ҚАЗАҚСТАНРЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты
Студенттің ӛзіндік жұмыстарын (СӚЖ) және
оқытушы басшылығымен орындалатын студенттің
ӛзіндік жұмысын (ОБСӚЖ) ұйымдастыру
ЕРЕЖЕСІ
ШЫМКЕНТ, 2016
М. Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ның профессор - оқытушы құрамына арналған.
Құжаттық сілтемелер
Осы ереже Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20
сәуірдегі №152 бұйрығымен бекітілген (ҚР БҒМ 2014.06.02 № 198 бұйрығымен
енгізілген ӛзгерістерімен) негізінде әзірленген
М. Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ның, Оқу-әдістемелік Кеңесінде қаралып, бекітуге
ұсынылды. (17. 05. 2016ж. №5 хаттама)
М. Сапарбаев атындағы ОҚГИ-ның, Ғылыми кеңесінде қаралып, бекітілді (31. 08.
2016 ж. № 1 хаттама)
Студенттің ӛзіндік жұмысы - студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен
біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі
болып саналады. СӚЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола
отырып, ӛз ойын еркін сондай-ақ нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді
және меңгереді.
Кредиттік оқу жүйесінде СӚЖ ұйымдастыру кезінде мына мәселелерге назар аудару
қажет:
o
тақырыптарға сәйкес СӚЖ тапсырмалары дәл және анық болуына;
о
лекция және семинар сабақтарының СӚЖ орындауына ықпал ететіндей болуына;
о
СӚЖ тапсырмаларының кӛлеміне және оны қабылдау формасына;
о
СӚЖ тапсырмаларын орындауға ықпал ететін әдістемелік құралдардың болуына;
о
СӚЖ орындауды және қабылдауды әр түрде ӛткізуге.
СӚЖ ұйымдастыру және қабылдау технологиясы мынадай этаптардан тұрады: СӚЖ
жоспарлау, әдістемелік жағын қамтамасыз ету, СӚЖ бақылау мен бағалау, талдау және
одан әрі дамыту.
СӚЖ екі бӛліктен: оқытушы басшылығымен студенттің орындайтын ӛзіндік
жұмысынан (ОБСӚЖ) және студенттің ӛзіндік жұмысынан (СӚЖ) тұрады.
ОБСӚЖ бӛлінген уақыт оқытушының жүктемесіне кіреді және бекітілген дербес кесте
бойынша жұмысын жүргізеді. Жоспарланған СӚЖ тақырыптары мен қабылдау түрі,
уақыты, кӛлемі т.б. мәліметтер пәннің жұмыс оқу бағдарламасында және силлубаста
кӛрсетілуі тиіс.
Әр пән үшін СӚЖ ӛткізу формасы мен түрін таңдауға оқылатын пәннің мақсаттары
мен міндеттерін, студенттердің даярлығын және СӚЖ-ге бӛлінген сағат санын ескеру
қажет.
Оқытушылардың студенттермен ӛзіндік жұмысы негізгі 3 функцияны қамтиды:
Бірінші, нұсқамалық (мақсат қою, тапсырма беру, материалдарды мазмұндаудың
негізгі бӛлімдерінің ӛзара қатынасын анықтау, оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс
істеуге нұсқау беру және т.б.). Осы берілген нұсқамалық кеңестер студенттердің
алдағы уақытта ӛзіндік жұмысты (СӚЖ) орындауына жеткілікті болуы қажет.
Оқытушының екінші функциясы - консультативтік кӛмек; жеке консультация беру
арқылы студенттің ӛзіндік жұмысына түзету енгізу.
Оқытушының үшінші функциясы - бақылаушы, бағалаушы
функциясы.
Студенттің білімін, пәнді меңгеру деңгейін әр түрлі әдістерді (тест, ауызша,
жазбаша бақылау жұмыстары, коллоквиум т.б.) қолданып анықтау.
Студенттердің оқытушымен ӛзіндік жұмысы негізгі 4 - функцияны қамтиды:
Біріншісі, студенттер оқу пәні бойынша сабақ барысындаоқытушыдан қабылдаған
ақпаратты белсенді түрде жүзеге асыруы керек;
Екіншісі, студенттер оқытушының кеңесін негізге ала отырып, ӛз беттерімен оқу-
әдістемелік құралдарды, әдебиетерді оқып, үй тапсырмаларын, бақылау және
курстық жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде студенттер жұмыс атқару әдістерін
біле отырып, ӛздеріне қатаң талап қоя білуі керек;
Үшіншісі, студенттер күрделі ситуацияларды талдай отырып,
бір жүйеге
келтіріп, бұлардың себептерін түсініп, оқу материалын меңгере отырып, басқа да оқу
әрекеттерін орындауы керек. Студенттер шешілмейтін мәселелерді, проблемалық
жағдайларды оқытушыға сұрақтар ретінде қояды және бұл сұрақтарға ӛздеріде
жауаптарын дайындайды;
Тӛртіншісі, студенттер оқытушыдан түсініктеме, кеңес, консультация алу үшін
келеді.
Оқытушының басшылығымен студенттің ӛзіндік жұмысы (ОБСӚЖ) сабақ кестесіне
енгізіледі. СӚЖ-дің жалпы кӛлеміндегі ОБСӚЖ-дің үлесін жоғары оқу орны дербес
анықтайды.
Студенттердің ӛзіндік жұмысы реферат, баяндама, шығармашылық жұмыс, бақылау
жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындалуы мүмкін.
Студенттердің ӛзіндік жұмысының нәтижелері коллоквиум, конференция, іскерлік
ойын, жеке сұхбаттасу түрінде ӛтуі мүмкін.
ОБСӚЖ-ын семинар, практика, лаборатория сабақтарыменалмастыруғаболмайды.
Студенттіӛзіндікжұмыстыорындауғақажеттібелсендіүлестірмеліматериалдарменбі
тіртуші кафедрақамтамасызетеді
Студенттердің ӛзіндік жұмыстарына арналған материалдар
СӚЖ - дидактикалық тапсырмаларды ӛз бетімен орындауға, танымдық қабілетті
арттыруға және белгілі бір ғылым саласысына байланысты білімін толықтыруға
негізделген оқу процесінің ерекше бір түрі. СӚЖ шығармашылық белсендікті, логикалық
ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен
байланысты болып табылады.
СӚЖ оқытушының қатысуымен (ОЖСӚЖ) аудиториядан тыс және оқытушысыз
аудиториядан тыс (СӚЖ) сабақтардан тұрады.
СӚЖ материалдарының түрлері кафедраның профессор-оқытушылар құрамымен
жасалып, келесі құжаттарды қамтиды:
•
пәннің оқытылу кезеңін түгел қамтитын СӚЖ кестесі;
•
типтік және жұмыс оқу бағдарламарының негізгі бӛлімдеріне сай келетін
тапсырмалар жүйесі;
•
рефераттардың, баяндамалардың, шығармашылық жұмыстардың тақырыптары;
•
негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі;
•
кеңес түрлері;
•
бақылау түрлері;
•
бағалау
критериялары,
орындалатынжұмыстыңкӛлеміжәне
оны
тапсырууақытыт.б.;
СӚЖ-дің ұйымдастырылуы
•
Библиографиялық мәліметтерді ӛңдеу (картотеканы дайындау);
•
Жазбаша жұмыстарды дайындау (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары,
аннотация, тақырыптар бойынша жазбаша жұмыс);
•
Ғылыми жобаны ӛндеу (семестрлік, курстық, дипломдық жұмыстар, проблемалық
мақалалар);
•
Виртуальдық жұмыстарды іздестіру (интернет жүйесі және локальды желіарқылы);
•
Жеке аудированиямен (лингофон жүйесі және медиатека арқылы);
•
Электрондық курстың материалын меңгерумен (компьютерлік жүйе арқылы);
•
лабораториялық тәжірибені еңгізумен (спортық кешен арқылы) байланысты.
СӚЖ- дің негізгі түрлері және олардың орындалу ережесі.
