Елді-мекендер орналасқан жерге салық ставкасының нақтылы өлшемін әрбір жер иелері мен жерді пайдаланушылар үшін көрсетілген базалық ставкаға сүйене отырып жергілікті органдар анықтайды. Сонымен бірге олар базалық ставканы тек 20 %-ке дейін көтеруіне немесе төмендетуіне құқысы бар.
Осыған ұқсас түрде салықтың базалық ставкасы елді-мекендерден тыс жатқан жерлердегі өнеркәсіп, транспорт, байланыс және басқа да ауыл шаруашы-лықтық емес мақсаттағы жерлерге 1 га-ға есептелініп белгіленеді. Бонитет балдарының өзгеруіне байланысты олар да едәуір сараланады. Мысалы, 0-10 балл бонитеттей жерге белгіленген салықтың базалық ставкасы 25-250 теңге, 91-100-2576-2950 теңге, 100-ден жоғары болса 3000 теңге болады (1 кесте).
Ауылшаруашылықтық немесе құрлыстық мақсатта пайдаланылмаған сауықтыру, рекреациялық мақсаттағы жерлерден, орман және су қорларының жерлерінен салық алынбайды. Ауылшаруашылықтық мақсатта пайдаланылатын жерлерге ғимарат, құрылыстар алып тұрған немесе басқа да өндірістік объектілер орналасқан жерлерге жоғарыда көрсетілген тәртіп бойынша салық салынады.
Орман қорының жеріне салынатын салық орман пайдалану кезінде ағаш даярланып жатқан жерден, игерілу мақсаттағы іске асырылған ауданның бірін, басқа аудандарға солай салық салуға үлгі етіп ала отырып, орман пайдалану үшін төленетін төлемнің құрамына кіретін түбіршегіне қойылған ағаштың кесімді құнының 5 %-тік мөлшерімен қойылады.
Бүлінген немесе өнімділігі аз жерлерді ауыл шаруашылықтық мақсатта немесе иелікке алған Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары алғашқы 10 жыл пайдалану кезінде, сонымен қатар жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін, саяжай салуға, бау-бақша, оған қоса 0,25 га-ғы салынған құрылыстар алып тұрған жерді пайдаланатын тұлғалар салықтан босатылады. Кіріс салығына жеңілдік берілген жеке тұлғалар, сонымен қатар елді-мекендердегі жалпы пайдаланудағы жерлер, балалардың сауықтыру мекемелері, қорықтар, ұлттық дендрологиялық және зоологиялық парктер, ботаника бағы, зираттар, мемлекеттік табиғат қорғау органдары, тарихи және мәдени ескерткіштер, мүгедектердің ерікті қоғамы ДОСААФ, соғыс ардагерлері және есеп беру кезеңінде түскен кірісінің кем дегенде 50 -ін мүгедектерді әлеуметтік жағынан қорғауға жұмсайтын, жұмысшыларының жалпы санының кем дегенде 50 %-ін мүгедектер құрайтын өнеркәсіптік кәсіпорындар мен ұйымдар жерге салық төлеуден бостылады. Дәл сондай жеңілдіктерді Қазақстан Ұлттық банкі мен оның бөлімшелері пайдаланады.
Жоғарыда аталған төлемдерден басқа топырақ құнарлығын төмендеткенде және жер бетін, жалпы жерді бүлдіргенде орнын толтыру мен айыптық төлемдер бар. Жерді бүлдіргені үшін орнын толтыру төлемінің шамасы оны қалпына келтіруге шыққан шғынмен анықталады, ал топырақтың құнарлылығын өзгерткені үшін төлемнің арнайы әдістемесі бар.
Бірқатар жылдар бойы су ресурстарын пайдалануға байланысты төлемдер бар. 1920-30-шы жалдары салықтық сипаттағы жарна алынатын, ал 1937-57 жж. бюджетке түсетін жер бетіндегі су көздеріне құйылған ақаба суға төлем және айып белгіленді.
Суға төлем төлеу мынадай тариф жүйелерімен жүзеге асырылады:
Суды қайтарымсыз пайдаланғаны үшін қойылатын тариф. Төленетін төлем мөлшері 1 м3 тұтынылатын суға белгіленеді және нақты кәсіпорын үшін су шаруашылық жүйесінен су алу орташа тарифінің негізінде 1,25 коэффициентпен қоса есептелінеді.
Су шаруашылығы жүйесі қызметінің тарифі. Өз қажеттілігі үшін су шаруашылығы жүйесінен алынатын суға төлемді кәсіпорындар мемлекеттік бюджетке аударады.
Су ресурстары үшін төлемді анықтаудың әдістемелік нұсқаулары (Алматы, 1991ж) су пайдалану төлемдерінің екі құрамды бөлігін ажыратады: су ресурстарын пайдалану (алу) құқығы үшін төлем; су ресурстарын қорғау мен жаңғырту үшін төлем. Қазақ КСР-ы бойынша су ресурстарын пайдалану құқы үшін және су ресурстарын қорғау мен жаңғырту үшін төлемдердің экономикалық нормативтері төмендегідей мөлшерде белгіленді:
Су көздері |
Шеткі шығын,
сом/м3 З |
90% пен қамтамасыз ете-тін су ресурс-тары,
км3/жыл
|
1989 ж. алынған судың жиынтық көлемі,
км3/жыл
|
Пайда-лану коэф-фици-енті
К |
Пайдалану құқы үшін төлем нормативі, рубль/м3
Р
| Су ресурстарын қорғау, жаңғырту төлемінің нормативі, рубль/м3 Р |
Жер бетіндегі су көздері
|
0,116
|
77,0
|
33,5
|
0,4
|
0,046
|
0,015
|
Жер асты сулары
|
0,116
|
14,8
|
2,59
|
0,17
|
0,190
|
0,045
|
Одақтас республикалар теңіздері бойынша теңіз суын пайдалану құқығы үшін төлем нормативі
Атауы |
Шеткі шығын
руб/м3 |
Теңіз суын пайдаланудың артықшылық коэффициенті, км.
| Төлем нормативі, руб/м3 |
Каспий
|
0,0067
|
0,08
|
0,00054
|
Арал
|
0,0069
|
0,085
|
0,00059
|
Су пайдаланудың тарифы шын мәнінде су рентасын ескере отырып су ресурстарын қорғау мен жаңғырту үшін төленетін төлем болып табылады. Олар су көздері мен су тоғандарындағы барлық шаруашылықтық шығындарды ескереді.
Суды төлемді пайдалану су ресурстарын пайдалану көлемін қысқартуға сөзсіз әсерін тигізеді. Бірақ, тек суға қойылған тарифтің мөлшері ұтымды болған жағдайда ғана оның ынталандыру рөлі білінеді. Жоғарыда көрсетліген су тарифтері мөлшерінің аздығы, тек өткен жылдардағы су шаруашылық жүйесінің шығындары бойынша белгіленгендігінен емес, сонымен бірге бұл тарифтер су ресурстарын пайдаланудағы көптеген басқа да негізгі факторларды ескермегендігінен. Мысалы, суға белгіленген тариф ауданның сумен қамтамасыз етілу дәрежесін ескермейді, өзен бассейндері бойынша сараланбайды, геологиялық барлауға, қорын бағалауға кететін шығындарды, су бассейндерінің жағдайын бақылау мен режимін зерттеу шығындарын ескермейді, пайдаланылатын судың сапасын сараламайды.
Қазақстан Республикасының су кодексіне сәйкес жалпы су пайдалану тегін, ал арнайы су пайдалану төлемді. Су ресурстарын пайдалану төлемдері: су ресурстарын қорғау мен қалпына келтіру; су ресурстарын пайдаланғаны үшін; су ресурстарын ысырап еткені үшін айып төлем; шектен артық су пайдаланғаны және су көздерін ақаба сулармен ластағаны үшін төлемдер түрінде қолданылады.
Қазақстан Республикасында су ресурстарын (жер беті және жер асты су көздері) қорғау мен қалпына келтіру төлемінің ставкасы бассейндер мен облыстар бойынша сараланып белгіленеді және оны әр жылда бір рет ҚР Министрлер кабинеті бекітеді (3 кесте).
Су пайдаланушылар (гидроэнергетика, су көлігі, балық шаруашылығы) үшін төлемнің ставкасы су ресурстарын қорғауға, қалпына келтіруге кеткен жалпы шығыннның 12 %-інің мөлшерінде белгіленеді және салалар бойынша өндірген өнімдеріне қарай пропорционалды бөлінеді.
Су ресурстарын белгіленген шекті шамада пайдаланғаны үшін төлем ставкасы су ресурстарын қорғау, қалпына келтіру төлем нормативінің 10 %-ке дейінгі шамасында анықталады және оны облыстық әкімшілік белгілейді.
Су ресурстарын тиімсіз пайдаланғанда (су басып кетуге, жердің батпақтануына және тұздануына, құрылыс жүргізілген территорияларды су басуға, су қоймаларының, шағын өзендер мен бұлақтардың кеуіп кетуіне әкеп соқтыратын су пайдаланушылардың әрекеті), көрсетліген тәртіпті бұзғаны үшін барлық су пайдаланушылардан айып төлем алынады. Бұл төлемдер бюджеттен тыс табиғат қорғау қорына аударылады.
Орман кесуді тиімсіз пайдаланғаны үшін, оны шамадан тыс кескені үшін орман таксасынан еселенген түрде қойылған айыптық төлемдер алынады.
Қазіргі кезде орман ресурстарын пайдалану Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Аталған кодекске сәйкес орман пайдаланудың шекарасы мен түрі анықталады.
Орман ресурстарынына белгіленетін төлемдер: орман ресурстарын қорғау және жаңғырту; орман ресурстарын пайдаланғаны үшін; орман ресурстарын шектен артық пайдаланғаны үшін айып; орман ресурстарын ұқыпсыз, тиімсіз пайдаланғаны үшін айып төлемдер.
Орман ресурстарын қорғау мен жаңғырту үшін төлем орман шаруашылығын қаржыландыруға қор құру мақсатында орманды пайдаланушылардан алынады. Орман ресурстарын қорғау мен жаңғырту төлемінің құрамына: кесуге берілген ағашқа; қосалқы орман өнімдеріне; орманды жанама пайдалану төлемдері кіреді. Төлемнің бұл түрінің нормативтері (ставкалары) ресурстарды пайдаланудың көлеміне қатысты, орманның әрбір түрі бойынша, оларды қалпына келтіруге, өсіруге, қорғауға кеткен шығынның шамасымен анықталады. Төлемді анықтағанда орманның қоғамдық-пайдалылығы, табиғат қорғау қызметі ескеріледі.
3 кесте
Қазақстан Республикасы ормандарынан кесуге
берілген өсіп тұрған ағашқа ең төменгі ставкалар
|
Орман ағаштары
|
Бағасы
|
Отындық ағаш (қабығымен)
|
ірі
|
орташа
|
ұсақ
(қабығымен)
|
1
|
Қарағай
|
256
|
183
|
91
|
35
|
2
|
Балқарағай
|
4661
|
329
|
164
|
40
|
3
|
Сағыз қарағай
|
204
|
146
|
73
|
26
|
4
|
Шырша
|
333
|
238
|
119
|
45
|
5
|
Саымрсын, Сібір шыршасы
|
231
|
165
|
82
|
26
|
6
|
Ағаш тектес арша
|
308
|
220
|
110
|
45
|
7
|
Емен, үйеңкі
|
461
|
329
|
164
|
70
|
8
|
Қайың
|
92
|
66
|
35
|
26
|
9
|
Кктерек, боз тал, терек, тұраңғы
|
82
|
58
|
29
|
18
|
10
|
Қара қандағаш, шегіршін, жөке
|
92
|
65
|
33
|
24
|
11
|
Грек жаңғағы, пісте
|
560
|
400
|
200
|
60
|
12
|
Өрік, ақ акация, алша, долана, шие, жиде, шетен, мойыл, қызыл шие, алма ағашы
|
330
|
235
|
115
|
40
|
13
|
Жайылма арша, жайылма самырсын, қара арша
|
-
|
-
|
60
|
30
|
14
|
Сары акация, қызыл зерек, жыңғыл, ырғай, үйеңкі, шырғанақ, қарақат, тобылғы, тал, қызыл тал
|
-
|
-
|
35
|
21
|
15
|
Сексеуіл
|
-
|
-
|
35
|
21
|
Орман ресурстарын пайдаланғандағы төлемдер аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын қаржыландыру мақсатында алынады. Төлемнің ставкаларын облыс әкімшілігі орманның таралуына, қалпына келу мүмкіншілігіне, пайдалану қолайлылығына орналасқан жеріне және басқа да факторларға сәйкес саралайды.
Өсіп тұрған ағашты кесуге бергенде төлем оның таксалық құны бойынша анықталады (4 кесте). Орманды жанама пайдалану және қосалқы орман өнімдері үшін төлемді облыстық әкімшілік белгілейді.
Ағаш ресурстары үшін төлемнен түскен қаржы түгелімен республикалық бюджетке, ал орманды жанама пайдаланудан және қосалқы өнімдерден түскен қаржы облыстық бюджетке түседі.
Минералды-шикізат ресурстары үшін төлемдер мәселесі жоғарыда қарастырылған табиғат ресурс түрлерімен салыстырғанда біршама күрделі және толық зерттелмеген. Таяу уақытқа дейін минералды шикізат ресурстарына төлем ұғымы мүлде қолданылмай келді. 1967 ж. бастап ресми түрде өнеркәсіптің тау-кен өндіріс салаларындағы кен өндіруге өзіндік құнының жеке элементі болып қосылатын геологиялық-барлау жұмыстарына (ГБЖ) аударылатын қаржы болды. ГБЖ қаржы аудару ставкасы белгілі бір кезеңде пайдалануға жобаланған тиісті кеннің баланстық қорына кеннің осы түрін іздеуге және алдын-ала барлауға жұмсалған шығындарды бөлу арқылы анықталатын. Бірақта, бұл ставка пайдалы қазбалардың тек кейбір түрлеріне ғана қолданылды және ГБЖ-ға – кеткен шығындарды толығымен қайтара алмады. Сондықтан ставкалар мезгіл-мезгіл қайта қаралып, олардың мөлшері ұлғайтылып отырылды. Егер өткен варианттарда пайдалы қазбаларды іздестіру мен барлауға кеткен нақты шығынның тек 60 %-ін геологиялық-барлау жұмыстарына бөлінген қаржылар өтеген болса, 1991 ж. 1 қаңтарынан бастап енгізілген көтерме ставка арқылы геологиялық-барлау жұмыстарына кететін шығынның 90-нан 100 %-ін қайтару көзделді. Бірақ, жаңа ставка бойынша кәсіпорындардан алынған қаржы минералдық шикізат базасын өндіріске дайындауға әлі де жеткіліксіз болды.
Қазақстан Республикасындағы қазіргі ГБЖ-ға қаржы аудару ставкалары КСРО кезіндегі ГБЖ-ға қаржы аудару ставкаларын белгілеу және қолдану тәжірибесін ескеріп ҚР Министрлер кабинетінің 1992 ж. 3 маусымдағы шешімімен енгізілді. Жаңа ставкалар пайдаланылатын қордың тоннасына шикізаттың сатылу бағасынан процент есебінде белгіленді. Мысалы, темір кеніндегі 1т темір үшін-2,4%, марганец концентратындағы марганец үшін -2,3 %, хром кені-2,4%, қорғасын-мырыш кеніндегі қорғасын мен мырышқа-6,7 %, кендегі мысқа-7,9 %, мұнайға – 8 %, газға-8 %, көмірге-0,9 % есебінен белгіленді. ГБЖ-ға қаржы аудару төлемінің қызметі пайдалы қазба кен орнын өнеркәсіптік пайдалануға дайындау үшін шыққан шығынның орнын толықтыру болып табылады. Шындығында бұл аудармалар минералдық шикізат ресурстарын қорғау мен қалпына келтіру төлемі болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, олар минералды-шикізат базасын дайындауға жұмсалған қоғамдық-қажетті еңбек шығынын көрсетеді және пайдалы қазбаларды барлау және дайындау бағасы іспеттес болады.
1994 ж. 6 қазанда ҚР Министрлер Кабинетінің шешімімен 1993 ж "Жер қойнауын қорғау және минералды-шикізат базасын қалпына келтірудің республикалық қорын құру туралы", шешіміне енгізілген толықтыруларда алғаш рет геологиялық ақпаратты пайдаланғаны үшін оның ішінде шет ел инвесторларына да төлем енгізілді.
Минералды шикізаттың кейбір түрлері бойынша ренталық төлем мен өндірістік қорлар үшін төленетін төлемдердің қосындысы тіркелген төлемдер болып табылды.
1991 ж. ренталық төлемдер "Газпром" концернінің газ өндіретін кәсіпорындары сататын мұнай мен газға, 1т мұнай үшін 12,45 руб., 1000м3 газ үшін 6,46 руб. және "Газпром" конценрнінің мигистральды газқұбыры транспорттық кәсіпорындары сататын 1000 м3 газ үшін 1,89 руб. мөлшерінде белгіленген болатын.
Нарықтық қатынастары дамыған көптеген елдерде мемлекет меншігін экономикалық тұрғыда іске асыру жер қойнауы байлығын мемлекеттік емес, оның ішінде шетел компанияларына "роялти" немесе "концессиялық төлем", сияқты әлеуметтік төлемдер белгілеу түрінде жүргізіледі. Рентаның негізгі бөлігі меншік иесіне тиеді, ал қалған бөлігі, яғни жер қойнауын пайдаланушыға тиген бөлігіне (өндіруші компанияның пайдасына) салық салынады. АҚШ-та нашар табиғат жағдайында жұмыс істейтін өндіруші компонияларға кей жағдайда арнайы жәрдем ақша төленеді. Әдетте, капиталистік елдерде, көбінесе, ренталық төлемдер минералды-шикізат ресурстарын пайдалану құқығы үшін төлеммен бірге анықталады және бірге алынады.
Таяу Шығыс елдерінде негізінен мұнай мен газ ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемдер пайдалану құқығы үшін, ренталық төлем, пайдаға салынатын салық болып бөлек-бөлек алынады. Солай бола тұра өндіруші компанияға қалатын пайданың соммасы банкі процентінің мөлшерінен біршама артықтау болатындай төлемдер мен салықтың мөлшері есептелінеді. Бұл мұнай өндіруші компанияларды экономикалық ынталандыру мақсатында жасалады. Екінші жағынан өндіруші компанияларды ынталандыруға себепші болатын тағы бір нәрсе, ол сол елдер басқалармен салыстырғанда мұнай газ өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етілу мүмкіншілігіне ие болады.
Табиғи ресурстарға төлем төлеу Шығыс Европа елдерінде бірдей дерлік жүзеге асырылған. Венгрия, ГФР, Польша, Румыния, Чехия, Словакияда жер учаскелерінің сапасына байланысты сараланған төлем қолданылады. Венгрияда 1966 ж. бастап төлемдер екі түрде: бір жолғы – жер учаскесін пайдалануға алған кезде, жыл сайынғы – жер учаскесін пайдаланғаны үшін. Жыл сайынғы төлемдер, пайдаланылатын жер учаскесінің құнының шамамен 5,0%-іне тең. Төлемдер өндіріс шығындарын құрайтын статья ретінде қарастырылады және шығарылған өнімнің өзіндік құнына кіреді.
Польшада ауылшаруашылық жерлерін пайдалан-ғаны үшін ауылшаруашылық кооперативтерінен алынатын төлем жерге жекелеп салық салу формасында жүзеге асырылады.
Құрылысқа берілген жерлерге төлем белгіленеді. Мысалы, Румынияда ауылшаруашылық айналымнан жерді алғаны үшін төлем топырақтың құнарлылығына байланысты сараланады және толығымен өнеркәсіптік объектінің құныныа қосылады. Чехияда жер үшін төлем 75-200 жыл ішінде пайдаланылатын жер учаскесінен түсетін кірістің мөлшерінде анықталады.
Төлемді табиғат пайдалану принципін қолданатын бұл елдердің нәтижелерін теоретикалық талдау және оларда жинақталған тәжірибелердің нәтижелері көрсеткендей, әр елдің экономикалық даму ерекшелігін ескере отыра төлем қолдану, елдің табиғи ресурстарын тиімді пайдалануға жәрдемдесетін, өндірістің тиімділігін арттыратын қажетті бір элементі болып табылады. Бұл жағынан алғанда табиғи ресурстарды пайдалану мен табиғи ортаны қорғау төлемдері экономиканы басқару шаруашылықтық механизмінің тиімді тетігі болады.
3. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері
Табиғат бұл адамзат қоғамының өмір сүру және іс-әрекетінің қайнар көзі. Өнім өндіру және өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру процесінде адамзат табиғи ресурстарының әртүрлі түрлерін пайдаланады. Табиғат пен қоғамның әрекет ету мәселелерінің ішінде жалпы адамзатқа неғұрлым маңызды міндеттер қоршаған ортаны жақсы жағдайда сақтау қоғамның бірте - бірте көбейіп келе жатқан қажеттіліктерін әртүрлі табиғи ресурстармен қамтамасыз ету болып табылады.
Жоғарыда аталған мәселелерге байланысты адамды қоршаған ортаны қорғау және табиғатты қорғау жайлы пікірлер туындады.
Адамды қоршаған орта адамға қатысты сыртқы болып табылатын табиғи , табиғи – антропогендік және антропогендік обьектілер , құбылыстар мен процестердің жиынтығын қамтиды, адам олармен өз іс әрекетін жүзеге асыру процесінде өзара қарым –қатынасқа түседі. Бұл ұғымға адамдар өмірінің қамсыздандырылуы мен өнім өндіру әрекетінің аясы кіреді.
Қоршаған ортаның тұрақты жағдайы қамтамасыз ету , оны антропогендік әрекеттің жағымсыз ықпалдарынан қорғау табиғатты қорғаудың маңызды міндеті болып табылады.
Табиғатты қорғау бұл адам әрекеті мен қоршаған табиғи ортаның өзара әрекетін қолдауға бағытталған , табиғи ресурстардың сақталуы мен қалпына келтірілуін қамтамасыз ететін , қоғам қызметінің нәтижесінің табиғат пен адам денсаулығына тікелей және жанама әсерін ескертетін шаралар жүйесі.
Қазіргі кезеңде қоршаған ортаның жағдайына екі түрлі факторлар тобы шешуші түрде ықпал етеді. Олардың біріншісі ғылыми-техникалық революцияны және оның негізінің адамзат қоғамының өндірістік қызметі алғысындағы көрінісін қамтиды. Екіншісі демографиялық аспектілерді қарастырады және жер бетіндегі тұрғындар санының көбеюі мен урбанизацияны ( қала тұрғындары санының өсуі) қамтиды. Бұл факторлар бірге алғанда өндіргіш күштердің даму қарқынына тікелей ықпал жасайды, ол, өз кезегінде, табиғи ресурстардың интенсивті түрде азаюына және онымен байланысты қоршаған ортаның ластануына әкеліп соғады
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі факторларының схемасы
Геожүйелердің экологиялық тұрақтылығының бұзылуы адамның өмірлік қажеттіліктері мен өндірістік технологиялардың мүмкіндіктері арасындағы динамикалық тепе-теңдіктің өзгеріске ұшырауының нәтижесі болып табылады. Қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас негізіндегі біртұтас жүйеге келтірілген табиғатты регионалды пайдалану ережелері мен қағидалары жатуы тиіс. Олар қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында табиғи ресурстардың әртүрлерін мақсатқа сай пайдалануға бағытталған ғылыми-тәжірибелік ережелердің жиынтығын білдіреді.
Табиғи ресурстар бұл адамдарға адамзат қоғамының өмір сүруі мен тіршілігі үшін қажетті табиғи денелер мен табиғат құбылыс тары.
Басқаша айтсақ, табиғи ресурстар дегеніміз өндіргіш күштердің даму деңгейіне сәйкес өндіру және тұтыну құралдары ретінде пайдаланатын табиғи компоненттер, табиғи ресурстардың классификациясы оларды олардың таусылуы және қалпына келтірілуіе сипаттайтын көрсеткіштер мен белгілер тобы бойынша бөлінуін, экономика салаларында пайдаланудың шегін білдіреді.
Таусылатын табиғи ресурстар қорлары өндіру әрекетінің нәтижесінде таусылуы мүмкін табиғи ресурстар түрлерін қамтиды.
Таусылатын табиғи ресурстар үш түрге бөлінеді:
1)Қалпына келтірілмейтін жердегі ұзақ эволюция процесінің нәтижесінде қалыптасқан рудалы және рудалы емес пайдалы қазбалар, минералды шикізат ресурстары
2)Салыстырмалы түрде қалпына келтірілетін – қалпына келуі үшін ұзақ уақыт аралығы қажет ресурастар: оларға сондай –ақ жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер популяцияларын қалпына келтірудің шектеулі мүмкіндіктері кіреді
3)Қалпына келтірілетін ресурстарға тірі табиғат элементтері, өсімдіктер мен жануарлар әлемі, минералдық шикізаттың жекелеген түрлері кіреді
Таусылмайтын ресурстар жерге қатысты алғанда сыртқы болып есептелетін табиғи процестермен байланысты табиғи ресурстар
түрлерін қамтиды.
Таусылмайтын ресурстар үш түрге бөлінеді:
Климаттық ресурстар - жер мен күннің өзара қарым – қатынасына байланысты: күннің энергиясы, жел энергиясы, атмосфералық ауа.
Су ресурстары – дүниежүзілік мұхит сулары
Космостық ресурстар – жердегі тау жыныстары, космостық сәулелер мен метеоиттер энергиясын қамтиды
Табиғи ресурстарды пайдалану процесінде олардың көпшілігі ресурстық цикл деп аталатын күрделі айналымға түседі. Ресурстық цикл дегеніміз белгілі бір заттардың немесе заттар топтарының өзгеруі мен оларды адам пайдалануының барлық кезеңінде өтетін кеңістікте орын ауыстыруы. Қолданбалы экология әдістемесінде ресурстық цикл концепциясы маңызды болып табылады. Ол неғұрлым толық ( қалдығы аз) өнеркәсіптік өндірісті және осы кезде пайда болатын қалдықтарды қайтадан пайдалануға тартуды білдреді. ( мысалы техникалық суды өнеркәсіпті кәсіпорында бірінші рет пайдалану).Жабық өндірістік цикл дегеніміз өндірістік қалдықсыз немесе қалдығы аз түріне ұмтылу.
Өндіріс қалдықтарын қысқарту, табиғи ресурстарды үнемді пайдалану табиғатты регионалды пайдалану стратегиясын іс жүзіне асыру процесінде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |