144
ҚазаҚ
стандағы
практикалық журналистика
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
Қазақстан республикасының Конституциясы бойынша да солай. негізгі заңның 14-бабының
2-тармағында: «Тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне,
ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген
өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды», – делінген. Конституцияның 17-
бабы бойынша: «Адамның қадiр-қасиетiне қол сұғылмайды». 18-баптың 1-тармағы «Әркiмнiң жеке
өмiрiне қол сұғылмауына, өзiнiң және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы
атының қорғалуына құқығы бар» деп кепілдік береді. Ал 19-баптың 1-тармағы бойынша: «Әркiм
өзiнiң қай ұлтқа, қай партияға және қай дiнге жататынын өзi анықтауға және оны көрсету-
көрсетпеуге хақылы».
Қазақстан
Республикасының
Конституциясы:
http://www.akorda.kz/kz/official_documents/
constitution
Алайда, қазір әлеуметтік желілерде, ақпараттық сайттарда немесе басқа да бұқаралық ақпарат
құралдарында адамның ар-намысына тию, жеке өміріне қол сұғу, қарапайым этика нормаларын
сақтамау қалыпты жағдайға айналып бара жатқандай. Жазуға болатын нәрсе мен жазуға болмайтын
дүниенің ара-жігін ажыратудан қалып бара жатқанымыз байқалады. Бұл, әсіресе, белгілі продюсер
Баян Есентаеваның басынан өткен жағдай кезінде қатты байқалды. Баян ханымның ауруханада
жатқан суретінің тарап кетуінен бастап, оның өміріндегі әрбір болымды-болымсыз сәттің, оның
отбасы мүшелерінің жүрген-тұрғанының тегіс ақпарат көзіне айналуы осының дәлелі.
өз-өзіңДі теКсеРіП КөР!
2. Белгілі бір тұлға туралы ақпарат таратқанда не нәрсені көрсетпеген жөн?
A. Ол адамның белгілі бір мәселеге қатысты ұстанымын көрсете аламыз
B. Ол адамның қандай саяси партияға мүше екенін көрсете аламыз
C. Ол адамның өзі таратқан ресми мәлімдемесіне сүйене отырып, пікірін бере аламыз
D. Ол адамның белгілі бір діни ағымды ұстанатынына акцент бере аламыз
3. Адамның ұстанатын дінін көрсеткенде қалай жазған жөн?
A. Мұсылман
B. уақапшы
C. Діни фанат
D. Сопылардың көсемі
Иә, біз белгілі тұлғалардың өз парақшасында жазған немесе журналистерге берген сұхбатында
айтқан қайсыбір мәлімдемелерін, ұстанымдарын жария ете аламыз. Ол адамның қай партияның
мүшесі екенін көрсете аламыз. Алайда, «лаңкестердің барлығы осы діни топтан шығып жатыр»,
«бұл ағымды ұстанатындардың жақсылық күтуге болмайды», «қауіпсіздік орындары мұндай діни
фанаттарды тексеруі керек» деген сарындағы жазбалар адам құқығына қол сұғу және арандату
екенін ескерген жөн.
ӘлЕумЕттІК ЖЕлІ – аҚПаРат КөзІ ЕмЕС
өкінішке қарай, бүгінгі күні әлеуметтік желі негізгі ақпарат көздерінің біріне айналып отыр. Егер
қандай да бір мемлекеттік мекеменің өкілі сол мекеменің жауапты қызметкері ретінде тіркелген
ашық аккаунт бетінде әртүрлі ақпараттар тарататын болса, ол назар аудартуы мүмкін. Ал кез келген
мемлекеттік қызметкердің әлеуметтік желіде жеке өз атынан ашылған, қызметі көрсетілмеген, тек өз
достарына ғана ашық аккаунты болса, ондағы кез келген жазба ақпарат көзі бола алмайды. Мәселен,
Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің Фейсбук әлеуметтік желісінде аккаунты бар. Онда қала
әкімі сұрақтарға жауап береді, соңғы жаңалықтарды жазады, сауал қойған немесе ұсыныс айтқан
кейбір қала тұрғындарын кездесуге шақырады. Астана қаласының әкімі ретінде отырғандықтан,