Реферат - бет А4, кӛлемі - 8-10 бет, шрифт №14. (терілген нұсқа). Құрылымы:
тақырыбы, жоспары, кіріспе, тақырып актуальдылығы және практикалық маңыздылығы,
негізгі бӛлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымша.
Тақырып бойынша конспект - арнайы СӚЖ арналған дәптерде орындалады.
Құрылымы: тақырыпаты, актуальдылығы, практикалық маңызы, салыстырмалы талдау,
пайдаланылған әдебиеттер.
Қажет жағдайда сурет,
диаграмма
т.б.
графикалық материалдар болуы тиіс.
Қосымша сұрақтарды конспектілеу және үй тапсырмасын орындау - арнайы СӚЖ
арналған дәптерде орындалады. Қолданылған әдебиеттер, ұқыптылық, логикалық шешім
және баяндау тілі бағалауда ескеріледі.
Кестелер мен суреттер, диаграммалар, графиктер - арнайы СӚЖ арналған дәптерде
немесе бет А4 немесе А3 формат түрінде арнайы қосымша бет түрінде орындалады.
Құрылымы:
кестенің атауы,
терминдер анықтамасы және салыстырмалы талдау. Барлық кесте, сурет, диаграмма және
графикке міндетті түрде талдау жасалу қажет.
Диаграмма
мен
суреттерді арнайы компьютерлік программамен салып дәптерге қосымша келтіруге болады.
Кроссворд - арнайы СӚЖ арналған дәптерде немесе бет А4 немесе А3 формат түрінде
арнайы қосымша бет түрінде орындалады. Құрылымы: кроссвордтың тақырыбы, атауы,
сұрақтар, жауаптар. Кем дегенде 15-20 жуық терминнен тұруы тиіс.
Глоссарий
-
арнайы
СӚЖ
арналған дәптерде орындалады.
Терминдердің анықтамасы жазылады.
Жеке
дәптер арнап
алфавит
тәртібімен немесе жүйелік тақырыптық бағытта орындауға болады.
СӚЖ тапсырмаларына қойылатын талаптар:
Студенттер СӚЖ тапсырмалары силлабуста белгіленген тақырыптар бойынша
жазбаша нысанда дайындалады. Студент тарапынан дайындалған СӚЖ оқытушының офис
сағатарында қорғайды. Қорғау кезінде тақырыпты қысқаша түсіндіреді және сол
тақырыпқа байланысты оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруі талап
етіледі.
СӚЖ туралы талаптар:
Тақырыптың негізіне кірмес бұрын студент СӚЖ тақырыбына кіріспе жасайды.
Кіріспеде тақырыптың қысқаша тарихына тоқталады, құқықтағы орны мен маңызы
қарастырылады.
Осыдан кейін негізіне тоқталады. Негізгі бӛлімде тақырыпты жан жақты ашуға
тырысады. Осы тақырыпқа байланысты ғылыми пікірлер, тәжірибеге тоқталады. Жұмыста
студент тақырып шеңберінде еңбекте қаралған сұрақтарды кӛрсетіп автордың субъективті
позициясын ашуға тиісті.
Осыдан кейін барып ӛзіндік қорытынды жасалады. Қорытынды да тақырыпқа
байланысты ӛзіндік тұжырым, түйіндемелер жасалады.
Студенттер СӚЖ жазу барысында жұмыс бағдарламасында сонымен қатар
силлабустарда кӛрсетілген әдебиеттерді пайдалана алады. Жұмыстың кӛлеміне байланысты
шектеулер жоқ, бірақ тақырыпты жеткілікті дәрежеде ашуы тиіс. СӚЖ орындауда
жоспары, мазмұны және қолданылған әдебиет тізімі кӛрсетіледі. Қолданылған әдебиеттер
тізімінде, ғылыми еңбектің аталуы, авторы, баспа атауы, шыққан жері мен жылы
кӛрсетіледі.
СӚЖ мақсаты: тақырып шеңберінде жоспарда кӛрсетілген сұрақтар бойынша
негізделген ғылыми және тәжірибелік қорытындыларды шығару.
СӚЖ нысанының түрлері
1.
Тақырып сұрағының презентациясы - студенттің үйде тыңғылықты дайындалып
келуі(кестелерді, сызба нұсқаларды, оргтехникалар мен басқа да интерактивті әдістерді
пайдалануы)
2.
Жеке жоба - сабақ барысындағы оқытушының сұрағына жауап беру, арнайы
білімді пайдаланып, ӛзінің логикалық тұрғыдан кӛзқарасын негіздеу.
3.
Пікірталастарға қатысу (іскерлік ойындар) - студенттің қойылған тапсырма
бойынша пікірталастық негіздегі , авторлық позициямен қайнар кӛздерді меңгеру түріндегі
белсенді іс-әрекеті.
4.
Топтық жоба - қойылған мәселені талдау бойынша студенттің кең және терең
қызығушылығын кӛрсетіп, танытуы.
5.
Эссе - студенттің жіберілген тақырыптар бойынша ӛз бетінше мазмұндамасын
жеткізуі(жазбаша)
6.
Шығарма - аудиториялық шектеулі уақыт жағдайында зерттеліп отырған тақырып
немесе тақырып циклы бойынша ӛзіндік, жазбаша шығармашылық материал.
СӚЖ жазбаша нысанда, тақырыпты ашып, негіздеп жазу түрінде тапсырылады және
студент тарапынан қорғалады, бұл жайында тапсырма бӛлімінде айтылған.
СӚЖ тақырыптары тӛменде белгіленген тақырыптардың алғашқы үшеуі жетінші
аптаға дейін оқытушының офис уақыттарында тапсырылады, ал кейінгі екеуі, яғни 4-5
тақырыптар он үшінші аптаға дейін тапсырылады. Кешіктірілген жұмыстар
қабылданбайды. Силлабуста кӛрсетілген мерзімнен кейін даярланған СӚЖ қаралмайды.
Реферат. Студентте бір тақырыпты таңдау құқығы бар, осы тақырып бойынша ол
материалдарды жинап, қорғау үшін реферат әзірлеу тиіс. Рефераттардың қорғалуы
оқытушымен тағайындалған мерзімде ӛткізіледі (сабақ кестесіне сәйкес). Рефераттарды
дайындау және рәсімдеу бойынша нұсқаулар Рефератты жазғанда осындай жағдайларға
назар аударылады: Реферат ғылыми әдебиеттерде, сондай-ақ басқа ақпарат кӛздерінде
(интернет, газеттер мен журналдар және т.б.) белгілі ӛзекті тақырып бойынша
жарияланған концепциялардың айқындалуы болып табылады. Рефератта ешқандай
жаңалықтың элементтері болуға тиісті емес, бұл жерде бірнеше қайнар кӛздерінде кӛрініс
тапқан берілген тақырыптағы негізгі идеяларды сауатты айтып беру және оларды әр түрлі
кӛзқарастар бойынша топтастыру жеткілікті болып табылады. Рефераттың кӛлемі 5-тен
кем емес және 15 баспа беттен артық емес болады. Рефератты Word 6,0 немесе 7,0
(Windows'2000) редакторы пішінде теру керек, бет үлгісі - А4; қаріп (шрифт) түрі - Times
New Roman (KZ Times New Roman), қаріп (шрифт) ӛлшемі - 14. Мәтінде артық,
тақырыптан басқа жаққа алып кететін, керегі жоқ мәліметтер болмау тиіс. Реферат
мазмұнының берілген тақырыпқа сәйкестілігі бағалаудың маңызды критериі болып
саналады. Сондықтан рефераттың бас мақсаты ақпарат кӛздерін толық пайдаланып,
авторлардың пікірлерін дұрыс түсіну және жұмыста оларды ӛзгертпей кӛрсете білу.
Рефераттың құрылымы қойылған міндеттемелерге байланысты. Реферат титулдық беттен
басталады. Одан кейін мазмұны кӛрсетіледі. Мазмұны рефераттың жоспары болып
табылады, бұл жерде әр бӛлімнің қасында тиісті беттердің нӛмірі кӛрсетіледі. Рефераттың
мәтіні үш бӛлімге бӛлінеді, яғни кіріспе, негізгі бӛлім және қорытынды. Кіріспеде
тақырыптың ӛзектілігі негізделеді, сонымен бірге негізгі мәселелер, жұмыстың мақсаты
мен міндеттері, пайдаланған қайнар кӛздері сипатталады. Жұмыстың негізгі бӛлімі
реферат логикалық қатарының басты элементі болып табылады. Ол бірнеше тараудан
немесе біртұтас мәтіннен тұрады. Негізгі бӛлімде кезегімен, тараулар арасындағы
логикалық байланыстың сақталынуымен кіріспеде қойылған мәселесі сипатталады, осы
сұрақ бойынша алуан пікірлер кӛрсетіледі, авторлық кӛзқарасы негізделеді. Қажет болған
жағдайда рефераттың мәтіні суреттер, кестелер мен сызбалармен толықтырылады.
Жұмыстың қорытындысында зерттеу жұмысының теориялық мәселелеріне қатысты басты-
басты қол жеткен тұжырымдары кӛрініс табады. Рефераттын соңында библиографиялық
тізімі яғни пайдаланылған әдебиеттер мен басқа қайнар кӛздерінен тізімі кӛрсетіледі.
Рефераттың рәсімделенуі де жұмыстың маңызды аспектісі болып табылады, себебі
рефераттың дұрыс рәсімделгені қорытынды бағаға ықпал етеді. Ӛзекті, қызықты жазылған
рефераттың құнтсыз рәсімделуі бағаны тӛмендетуге негіз бола алады.
2.
Жазбаша жұмыс. Белгілі бір тақырып немесе бірнеше тақырып, сондай-ақ бүкіл
курс бойынша әзірленген сұрақтарға жауап беруге дайындалу.
3.
Логикалық тапсырмалар: студенттерге курсының әр тақырыптары бойынша
логикалық тапсырмалар ұсынылады. Тапсырмалар ұсынылған әдебиеттердің негізінде
жазбаша нысанда орындалады.
4.
Баяндама. Баяндаманы әзірлеу жоспары: - оқытушымен бірге тақырыпты таңдау;
- базалық оқулық пен оқу-әдістемелік құралы бойынша тақырыпты зерттеу; - баяндаманың
негізгі идеяларын айқындау; - ұсынылған әдебиетпен танысу; - баяндаманың жоспарын
құру; - тақырып бойынша негізгі ұғымдарымен сӛздіктер мен анықтамалықтардың
кӛмегімен танысу; - баяндаманың тезистерін әзірлеу; - мысалдар
мен иллюстрацияларды табу, кӛптеген тақырыптар бойынша Power Point бағдарламасында
орындалған презентацияны кӛрсету баяндаманы жақсы әшекейлейді; - баяндаманың мәтінің
дайындау. Баяндаманың ұсынылатын ұзақтығы - 10 мин. Баяндаушының сӛздерінен кейін
аудиторияның сұрақтарына жауап беру және оқытушының тұжырмдамасы үшін уақыт
қалдырылады. Жариялы баяндаманың құрылымы. Классикалық риторикада ауызша
баяндаманың үш бӛлімнен тұратын құрылымы қалыптасқан: кіріспе, негізгі бӛлім,
қорытынды. Кіріспе талқыланатын тақырыпқа тыңдаушылардың назарын аудару тәсілі.
Әдеттей кіріспе баяндама уақытының сегізден бір бӛлігін алады. Негізгі бӛлімінде тақырып
толығымен ашылып, тиісті мәліметтер және дәлелдер келтіріледі. Негізгі бӛлімінде жиі
жіберілетін қателіктерге жатады: - тақырыптың шегінен шығып кету; - нақты жоспардың
жоқтығы; - бір сұрақтан басқа сұраққа секіріп кету. Қорытынды қысқаша және анық болуға
тиіс. Сонымен бірге тыңдаушыларға кӛңіл аударғандары үшін рахмет айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |