) тарта отырып, жылдық қаржылық есептің аудитін жүргізеді.

239. Аудит комитеті Директорлар кеңесінің қарауына аудиторлық ұйымды тағайындау, қайта тағайындау және шеттету туралы ұсынымдарды енгізеді. Егер Директорлар кеңесі Аудит комитетінің ұсынымдарын қабылдамаса, Аудит комитеті тағайындау немесе қайта тағайындау туралы ұсынымдарды бар жылдық есепке және өзге құжаттарға осындай ұсынымдар туралы түсіндірмелерді қосуы мүмкін, бұл ретте Директорлар кеңесі қандай себеппен өзге ұстанымда отырғанын көрсетуі тиіс.

240. Аудит комитетінің ұсынымдарын Директорлар кеңесі акционерлерге аудитор ұйымын анықтау туралы шешім қабылдағанда ескеру үшін тапсырады.
(241-тармақ жаңа редакцияда жазылды, 29.12.2011ж. АКЖЖ № 46 хаттамасы)

241. Қоғамда кезең-кезеңмен кем дегенде бес жылда бір мәрте аудитор ұйымын және/немесе аудитті жүзеге асыратын ұйымда қорытынды дайындау бойынша әріптесті ауыстыру жүргізіледі.

242. Басқарма ұсынылған қаржылық ақпараттың толықтығы мен растығына жауапкершілікте болады.

5-ТАРАУ. ЕНШІЛЕС ЖӘНЕ ТӘУЕЛДІ АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ҚАҒИДАТТАРЫ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕСІ
243. Қоғам еншілес және тәуелді акционерлік қоғамдарды (бұдан әрі – ЕТҰ) корпоративтік басқарудың тиімді құрылымдарына негізделген теңгерімді дамытуға ұмтылады.

244. Акционерлік қоғам ретінде өз міндеттерін іске асыру мақсатында заңнама, Жарғы және Қоғамның ішкі құжаттары, ЕТҰ жарғылары талаптарына сәйкес ЕТҰ өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады.

245. ЕТҰ Қоғаммен өзара іс-қимылының негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

- тұрақты қаржылық дамуды, қызмет пайдалылығын қамтамасыз ету, Қоғамның және ЕТҰ инвестициялық тартымдылығын арттыру;

- акционерлердің және ЕТҰ акционерлерінің заңмен қорғалатын мүддесін және құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;

- акционерлер, лауазымды тұлғалар, Қоғам қызметкерлері және ЕТҰ арасында қарым-қатынастардың үйлесімі, олар арасында және көрсетілген топтар ішінде қайшылықтардың туындауының алдын алу бойынша жүйелі шаралар қабылдау;

- Қоғамның және ЕТҰ үйлесімді және тиімді стратегиясы мен инвестициялық саясатын әзірлеу және іске асыру.

246. Корпоративтік басқарудың негізгі қағидаттары және Қоғамның ЕТҰ өзара іс-қимылы тәртібі ЕТҰ органдары тиісті шешімдер қабылдауда жүзеге асырылады.

247. ЕТҰ корпоративтік басқару үдерісі мынадай құжаттармен реттеледі:

- Қоғам Жарғысы;

- Қоғамның Корпоративтік басқару кодексі;

- ЕТҰ жарғылары;

- корпоративтік басқару рәсімдеріне қатысты өзге құжаттар.

Корпоративтік басқару тәжірибесінің дамуына қарай Қоғам ЕТҰ қатысты корпоративтік басқару қағидаттарын дамытуға ұмтылатын болады.



6-ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ
248. Қоғам осы Кодекстің ережелерін бейімдеуге және қолдануға бағытталған қосымша ішкі құжаттарды әзірлеп қабылдайтын болады.
жүктеу 0,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау