Қазақстан тарихы пәнінен Мемлекеттік емтихан тапсыруға арналған тест сұрақтары 2015-2016 оқу жылы


-жылдардағы қазақ әдебиетінің өкілдерін атаңыз



жүктеу 2,02 Mb.
бет7/9
Дата28.11.2017
өлшемі2,02 Mb.
#2260
1   2   3   4   5   6   7   8   9

643. 80-жылдардағы қазақ әдебиетінің өкілдерін атаңыз:

A). Т.Ахтанов, І.Есенберлин

B). М.Әуезов, Ә.Тәжібаев

C). Т.Жароков, Ғ.Мустафин

Д).О.Сүлейменов, Ж.Саин

E). Қ.Мырзалиев, С.Мұқанов



644. 80-ші жылдары республикада алғаш ашылған тереңдетіп оқытатын мектепті атаңыз:

A). Физика-математика мектебі

B). Лингвистикалық мектеп

C).Шет тілдер мектебі

Д).Көркем-сурет мектебі

E). Музыка мектебі



645. Кеңес әскерлерін Ауғанстаннан алып кету қашан аяқталды?

A). 1989 ж.

B). 1986 ж.

C). 1985 ж.

Д).1987 ж.

E). 1988 ж.



646. "АЛЖИР" деген сталиндік лагерьде қандай адамдар қамауда болды?

A). "Халық жауларының" әйелдері

B). "Халық жауларының" балалары

C). "Халық жауларының" туысқандары

Д)."Халық жаулары"

E). Әскери тұтқындар



647. О.Сүлейменовтың тауар айналымынан, кітапханалардан алынып тасталған кітабі

A). "Аз и Я"

B). "Тар жол, тайғақ кешу"

C). "Көшпенділер"

Д)."Аққан жұлдыз"

E). "Қан мен тер"



648. Мұхтар Шахановтың ұсынысымен құрылған ұйым:

A). Балқаш және Арал проблемалары жөніндегі комитет

B). "Алаш" партиясы

C). "Желтоқсан" партиясы

Д)."Азат" азаматтық қозғалысы

E). "Жауынгер-ауғанстандықтардың ұйымы"



649. "Ресей - кең-байтақ, бірақ шегінерге жер жоқ, артымызда - Мәскеу,"- деген өшпес сөзді айтқан:

A). В.Клочков

B). Б.Момышұлы

C). М.Ғабдуллин

Д).В.Фурсов

E). И.Панфилов



650. Ә.Молдағұлова майданда кім болып шайқасты?

A). Мерген

B). Барлаушы

C). Пулеметші

Д).Байланысшы

E). Медбике



651. 1933 жылы Сталинге хат жазған мемлекет және қоғам қайраткері:

A). Т.Рысқұлов

B). Мирзоян

C). А.Байтұрсынов

Д).Ғ.Мүсірепов

E). М.Дулатов



652. Фашистердің жоспары бойынша Қазақстан құрамына енген рейх-комиссариат

A). Түркістан

B). Еділ-Орал

C). Остланд

Д).Московия

E). Кавказ



653. 1989 ж 22 қыркүйекте:

A). Қазақ КСР Жоғары Кеңесі "Тіл туралы" Заң қабылдады

B). "Желтоқсан" партиясы құрылды

C). "Заман - Қазақстан" қазақ-түрік газеті шықты

Д)."Қарағанды кеншілері ереуілге шықты"

E). "Невада - Семей" қозғалысы құрылды



654. РКФСР-ның құрамында Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік республикасын құру туралы декрет қашан жарияланды?

A). 1920 ж. 26 тамыз

B). 1920 ж. 26 шілде

C). 1920 ж. 26 маусым

Д).1920 ж. 26 мамыр

E). 1920 ж. 26 қыркүйек



655. Қазақстанның талантты архитекторлары мен инженерлерінің ішінде кімдерге «Қызыл астананы» салуда қастандық ұйымдастырды деп кінә тағылды?

A). П Буддаси, С Голдгор, М Тынышпаев

B). Н Нұрмақов, М Тәтімов

C). Д Сәдуақасов, И Қабылов

Д).М Дүйсенбинов, Л Мирзоян, В Ланарсен

E). Ж Аймауытов, А Ермеков, Х Досмұхамбетов



656. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанда даярланған офицерлер саны:

A). 16 мың

B). 18 мың

C). 15 мың

Д).14 мың

E). 17 мың



657. Оқиғаны хронологиялық ретімен көрсетіңіз

A). КСРО-да 1-ші атом бомбасын сынақтан өткізу, тың игеру, XX съезд, Теміртаудағы толқу, Кариб дағдарысы

B). Тың игеру, КОКП XX съезі, КСРО-да 1-ші атом бомбасын сынақтан өткізу, Кариб дағдарысы, Теміртаудағы оқиға

C). КОКП XX съезі, тың игеру, КСРО-да 1-ші атом бомбасын сынақтан өткізу, Теміртаудағы толқу, Кариб дағдарысы

Д).Теміртаудағы толқу, КОКП XX съезі, Кариб дағдарысы, тың игеру, КСРО-да атом бомбасын сынақтан өткізу

E). Кариб дағдарысы, Теміртаудағы толқу, КОКП XXсъезі, КСРО 1-ші атом бомбасын сынақтан өткізу, тың игеру



658. "Алаш" партиясы қашан құрылды?

A). 1917 ж.

B). 1916 ж.

C). 1919 ж.

Д).1913 ж.

E). 1918 ж.



659. С.Сейфуллин "Тар жол, тайғақ кешу" романында көрсетілген негізгі тақырып:

A). 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

B). Қазақстандағы ұжымдастыру

C). 20-30 жылдардағы сауатсыздықты жою

Д).Сталинның тоталитарлық режимі

E). Ашаршылыққа қарсы күрес



660. Генерал-майор И.В. Панфилов бақарған дивизия:

A). 316-шы атқыштар дивизиясы

B). 38-ші атқыштар дивизиясы

C). 238-ші атқыштар дивизиясы

Д).30-шы гвардиялық дивизия

E). 73-ші гвардиялық дивизия



661. Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті:

A). Қ.Сәтпаев

B). Ж.Меңдешов

C). Д.Қонаев

Д).С.Вавилов

E). А.Марғұлан



662. Серпухов түбіндегі Воронино қыстағында қаза тапқан автоматшы, 1916 ж ұлт-азаттық күрес басшыларының бірінің баласы:

A).Р Амангелдиев

B). М Мухамедияров

C). Т Тоқтаров

Д).Қ Сыпатаев

E). М Габдуллин



663. "Әскери коммунизм" кезеңінің бір іс-шарасы:

A). Еңбек міндеткерлігін енгізу

B). Азық-түлік салығын енгізу

C). Еңбек армияларын құру

Д).Шетел капиталын құру

E). Еркін сауда



664. 1980-90 жж. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысындағы басым бағытта болған ерікті экономикалық аймақтар:

A). Жайрем-Атасу, Алакөл

B). Орал, Қарағанды

C). Петропавл, Ақтөбе

Д).Көкшетау, Атырау

E). Жаркент, Ақмола



665. Неліктен Н.С.Хрущевтің жасаған реформалары тоқырауға ұшырады, сонымен қатар Қазақстанның территориясына да әсер етті?

A). Реформаны жүргізу саясатында ғылыми болжамның болмауы

B). Өте аз уақытта І хатшы қызметінен босады

C). Реформалар халық мүдделеріне қарсы келді

Д).Қазақстанда оны ешкім қолдамады

E). Республикада ақша қаражаты жетіспеді



666. Қ.Жалаири «Жылнамалар жинағы» атты еңбегін тарту еткен орыс патшасы:

A). Б.Годунов

B). I Петр

C). И.Грозный

Д).II Екатерина

E). III Иван



668. 1913-1917 жылдарда «Қазақ» газетінің редакторы болған қайраткер

A).А.Байтұрсынұлы

B). Ш.Құдайбердіұлы

C). М.Дулатов

Д).Ә.Бөкейханов

E). С.Торайғыров



669. 1918 ж Торғай облыстық Кеңестер съезінің қаулысымен жабылған газеті:

A). “Қазақ ”

B). “Дала уалаяты”

C). “Айқап”

Д).“Ұшқын”

E). “Искра”



670. Одақтас Республика ретінде Қазақ Кеңестік Социалистік Республика болып қайта құрылған жылы:

A). 1936


B). 1939

C). 1935


Д).1938

E). 1937



671. Патша үкіметі шекаралық аймақтарда тұратын халықтың санын көбейту мақсатымен 1760 жылы өлкеге қоныстандырды:

A). Казактарды

B). Орыстарды

C). Башқұрттарды

Д).Татарларды

E). Қырғыздарды



672. Ішкі Бөкей ордасында хандық билік сақталды

A). 1845 жылғы дейін

B). 1840 жылғы дейін

C). 1842 жылғы дейін

Д).1844 жылғы дейін

E). 1841 жылғы дейін



673. Петропавлдағы мұсылмандар кітапханасы осы жылға дейін жұмыс істеді?

A). 1910 жылға

B). 1912 жылға

C). 1905 жылға

Д).1907 жылға

E). 1903 жылға



674. 1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар», - деп жазды:

A). Байтұрсынов, Бөкейханов, Дулатов

B). Байтұрсынов, Бөкейханов, Жангелдин

C). Байтұрсынов, Бөкейханов, Бокин

Д).Байтұрсынов, Бөкейханов, Рысқұлов

E). Байтұрсынов, Бөкейханов, Сейфуллин



675. 1960 жылдардың ортасынан бастап 80-ші жылдардың ортасына дейінгі мерзімнің шартты атауы:

A). «Тоқырау жылдары»

B). «Ұжымдастыру жылдары»

C). «Қуғын-сүргін жылдары»

Д).«Индустияландыру жылдары»

E). «Ұлы нәубет жылдары»



676. Ресей мен Қоқан арасындағы қақтығыста қазақ феодалдарының ұстанған позициясы

A). Екіге бөлініп, екі жақта да соғысты

B). Тек Ресей әскерін қолдады

C). Тек Қоқан ханын қолдады

Д).Жеңген жаққа шығуға дайын тұрды

E). Бейтарап болды



677. 1881-1884 жылдары Қазақстанға қоныс аударған дүнгендер саны

А).5000


B). 75000

C). 45000

Д).15000

E). 10000



678. Ұлы Отан соғысы жылдарында 18 жасар ең жас қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды:

A). Ж.Елеусізов

B). Қ.Қайсенов

C). Т.Бигелдинов

Д).Қ.Аухадиев

E). Р.Қошқарбаев



679. КОКП XX сьезінен кейін ақталған, әділетсіз жазаға ұшыраған аса көрнекті әдебиетшілер:

A). С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин

B). Ә.Марғұлан, М.Айтхожин, А.Байтұрсынов

C). М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов

Д).М.Әуезов, С.Мұқанов, Ә.Әбішев

E). Қ.Аманжолов, С.Мәуленов, М.Шаханов



680. Гурьев қаласының қазіргі атауы:

A). Атырау

B). Ақмола

C). Риддер

Д). Ақтау

E). Голощекин



681. Қазақстандағы жер-су реформасын жүргізуге қатысқан қоғам қайраткерлерін атаңыз

A). А.Асылбеков және Д.Бәрібаев

B). А.Иманов және Б.Әшекеев

C). Б.Әшекеев және А.Байтұрсынов

Д).Б.Алманов және С.Пестковский

E). А.Айтиев және Б.Әшекеев



682. М Черняев әскері қай жылы Шымкентті басып алды:

A). 1864 ж.

B). 1872 ж.

C). 1868 ж.

Д).1867 ж .

E). 1865 ж.



683. Сталиндік террор жаппай сипат алған жылдар:

A). 1937-1938

B). 1935-1936

C). 1938-1939

Д).1934-1935

E). 1936-1937



684. 1954 жылы Қазақстан Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып сайланған адам:

A). П. Пономаренко

B). Ж. Шаяхметов

C). Г. Колбин

Д).Д. Қонаев

E). Л.Брежнев



685. Түркістан Автономиясындамемлекеттік деп танылған дін:

A). Ислам

B). Христиан

C). Иудаизм

Д).Будда

E). Католик



686. Қазақстан КП ОК-ң 1947 жылы 21 қаңтардағы қаулысы бойынша тиым салынған мәселе:

A). XIX ғасырдың рухани мұрасын зерттеуге

B). Қоғамдық ғылымдарды қадағалауға

C). Тарихты ғылыми тұрғыдан байытуға

Д).Тарихты зерттеуге

E). Ғылыми ойлау бостандығына



687. Кеңес әскерінің Ауғанстан жеріне енгізілген жылы:

A). 1979


B). 1978

C). 1981


Д).1982

E). 1980



688. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтеріліс басшылары

A). Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы

B). Сұлтан Хангали Арсланұлы, Дәуіт Асауұлы

C). Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы

Д).Молдалар Рысқұлұлы, Досұлы

E). Бекметұлы, Майұлы



689. Шымкенттегі әскери авиация училищесі түлектерінің бірі, үш мәрте Кеңес Одағының Батыры:

A). Иван Кожедуб

B). Нұркен Әбдіров

C). Сергей Луганский

Д).Гастелло

E). Талғат Бигельдинов



690. Москва түбіндегі шайқаста Б.Момышұлы әскери бөлімнің қай түріне командир болды?

A). Батальонға

B). Полкке

C). Ротаға

Д).Взводқа

E). Дивизияға



691. 1979 жылы ұлтаралық қатынастарда келеңсіз құбылыстардың орын алғандағының бір көрінісі:

A). Қазақстанда неміс автономиялық облысын құру тұралы шешімнің қабылдануы

B). Орыс тілін оқытуды жақсартуға көңіл бөлінбеуі

C). Қазақстанда ұлт мәселесінің толық шешілуі

Д).Ана тілін оқытуды жақсарту жөнінде қаулының қабылдануы

E). О.Сүлейменовтің “АЗиЯ” атты кітабының жарық көруі



692. Қазақстанда күшпен ұжымдастыруға қарсы қарулы күрес болған жылдар:

A). 1929-1931 жж.

B). 1938-1939 жж.

C). 1937-1938 жж.

Д).1921-1922 жж.

E). 1932-1933 жж .



693. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың Қазақстанды басқарған жылдары:

A). 1960-1986 жж.

B). 1969-1986 жж.

C). 1972-1986 жж.

Д).1961-1986 жж.

E). 1963-1986 жж.



694. 1986 жылы Алматыда болған желтоқсан оқиғасына 1987 жылғы КОКП ОК-ның шілдедегі Пленумында берілген баға:

A). Қазақ ұлтшылдығының көрінісі

B). Демократиялық жастардың бас көтеруі

C). Ынтымақтастық демонстрациясы

Д).Ұлт-азаттық қозғалыс

E). Жастардың қарулы көтерілісі



695. Желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін ұсталып, жаза тартқан адамдардың саны

A). 8500-ге жуық

B). 3500-ге жуық

C). 2500-ге жуық

Д).1500-ге жуық

E). 4500-ге жуық



696. 1986 жылы желтоқсанда қазақ жастарының бой көтеруі:

A). Бейбіт және саяси сипатта болды

B). Құқыққа қарсы сипатты болды

C). Әлеуметтік сипатта болды

Д).Ұлтшылдық сипатта болды

E). Экологиялық сипатта болды



697. 1986 жылы Қазақстан компартиясының желтоқсан Пленумында қандай мәселе қаралды?

A). Республика басшылары ауысты

B). Білім мен денсаулыққа қосымша қаржы бөлу жайлы

C). Мал шаруашылығының жағдайы жайлы

Д).Келесі жылға арналған мемлекеттік бюджет қаралды

E). Заңдылық пен құқықтық тәртіптің бұзылуы жайында



698. КСРО-ның өмір сүрген кезеңі

A). 1922-1991 жж.

B). 1922-1990 жж.

C). 1920-1990 жж.

Д).1922-1986 жж.

E). 1917-1991 жж.



699. 1990 жылдың қазан айында Қазақстан өзінің:

A). Егемендік туралы Декларациясын қабылдады

B). Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады

C). Жаңа Конституциясын қабылдады

Д).Президентін сайлады

E). Ішкі істер әскерін құрды



700. 1991 жылы желтоқсанда ТМД-ны құру туралы шешім қабылданған қала:

A). Алматы

B). Минск

C). Москва

Д).Киев

E). Ашхабад



701. 1991 жылы желтоқсанның бірінде:

A). Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып сайланды

B). ТМД дүниеге келді

C). ҚКСР-сын Қазақстан Республикасы деп атау жөнінде шешім қабылданды

Д).Қазақстан Лениншіл Коммунистік Жастар Одағы Қазақстанның Жастар Одағы болып өзгертілді

E). Қазақстан Компартиясы таратылды



702. 1991 жылы қазанда құрылған Қазақстанның Халық Конгресі партиясының тең төрағалары болып кімдер сайланды?

A). О. Сүлейменов пен М. Шаханов

B). О. Сүлейменов пен С. Терещенко

C). М. Оспанов пен М. Шаханов

Д).М. Оспанов пен Х. Қожахметов

E). Х. Қожахметов пен С. Терещенко



703. Конституция бойынша Қазақстан Республикасының президенті сайланатын мерзім

A). 5 жыл

B). 7жыл

C). 10 жыл

Д).6 жыл

E). 4 жыл



704. 1991 жылы қыркүйекте Қазақстан компартиясын тарату нәтижесінде құрылған партия:

A). социалистік

B). халықтық-демократиялық

C). либерал-демократиялық

Д).социал-демократиялық

E). демократиялық



705. Қазақстан халықтарының форумы қашан болды?

A). 1992 жылы желтоқсанда

B). 1991 жылы желтоқсанда

C). 1994 жылы желтоқсанда

Д).1993 жылы желтоқсанда

E). 1990 жылы желтоқсанда



706. Қазақстан Республикасының алғашқы Ата заңы қай жылы қабылданды?

А). 1993 қаңтар

В). 1993 тамыз

С). 1991 желтоқсан

Д). 1995 тамыз

Е). 1995 желтоқсан



707. 1990 жылы шілдеде дүниеге келген "Азат" қозғалысының басты мақсаты:

A). Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу

B). Адамдардың азаматтық құқытарын қалыптастыруға жәрдемдесу

C). Қоғамдық проблемаларды шешу

Д).Қуғын-сүргіннің құрбандарының толық ақталуына көмектесу

E). Тарихтағы шындықты қалпына келтіру



708. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстан өмірінде қандай оқиға болды?

A). Қазақстанның БҰҰ-на өтуі

B). Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды

C). Қазақстан дүниежүзілік банктің мүшесі болды

Д).Қазақстан Халықаралық валюта қорының мүшесі болды

E). Жекешелендіру туралы Заң қабылданды



709. Қазақстан Республикасыдағы Кеңестерді жаппай тарату басталған жыл:

A). 1993 ж

B). 1992 ж

C). 1994 ж

Д).1996 ж

E). 1995 ж



710. Қазақстан Республикасының Туының авторын атаңыз

A). Ш.Ниязбеков

B). Ш.Уәлиханов

C). Ж.Мәлібеков

Д).Х.Наурызбаев

E). Қ.Әлімбаев



711. Қазақстан Республикасы Елтаңбасының авторларын атаңыз

A). Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов

B). Ш.Ниязбеков, Х.Наурызбаев

C). Ш.Уәлиханов, Ш.Ниязбеков

Д).Қ.Әлімбаев, Ж.Мәлібеков

E). Қ.Әлімбаев, Ш.Ниязбеков



712. 1993 жылы Қазақстан Республикасының президенті қол қойған Лиссабон хаттамасы бойынша қандай мәселе қаралды?

A). Қазақстан Республикасының жерін ядролық қарудан еркін аймақ деп жариялады

B). Варшава Шарты Ұйымын таратуды жариялады

C). Қазақстан Республикасының көрші елдердің ішкі істеріне араласпайтындығы

Д).Ядролық сынақты біржақты тоқтатуды жариялау

E). Қазақстан Республикасының ТМД-ның басқа елдерімен экономикалық ынтымақтасуынының жаңа принциптерін жариялады



713. Қазақ КСР егемендігі туралы декларация қашан қабылданған?

А).1990 жыл 25 қазан

В).1989 жыл 1 қаңтар

С).1986 жыл 21 қыркүйек

Д).1992 жыл 25 ақпан

Е).1991 жыл 16 желтоқсан



714. 1990 жылы Қазан айында Қазақстан өзінің:

А).Егемендік туралы Декларациясын қабылдады

В).Ішкі істер әскерін құрды

С).Жаңа Конституциясын қабылдады

Д).Президентін сайлады

Е).Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады



715. «Тіл туралы» Заңның 1-ші бабы бойынша қазақ тілінің статусы:

А).Мемлекеттік тіл

В).Ұлтаралық тіл

С).Ресми тіл

Д).Міндетті тіл

Е).Халықаралық тіл



716. 1991 жылғы 2 қазандағы тарихи оқиға:

А).Ғарышқа қазақ азаматының ұшуы

В).Тәуелсіздік

С).Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға мүше болуы

Д).Теңгенің айналымға енуі

Е).КСРО-ң ыдырауы



717. Астананы Ақмола қаласына ауыстыру жөніндегі Президент Жарлығы шыққан уақыт:

А).1995 жылы қыркүйекте

В).1997 жылы қазанда

С).1994 жылы желтоқсан

Д).1992 жылы маусымда

Е).1996 жылы тамызда



718. 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық президент сайлауымен бірге вице-президентті сайлады вице-президент кім болды?

А).Е. Асанбаев

В).О. Сүлейменов

С).С. Әбділдін

Д).Ғ. Байназаров

Е).Қ. Сұлтанов



719. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары қай жылы бекітілген?

А).1992 ж.

В).1994 ж.

С).1993 ж.

Д).1990 ж.

Е).1991 ж.



720. 1992 жылы қоғамның бірігіуі мен халықтар достығын нығайтуда маңызды орын алған:

А).Қазақстан халықтарының форумы

В).Қоғамдық-саяси қозғалыстар

С).Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы

Д).Халық депутаттарының съезі

Е).Жергілікті Кеңестер



721. Қазақ КСР-і қашан Қазақстан Республикасы деп жарияланған?

А).1991 жылы 10 желтоқсан

В).1992 жылы 16 желтоқсан

С).1990 жылы 25 қазан

Д).1991 жылы 25 ақпан

Е).1992 жылы 12 наурыз



722. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті қашан алғаш рет жалпы халықтық сайлауда сайланған?

А).1991 жылы 1 желтоқсан

В).1992 жылы 4 қазан

С).1990 жылы 12 сәуір

Д).1991 жылы 12 қараша

Е).1993 жылы 1 мамыр



723. Қазақ КСР-і Жоғары кеңесі қашан Президенттік басқару жүйесін енгізді және алғашқы Президент қашан сайланды?

А).1990 жылы 24 сәуір

В).1990 жылы 16 желтоқсан

С).1993 жылы 12 қараша

Д).1991 жылы 4 мамыр

Е).1989 жылы 27 қыркүйек



724. Қазақстан жоғары оқу орындарының студенттеріне 1995 жылдан бастап АҚШ-тың, Батыс Европаның оқу орындарында білім алуға мүмкіндік берген бағдарлама:

A). “Болашақ”

B). “Әділет”

C). “Бөбек”

Д).“Ақ бота”

E). “Атамекен”



725. «Қазақстан-2030» стратегиясы бойынша Республикада макроэкономиканы тұрақтандыру үшін не істеу керек?

A). Мемлекеттік бюджет тапшылығын қысқарту, қатаң монетарлық және несие саясатын жүргізу

B). Бағаны босату

C). Салық саясатын реформалау

Д).Кедендік істерді реттеу

E). Салық полициясын құру



726. ҚР Президентінің халыққа Жолдауы (Қазақстан-2030) бойынша, қазіргі Қазақстанның күшті жағын көрсететін ең басты жетекші фактор

A). Адамдар, олардың ерік-жігері, білім-білігі мен күш-қуаты

B). Қазақстан жерінде космодромның болуы

C). Көп мөлшердегі кәсіпорындар

Д).Табиғи ресурстар

E). Жер көлемі



727. Қазақстан Республикасында ұлттық валюта - теңге қашан енгізілді?

A). 1993 жылы қарашада

B). 1990 жылы қарашада

C). 1991 жылы қарашада

Д).1992 жылы қарашада

E). 1994 жылы қарашада



728. Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясы қашан қабылданды?

А).1993 жылы 28 қаңтар

В).1994 жылы 4 сәуір

С).1993 жылы 25 қазан

Д).1992 жылы 5 мамыр

Е).1991 жылы 5 қараша



729. Қазақстан Республикасының екінші Конституциясы қашан қабылданды?

А).1995 жылы 30 тамыз

В).1994 жылы 4 сәуір

С).1995 жылы 25 қазан

Д).1995 жылы 5 мамыр

Е).1997 жылы 5 қараша



730. Қазақстан Республикасының екінші Конституциясы сайлаудың қай түріне қабылданған?

А).Жалпы халықтық референдум

В).Жоғары кеңестік сессиясында

С).Президенттік сайлауда

Д).Жергілікті сайлауда

Е).Аймақтық сайлауларда



732. Президенттің Жолдауындағы (2030) пікірі бойынша қазіргі кездегі республикада ауыр жүктерді тасуда қандай транспорт түрінің ролі зор?

A). Темір жол

B). Құбыр желісі

C). Әуе


Д).Теңіз

E). Автомобиль



733. Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы қанша басымдылықтардан тұрады

А).7


В).5

С).8


Д).4

Е).9


737. Президент Қазақстан халқына жылына неше рет Жолдау арнайды

А).Бір рет;

В).Жарты жылда бір рет;

С).Екі жылда бір рет;

Д).Әр ай сайын;

Е).Үш айда бір рет;



739. Қазақстан Республикасы ОБСЕ-ге қай жылы төраға болды?

А).2010 ж.

В).2009 ж.

С).2008 ж.

Д).2007 ж.

Е).2006 ж.



жүктеу 2,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау