Тақырыбы: Тілдердің препроцессорлық құралдары, макроанықтамалар және макрокеңейтулер. Стандартты кітапханаларды қолдану. Объектіге бағытталған программалау кластар және әдістер түсінігі және сипаттамасы.
Лекция жоспары:
Стандартты кітапханаларды қолдану
Тілдердің препроцессорлық құралдары
Объектіге бағытталған программалау кластар және әдістер түсінігі
Лекция мазмұны
1. Стандартты кітапханаларды қолдану
Турбо Паскальда 8 стандартты модуль бар. Оларда кӛптеген әртүрлі типтер, тұрақтылар, процедура мен функциялар бар. Бұл модульдер: SYSTEM, DOS, CRT, PRINTER, GRAPH, OVERLAY, TURBOS , GRAPHS.
GRAPH, TURBOS және GRAPHS модульдері жеке TPU-файлдарға бӛлінген, ал қалғандары TURBO.TPL библиотекалық файлына енгізілген. Тек бір модуль SYSTEM ғана кез-келген программаға автоматты түрде қосылады, ал қалғандарына USES-те жарияланғаннан кейін ғана қол жеткізуге болады.
Тӛменде стандатты модульдердің қысқаша сипаттамасы келтіріледі.
SYSTEM модулі. Оған стандартты Паскальдың барлық процедуралары мен функциялары енеді, сонымен бірге басқа стандартты модульдерге енбеген встроенный(қоса салынған) процедуралар мен функциялар да енеді(мысалы, INC, DEC, GETDIR т.с.с.). Бұл модуль USES-те жарияланбаса да кез-келген программаға қосылады. Сондықтан, оның глобал тұрақтылары, айнымалылары, кӛмекші программалары Турбо Паскалға қоса салынған (встроенный) деп есептеледі.
PRINTER модулі. Тексттерді принтерден шығаруға мүмкіндік береді. Бұл модульде TEXT типті LST файлдық айнымалысы анықталады. Ол логикалық PRN құрылысымен байланыстырылады. Модульді қосқаннан кейін мысалы, мынадай программа орындалу мүмкін:
Uses Printer; begin
writeln (LST, 'Турбо Паскаль') end.
CRT модулі. Тексттік режимдегі экранды басқаруға арналған процедуралар мен функциялар жинақталған. Модульге енгізілген кӛмекші программалар арқылы курсорды экранның қалаған позициясына жылжытуға, шығарылатын символдардың түсін олардың айналасындағы фон түсін ӛзгертуге, терезелер құруға болады. Бұлардан бӛлек модульге клавиатураны «кӛзсіз» оқу және дыбысты басқару процедуралары енгізілген.
GRAPH модулі. Графикалық режимдегі экранды басқаруға арналған процедуралар мен функциялар, тұрақтылар мен типтерге ие. Модульге енгізілген кӛмекші программалар арқылы әртүрлі графикалық бейнелер құруға және экранға тексттік жазбаларды стандартты немесе программист дайындаған шрифтпен шығаруға болады. Кӛмекші программалар сәйкес баптаулар жасаған соң түрлі типтегі графикалық аппараттарды қолдай алады. Баптау жасау арнайы программа-драйверлермен жүзеге асырылады. Олар GRAPH. TPU файлына енбейді, бірақ солармен бірге қойылады.
DOS модулі. Модульде MS- DOS операциялық жүйесінің дисктік құралдарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін процедуралар мен функциялар жинақталған.
OVERLAY модулі. Ол қиылыса жабуды қолданатын ірі программаларды дайындауда қажет болады. Турбо Паскаль ұзындығы ДК-ң негізгі оперативті жадысымен ғана шектелетін программаларды құруға мүмкіндік береді. MS-DOS операциялық жүйесі орындалатын программаға негізгі жадыдан шамамен 580 кбайт қалдырады(Турбо Паскаль жүйесі мен резидентті программаларды есепке алмағанда). Мұндай кӛлемдегі жады кӛбінесе жеткілікті, сонда да, қиылыса жабуды қолданатын программалар үшін мұндай шектеме жоқ.
TURBO3 и GRAPH3 модульдері Турбо Паскальдің алдыңғы 3.0 версиясымен үйлесімді болуы үшін енгізілген.
Достарыңызбен бөлісу: |