Ү Л Г І Ш А Р Т № _________
телекоммуникация қызметтерін көрсетуге
___________ қ. "____"_________ 200_жылы
бұдан әрі Оператор деп аталатын «Қазақтелеком» АҚ, Мемлекеттік лицензиясы №____ «__»______ ж. __________________________________ ____________________________________________________________атынан, _________________негізінде іс-әрекеттер етуші, бірінші тараптан және бұдан әрі Абонент деп аталатын, _____________________________________________ атынан, қызметтерді пайдаланушы ______________________________________________________,
(пайдаланушының деректемелері)
екінші тараптан, бұдан былай бірге «Тараптар» болып аталатын, Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңына және Телефон байланысы қызметін көрсету Ережелеріне сәйкес телекоммуникация қызметтерін көрсетуге төменде айтылғандар бойынша осы Үлгі Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1 Шарттың мәні
1.1 Шарттың талаптарына сәйкес Оператор Абонентке телефон байланысы қызметін және басқа да телекоммуникация қызметтерін (бұдан әрі – Қызметтер) көрсетеді, ал Абонент көрсетілген қызметтер үшін төлем өтеуге міндеттеледі.
1.2 Абонентке терминалды қосу орнының мына мекенжайы бойынша ________________________________________ ______________ телефон нөмірі бөлінеді. Екі және бұдан да көп телефон нөмірлері және басқа да байланыс құралдары мен желілерін қосу барысында Шартқа 1-Қосымшада телефон нөмірлері және басқа да байланыс құралдары мен желілерінің тізбесі көрсетіледі.
2 Ақы төлеу тәртібі
2.1 Көрсетілген Қызметтер үшін ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Оператор бекіткен тарифтер бойынша жүргізіледі.
2.2 Абонент төлемді, егер Тараптардың бөлек келісімімен басқасы көзделмеген жағдайда, ай сайын нақты көрсетілген қызметтер үшін есептесуден кейінгі айдың соңғы жұлдызына дейінгі мерзімде өтейді.
2.3 Оператордың жергілікті телефон қосылулардың уақыт бойынша есебін жүргізуге техникалық мүмкіндігі болған жағдайда Абонент – жеке тұлға Қызметтерге абоненттік, уақытына қарай немесе құрастырылған ақы төлеу жүйесін таңдап алуға құқылы (керегінің асты сызылсын).
Қызметтерге уақытына қарай ақы төлеу жүйесі барысында Абоненттің талабы бойынша Оператор төлеуге жататын орын алған жергілікті телефон қосылулары туралы жазбаша түрде тегін ақпарат береді.
3 Қосылулардың ұзақтығы мен Қызмет сапасының есебін жүргізу
3.1 Қосылудың ұзақтығы Операторда орнатылған қосылулардың ұзақтығының уақытына қарай есепке алу аппаратурасының көрсеткіштері бойынша айқындалады.
3.2 Оператор көрсететін Қызметтердің сапасы мемлекеттік стандарттармен және басқа да нормативтік құжаттармен белгіленген техникалық нормаларға және талаптарға сәйкестену тиіс.
4 Тараптардың міндеттері
4.1 Оператор міндетті:
1) Абонент абонементті ашу бағасын төлегеннен кейін он күннің ішінде Абонентке Қызмет көрсетуге;
2) көрсетілген Қызмет санының есебін жүргізуге, сапасын бақылауға, Қызмет көрсетудегі тәртіп бұзушылықтарды алдын алу және жою бойынша дер кезінде шаралар қолдануға;
3) Абонентке жедел медициналық (103), құқық қорғау (102), өртке қарсы (101), апаттық (104), анықтамалық (118), құтқару (112) қызметтерге тегін қосылуын қамтамасыз етуге;
4) Абоненттің тапсырысы бойынша Оператордың телекоммуникациялар жүйесіндегі стансалық және желілік зақымдарды жоюға;
5) жаңа автоматты телефон стансалардың пайдалануға енгізілуіне және жергілікті телефон желілерінің қайта құрылуына байланысты абоненттік нөмірлерді ауыстыру барысында қайта қосылу күнінен 15 күнтізбелік күн бұрын абонентке алдағы қайта қосу туралы хабарлауға. Абоненттік нөмірлерді жаппай өзгерту кезінде Оператор ол туралы қайта қосылу куніне дейін 15 күнтзбелік күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы абоненттерге хабарлайды. Оператордың бастамасы бойынша нөмірлерді ауыстыру тегін атқарылады.
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе Оператордың актілерімен белгіленген тәртіпте Қызметтер тарифінің өзгеруі, сондай-ақ Қызметтер көрсету талаптарының өзгеруі туралы Абонентке хабарлауға;
7) байланыстың нақты тоқтап қалу сәтінен терминалдың жұмыс істеуін толық қалпына келтіру сәтіне дейін Абоненттің кінәсі болмаған абоненттік терминалдың жұмыс жасамаған кезеңіне абоненттік төлем сомасына қайта есептеу жүргізуге;
8) қосылулардың уақытына қарай төлеу жүйесін енгізу барысында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын, анықтамалық қызметтерін, Оператордың байланыс қызметтерін ұжымдық пайдалану орындарындағы хабарландыруларды және басқа да тәсілдерді пайдалану арқылы, сағаттар және апталық күндер бойынша телефонист және жергілікті телефон байланысы арқылы тарифтерді жіктеу тәртібімен қалааралық және халықаралық телефон байланысын пайдалану кезінде Оператор белгілеген қосылыстың ең аз төленетін ұзақтығы туралы ақпаратты Абоненттің назарына жеткізуге;
9) уақытысында Қызмет үшін төлем өтемегендіктен ажыратылған байланыс терминалының желіге қатынауын қайта жаңғырту Абоненттің қарыздарын өтегенін дәлелдейтін құжат тапсырған сәттен жиырма төрт сағат ішінде жүргізуге;
10) кем дегенде айына бір рет абонентке көрсетілген қызметтер үшін төлем шотын тапсыруға;
11) Абоненттің шағымдарын, оның ішінде өткен жылдарына қарау;
12) Абоненттің талабы бойынша оған Қызметтер көрсетуге байланысты қосымша ақпарат беруге;
13) Абонентке басқа байланыс операторлары көрсететін қалааралық және халықаралық байланыс қызметін алу мүмкіндігін беруге.
14) Абонент тиісті өтінім берген кезде анықтама қызметі абоненттерінің тізімінен Абоненттің нөмірі жойылсын".
4.2 Абонент міндетті:
1) көрсетілген қызметтердің уақытысында және толық көлемде ақысын төлеуді жүргізуге;
2) Операторға басқа байланыс операторларымен көрсетілген қызметтердің ақысын төлеуді жүргізуге;
3) Қызметтерді пайдаланған кезде белгіленген техникалық талаптарды орындауға;
4) жергілікті телекоммуникациялар желісіне ақаулы, сәйкестік сертификаты жоқ абоненттік терминалдарды (телефон аппараты, факстер, модемдер және т.б.) қоспауға;
5) Қызметтерді пайдаланған кезде пайда болған ақаулар туралы дереу Операторға хабарлауға;
6) Оператордың өкілдерінің терминалдар мен байланыс құралдары орналасқан жайға және аумаққа оларды қарау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету үшін кіру мүмкіндігін қамтамасыз етуге;
7) өзінің кетуі туралы, телефондандырылған тұрғын үйлердің сатылуы туралы, өз мәртебесіндегі өзгерістер туралы, аты-жөнінің, тұратын мекенжайының өзгерістері туралы бір айлық мерзімде Операторға хабарлауға;
8) Шарт бойынша өзінің құқықтары мен міндеттерін Оператордың жазбаша келісімінсіз басқа тұлғаларға бермеуге;
9) абоненттік желіні және өз жайындағы терминалды жұмысқа жарамды жағдайда ұстауға;
10) терминалды басқа абоненттерге қасақана мазасын алу үшін пайдалануға жол бермеуге;
11) Оператордың талабы бойынша Қызмет көрсетілуі үшін пайдаланылатын терминалдың тұрпатын хабарлауға;
12) жұмыс барысын бұзуға және Оператордың жабдықтары мен байланыс желілеріне зақым келтіруге әкеліп соғатын іс-әрекеттер жасамауға;
13) Оператордың оған берген телефон (-дар) нөмірін (-лерін), Оператормен жазбаша түрде келісілген жағдайлардан тыс, телекоммуникациялар қызметін көрсету үшін пайдаланбауға.
5. Тараптардың құқықтары
5.1 Оператор құқылы:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына, басқа да нормативтік құжаттарға және байланыс саласындағы техникалық жағдайларға сәйкес Абонент сақтауы тиіс техникалық талаптар белгілеуге;
2) көрсетілген Қызметтер үшін уақытында және толық көлемде төлем алуға;
3) Абонент шарт талаптарын, жабдықтарды пайдалану ережелерін бұзған кезде, сондай-ақ апаттық жағдайда немесе алдын ала және жоспарлы жұмыс жүргізу барысында азаматтардың өмірлеріне қауіп төнгенде Қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе шектеуге;
4) Абонент Оператордың және басқа байланыс операторлардың көрсеткен қызметі үшін Шарттың 2.2-тармағымен белгіленген мерзімде ақы төлемеген кезде, сондай-ақ Шарттың басқа да талаптарын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте Абоненттің телекоммуникация желісіне қатынауын тоқтуға. Бұл ретте телекоммуникация желілеріне қатынауды қайта қосу қарыздар толық көлемде өтелгенде немесе Шарт талаптарын бұзу жойылғанда жүргізіледі;
5) Абоненттің телекоммуникациялар желісіне қатынауы тоқтатылған сәтінен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде Абонентке алдағы уақытта Шарттың бұзылатыны туралы хабарлама жіберіп және 30 күнтізбелік күн өткеннен кейін – Шартты бір жақты тәртіпте бұзуға. Шарттың бұзылуы Абонентті қарыз сомасын төлеуден босатпайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе Оператордың нормативтік құжаттарында белгіленген тәртіпте көрсетілетін Қызметтерге тарифтер өзгертуге;
7) абоненттік терминалдардың және байланыс құралдарының техникалық тексеруін жүзеге асыруға;
8) ақауы бар, сәйкестік сертификаты жоқ абоненттік терминалдарды ажыратуға;
9) Қызметтердің уақытына қарай ақы төлеу жүйесін енгізуге;
10) Шарттың 4.2-тармағының 7-тармақшасымен көзделген талаптар өз мәртебесін өзгерту, Қызметтерге ақы төлеу бойынша жеңілдіктер алу немесе олардан айырылу тұрғысынан бұзылған жағдайда, біржақты тәртіпте көрсетілген Қызметтердің құнын қайта есептеуге;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да құқықтарға ие болуға.
5.2 Абонент құқылы:
1) өзіне қажетті көлемде телекоммуникация қызметтерін ұйғарымды жүктеме шеңберінде пайдалануға;
2) Қызметтерді белгіленген сапамен алуға;
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте Оператордың Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін іс-әрекеттері бойынша шағым жасауға;
4) ҚР заңнамасымен көзделген тәртіпте Оператордан тарифтердің өзгеруі туралы ақпарат алуға;
5) байланыстың нақты тоқтап қалу сәтінен терминалдың жұмыс істеуін толық қалпына келтіру сәтіне дейін абоненттің кінәсі болмаған абоненттік терминалдың жұмыс жасамаған кезеңіне абоненттік төлем сомасына қайта есептеу жүргізуді талап етуге;
6) шұғыл медициналық (103), құқық қорғау (102), өртке қарсы (101), авариялық (104), анықтама (118), құтқару (112) қызметтерін шақыру үшін телефон байланысын тегін пайдалануға;
7) деректемелер, жұмыс тәртібі, көрсетілетін Қызметтер, техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету тәртібі туралы Оператордан қажетті ақпарат беруін талап етуге;
8) Шарттың бұзылу сәтіне кем дегенде 30 күн қалғанда ол туралы Операторға жазбаша түрде хабарлап, Шартты біржақты тәртіпте бұзуға;
9) жазбаша өтініш бойынша өз нөмірін анықтамалық қызмет абоненттерінің тізіміне енгізілуден бас тартуға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да құқықтарға ие болуға.
6 Тараптардың жауапкершілігі
6.1 Тараптардың құқыларын шектейтін немесе басқаша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын іс-әрекеттер жасауға Тараптарға тыйым салынады.
6.2 Міндеттемелерін орындамаған немесе дұрыс орындамаған жағдайларда, Тараптар Қазақстан Республикасының заңдарына және Шартқа сәйкес жауап береді.
6.3 Тараптар өздеріне алған міндеттемелерді толық немесе ішінара орындамағаны, сондай-ақ Шарт бойынша олардың орындалуын тежегені үшін, егерде олар табиғи зұлматтар, ереуілдер, соғыс әрекеттері секілді дүлей күштердің, сондай-ақ олардың болатынын Тараптар алдын ала біле де болдырмауғада мүмкіндіктері жоқ басқа да оқиғалардан туындаған болып табылса жауапкершіліктен босатылады.
6.4 Байланыс құралдары мен желілері үшін жауапкершілік оларға қызмет көрсету бөлімдерінің шекаралары бойынша (пәтер, ғимарат, қоршалған аумақ және т.б.) және/немесе баланстық иелігі бойынша айқындалады. Бөлім шекарасына дейін қызмет көрсетуді Абоненттің жеке өзі өз есебінен, бөлім шекарасынан тыс болса – Оператордың күшімен атқарылады.
6.5 Оператор басқа байланыс операторлары көрсеткен қызметінің сапасы үшін жауап бермейді.
6.6 Көрсетілген Қызметтер үшін төлем мерзімі өтіп кеткен жағдайда Абонент Шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің кешіктірілген әр күні үшін, бірақ негізгі қарызының жалпы сомасынан асырмай осы соманы төлейтін күнгі қолданыстағы қайта қаржыландыру ставкасының _____ есе көлемінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
7 Өзге де талаптар
7.1 Шарттың қолданылу мерзімі ______________________.
Мерзімі шектелмеген / дейінгі мерзімге (керегі көрсетілсін)
Шарт оған екі Тараптың да қолы қойылған сәтінен бастап күшіне енеді.
7.2 Егер Абоненттің кетіп қалуы немесе телефондандырылған жайдың сатылуы сәтінен бір айдан астам уақыт өткен жағдайда және Абонент бұл факты туралы Операторға хабарламаса соңғысы алдын ала Абонентке жазбаша хабарлама берместен Шартты бұзуға құқылы.
7.3 Тараптар арасындағы барлық даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген тәртіпте шешіледі.
7.4 Шарттан туындайтын және олар ретке келтірмеген Тараптар арасындағы ара қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.
7.5 Шарт Тараптарда сақталатын және тең заңды күшке ие мемлекеттік және орыс тілінде екі данада жасалады.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер үшін жасалатын Шарт үш дана болып жасалады - әр Тарапқа бірден және үшіншісі – аймақтық қазнашылық органдарында тіркелу үшін – және оның тіркелу сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7.6 Бюджеттік ұйымдар үшін:
Бюджеттік бағдарлама коды ______________________________
Бюджеттік сыныптау коды ______________________________
Бюджеттік бағдарламаның, қосалқы бағдарламаның және ерекшелігінің аталуы ___________________
Шарттың сомасы - __________________________теңге. Оператор Шарттың сомасы жұмсалған жағдайда Абонентке Қызметтердің көрсетілуін тоқтатуға құқылы.
7.7 Осы Шартқа қол қойған кезде Абонент өз нөмірін анықтама қызметі абоненттерінің тізіміне енгізуді ___________________________ ".
келіседі/келіспейді (керектісі көрсетілсін)
8 Тараптардың деректемелері
Оператор: Абонент:
_______________ ________________
_______________ ________________
_______________ ________________
_______________ ________________
СТН: ___________ СТН: ________________
ЖСК: ____________ ЖСК: ________________
БСК: ____________ БСК: ________________
|
Т И П О В О Й Д О Г О В О Р № _________
на оказание услуг телекоммуникаций
г.___________ "____"_________ 200_года
АО «Казахтелеком», Государственная лицензия №____ от «__»________года, в лице________________________________ ______________________________________________________________, действующего (-ей) на основании _________________, именуемое в дальнейшем «Оператор», с одной стороны, и пользователь услуги ___________________________________ ,
(реквизиты пользователя)
именуемый (-ая) в дальнейшем «Абонент», в лице ______________________________________________________ , с другой стороны, далее совместно именуемые «Стороны», в соответствии с Законом Республики Казахстан «О связи» и Правилами оказания услуг телефонной связи заключили настоящий Типовой договор на оказание услуг телекоммуникаций (далее – Договор) о нижеследующем.
1 Предмет Договора
1.1 В соответствии с условиями Договора Оператор оказывает Абоненту услуги телефонной связи и другие услуги телекоммуникаций (далее – Услуги), а Абонент обязуется оплачивать оказанные Услуги.
1.2 Абоненту выделяется телефонный номер ______________ по адресу места подключения терминала ___________________ ___________________________________. При подключении двух и более телефонных номеров и других средств и линий связи перечень телефонных номеров и других средств и линий связи указывается в Приложении 1 к Договору.
2 Порядок оплаты
2.1 Оплата за оказываемые Услуги производится по тарифам, утвержденным Оператором в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
2.2 Оплата производится Абонентом ежемесячно за фактически оказанные услуги в срок до последнего числа месяца, следующего после расчетного, если иное не предусмотрено отдельным соглашением Сторон.
2.3 При наличии технической возможности осуществления Оператором повременного учета местных телефонных соединений Абонент-физическое лицо вправе выбрать абонентскую, повременную или комбинированную систему оплаты Услуг (нужное подчеркнуть).
При повременной системе оплаты Услуг по требованию Абонента Оператор предоставляет бесплатно письменную информацию о состоявшихся местных телефонных соединениях, подлежащих оплате.
3 Учет продолжительности соединений и качество Услуг
3.1 Длительность соединения определяется по показаниям аппаратуры повременного учета длительности соединений, установленной у Оператора.
3.2 Качество Услуг, оказываемых Оператором, должно соответствовать техническим нормам и требованиям, установленным государственными стандартами и иными нормативными документами.
4. Обязанности Сторон
4.1 Оператор обязан:
1) в течение десяти дней после оплаты Абонентом стоимости открытия абонемента предоставить Абоненту Услуги;
2) вести учет количества и контроль качества оказываемых Услуг, принимать своевременные меры по предупреждению и устранению нарушений оказания Услуг;
3) обеспечить предоставление Абоненту бесплатных соединений с экстренной медицинской (103), правоохранительной (102), противопожарной (101), аварийной (104), справочной (118) службами, службой спасения (112);
4) по заявке Абонента устранять станционные и линейные повреждения систем телекоммуникаций Оператора;
5) при замене абонентских номеров в связи с вводом в эксплуатацию новых автоматических телефонных станций и реконструкцией местных телефонных сетей за 15 календарных дней до даты переключения уведомить Абонента о предстоящем переключении. При массовых изменениях абонентских номеров Оператор оповещает об этом абонентов через средства массовой информации за 15 календарных дней до даты переключения. Замена абонентских номеров по инициативе Оператора производится бесплатно;
6) в установленном законодательством Республики Казахстан или актами Оператора порядке извещать Абонента об изменении тарифов на Услуги, а также об изменении условий оказания Услуг;
7) производить перерасчет сумм абонентской платы за период бездействия абонентского терминала не по вине Абонента c момента фактического простоя связи до момента полного восстановления работы терминала;
8) доводить до сведения Абонента информацию о минимальной оплачиваемой продолжительности соединения, которая установлена Оператором, при пользовании междугородной и международной телефонной связью, через телефониста и посредством местной телефонной связи, при внедрении повременной системы оплаты соединений, а также информацию о порядке дифференциации тарифов по часам и дням недели – с использованием средств массовой информации, справочных служб, объявлений в пунктах коллективного пользования услугами связи Оператора и другими способами;
9) производить возобновление доступа к сети связи терминала, отключенного за несвоевременную оплату Услуг, в течение двадцати четырех часов с момента представления Абонентом документов, подтверждающих факт погашения задолженности;
10) не реже одного раза в месяц предъявлять абоненту счет на оплату оказанных услуг;
11) рассматривать жалобы Абонента, в том числе и за предыдущие годы;
12) по требованию Абонента предоставлять дополнительную информацию, связанную с оказанием Услуг;
13) предоставлять Абоненту возможность получения услуг междугородной, международной связи, оказываемых другими операторами связи.
14) исключить номер Абонента из списков абонентов справочной службы при подаче Абонентом соответствующего заявления.
4.2 Абонент обязан:
1) своевременно и в полном объеме производить оплату оказанных Услуг;
2) производить Оператору оплату услуг, оказанных другими операторами связи;
3) выполнять установленные технические требования при пользовании Услугами;
4) не подключать к местной сети телекоммуникаций неисправные, не имеющие сертификата соответствия абонентские терминалы (телефонные аппараты, факсы, модемы и т.п.);
5) немедленно сообщать Оператору о неисправностях, возникших при пользовании Услугами;
6) обеспечивать доступ представителям Оператора в помещения и на территории, где расположены терминалы и средства связи, для их осмотра, ремонта и технического обслуживания;
7) сообщать Оператору связи в месячный срок о своем выбытии, о продаже телефонизированных жилых помещений, об изменении своего статуса, об изменении фамилии, адреса проживания;
8) не передавать свои права и обязанности по Договору другим лицам без письменного согласия Оператора;
9) содержать абонентскую линию и терминал в своем помещении в исправном состоянии;
10) не допускать использования терминала в целях преднамеренного причинения беспокойства другим абонентам;
11) сообщать по требованию Оператора тип терминала, используемого для получения Услуг;
12) не совершать действия, приводящие к нарушению работы и порче оборудования и линий связи Оператора;
13) не использовать предоставленный (-ые) ему Оператором телефонный (-ые) номер (-а) для оказания услуг телекоммуникаций, за исключением случаев, письменно согласованных с Оператором.
5 Права Сторон
5.1 Оператор имеет право:
1) устанавливать в соответствии с законодательством Республики Казахстан, другими нормативными документами и техническими условиями в области связи технические требования, обязательные для соблюдения Абонентом;
2) своевременно и в полном объеме получать плату за оказанные Услуги;
3) прекратить или ограничить оказание Услуг при нарушении Абонентом договорных условий, правил эксплуатации оборудования, а также при проведении профилактических и плановых работ, при аварийной ситуации либо при возникновении угрозы жизни и безопасности граждан;
4) при неоплате Абонентом услуг Оператора и других операторов связи в сроки, установленные пунктом 2.2 Договора, а также в случае нарушения Абонентом других условий Договора приостановить доступ Абонента к сети телекоммуникаций в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан. При этом возобновление доступа к сетям телекоммуникаций производится после погашения задолженности в полном объеме или при устранении нарушений условий Договора;
5) в течение 10 календарных дней с момента приостановления доступа Абонента к сети телекоммуникаций направить Абоненту уведомление о предстоящем расторжении Договора и по истечении 30 календарных дней расторгнуть Договор в одностороннем порядке. Расторжение Договора не освобождает Абонента от оплаты суммы задолженности;
6) в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан или нормативными документами Оператора, изменять тарифы за оказываемые Услуги;
7) осуществлять техническую инспекцию абонентских терминалов и средств связи;
8) отключать неисправные, не имеющие сертификата соответствия абонентские терминалы;
9) вводить повременную систему оплаты Услуг;
10) в случае нарушения условий, предусмотренных подпунктом 7) пункта 4.2 Договора в части изменения своего статуса, приобретения или утраты льгот по оплате Услуг, производить в одностороннем порядке перерасчет стоимости оказанных Услуг;
11) иметь иные права, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
5.2 Абонент имеет право:
1) пользоваться услугами телекоммуникаций в необходимом ему объеме в пределах допустимых нагрузок;
2) получать Услуги установленного качества;
3) обжаловать в установленном законодательством РК порядке действия Оператора, противоречащие законодательству Республики Казахстан;
4) получать от Оператора информацию об изменении тарифов в порядке, предусмотренном законодательством РК;
5) требовать перерасчета сумм абонентской платы за период бездействия абонентского терминала не по вине Абонента с момента фактического простоя связи до момента полного восстановления работы терминала;
6) бесплатно пользоваться телефонной связью для вызова экстренной медицинской (103), правоохранительной (102), противопожарной (101), аварийной (104), справочной (118) служб, службы спасения (112);
7) требовать от Оператора предоставления необходимой информации о реквизитах, режиме работы, оказываемых Услугах, порядке обеспечения технического обслуживания;
8) расторгнуть Договор в одностороннем порядке, известив об этом Оператора в письменном виде не менее, чем за 30 дней до момента расторжения Договора;
9) по письменному заявлению отказаться от внесения своего номера в списки абонентов справочной службы;
10) иметь иные права, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.
6 Ответственность Сторон
6.1 Сторонам запрещается совершать действия, ограничивающие права Сторон либо иным образом нарушающие законодательство Республики Казахстан.
6.2 В случае неисполнения или ненадлежащего исполнения обязательств Стороны несут ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан и Договором.
6.3 Стороны освобождаются от ответственности за полное или частичное неисполнение принятых на себя обязательств, а также за задержку их выполнения по Договору, если таковые явились следствием непреодолимой силы, как, например, стихийное бедствие, забастовка, военные действия, а также иных событий, наступление которых Стороны не могли предвидеть либо предотвратить.
6.4 Ответственность за состояние средств и линий связи определяется по границам раздела их обслуживания (квартира, здание, огражденная территория и т.п.) и/или балансовой принадлежности. Обслуживание линий связи до границы раздела производится Абонентом самостоятельно и за свой счет, за границей раздела – силами Оператора.
6.5 Оператор не несет ответственности за качество услуг, предоставляемых другими операторами связи.
6.6 В случае просрочки платы за оказанные Услуги Абонент, в соответствии с Договором, выплачивает неустойку в размере _____ -кратной ставки рефинансирования Национального банка Республики Казахстан, действующей на день уплаты этих сумм, за каждый день просрочки, но не более суммы основного долга.
7 Прочие условия
7.1 Срок действия Договора ________________________.
бессрочный /на срок до (нужное указать)
Договор вступает в силу с момента его подписания обеими Сторонами.
7.2 В случае, если с момента выбытия Абонента или продажи телефонизированного помещения прошло более одного месяца и Абонент не уведомил о данном факте Оператора, последний вправе расторгнуть Договор без предварительного письменного уведомления Абонента.
7.3 Все споры и разногласия между Сторонами разрешаются в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан.
7.4 Отношения Сторон, вытекающие из Договора и не урегулированные им, регулируются в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
7.5 Договор составляется на государственном и русском языках в двух экземплярах, хранящихся у Сторон и имеющих одинаковую юридическую силу.
Договор для государственных учреждений, финансируемых из государственного бюджета, составляется в трех экземплярах – по одному для каждой из Сторон и третий – для регистрации в территориальных органах казначейства и вступает в действие с момента его регистрации.
7.6 Для бюджетных организаций:
Код бюджетной программы ________________________.
Код бюджетной классификации _________________________.
Наименование бюджетной программы, подпрограммы и специфики _______________________________.
Сумма Договора – ______________________ тенге.
Оператор имеет право приостановить предоставление Услуг Абоненту при израсходовании суммы Договора.
7.7. При подписании настоящего Договора Абонент__________
согласен/не согласен (нужное указать)
на внесение своего номера в списки абонентов справочной службы.
8 Реквизиты Сторон
Оператор: Абонент:
__________________ __________________
__________________ __________________
__________________ __________________
__________________ __________________
РНН: ____________ РНН: ________________
ИИК: _____________ ИИК: ______________
БИК: ______________ БИК: _________________
|