дүниежүзілік өркениетті қоғамның құрылуы процесі мен байланысының жан-жақты және
объективті заңдылығының мағынасын ұғыну
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары):Археология ғылымының жалпы даму тарихымен
таныстыру. Археологиялық мәдениет және этнос мәселесі. Археологиялық деректерді
талдау және жіктеу. Археологиялық зерттеулердің құрылымы. Далалық жазба жүргізу
және оның маңызы. Жіктеудің түрлері. Археологиялық түрлік әдістің шығуы. Пән
география, мәдениеттану, тарих, тіл, антропология пәндерімен тығыз байланыста
оқытылады.
Күтілетін нәтижелері. Білім алушы өз беттерінше деректанулық және тарихнамалық
зерттеу жұмыстарын жүргізуге білу. Даму процесіндегі өзара детерминизімін толық игеру,
әртүрлі тарихи кезеңдегі мәдениеттің өзара әрекеттесуі мен өзгері принциптерін білу
Пререквизит: Алғашқы қоғам тарихы, Археология, Қазақстан археологиясы,
Антропология
Постреквизит: Ежелгі дүние тарихы,
Қазақстанның ежелгі тарихы.
Оқытушы: т.ғ.к., доцент Юлдашева Ф
5.1 Пән атауы: Алғашқы қауымдық қоғам тарихы (2 кредит, 90 сағат)
Оқытудың мақсаты Курстың негізгі мақсаты – студенттерді адамзат өмірінің
бастапқы кезеңін құрайтын алғашқы қоғам тарихымен таныстыру. Осы иән барысында
олар адамның пайда болуы және эволюциясы, қоғамдық қатынастардың қалыптасуы,
материалдық және рухани мәдениеттің пайда болуы және дамуы, алғашқы қоғамның
көркеюі, оның ыдырау себептері сияқты көптеген маңызда мәселелер бойынша ғылыми
мәліметтермен танысуға мүмкіндік алады.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары) Алғашқы қоғам деп аталатын адамзат
тарихының ең ежелгі кезеңі бірнеше миллион жылдарды қамтиды. Осы уақыт аралығында
жаңа физикалық келбеттегі адамның қоғамның өндіргіш күштерінің, әлеуметтік және
жанұялық-некелік институттардың қалыптасуы болып өтті, негізгі нәсілдік және
антропологиялық түрлер, халықтар және тілдер пайда болды. Осы ғылымдардың
мәліметтерін жинақтау қорытындылары алғашқы қоғамды жан-жақты реконструкциялау
мүмкіндігін береді.
Күтілетін нәтижелері Алғашқы тарих басқа тарихи пәндерден әртүрлі ғылымдар, бірінші
кезекте археология, этнология және палеоантропология тарапынан алынған деректер
мәліметтеріне негізделгенімен бөлініп тұрады. Алғашқы мәселелерді зерттеуде басқа
гуманитарлық және табиғи – тарихи ғылым салалары – лингвистика, жазба,
палеогеография, геология, археозоология, археоботаника, физика және химия мәліметтері
кең пайдаланылады.
Пререквизит: Пед мамандыққа кіріспе
Постреквизит: Ежелгі дүние тарихы,
Қазақстанның ежелгі тарихы.
Оқытушы: т.ғ.к., доцент Жанысбеков Ә.
5.2 Пән атауы: Тас дәуірі (2 кредит, 90 сағат)
Оқытудың мақсаты Тас дәуірі ғылымындағы туындайтын іргелі мәселелерді,
олардың негізгі танымын, археологиялық зерттеулерді жүргізу ерекшеліктерін игере білуі
керек; археология және палеолит саласындағы базалық теорияларын, археология тарихын,
археологиялық зерттеуді жүргізу әдістерін, археология саласындағы теориялық және
қолданбалы зерттеулердің негіздерін игере білуі қажет.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары) Тас дәуірі курсы дүниежүзінде
орналасқан тас ғасыры ескерткіштері мен мәдениеттерін зерттеу, тас ғасырындағы тас
өңдеу техникаларының орын алуы, ежелгі адамдардың пайда болуы мен тас дәуірінің
мерзімдері мен кезеңдеулері мәселелерін қарастырады. Сонымен қатар осы
территориялардағы ескерткіштер туралы мәліметтер беріледі. Жалпы, тас дәуірінің
14
ескерткіштерінің бүкіл әлемдік адамзат тарихы археологиясындағы алатын орны
айқындап көрсетіледі
Күтілетін нәтижелері 1.Әлемдегі тас ғасырының ескерткіштері туралы мәлімет
беру.
2.Еуразия даласындағы тас ғасыр қоныстарының құрылымы туралы мәлімет алады.
3.Тас ғасырындағы тасты қашау техникасы туралы білім алады.
4.Тас ғасырының мәдениеттерінің сипаттамалары беріледі.
5.Салыстырмалы- тарихи анализ, типология;
6.Тарихи қорытынды жасай білу.
Пререквизит: Алғашқы қоғам тарихы, Археология, Қазақстан археологиясы,
Антропология
Постреквизит: Ежелгі дүние тарихы,
Қазақстанның ежелгі тарихы.
Оқытушы: т.ғ.к., доцент Жанысбеков Ә.
5. 3 Пән атауы: - Теориялық археология және этнология
2 кредит, 90 сағат)
Оқытудың мақсаты Адам баласының пайда болуы туралы, оларда қандай еңбек
құралдары болғаны, олар қалай аталған және тас дәуірінің үшке бөлінгендігі туралы
түсінік беру
студенттерге алғашқы қауымдық құрылыс заманында Қазақстан жерін мекендеген
тұрғындардың шаруашылығы, материалдық және рухани мәдениетін оқытып үйрету
арқылы еліміздің түрлі аймақтарында өмір сүрген тайпалардың тіршілігі туралы біртұтас
ұғым ретінде қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары) Алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі
қоныстар, жерлеу орындары, кенiштерi, тастағы суреттерi. Археологиялық жәдiгерлердiң
өзiн не болмаса суретiн көрсете отырып талдау арқылы iске асады. Ежелгі дәуiрiнiң
қонысытары, қазбадан шыққан заттар. Кей сабақтарын музей экспозициялары,
экспонаттарын пайдалану. Алғашқы қауымдық дәуірдің Қазақстанның көне заман
тарихында маңызы.
Күтілетін нәтижелері Ғылыми ойлауды, өз ойын жеткізе алуды меңгеру Ежелгі дәуірінің
мәдениеттерінің Қазақстан мен оған шектес территориялардан табылған ескерткіштермен
таныстыра білу; Қазақстан жеріндегі ежелгі дәірінің мәдениетінің археологиялық
ескерткіштердің орналасуын сипаттай білу; болашақ археологтарды ежелгі тұрғындардың
материалдық мәдениетінің негізгі ерекшеліктерін айқындауға үйрену; Қазақстан жеріндегі
ежелгі дәуірі адамдардың қарулары мен құрал-саймандарының жасалу жолдарын
айқындау білу.
Пререквизит: Алғашқы қоғам тарихы, Археология, Қазақстан археологиясы,
Антропология
Постреквизит: Ежелгі дүние тарихы,
Қазақстанның ежелгі тарихы.
Оқытушы: т.ғ.к., доцент Тапалов Д
6.1 Пән атауы: Этнология (2 кредит, 90 сағат)
Оқытудың мақсаты: Студенттерге этнология ғылыми пән ретінде халықтардың
пайда болуын, этностың ерекше нимандарын-тілін, діни сенімдерін, әлем халықтарының
өзіне тән отбасылық және неке құру салтттарын, тұрғын үй жайларын, ұлттық киімдерін
т.б. зерттейді.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары). Этнология пәні және міндеттері.
Географиялық, мәдени-шаруашылықты, нәсілдік, лингвистикалық, конфессиялық жіктеу.
Әдістері және методологиясы.. Австралия және Океания халықтары. Азия халықтары.
Этногенез және этникалық тарих. Континент халықтарының жалпы қабылданған
жіктелісі. Шаруашылығы, материалдық мәдениеті. Қоғамдық тұрмыс. Отбасы, неке
қатынасы. Рухани мәдениет және халықтық творчество. Дін. Наным. Европа халықтары.
Батыс, орталық, Солтүстік және Оңтүстік, Европа халықтары. Этногенез және этникалық
15