Қазақстандағы отбасылық орналастырудың жағдайы



жүктеу 2,64 Kb.
Pdf просмотр
бет42/47
Дата25.05.2018
өлшемі2,64 Kb.
#17300
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47

124
жинақтаушы  зейнетақы  қорынан  зейнетақы  төлемдерін,  жәрдемақы  мен 
басқа  әлеуметтік  төлемдерді  алу  құқығын,  сондай-ақ  баспанаға  меншік 
құқығын немесе баспананы пайдалану құқығын сақтайды .  Баспана болмаған 
жағдайда жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған, асырап алушы ата-
анаға  берілген  бала  Қазақстан  Республикасының  тұрғын  үй  заңнамасына 
сәйкес баспана алуға құқылы;
5 .4 .  Жетім балаға немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаға тиесілі 
ақшалай қаражатты және басқа мүлікті сақтау жауапкершілігі жетім баланы 
немесе  ата-ана  қамқорлығынсыз  қалған  баланы  асырап  алушы  ата-анаға 
беру туралы келісімшарт қолданылатын мерзімде асырап алушы ата-анаға 
жүктеледі;
5 .5 .  Тәрбиеленушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған жағдайда, 
соның  ішінде  асырап  алушы  отбасы  баланы  тәрбиелеу,  қамтамасыз  ету 
және  оның  жалпы  орта  және  кәсіби  білім  алуы  үшін  қажетті  жағдайларды 
қамтамасыз  ету  бойынша  міндеттемелерін  орындамаған  немесе  тиісінше 
орындамаған жағдайда, сондай-ақ өздерінің құқықтарын асыра пайдаланған 
жағдайда бала өз бетінше білім беру ұйымына немесе қорғаншылық және 
қамқоршылық органына өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін 
жүгінуге, ал он төрт жасқа толғанда сотқа жүгінуге  құқылы;
5 .6 . Тәрбиеленушілер міндетті:
- мүлікке ұқыпты болуға, басқа тәрбиеленушілер мен асырап алушы ата-
аналардың абыройы, арын құрметтеуге  және асырап алушы отбасының ішкі 
тәртібін, тәрбиеленушінің күн тәртібін сақтауға;
-      тәртіп  пен  тазалық  сақтауға,  асырап  алушы  отбасының  үйын, 
жабдықтарын, мүлкін ұқыпты ұстауға;
-   асырап алушы ата-ананың еңбегін бағалауға, оларға қолынан келетін 
көмекті көрсетуге;
-  баспанаға жөндеу жүргізуде қолынан келгенінше қолғабыс болуға;
-    өзінің  денсаулығы  мен  айналасындағылардың  денсаулығына  тиісті 
көңіл бөлуге;
6 . Асырап алушы ата-аналар, олардың құқықтары мен міндеттері 
6 .1 .  Жасы  25-тен  асқан  кез-келген  тұлға  асырап  алушы  ата-ана  бола 
алады . Бұл тізімге келесілер кірмейді:
1) сот қабілетсіз немесе қабілеті шектеулі деп таныған тұлғалар;
2) сот тәртібімен ата-ана құқығынан айырылған немесе ата-ана құқығы 
шектелген тұлғалар;
3)  заң  бойынша  жүктелген  міндеттерін  тиісінше  орындамағаны  үшін 
қорғаншы (қамқоршы) міндеттерінен шеттетілген тұлғалар;
4)  бұрынғы  асырап  алушылар,  егер  олардың  кінәсінен  сот  асырап  алу 


125
құқғының күшін жойған болса .
5)  денсаулық  жағдайына  байланысты    баланы  тәрбиелеу  бойынша 
құқықтар мен міндеттерді атқара алмайтын тұлғалар;
6) асырап алушы отбасына тәрбиелеуге берілген баланың жақын туыста-
ры (бауырлары, әпкесі, атасы, әжесі) .
6 .2 .  Бірінші кезекте балалар толық отбасыларға тәрбиелеуге беріледі . 
Асырап  алушы  ата-аналарды  іріктеген  кезде  педагогикалық,  медициналық 
немесе психологиялық білімі бар, ата-ана, асырап алушы ата-ана, қорғаншы 
(қамқоршы)  ретінде  бала  тәрбиелеуде  оң  тәжірибесі  бар  тұлғалар  басым 
құқықтарға ие болады .
6 .3 .  Қорғаншылар  мен  қамқоршылар  тәрбиелуге  алған  жетім  балалар 
мен  ата-ана  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға  қатысты  қандай  құқықтар 
мен міндеттерге ие болса, асырап алушы ата-аналар да сондай құқықтар мен 
міндеттерге  ие .  Оларға  ҚР  «Неке  (ерлі-зайыптылық  және  отбасы  туралы» 
кодексінің 122-бабының 1-тармағында қарастырылған талаптар қойылады .
6 .4 .  Асырап  алушы  ата-аналарда  жетім  балалар  мен  ата-ана 
қамқорлығынсыз қалған балаларды қамтамасыз ету, тәрбиелеу және білім 
беру үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыру үшін бір адамға он бес ква-
драт метрден келетін баспанасы болуы керек (Қазақстан Республикасының 
«Тұрғын үй қатынастары туралы» заңы) .
6 .5 .  Асырап  алушы  ата-аналар  балаларды  тәрбиелеуге,  олардың 
денсаулығына күтім жасауға, адамгершілік мінез-құлқы мен физикалық да-
муына үлес қосуға, олардың білім алуы үшін қажетті жағдайларды жасауға, 
оларды өз бетінше өмір сүруге үйретуге міндетті . Асырап алушы ата-аналар 
тәрбиеленушілер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жа-
уап береді .
6 .6 .  Асырап алушы ата-аналардың құқықтары балалардың мүдделеріне 
қайшы жүзеге асырылмайды .
6 .7 .  Асырап алушы ата-аналарға еңбек ақы мен зейнетақы аударымда-
ры төленеді, жыл сайынғы еңбек демалысы беріледі .
6 .8 .  Асырап алушы ата-аналар өз тәрбиеленушілері үшін жолдамалар, 
оның  ішінде  санаторийге,  сауықтыру  лагерлеріне  тегін  жолдамалар  алуға 
артықшылық алады .
6 .9 .  Асырап алушы ата-аналар өз біліктіліктерін білім беру жүйесінің пе-
дагог қызметкерлері үшін белгіленген тәртіпте арттырады .
6 .10 . Асырап  алушы  ата-ана  ретіндегі  жұмыс  уақыты  ҚР  заңнамасына 
сәйкес жалпы еңбек өтіліне есептеледі .
Қосымша


7. Асырап алушы отбасына материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету 
7 .1 .  Асырап  алушы  отбасы  Қазақстан  Республикасының  бала 
құқықтарын қорғау жөніндегі өкілетті органы белгіленген мөлшер мен тәртіпте 
жетім  балалар  мен  ата-ана  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға  арналған 
білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілерді қамтамасыз ету нормалары 
басшылыққа алына отырып жергілікті бюджеттен қаржыландырылады .
7 .2 .  Ғимараттарға 
шаруашылық 
қызмет 
көрсетуге, 
жылуға, 
жарықтандыруға,  ағымдық  жөндеуге,  байланыс  қызметтеріне,  тұрмыстық 
қызметтерге  қаражат  аталған  аумақта  қолданылатын  тарифтер  мен  нор-
малар бойынша бөлінеді . Емдік дәрі-дәрмек алуға ақша қаражаты нақты 
қажеттіліктерді есептеу арқылы бөлінеді .
7 .3 .  Асырап  алушы  отбасының  тәрбиеленушілерін  қамтамасыз 
етуге  жетім  балалар  мен  ата-ана  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға 
арналған мемлекеттік интернаттық білім беру ұйымдарындағы балаларды 
қамтамасыз ету нормаларына сәйкес тамақ, киім, аяқ-киім, жұмсақ инвен-
тарь мен жабдықтар, оқулық, оқу құралдары мен керек-жарақтар, жеке ги-
гиена заттары, бірінші қажет болатын басқа да заттарға кететін белгіленген 
шығын нормалары бойынша ай сайын ақшалай төлем жасалады .
7 .4 .  Асырап  алушы  ата-аналарға  еңбек  ақы  бірыңғай  тарифтік  жүйе 
шегінен  төмен  болмайтын  деңгейде  және  еңбек  жылдары  ескеріле  оты-
рып,  бюджет  қаражатынан  қаржыландырылатын  мемлекеттік  білім  беру 
ұйымдары қызметкерлерінің тарифтік жүйесіне сәйкес төленеді .
7 .5 .  Асырап  алушы  отбасының  тәрбиеленушілерін  материалдық 
қамтамасыз ету қорғаншылық және қамқоршылық органының баланы асы-
рап алушы отбасына орналастыру туралы шешімінде көрсетілген күннен 
басталады .
7 .6 .  Асырап  алушы  ата-аналардың  қосымша  қаражатты  тартуы  асы-
рап алушы отбасына жергілікті бюджет есебінен бөлінетін қаржыландыру 
көлемі мен нормативтерін төмендетпейді .
7 .7 .  Зейнатақы  (асыраушысынан  айырылу  жағдайы  бойынша, 
мүгедектік)  мемлекеттік  қамтамасыз  етудегі  балалар  үшін  Қазақстан 
Республикасының  заңнамасында  белгіленген  тәртіпте  тәрбиеленушінің 
атына банктерде ашылған шоттарға аударылады .
7 .8 .  Асырап алушы отбасыларға білім беру ұйымдарының кәмелеттік 
жасқа  толмаған  балаларға  арналған  мемлекеттік  мамандандырылған 
мекемелердің  әлеуметтік  көмек  пен  оңалтуға  мұқтаж  тәрбиеленушілері 
берілген кезде балалармен бірге маусымдық киім-кешек қоса беріледі;
7 .9 .  Асырап алушы отбасындағы тәрбиеленушілерді қамтамасыз етуге 
бөлінетін ақша қаражаты ағымдағы айдың 1-ші жұлдызынан кешіктірілмей 
банкке асырап алушы ата-аналардың шотына аударылады .


жүктеу 2,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау