«Қазақстан», «Қазақ елі».
ХХ ғасырдың соңында ЮНЕСКО-ның шешімімен 150 жылдық мерейтойы тойланған қазақтың ұлы ақыны – Абай Құнанбаев.
1997 жылы ЮНЕСКО деңгейінде 100 жылдық мерейтойы өткізілген жазушы – М.Әуезов.
1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен 100 жылдық мерейтойы тойланған ғұлама ғалым – Қ.Сәтбаев.
Адам бойындағы ізгі қасиеттердің көмескіленуі мәселесін көтерген М.Шахановтың кітабы - «Өркениеттің адасуы».
Халық жазушысы О.Сүлейменовтың дүние жүзі тілдерінің даму заңдылықтарын саралаған еңбегі - «Жазу тілі».
Қаракерей Қабанбай туралы жазылған Қ.Жұмаділовтің диалогиясы - «Дарабоз».
ХХ ғасырдың басындағы Республикадағы мектептердің саны – 8 мыңнан астам.
Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы өтті – 1992 жылдың қыркүйек, қазан айларында.
Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайында сөз сөйлеген Түркиядан келген қадірменді қария, «Алаш» сыйлығының иегері – Халифа Алтай.
Президент Н.Назарбаевтың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп бағалаған стратегиясы - «Қазақстан-2030».
«Қазақстан-2030» даму стратегиясының қоғамның ұзақ мерзімді жеті басым мақсаттарының біріншісі – ұлттық қауіпсіздік.
Астана Ақмолаға көшірілді – 1997 жылы.
Астананың салтанатты жағдайда тұсаукесері өтті – 1998 жылғы маусымда.
1998 жылғы Парламент шешімімен Конституцияға енгізілген өзгеріс бойынша Президенттің өкілдік мерзімі – 5 жылдан 7 жылға ұзартылды.
1989 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда тұратын республика тұрғындарының саны – 16 млн 199,2 мың адам.
1999 жылғы халық санағы бойынша Қазақстанда тұратын республика тұрғындарының саны – 14 млн 952,7 мың адам.
«ХХ ғасырдың Гомері» атанған ақын – Жамбыл Жабаев.
1999 жылы жарық көрген Н.Назарбаевтың еңбегі - «Тарих толқынында».
2005 жылы 5 томы жарық көрген Ұлттық энциклопедия - «Қазақстан».
1992 жылы шет елдерде тұрып жатқан қазақ диаспорасының саны – 3 млн 200 мың.
Астана қаласының 1998 жылға дейінгі атауы – Ақмола.
1999 жылғы халық санағы бойынша республика тұрғындарының арасындағы қазақ халқының үлесі – 53,4%.
2004 жылы қыркүйекте Парламент Мәжілісінің кезекті сайлауы алдында саяси партиялар туралы жаңа заң бойынша ресми тіркелген партиялар саны – 12.
Ел астанасы Ақмолаға көшетіндігі туралы Республика Президентінің жарлығы жарық көрді – 1995 жылы.
2001 жылы үкімет құрамы мен басқа да билік құрылымындағы жас олигархтар ұйымдастырған қоғамдық қозғалыс - «Қазақстанның демократиялық таңдауы».
1992 жылы 30 қыркүйекте дүние жүзі қазақтарының құрылтайының ресми ашылуында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жасаған баяндамасы - «Құшағымыз бауырларға ашық».
Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының төрағасы – Н.Назарбаев.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» қабылданды –
2004 жылы.