Қазақстандағы отбасылық орналастырудың жағдайы



жүктеу 1,43 Mb.
Pdf просмотр
бет30/47
Дата01.02.2020
өлшемі1,43 Mb.
#27935
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47

87
Қабылдау  бөлімшесінде  әлеуметтік  ананың  бақылауымен  балалар 
алғашқы әлеуметтік оңалтудан өтеді .
Тексеруден өткізгеннен кейін бала дамуының жеке жоспары жасалып, 
онда  мамандардың  баланың  күнделікті  өміріне  арналған  кеңесі  беріледі, 
сондай-ақ кеңейтілген медициналық тексеру көрсеткіштері мен мерзімдері 
анықталады  (амбулаторлық  немесе  стационарлық  жағдайларда  балалар 
клиникалық ауруханасының негізінде) .
Әрі  қарай  бала  мәртебесі  белгіленбеген  балаларға  арналған  оңалту 
бөлімшесіне  ауыстырылып,  онда  отбасылық  жағдайларға  өте  жақын 
жағдайларда әлеуметтік бейімдеу жалғастырылады .
Балалар психологиялық қызметінің құрылымы 
мен жұмысының мазмұны 
Жұмыс кезеңдері: 
ОҚО (ОҚҚ) балалар психологиялық қызметінің жұмысы баланың басы-
нан өткен оқиғалар салдарын бағалауға және орнын толтыруға бағытталған . 
Ол жүйелі төрт кезеңнен тұрады:
1 . Алдын ала кезең .
2 . Отбасына орналастыруға дайындау .
3 . Асырап алатын отбасына орналастыру .
4 . Асырап алған отбасындағы баламен жұмыс .
Әр кезеңдегі жұмыс әдістері мен мазмұны:
Алдын  ала  кезең  баламен  танысуды,  әлеуметтік  және  медициналық 
ақпаратты бағалауды, проблемалық тұсын айқындауды қамтиды .
Баланың түрлі жағдайлардағы мінез-құлқын бақылау (таныс және бейта-
ныс ересектермен, қатарластарымен қарым-қатынасы), ойын және өнімділік 
қызметін  талдау,  тестілеу  –  мұның  бәрі  баланың  жеке-психологиялық 
ерекшеліктерін  және  оның  басындағы  проблемалар  сипатын  анықтауға 
көмектеседі . 
Баланың  қажеттіліктері  мен  жоба  міндеттерін  кейін  салыстыру  атал-
мыш  жағдаймен  жұмыс  істеу  мүмкіндігі  туралы  қорытынды  жасауға 
мүмкіндік  береді  (маңызды  психологиялық  немесе  әлеуметтік  бұзылулар, 
мысал  үшін  баланың  қылмыс  ортасына  жақындығы  және  т .б .  анықталған 
жағдайда бас тартылады . Мұндай жағдайда аталған жобаның шеңберінен 
шығатын әлеуметтік оңалту қажет болады) . Барлық жиналған ақпарат балаға 
көмектесудің  алдын  ала  жоспарын  жасауға  және  жауапты  тұлғаларды 
таңдауға (жетекші әлеуметтік қызметкер мен психолог, баланы орналастыру 
формасы және т .б .) қолданылады . 
4-тарау. Сөйлемдер туралы қызметтің өзгерісінің


88
Балалар үйіне түскен әр бала күйзеліске түседі . Баламен сенімді қарым-
қатынас орнату, оның өмірі мен оның отбасының тарихы туралы ақпарат жи-
нау, жедел-диагностика нәтижелері бойынша қорытынды жасау – мұның бәрі 
алдын ала кезеңдегі жұмыстың негізгі міндеттері болып табылады . 
Балаға  жаңа  отбасын  іздеу  және  осы  жаңа  отбасына  қолдау  көрсету 
міндетін  балаларды  отбасыларға  орналастыру  қызметі  шешеді .  Бұл  ба-
ланы  тәрбиелеуге  алғысы  келетін  отбасылармен  жұмыс  істеу  жүйесі, 
сондай-ақ баланы орналастырғаннан кейін бала мен отбасына әлуеметтік-
психологиялық қолдау көрсету жүйесі . Жобада баланы тәрбиелеуге алғысы 
келетін отбасылардың қабілеті мен дағдыларын бағалауға бағытталған тәсіл 
қолданылады .  Қабілеті  мен  дағдыларының  болуы  тұрғысынан  үміткерді 
бағалау тәсілінің принциптері (бала қауіпсіздігі бәрінен жоғары, тұлғаны сый-
лау, құпиялылықты сақтау, кеңестер мен кері байланыстың конструктивтілігі, 
қабілеттерін  көрсетуде  үміткерлерге  көмек  көрсету,  баланы  тәрбиелеу 
стандарттарының айқындылығы мен келісілгендігі) . 
Отбасына орналастыруға дайындау
Баланы  отбасындағы  өмірге  дайындау  (өз  отбасына  қайтаруға  неме-
се  жаңа  отбасына  беруге)  бала  балалар  үйінің  стационарлық  топтарын-
да болған барлық уақытта жүргізіледі (қабылдау бөлімшесінде, қабылдау 
бөлімшесінің оңалту тобында, әлеуметтік отбасыда – ерекше «қиын» бала-
ларды отбасына орналастыруға дайындау тобында) . Жас ерекшеліктері әр 
түрлі әр топта – 8-16 баладан . 
Психологтардың негізгі міндеті – пролонгацияланған диагностика және 
баланың жүйке-психикалық және эмоционалдық күйі туралы, тұлғасының 
ерекшеліктері  мен  танымы,  оның  қиындықтары  мен  қажеттіліктері  тура-
лы толық қорытынды жасау . Жоғары психикалық функцияларының (назар 
аударуы, қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы және т .б .) қалыптасу деңгейін 
зерттеген  кезде  диагностикалық  материалдарды  стандартты  жинаудан 
бөлек нейропсихологиялық диагностика белсенді түрде пайдаланылады .
Психологиялық  диагностика  және  бақылау  нәтижелері  баламен 
терапевтік жұмыс жүргізуге негіз болып табылады .
Асырап алушы отбасына орналастыру:
Әлеуетті  асырап  алушы  тәрбиелеушілер  іріктеуден  (психологиялық 
тестілеу,  жеке  сұхбаттасу)  және  дайындықтан  (психологиялық  тренинг 
форматындағы асырап алушы ата-аналар мектебі) өтеді . Асырап алушы от-
басын таңдаған кезде баланың өзіндік қажеттіліктері, оның жеке тарихының 
және  өмірлік  тәжірибесінің  ерекшеліктері,  сондай-ақ  тәрбиелеушілердің 
мүмкіндіктері мен кездесулері ескеріледі . 


89
Баланы  отбасына  орналастыру  жобаның  барлық  қызметтері  бірлесе 
әзірлеген жеке жоспар бойынша жүргізіледі . Бұл жоспар жұмыс тәртібінде 
түзетілуі мүмкін, бірақ негізгі идея – бір-бірімен танысу және үйрену үшін 
берілетін уақыт пен біртіндеп жүзеге асыру .
Әдеттегі жүйелілік келесі қадамдарды қамтиды:
1)  жоба  мамандарының  пікірі  бойынша  алмастырушы  отбасына 
ауысуға  іштей  дайындалған  бала  туралы  мәліметтермен  әлеуетті 
тәрбиелеушілердің  танысуы    (критерийлері  –  әлеуметтік  бейімделу 
деңгейі, эмоционалдық жүктемені азайту және баланың өз қалауы);
2)  нұсқаны,  сондай-ақ  жақын  арадағы  жоспарларды  талқылау  және 
қабылдау;
3)  баланың  өзімен  жеке  танысу,  оған  болжамды  отбасының  барлық 
мүшелері туралы айтып беру, фотосуреттерін көрсету, қысқа уақыттық 
бірлескен қызмет: серуендеу, театр немесе киноға бару және т .б .;
4) баланың демалыс күндері отбасына баруы;
5)  мектептегі  демалыстар  кезінде  әлеуетті  асырап  алушы  отбасында 
тұруы (меймандос отбасы);
6) уақытша келісімшарт жасап отбасына орналастыру;
7)  баланың  аталған  отбасында  тұруы  туралы  тәрбиелеушілермен 
тұрақты келісімшарт жасау .
 
Болашақ  асырап  алушы  отбасы  мен  баланың  танысуының  барлық 
кезеңдерінде жоба өкілдері олармен тығыз қарым-қатынаста болады .
Жалпы, бала қаншалықты үлкен болса және үлкендерден қатты жәбір 
көрсе оған танысуға және ауысу туралы шешім қабылдауға соншалықты 
көп уақыт қажет болады . 
Әлеуметтік-құқықтық қызмет:
Балалармен (тәрбиеленушілермен) жұмыс істеу жөніндегі қызмет
Стационарлық  топтарда  және  патронаттық  тәрбиелеушілердің  от-
басында  тәрбиеленіп  жатқан  балалардың  дамуын  бағалау  және  дамуы 
мен  тәрбиесіне  мониторинг  жүргізеді,  асырап  алушы  отбасылардың 
басқа бөлімшелермен байланысын ұйымдастырады, тәрбиеленушілердің 
құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына жауап береді, анықталған 
баланың құқықтық мәртебесін анықтау үшін қажетті ақпаратты, оның ата-
анасының  (заңды  өкілдерінің)  тұрғылықты  мекенжайын,  оның  оқу  орнын, 
медициналық  бақылау  бойынша  ақпараттарды  жинауға  ықпал  етеді, 
баланың  құқықтарын  қорғау  бойынша  жоспар  жобасын  дайындайды, 
4-тарау. Сөйлемдер туралы қызметтің өзгерісінің


жүктеу 1,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау