ҚАзақстандықтардың Әл-ауқатының Өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру құрметті қазақстандықтар!



жүктеу 5,85 Mb.
Pdf просмотр
бет3/7
Дата03.02.2020
өлшемі5,85 Mb.
#28079
1   2   3   4   5   6   7

3

қараша 2018 жыл

Бүгінде Қазақстан Республикасы Парламанті мәжілісі 

депутаттарының көшпелі сессиясының басталуына орай 

депутаттар өңірлерде жұмыс сапарымен жүргені белгілі. 

Осыған орай, 2018 жылғы 24 қазан күні Ш. Уәлиханов 

атындағы  Көкшетау  мемлекеттік  университетінің 

мәжіліс  залында  Қазақстан  Республикасы  Парламенті 

Мәжілісінің  депутаты,  Парламенттегі  «Ақ  жол»  ҚДП 

мүшесі Меруерт Айтқажықызы Қазыбекова, «Ақ жол» 

ҚДП  Ақмола  облысы  филиалының  төрағасы  Бақыт 

Смағұл  білім  ордасы  ұжымымен  арнайы  кездесіп,  

Елбасының жуырдағы Жолдауын халықпен жан-жақты 

талқылады. 

Аталмыш  шараға  университет  проректорлары, 

факультет декандары, оқытушылар мен студент-жастар 

қатысты.

Өздеріңізге белгілі 2018 жылдың 5 қазаны Қазақстан 

халқы үшін өте маңызды күн болды. 

Бұл  тарихи  күні  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаев  Қазақстан  халқына  елдің  әлеуметтік-

экономикалық  дамуының  өзекті  мәселелеріне  және 

қазақстандықтардың  әл-ауқатын  одан  әрі  арттыру 

жөніндегі міндеттері жайындағы «Қазақстандықтардың 

әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» 

атты кезекті Жолдауын жариялаған болатын.

Меймандарымыз  Елбасының  кезекті  Жолдауында 

айтылған  міндеттер  мен  тапсырмаларды  халыққа 

түсіндіріп, ұстаздар мен студенттер тарапынан қойылған 

сұрақтарға тұшымды жауаптар берді.

Еліміздегі  реформаларды  түбегейлі  жүзеге  асыруда 

Ұлт  Көшбасшысы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 

рөлі  зор.  Елбасының  жыл  сайынғы  Жолдауында 

еліміздің  жаңғыруы,  отандық  экономиканы  жаңғырту, 

қоғамдық сана мен рухани жаңғыру, ұлттық бірлік пен 

этносаралық мәселелер назардан тыс қалған емес.

Осы  орайда,  Президент  Жолдауының  Қазақстан 

халқы үшін қашанда маңызы зор. Оның негізінде егемен 

еліміздің  тұрақты  дамуын  қамтитын,  мемлекетіміздің 

барлық  саласына  серпін  беретін,  халқымыздың 

игілігін  көздейтін  шынайы  іс-жоспарларға  құрылған 

стратегиялық құжаттар жатыр. 

Елбасы  Жолдауының  маңыздылығы  сонда,  бұл 

құжатта еліміздің болашақ бағыт-бағдары айқындалып, 

«Қазақстан-2050»  Стратегиясының  жүзеге  асу  барысы 

белгіленді. 

Мемлекет басшысының міндеттемелерін іске асыру – 

бұл баршамыздың  басты мақсатымыз болмақ. 

Шара  соңында  университеттің  әлеуметтік-мәдени 

жұмысын  дамыту  жөніндегі  проректоры  Аманбай 

Асылбайұлы  Сейітқасымов  жұмыс  сапарымен  арнайы 

келген Меруерт Айтқажықызына еліміздің  мүддесі үшін 

атқарып жүрген қызметіне ұжым атынан алғыс білдіріп, 

еңбегіне табыс тіледі. 

В  связи  с  началом  выездной  сессии  депутатов 

Мажилиса Парламента Республики Казахстан депутаты 

с рабочим визитом выехали в регионы. 

24 октября 2018 года в целях разъяснения, пропаганды 

и  обсуждения  Послания  Главы  государства  «Рост 

благосостояния  казахстанцев:  повышение  доходов 

и  качества  жизни»  в  актовом  зале  Кокшетауского 

государственного  университета  им.Ш.Уалиханова 

состоялась  встреча  депутата  Мажилиса  Парламента 

Республики  Казахстан,  члена  фракции  КДП  «Ақ  жол» 

в  Парламенте  Казыбековой  Меруерт  Айткажыкызы 

и  председателя  Акмолинского  областного  филиала 

общественного  объединения  Демократической  партии 

Казахстана «Ақ жол» Бақыт Смағұл с коллективом вуза.  

 На мероприятии присутствовали проректора, деканы 

факультетов, преподаватели и студенты университета. 

В  Послании  Глава  государства  обозначил  задачи 

по  социально-экономическому  развитию  страны  и 

дальнейшему улучшению благосостояния казахстанцев. 

Гости встречи разъяснили задачи и поручения очередного 

Послания  и  ответили  на  вопросы  преподавателей  и 

студентов.

Роль  Лидера  Нации  Нурсултана  Абишевича 

Назарбаева в реализации реформ в нашей стране велика. 

Вопросы  модернизации  отечественной  экономики, 

общественного  сознания  и  духовного  возрождения, 

национального  единства  и  межэтнические  вопросы 

находятся под его пристальным вниманием. В ежегодных 

Посланиях  Глава  государства  выдвигает  необходимые 

программные  инициативы  по  модернизации  страны. 

Их реализация - основной фактор успешного развития, 

достижение стратегической цели – к 2050 году войти в 

число 30 развитых стран мира.  

Реализация  задач  Главы  государства  –  наша  главная 

общая цель.

В  завершение  встречи  проректор  по  социально-

культурному 

развитию 

Сейткасымов 

Аманбай 


Асылбаевич от имени коллектива выразил благодарность 

Меруерт Айтжановне, пожелал ей успехов в работе. 



ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатымен кездесу 

ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – БОЛАШАҚТЫҢ БАҒДАРШАМЫ

Өздеріңізге  белгілі  2018  жылдың  5  қазаны  Қазақстан  халқы  үшін  өте  маңызды 

күн  болды.  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  Қазақстан  халқына  елдің 

әлеуметтік-экономикалық  дамуының  өзекті  мәселелеріне  және  қазақстандықтардың 

әл-ауқатын одан әрі арттыру жөніндегі міндеттері жайындағы «Қазақстандықтардың 

әл-ауқатының  өсуі:  табыс  пен  тұрмыс  сапасын  арттыру»  атты  кезекті  Жолдауын 

жариялаған болатын.

Жуырда  Президенттің  Жолдауын  талдау  мақсатында  облыстық  «Арқа  ажары» 

газетінің  директоры,  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері,  драматуг-жазушы 

Жабал  Ерғалиев  бастаған  редакция  ұжымы  Шоқан  Уәлиханов  атындағы  Көкшетау 

мемлекеттік университетіне келіп, білім ордасының оқытушы-профессорлар құрамы 

және студент-жастарымен арнайы  кездесу өткізді.

Мәдени  шараға  Ш.  Уәлиханов  атындағы  Көкшетау  мемлекеттік  университетінің 

ректоры  Марат  Қадырұлы  Сырлыбаев,  университет  проректорлары,  факультет 

декандары мен бөлім жетекшілері, сондай-ақ магистрантар мен студенттер қатысты.

Кездесуді    кіріспе  сөзімен  бастаған  «Арқа  ажары»  газетінің  директоры  Жабал 

Ерғалиев Елбасы Жолдауындағы нақты мәселелерге тоқталып, маңызы зор құжатты 

жан-жақты  талқылап  шықты.  Әсіресе,  білім  беру  салаларын  жаңа  сапалы  деңгейге 

көтеру,  елдің  тұрмысын  жақсарту,  оқытушылардың  жалақыларының  өсуі,  сондай-

ақ мемлекеттің болашағы білімді жастардың қолында екендігін баса айтып, алдағы 

жылдың «Жастар жылына» арналатынын тілге тиек етті. 

Шара барысында білім ордасының басшысы Марат Қадырұлы да Жолдау бойынша 

өз пікірін айтып, университетте атқарылып жатқан игі жұмыстарға тоқталды. 

Кездесу соңында студент-жастар тарапынан Жолдау бойынша сұрақтар қойылып, 

оларға тұшымды жауаптар да алынды.

Елбасы Жолдауының Қазақстан халқы үшін маңызы қашанда зор. Оның негізінде 

егемен  еліміздің  тұрақты  дамуын  қамтитын,  мемлекетіміздің  барлық  саласына 

серпін  беретін,  халқымыздың  игілігін  көздейтін  шынайы  іс-жоспарларға  құрылған 

стратегиялық құжаттар жатыр. 

Еліміз егемендік алып, ата-бабаларымыз аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген ширек 

ғасыр ішінде қыруар істер атқарылды, ұлы жетістіктерге жетелейтін биік белестерді 

де бағындырдық. 

Бүгінгі күні Қазақстан мемлекеті дамудың басқа елдерге үлгі боларлық жаңа моделін 

қалыптастырып отыр.

 ХХІ ғасыр жаңа әлемге жаңа көзқарас, тың бастамалар ала келді.  «Қазір заманның 

дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз», - деген болатын Елбасы өз сөзінде.

Тәуелсіздігімізді  сақтап,  мемлекетімізді  өркендету  жолында  Елбасы  айқындаған 

стратегиялық бағытты әрдайым ұстансақ, ұлы істерді,  жетістіктерді кейінгі ұрпаққа 

үлгі  етіп  жалғастырарымыз  да  шындық.  Бұл  –  Қазақстан  Республикасының  әрбір 

азаматының міндеті деп білеміз. Сондай-ақ, Елбасының Жолдауы халқымызды баянды 

болашаққа жетелейтін қадам болары да сөзсіз. 

Жиын  соңын  қорытындылар  болсақ,  Жолдауда  қамтылған  міндеттерді  орындап, 

еліміздің жарқын да кемел болашағы үшін аянбай еңбек етсек нұр үстіне нұр болары 

анық. 


  Ш.Уәлиханов  атындағы  Көкшетау  мемлекеттік  университетінің  ректоры  Марат 

Қадырұлы Сырлыбаев арнайы кездесуге келген Жабал Ерғалиұлы мен оның ұжымына 

алғыс білдіріп, ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі.

 Өндірістің барлық саласын қамтитын жоғары білікті, білімді мамандар дайындау ісін 

жүзеге асыруға Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің 

ұжымы қашанда дайын.




жүктеу 5,85 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау