Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерініңақпараттық-құқықтық жүйесі



жүктеу 378,5 Kb.
бет3/3
Дата03.02.2020
өлшемі378,5 Kb.
#28087
1   2   3

17-бап. Біліктілік талаптары

      1. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтар белгіленген біліктілік талаптарына сай болуға тиіс.

      2. Мемлекеттік саяси лауазымдарға біліктілік талаптары белгіленбейді.

      3. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын Қазақстан Республикасының Президентi бекітеді.

      4. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің негізгі бағыттары, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктері ескеріліп әзірленеді.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын мемлекеттік лауазымдарға тағайындау құқығы бар лауазымды адам (орган), егер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде өзгеше көзделмесе, уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен келісу бойынша мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын үлгілік біліктілік талаптарының негізінде бекітеді.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын уәкілетті орган бекітеді.

      5. Құқық қорғау органдарында мемлекеттік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

18-бап. Мемлекеттік қызметке кіру кезінде қабылданатын шектеулер

      Мемлекеттік қызметке қабылдану кезінде азаматтар өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін және соған негізделген беделін жеке басының, топтық және өзге де қызметтік емес мүдделерде пайдалануға алып келуі мүмкін әрекеттерді болғызбау мақсатында өзіне осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдайды.

      Бұл шектеулерді персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік қызметке қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша нысанда тіркейді.

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдамау мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тартуға немесе қызметтен шығаруға әкеп соғады.

19-бап. Арнайы тексеру

      1. Мемлекеттiк қызметке алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметке оны тоқтатқаннан кейiн қайтадан кіретін азаматтар осы Заңға және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметке кiру шарттарына сәйкестігі тұрғысынан ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін арнайы тексерудің оң нәтижелерін алуы қажет.

      Арнайы тексеруді жүргізу мерзімі үш айға дейінгі уақытты құрайды.

      2. Осы Заңға сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметке кіретін азаматтар арнайы тексерудің нәтижелері алынған күнге дейiн мемлекеттік әкiмшiлiк лауазым бойынша көзделген мiндеттердi уақытша атқарады.

      Олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледi.

      Арнайы тексеруді жүргізу кезеңінде бұл азаматтарға мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен жауаптылығы, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер бөлігінде осы Заңның ережелері қолданылады. Бұл азаматтардың құқықтары еңбек шартында айқындалады.

      Жұмысқа қабылдау мемлекеттік органның актісімен ресімделеді.

20-бап. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiндегi сынақ мерзімі

      1. Мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметке оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген мемлекеттік қызметшілер үшін олардың атқаратын мемлекеттік лауазымдарына сәйкестігін тексеру мақсатында сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімінен өту туралы шарттар мемлекеттік органның мемлекеттік лауазымға тағайындау туралы актісінде көзделеді.

      Мемлекеттік саяси қызметке, "А" корпусының мемлекеттік əкімшілік қызметіне кірген мемлекеттік қызметшілер, сайлау қорытындылары бойынша тағайындалған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ əкімдері үшін сынақ мерзімі белгіленбейді.

      Құқық қорғау органдарына қызметке кірген мемлекеттік қызметшілер үшін сынақ мерзімі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.

      2. Сынақтан өтуші мемлекеттік қызметшілердің дәлелдi себептермен жұмыста болмаған кезеңдері сынақ мерзiмiне есептелмейдi.

      3. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш рет кірген, сондай-ақ "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген мемлекеттік қызметшілер үшін сынақ мерзімі үш айды құрайды.

      Сынақ мерзімінің нәтижесi қанағаттанарлықсыз болғанда сынақ мерзімі мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) не ол уәкілеттік берген лауазымды адамның шешімі бойынша кейіннен қайта ұзартылмайтын үш айға ұзартылады.

      "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін сынақ мерзімінің нәтижелерi бойынша қызметтен шығару уәкiлеттi органмен немесе оның аумақтық бөлiмшесімен келiсу бойынша жүзеге асырылады.

      4. Сынақ мерзімі кезеңінде, оның ішінде оны ұзартқан кезде мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген мемлекеттік қызметшілерге тәлімгерлер бекітіледі.

      5. Сынақ мерзімінен өтудің тәртібі мен шарттарын және тәлімгерлерді бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2018 № 163-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

21-бап. Мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауы

      1. Антты:

      1) мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген мемлекеттік қызметшілер;

      2) мемлекеттік қызметке оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген мемлекеттік қызметшілер қабылдайды.

      Мемлекеттік қызметшілердің ант беру тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

      2. Мемлекеттік қызметші әкімшілік немесе өзге мемлекеттік лауазымнан мемлекеттік саяси лауазымға ауысуы кезінде ант береді.

      3. Мемлекеттік саяси қызметшілер әкімшілік немесе өзге мемлекеттік қызметке ауысқан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне ант беруді көздейтін мемлекеттік лауазымдарды қоспағанда, басқа мемлекеттік саяси лауазымдарға тағайындалған немесе сайланған жағдайда қайта ант бермейді.

4-тарау. "А" КОРПУСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІНЕ КІРУ
ЖӘНЕ ОНЫ ӨТКЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

22-бап. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу

      1. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын белгіленген арнайы біліктілік талаптарына және осы Заңда белгіленген өзге де талаптарға сай келетін азаматтар қатарынан жүзеге асырылады.

      "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуді уәкілетті комиссия Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.

      2. Уәкілетті орган "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен уәкілетті комиссия ұсынған азаматтар қатарынан қалыптастырады.

      "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынған азаматтарды "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына тағайындау құқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уәкілеттік берген лауазымды адам "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізбестен тағайындай алады.

23-бап. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурс

      1. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін конкурс өткізілуі мүмкін.

      2. "А" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынған азаматтар қатарынан жүзеге асырылады.

      Конкурсты осы мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уәкілеттік берген лауазымды адам жүзеге асырады.

      "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға арналған конкурс уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын тәртіппен өткізіледі.

24-бап. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен жасалатын еңбек шарттары

      Адамды "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындау кезінде онымен еңбек шарты жасалады.

      "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісімен еңбек шартын мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уәкілеттік берген лауазымды адам (орган) жасайды.

      "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісімен еңбек шартын жасау, ұзарту және бұзу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

24-1-бап. "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мансаптық жоспарлау

      "А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін мансаптық жоспар құрылады.

      А" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін мансаптық жоспарлау тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

      Ескерту. 4-тарау 24-1-баппен толықтырылды - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

25-бап. Мемлекеттік лауазымды "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына өзгерту

      1. Мемлекеттік лауазым "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына өзгертілген жағдайда:

      1) мемлекеттік лауазымды "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервінде тұрған адам конкурстық іріктеу негізінде алмастырады;

      2) мемлекеттік лауазымды алмастыру мерзімін уәкілетті комиссия белгілейді;

      3) осы мемлекеттік лауазымды атқаратын мемлекеттік қызметші мемлекеттік лауазым осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес алмастырылғанға дейін осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген мерзім өткенге дейін жұмысын жалғастыруға құқылы.

      2. Мемлекеттік лауазымы "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына өзгертілген мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік орган оның біліктілігіне сәйкес және бос орынның болуына қарай мемлекеттік лауазым ұсынады.

      Мемлекеттік қызметші жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда қызметтен шығарылуға тиіс. Бұл ретте мемлекеттік орган кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік қызметшіге төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлейді.

5-тарау. "Б" КОРПУСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМЫНА
ОРНАЛАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

26-бап. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін немесе қайтадан кіретін азаматтарды іріктеу

      "Б" корпусының мемлекеттік лауазымдарына алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кіретін азаматтар мынадай іріктеу кезеңдерінен өтеді:

      1) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тесттен өту;

      2) уәкілетті органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерін бағалату;

      3) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған жалпы конкурс.

      Осы Заңда көзделген жағдайларда, сондай-ақ жергілікті өкілді органдардың тағайындауы немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес сайлау тəртібімен "Б" корпусының мемлекеттік лауазымдарына конкурстан тыс тəртіппен алғаш рет кіретін немесе қайтадан кіретін азаматтарға көрсетілген іріктеу кезеңдері қолданылмайды.

      Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2018 № 163-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

27-бап. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурс

      1. "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымына орналасуға конкурс мынадай түрлерден тұрады:

      1) азаматтар арасындағы жалпы конкурс;

      2) мемлекеттік қызметшілер арасындағы ішкі конкурс.

      2. Конкурс мынадай бірқатар жүйелі кезеңдерді қамтиды:

      1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;

      2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттар қабылдау;

      3) мемлекеттік органның конкурстық комиссиясын не бірыңғай конкурстық комиссияны құру;

      4) конкурсқа қатысушылардың құжаттарын белгіленген біліктілік талаптарына сай болуы тұрғысынан қарау;

      5) конкурсқа қатысушылармен мемлекеттік органның конкурстық комиссиясы өткізетін әңгімелесу;

      6) мемлекеттік органның конкурстық комиссиясының қорытындысы.

      Конкурс өткізудің тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      3. Орталық мемлекеттік органдарда, ведомстволарда және олардың аумақтық бөлімшелерінде конкурс өткізу кезінде хабарландырулар орталық мемлекеттік органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады. Хабарландыруларды Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспа басылымдарында жариялауға жол беріледі.

      Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда конкурс өткізу туралы хабарландырулар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады. Хабарландыруларды тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімді басылымдарда жариялауға жол беріледі.

      Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) құрылған жағдайда хабарландырулар өзі соның құрылымында тұрған мемлекеттік органның интернет-ресурсында да орналастырылады.

      4. Егер конкурс "Б" корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына өткізілсе, осы шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілуге тиіс.

      5. Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушының "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттiк әкiмшілiк лауазымына орналасуға құқығы бар. Тағайындау құқығы бар лауазымды адам оны жарияланған мемлекеттік лауазымға қабылдауға мiндеттi. Бұл ретте Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген талаптар сақталуға тиiс.

      6. Конкурстық комиссияның шешiмiне қатысты уәкілетті органға не сотқа шағым жасауға болады.

28-бап. Жалпы конкурс

      1. Жалпы конкурс "Б" корпусының бос немесе уақытша бос болып табылатын төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына, сондай-ақ осы Заңның 29-бабының 2-1 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларда төменгі лауазым болып табылмайтын өзге бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін өткізіледі.

      2. "Б" корпусының төменгі болып табылмайтын өзге де бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін жалпы конкурс орталық атқарушы органда не оның ведомствосында уәкілетті органмен келісу бойынша, ал орталық мемлекеттік органның немесе оның ведомствосының аумақтық бөлімшесінде не жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органда уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша өткізіледі.

      Осы Заңның 29-бабында көзделген ішкі конкурс өткізу жөніндегі талаптардың сақталмауы жалпы конкурс өткізуден бас тартуға негіз болып табылады. Келісу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      3. Жалпы конкурсқа қатысуға тест рәсімдерінен алдын ала өткен және уәкілетті орган белгілеген мәндерден төмен емес нәтижелері бар азаматтар жіберіледі.

      Тест нәтижелеріне шағым жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      Мемлекеттік қызметке кіру кезінде конкурстық комиссия Қазақстан Республикасы азаматтарының қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық кеңестер, үкіметтік емес ұйымдар жұмысына қатысқанын, волонтерлік, қайырымдылық қызметті жүзеге асырғанын ескереді.

      4. Уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері қорытынды бере отырып, азаматтардың жеке қасиеттерін бағалауды жүргізеді. Азаматтардың жеке қасиеттерін бағалауды жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Азаматтардың жеке қасиеттерін бағалау нәтижелерін конкурстық комиссия шешім қабылдау кезінде ескереді.

      Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 20.12.2016 № 33-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

29-бап. Ішкі конкурс

      1. "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін мемлекеттік орган осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізеді, оған оның ведомствосының, аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері де, сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметiнің құқықтық негіздерін, сондай-ақ оның жұмысын ұйымдастыру тәртібiн белгілейтін заңда айқындалған өзге де адамдар қатысуға құқылы.

      Персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) немесе бірыңғай конкурстық комиссия құрылған жағдайда ішкі конкурс аталған қызмет немесе комиссия солар үшін құрылған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізіледі.

      2. Конкурстық комиссияның немесе бірыңғай конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылар болмаған кезде барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізіледі.

      "Б" корпусының бос немесе уақытша бос болып табылатын төменгі мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін ішкі конкурс өткізілмейді.

      2-1. Егер осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізген кезде конкурстық комиссияның немесе бірыңғай конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған қатысушы болмаса, уәкілетті орган айқындайтын жағдайларда мемлекеттік орган барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізбестен, жалпы конкурс өткізе алады.

      Бұл ретте жалпы конкурсқа қатысатын мемлекеттік қызметшілер мен осы баптың 5-тармағында аталған адамдар тестен және жеке қасиеттерін бағалаудан өтпейді.

      3. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында конкурстық комиссияның немесе бірыңғай конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған конкурсқа қатысушылар болмаған жағдайда осы Заңның 28-бабына сәйкес жалпы конкурс өткізіледі.

      4. Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің немесе кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен орналасуға жол беріледі.

      Аталған адамдардың мемлекеттік органның, аумақтық бөлімшелерін қоса алғанда, оның ведомствосының ішінде одан кейінгі ауысуларына жол берілмейді.

      "Б" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілмей, ауысу тәртібімен орналасу Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен өзге де жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.

      Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшесінің келісімі ауысудың шарты болып табылады.

      4-1. Мемлекеттік орган құрылған кезде осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізілмейді.

      5. Адам мемлекеттік әкімшілік қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаса, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаса, ішкі конкурстың немесе осы баптың 2-1-тармағына сәйкес өткізілген жалпы конкурстың қорытындысы бойынша "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға құқылы.

      РҚАО-ның ескертпесі!


      5-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқаенгізіледі).

      Мұндай жағдайларда осы адамға міндетті арнайы тексеруден өту туралы, сынақ мерзімін белгілеу туралы және кірістері мен өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы декларацияны өзінің бұрынғы жұмыс орны бойынша тапсырған жағдайда оны ұсыну туралы талаптар қолданылмайды.

      Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.12.2016 № 33-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

30-бап. Мемлекеттік лауазымға тағайындау

      1. Азаматтарды мемлекеттік лауазымдарға тағайындауды және мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік лауазымдардан босатуды лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес осындай құқығы бар лауазымды адам (орган) не өзіне осындай өкілеттіктер берілген өзге де лауазымды адам (орган) жүзеге асырады.

      2. Азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруін ресімдеу кезінде мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

      3. Персоналды басқару қызметтері (кадр қызметтері) мемлекеттік қызметшілерге қызметтік тізімді толтырады. Қызметтік тізім нысанын уәкілетті орган бекітеді.

      4. Мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылатын қызметтік куәлік беріледі.

      Қызметтік куәлікті беру тәртібін, оның сипаттамасын мемлекеттік орган бекітеді.

6-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ӨТКЕРУ

31-бап. Лауазымдық нұсқаулықтар

      Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және өзге де заңнамасында белгіленгендерден туындайтын лауазымдық өкілеттіктері және жауаптылығы біліктілік талаптары негізінде айқындалады және лауазымдық нұсқаулықтарда көрсетіледі.



      Лауазымдық нұсқаулықтарды мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам бекітеді және олардың орындалуы мемлекеттік лауазымға жүктелетін нақты функциялар тізбесін қамтиды.

      Лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу мен бекіту тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

32-бап. Жұмыс уақыты

      1. Мемлекеттiк қызметшiлердiң жұмыс уақытының ұзақтығы осы Заңда көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес айқындалады.

      2. Мемлекеттік қызметшілер үшін екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы белгіленеді.

      3. Мемлекеттік органдар бекітетін мемлекеттік қызметшілердің еңбек тәртіптемесі қағидалары жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимін белгілейді.

      4. Шұғыл, күнi бұрын болжанбаған жұмыстарды орындау үшiн мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақытынан тыс істелетін жұмысқа, демалыс және мереке күндерiндегі жұмысқа тартылуы мүмкiн.

      Осы тармақта көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметшіге демалыс күндері (сағаттары) беріледі немесе жұмысына мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу жүйесіне сәйкес өтемақы төленеді.

33-бап. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалау

      1. Мемлекеттік қызметшілер жұмысының тиімділігі мен сапасын айқындау мақсатында олардың жұмысын бағалау жүргізіледі.

      Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізудің тәртібі мен мерзімдерін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

      Мемлекеттік қызметшілердің жұмысын бағалаудың нәтижелері бонустарды төлеу, көтермелеу, оқыту, ротациялау, мемлекеттік лауазымын төмендету не қызметтен шығару жөніндегі шешімдерді қабылдауға негіз болып табылады.

      2. Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын уәкілетті адам (орган) жүргізеді.

      3. Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының жұмысын бағалауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүргізеді.

      4. "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалауды "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам (орган) жүргізеді.

      "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін уәкілетті орган бекітеді.

      "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің қанағаттанарлықсыз бағасы уәкілетті комиссиямен келісу бойынша онымен жасалған еңбек шартын бұзуға негіз болып табылады.

      5. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жұмысын бағалауды "Б корпусының әкімшілік қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адам құратын бағалау жөніндегі комиссия жүргізеді.

      Мемлекеттік органдар уәкілетті орган бекіткен үлгілік әдістеменің негізінде "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің жұмысын бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді.

      6. "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің қатарынан екі жыл бойы қанағаттанарлықсыз баға алуы ол біліктілік талаптарына сай келген және төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болған кезде оның мемлекеттік лауазымын төмендетуге әкеп соғады.

      Төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған кезде мемлекеттік қызметшіге басқа бос мемлекеттік лауазым ұсынылады.

      Бос мемлекеттік лауазым болмаған немесе мемлекеттік қызметші ұсынылған мемлекеттік лауазымнан бас тартқан кезде мемлекеттік қызметші атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығарылады.

      7. Мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзінің жұмысын бағалау нәтижелеріне қатысты шағым жасауға құқылы.

34-бап. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту

      1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді оқыту мемлекеттік қызметшілерді даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтиды.

      Мемлекеттік қызметшілерді даярлау – жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша академиялық және ғылыми дәреже алуға арналған оқу процесі.

      Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау – қосымша кәсіби білім алуға арналған оқу курстары.

      Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру – олардың құзыретін жетілдіруге арналған оқыту семинарлары.

      2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үш жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттырудан өтеді.

      3. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында және олардың филиалдарында, сондай-ақ өңірлік қайта даярлау және біліктілікті арттыру жөніндегі орталықтарда жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайды.

      Ескерту. 34-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

35-бап. Көтермелеу

      1. Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың жұмысын бағалаудың нәтижелері бойынша қолданылады.

      Мемлекеттік қызметшілерге мынадай көтермелеулер қолданылуы мүмкін:

      1) біржолғы ақшалай сыйақы беру;

      2) алғыс жариялау;

      3) бағалы сыйлықпен марапаттау;

      4) грамотамен марапаттау;

      5) құрметті атақ беру;

      6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.

      2. Нақ сол ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге бір ғана көтермелеу қолданылуы мүмкін.

      Көтермелеулерді қолдану тәртібі мемлекеттік органдардың актілерінде белгіленеді.

      3. Мемлекеттік қызметшілерді ерекше еңбек сіңіргені үшін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсынуға болады.

36-бап. Мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамасы

      Мемлекеттік қызметшілердің тұрақты жұмыс орнынан тыс жерде кәсіби білім алуы мен тәжірибе жинақтауы мақсатында мемлекеттік органдардың жолдамасы бойынша олардың тағылымдамасы өткізіледі. Тағылымдамадан өту кезеңінде мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) және жалақысы сақталады.

      Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тағылымдамасы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

37-бап. Мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету

      1. Мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету олардың бiлiктiлiгi, құзыреттері, қабілетi, сiңiрген еңбегi және өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн адал орындауы ескеріліп жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік органда мемлекеттік қызмет бабында ілгерілеу мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген жоғары тұрған мемлекеттік лауазымдарға сатылап көтеріліп орналасуды көздейді.

      Басқа мемлекеттік органдардағы жоғары тұрған мемлекеттік лауазымдар болып оларға неғұрлым жоғары біліктілік талаптары қойылатын, ал біліктілік талаптары тең болған кезде – неғұрлым жоғары жалақы белгіленген мемлекеттік лауазымдар түсініледі.

      3. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бір жыл ішінде немесе оның мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін алынбаған тәртiптiк жазасы болған кезде мемлекеттік лауазымға ауысу тәртiбiмен, сондай-ақ конкурстардың қорытындылары бойынша орналасуына жол берiлмейдi.

38-бап. Міндеттерді уақытша жүктеу

      1. Қызметтік қажеттілікке байланысты мемлекеттік қызметшіге атқаратын мемлекеттік лауазымынан босатпай, осы Заңда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, басқа мемлекеттік лауазымның міндеттері уақытша жүктелуі мүмкін.

      2. Мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік лауазымдарды уақытша қоса атқарғаны және уақытша болмаған мемлекеттік қызметшінің міндеттерін атқарғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қосымша ақы белгіленеді.

      Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

39-бап. Мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, шетелдегі мекемелеріне және өзге де ұйымдарға іссапарға баруы

      1. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік органдардың алдына қойылған міндеттерді орындау мақсатында олардың бірінші басшыларымен келісу бойынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, шет елдердегі мекемелеріне және өзге де ұйымдарға іссапарға жіберілуі мүмкін.

      2. Іссапарға барған мемлекеттік қызметшілердің бұрынғы жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы), сондай-ақ осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген құқықтары, кепілдіктері, жеңілдіктері, өтемақылары, үстемеақылары, төлемдері, зейнетақымен қамсыздандырылуы және әлеуметтік қорғалуы сақталады.

      Ескерту. 39-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

40-бап. Мемлекеттік қызметшілердің әскери қызметке шақырылуы

      Мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылған жағдайда оларға мерзімді әскери қызмет кезеңінде жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі және олардың жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) сақталады.

41-бап. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді ротациялау

      1. Мемлекеттік қызметті өткеру кезінде кәсіби әлеуеттің неғұрлым тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді ротациялау жүзеге асырылады.

      "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін ротациялау деп мансаптық жоспарлау шеңберінде оларды "А" корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік лауазымдарына не "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері арасындағы лауазымдық орын ауыстырулар түсініледі.

      Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастырудың тәртібін айқындайтын заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін ротациялау деп "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері арасындағы лауазымдық орын ауыстырулар түсініледі.

      2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастырудың тәртібін айқындайтын заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ротация жүргізудің тәртібі мен мерзімдерін, ротациялауға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

      Басқа жерге ротациялау кезінде мемлекеттік әкімшілік қызметшілер "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жекешелендіру құқығынсыз қызметтік үй-жаймен қамтамасыз етіледі.

      Егер Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ жұмысын ұйымдастырудың тәртібін айқындайтын заңда өзгеше көзделмесе, мүгедек, жүкті, он төрт жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған, мүгедек балалары, оның ішінде асырап алған балалары бар (қорғаншы болып табылатын) жалғызбасты ата-ана болып табылатын немесе асырауында қарт ата-анасы бар мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді басқа жерге көшумен байланысты ротациялауға осы мемлекеттік қызметшілердің келісімі бойынша ғана жол беріледі.

      Аталған мән-жайлар құжат түрінде расталуға тиіс.

42-бап. Мемлекеттік органды құру кезеңінде азаматтарды жұмысқа қабылдау

      1. Мемлекеттік органды құру туралы акт қабылданған күннен бастап, қызметтік қажеттілік жағдайында, бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда көзделген міндеттерді уақытша атқару үшін азаматтарды үш айдан аспайтын мерзімге жұмысқа қабылдауға жол беріледі.

      Ұзартуға болмайтын осы мерзім ішінде көрсетілген мемлекеттік лауазымдар осы Заңға сәйкес бос болмауға тиіс.

      "А" корпусының бос және (немесе) уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында көзделген міндеттерді уақытша атқару үшін жұмысқа қабылдау "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынған адамдар қатарынан жүзеге асырылады.

      2. Міндеттерді уақытша атқару үшін жұмысқа қабылданатын адамдар саны мемлекеттік органның штат санының жиырма пайызынан аспауға тиіс.

      Мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын осындай адамдар мен оларды жұмысқа уақытша қабылдаған мемлекеттік орган арасындағы еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.

7-тарау. ҚЫЗМЕТТІК ТӘРТІП

43-бап. Мемлекеттік қызметшілердің жауаптылығы

      1. Мемлекеттік қызметшілер өздерінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауаптылықта болады

      Мемлекеттік қызметші атқару үшін алынған өкімнің құқыққа сыйымды екеніне күмәнданған кезде ол жөнінде өзінің тікелей басшысына және өкімді берген басшыға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Лауазымы бойынша жоғары тұрған басшы осы өкімді жазбаша түрде растаған жағдайда, егер оны орындау қылмыстық жазалануға тиіс әрекеттерге әкеп соқпайтын болса, мемлекеттік қызметші оны орындауға міндетті. Мемлекеттік қызметшінің құқыққа сыйымсыз өкімді орындауының салдарлары үшін осы өкімді растаған басшы жауапты болады.

      2. Лауазымды адамдардың лауазымдық өкілеттіктерді атқаруға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен нұсқаулар беруіне тыйым салынады.

      3. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік орган өздеріне қатысты қабылдаған шешімдер мен әрекеттерге жоғары тұрған лауазымды адамдарға, уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне немесе сотқа шағым жасауға құқығы бар.

44-бап. Тәртіптік теріс қылықтар және жазалар

      1. Мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылығы (бұдан әрі – теріс қылық) – мемлекеттік қызметшінің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы түрде, кінәлі түрде орындамауы немесе тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік тәртіп пен қызметтік әдепті бұзуы, сол сияқты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтамауы.

      2. Терiс себептермен қызметтен шығаруға әкеп соғатын тәртiптiк терiс қылық жасаған адамдарды өз еркiмен қызметтен шығару, адамдарды мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға құқыққа сыйымсыз тағайындау және (немесе) мемлекеттік әкімшілік лауазымдардан адамдарды құқыққа сыйымсыз босату, мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тәртіптік жазаларды құқыққа сыйымсыз қолдану, тест тапсырмаларының және өзге де конкурстық сұрақтардың мазмұнын жария ету, мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қасақана қабылдамау да тәртіптік теріс қылық деп танылады.

      3. Тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшілерге мынадай жаза түрлері қолданылады:

      1) ескерту;

      2) сөгіс;

      3) қатаң сөгіс;

      4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту немесе мемлекеттік лауазымын төмендету;

      5) атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару.

      Қазақстан Республикасының заңдарында өзге де жаза түрлері белгіленуі мүмкін.

      4. Мемлекеттік лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жаза кез келген төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болған және мемлекеттік қызметші осы мемлекеттік лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сай келген кезде қолданылады. Мемлекеттік лауазымын төмендету конкурстық рәсімдер өткізілмей жүзеге асырылады.

      Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза мемлекеттік лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жазаны қолдану мүмкін болмаған кезде қолданылады.

      Атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару түріндегі тәртіптік жаза осы Заңда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша қолданылады.

      5. Мемлекеттік қызметшінің осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 1)6)7)8)10)11)12) және 15) тармақшаларында көрсетілген тәртіптік теріс қылықтың қайсыбірін жасауы, егер ол қылмыстық жазаланатын іс-әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтымаса, мемлекеттік лауазымын төмендетуге, ал төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болмаған жағдайда – қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаны заңда белгіленген тәртіппен қолдануға әкеп соғады.

      Бірінші тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде көрсетілген тәртіптік теріс қылықтардың кез келгенін қайталап жасау атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруға әкеп соғады.



      6. Мемлекеттік қызметшінің осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген тәртіптік теріс қылықтың қайсыбірін жасауы, егер ол қылмыстық жазаланатын іс-әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтымаса, қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жазаны заңда белгіленген тәртіппен қолдануға не қызметтен шығаруға әкеп соғады.

      Бірінші тәртіптік теріс қылығы үшін тәртіптік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде көрсетілген тәртіптік теріс қылықтардың кез келгенін қайталап жасау атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруға әкеп соғады.



      7. Мемлекеттік қызметшінің осы Заңның 50-бабы 1-тармағының 9), 13), 14), 16), 17), 18) және 19) тармақшаларында және 2-тармағында көрсетілген тәртіптік теріс қылықтың қайсыбірін жасауы, егер ол қылмыстық жазаланатын іс-әрекет не әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін қамтымаса, атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығаруға әкеп соғады.

      8. Тәртіптік жазаны:

      1) лауазымдық өкiлеттiктерiне сәйкес осындай құқығы бар лауазымды адамдар (орган) қолданады;

      2) бірінші тәртіптік жазаны қолдану заңды болған және тәртіптік жаза теріс қылықтың ауырлығына сай келген жағдайда нақ сол терiс қылық үшiн қайталап қолдануға болмайды;

      3) тәртіптік жаза Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен қолданылады.

      9. Облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, аудандарда, қалаларда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар үшін бірыңғай тәртіптік комиссияны құруға жол беріледі. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандық, қалалық атқарушы органдардың бірыңғай тәртіптік комиссиясы осы атқарушы органдардың басшыларын тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) шешімі бойынша құрылады.

      Орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелері үшін орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесінде бірыңғай тәртіптік комиссияны құруға жол беріледі. Аудандық, қалалық аумақтық бөлімшелердің бірыңғай тәртіптік комиссиясы орталық мемлекеттік органның және оның ведомствосының өңіраралық немесе облыстық аумақтық бөлімшесі басшысының немесе жоғары тұрған органның шешімі бойынша құрылады.

      10. Тәртіптік жазаны қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

45-бап. Тәртіптік жазаларды қолдану мерзімдері

      1. Тәртіптік жаза теріс қылық анықталған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады және оны теріс қылық жасалған күннен бастап алты айдан кешіктіріп қолдануға болмайды.

      Белгiлi бiр іс-әрекеттiң бiрыңғай құрамының үздiксiз жүзеге асырылуымен сипатталатын және оны анықтаған кезде аяқталмаған құқық бұзушылық созылмалы құқық бұзушылық деп танылады.

      2. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін осы Заңда көзделген тәртіптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және оны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.

      Қылмыстық қудалау органы немесе сот қылмыстық істі не әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтатқан, бірақ адамның іс-әрекеттерінде осы Заңда көзделген, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасау белгілері болған жағдайда тәртіптік жаза қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей, бірақ осы теріс қылық жасалған күннен бастап бір жылдан кешіктірілмей қолданылады.

      Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасын бұзғаны үшін тәртіптік жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және оны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.

      Тәртіптік жауаптылыққа тартудың көрсетілген мерзімдеріне қылмыстық іс бойынша іс жүргізу немесе әкімшілік іс жүргізу уақыты кірмейді.

      3. Жазаны:

      1) мемлекеттiк қызметшiнiң еңбекке уақытша жарамсыздығы;

      2) мемлекеттік қызметшінің демалыста немесе iссапарда болуы;

      3) мемлекеттік қызметшінің мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi орындау уақытында өзінің лауазымдық міндеттерін орындаудан босатылуы;

      4) мемлекеттік қызметшінің даярлауда, қайта даярлауда, біліктілігін арттыру курстарында және тағылымдамада болуы;

      5) мемлекеттік қызметшінің тәртіптік теріс қылық жасағаны туралы мемлекеттік органдардың актілеріне оның сот тәртібімен шағым жасауы кезеңінде қолдануға болмайды.

      4. Тәртіптік жазаны қолдану мерзімінің өтуі осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларда, сондай-ақ қылмыстық іс тоқтатылғанға не сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

46-бап. Мемлекеттiк қызметшiлерді тәртiптiк жауаптылыққа тарту кезiнде олардың құқықтарына берілетін кепiлдiктер

      1. Мемлекеттік қызметші өзін тәртіптік жауаптылыққа тартуға байланысты барлық материалдармен таныстырылуға тиіс, оған қызметтік тергеп-тексеру рәсіміне жеке өзінің қатысу құқығы беріледі.

      2. Жауаптылыққа тартылушы мемлекеттiк қызметшiлер жоғары тұрған басшылықтың алдында, уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне не сотқа мемлекеттiк органның немесе лауазымды адамның әрекеттерi мен шешiмдерiне қатысты шағым жасай алады.

47-бап. Мемлекеттік қызметшілердің нұқсан келтіргені үшін материалдық жауаптылығы

      1. Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органға келтірілген нұқсан үшін материалдық жауаптылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және мөлшерлерде туындайды.

      2. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік органға келтірілген тікелей нақты нұқсанды өтеуге міндетті.

      3. Егер нұқсан еңсерілмейтін күш не аса қажеттілік, қажетті қорғаныс, сондай-ақ мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшіге берілген мүліктің сақталуы үшін тиісті жағдайларды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындамауы салдарынан орын алған болса, мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органға келтірілген нұқсан үшін материалдық жауаптылығы туындамайды.

48-бап. Мемлекеттік қызметшіні лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттету

      Мемлекеттік қызметші:

      1) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетілуі мүмкін;

      2) мемлекеттік қызметшіні қызметтік тергеп-тексеру жүргізілген жағдайда мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан шығару құқығы бар лауазымды адам (орган) жауаптылық туралы мәселе шешілгенге дейін, бірақ жалақысы сақтала отырып, бір айдан аспайтын мерзімге лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетуі мүмкін.

      Мемлекеттік қызметшіні лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттету жөнінде лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес осындай құқығы бар лауазымды адамның (органның) немесе өзіне осындай өкілеттіктер берілген өзге де лауазымды адамның (органның) актісі шығарылады.

8-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТТІК ӘДЕБІ

49-бап. Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдепті сақтау бойынша қойылатын талаптар

      1. Мемлекеттік қызметшілер:

      1) заңдылық қағидатын басшылыққа алуға;

      2) мемлекеттік саясатты жақтауға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, өзінің әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекеттік қызметке кір келтіретіндей әрекеттер жасауға жол бермеуге;

      3) мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;

      4) жалпыға ортақ қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға;

      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қараудың үлгісі болуға;

      6) қарамағындағы мемлекеттік қызметшілерден лауазымдық өкілеттіктерінен тыс тапсырмалар орындауын талап етпеуге;

      7) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінде көзделген өзге де әдеп қағидаларын сақтауға міндетті.

      2. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы осы Заңда белгіленген тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады.

      3. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына мониторинг жүргізу мен бақылауды әдеп жөніндегі уәкіл жүзеге асырады. Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ережені уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.

      Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметін үйлестіруді және әдіснамалық қамтамасыз етуді уәкілетті орган жүзеге асырады.

50-бап. Мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар

      1. Осы Заңда мемлекеттік қызметшілердің мынадай іс-әрекеттері мемлекеттік қызметке кір келтiретін тәртіптік теріс қылықтар болып танылады:

      1) басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне құқыққа сыйымсыз араласуы;

      2) өзінің лауазымдық өкілеттіліктерін жеке өзiнің не жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты мәселелерді шешу кезінде пайдалануы;

      3) мемлекеттік қызметке кіру және мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету кезінде заңда көзделмеген артықшылықтар беруі (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық);

      4) шешімдерді дайындау мен қабылдау кезінде жеке және (немесе) заңды тұлғаларға құқыққа сыйымсыз қолдау көрсетуі;

      5) кәсіпкерлік және кіріс алумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруда кімге болмасын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген кез келген жәрдем көрсетуі;

      6) мемлекеттік функцияларды орындау кезінде алынған ақпаратты, егер мұндай ақпарат ресми таратылуға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдде үшін пайдалануы;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және заңды тұлғаларға ұсынылуы көзделген ақпаратты беруден негізсіз бас тартуы не оны кешіктіріп беруі, анық емес немесе толық емес ақпарат беруі;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында жеке және заңды тұлғалардың ұсынуы көзделмеген ақпаратты олардан талап етуі;

      9) мемлекеттік қаржылық және материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың сайлау қорларына беруі;

      10) ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтарды тарту етуі және қызметтік емес қызметтер көрсетуі;

      11) жеке және заңды тұлғаларға құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруына ашық кедергі жасауы;



      12) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 151-бабының 1)2)3)4)және 7)тармақшаларында, 156-бабы 2-тармағының 2)6) және 8) тармақшаларында белгіленген тексерулерді ұйымдастыру мен жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзуы;

      13) кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға осындай қызметті мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ бақылау мен қадағалау өкілеттіктерін беруі;

      14) мемлекеттік бақылау және қадағалау функцияларын мемлекеттік орган мәртебесі жоқ ұйымдарға беруі;

      15) жоғары тұрған немесе төмен тұрған не қызмет немесе жұмыс бабында олармен өзгеше тәуелдiлікте болатын лауазымды адамдармен ақшалай немесе өзге де мүлiктік сипаттағы құмар ойындарға қатысуы;

      16) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқарғаны үшін өзі оларда тиісті функциялар атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетілетін қызметтер түрінде және өзге де нысандарда кез келген сыйақыны қабылдауы.

      Мемлекеттiк қызметшінің шотына осы адам білмей келiп түскен ақша, сондай-ақ ол тиісті функцияларын осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып атқаруына байланысты алған қаражат олар анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiмде тиiстi мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың түсуiнiң мән-жайлары туралы түсiнiктеме ұсыныла отырып, республикалық бюджетке аударылуға жатады;

      17) өздерінің мемлекеттік немесе соған теңестірілген функцияларын атқаруға байланысты қызмет бабында өздеріне тәуелді мемлекеттік қызметшілерден және өзге адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызмет бабында бетімен кетушілік үшін сыйлықтарды немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауы.

      Мемлекеттік қызметші білмей келiп түскен, сондай-ақ ол тиiстi функцияларын осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып атқаруына байланысты алған сыйлықтар жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусіз тапсыруға жатады, ал мемлекеттік қызметшіге нақ сондай мән-жайларда көрсетiлген қызметтер үшiн ол республикалық бюджетке ақша аудару жолымен ақы төлеуге тиiс.

      Өзiне сыйлықтар келiп түскен мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақшаны арнаулы мемлекеттiк қор республикалық бюджетке аударады;

      18) шетелдік те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғалары есебiнен мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауы, оған мыналар:

      жұбайының (зайыбының), туыстарының өз есебiнен шақыруы бойынша;

      егер олармен арадағы қарым-қатынастар шақырылатындардың қызметтiк iс-әрекетi мәселелерiн қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсiмiмен);

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдары арасындағы өзара уағдаластық бойынша тиiстi мемлекеттiк органдардың және (немесе) халықаралық ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын;

      жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келiсiмiмен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық іс-шараларға қатысу үшiн ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын сапарлар, оның iшiнде осындай ұйымдардың жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарлар қосылмайды;

      19) кредиттер, несиелер алуда, бағалы қағаздарды, жылжымайтын және өзге де мүлiкті сатып алуда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген артықшылықтарды пайдалануы.

      2. Мемлекеттiк қызметшінің отбасы мүшелерi осы адам қызмет бабында солармен байланысты болатын шетелдік те, Қазақстан Республикасының да жеке және заңды тұлғалары есебiнен сыйлықтарды және көрсетілетін қызметтерді, туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруларды қабылдауға құқылы емес. Мемлекеттiк қызметші өзiнiң отбасы мүшелерi заңсыз алған сыйлықтарды жетi күн мерзiмде арнаулы мемлекеттiк қорға өтеусіз тапсыруға және өзінің отбасы мүшелерi құқыққа сыйымсыз пайдаланған қызметтер құнын республикалық бюджетке ақша аудару жолымен өтеуге мiндеттi.

51-бап. Мүдделер қақтығысы

      1. Егер мүдделер қақтығысы орын алған болса, мемлекеттiк қызметшiнің лауазымдық міндеттерін жүзеге асыруына тыйым салынады.

      2. Мемлекеттiк қызметшi мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдауға тиiс.

      3. Мемлекеттiк қызметшi туындаған мүдделер қақтығысы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы өзiне белгiлi болған сәтте өзiнiң тiкелей басшысын немесе мемлекеттiк органның басшылығын ол жөнінде жазбаша түрде хабардар етуге мiндеттi.

      Тiкелей басшы немесе мемлекеттiк органның басшылығы мемлекеттiк қызметшiнiң өтiнiшi бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды уақтылы қабылдауға, оның iшiнде:

      1) мүдделер қақтығысы соған байланысты туындаған немесе туындауы мүмкiн мәселе бойынша мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық өкілеттіктерін атқаруды басқа мемлекеттік қызметшіге тапсыруға;

      2) мемлекеттiк қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн өзгертуге;

      3) мүдделер қақтығысын жою жөніндегі өзге де шараларды қабылдауға тиіс.

      4. Мемлекеттiк қызметшi, оның тiкелей басшысы және мемлекеттiк органның басшылығы өздерiне белгiлi болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және реттеу жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшiн тәртiптiк жауаптылықта болады.

52-бап. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы

      1. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге тиіс.

      2. Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан жасалатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуге тиіс.

      3. Егер мемлекеттік қызметшіде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпарат болса, ол мұндай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға, өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына, уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға тиіс. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті.

      Мемлекеттік органның басшылығы ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы мәлімдеулері бойынша, оның ішінде тексерулер ұйымдастыру және уәкілетті органдарға өтініштерді жолдау арқылы шаралар қабылдауға міндетті.

      4. Мемлекеттік органның басшылығы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, өзін осы бұзушылықтарды жасауға көндіру жағдайлары туралы хабарлаған мемлекеттік қызметшінің құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасайтын қудалаудан қорғау жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.

      5. Мемлекеттік қызметшілер жеке және (немесе) заңды тұлғалардың өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге тиіс.

      6. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасады деп жариялы түрде негізсіз айып тағылған кезде ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөніндегі шараларды қабылдауға тиіс.

9-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ, ОЛАРДЫҢ ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІНІҢ


ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕРІ

53-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу

      1. Мемлекеттiк қызметшiлердiң еңбегiне ақы төлеу қызметтiк мiндеттерiн мүлтіксiз және тиянақты атқаруы үшiн жеткiлiктi материалдық жағдайды қамтамасыз етуге, мемлекеттiк органдардың бiлiктi және тәжiрибелi кадрлармен жасақталуына ықпалын тигізуге, олардың адал және бастамашыл еңбегiн ынталандыруға тиiс.

      2. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу мемлекеттік қызметшілер орындайтын жұмыстың сипатына, көлеміне және нәтижелеріне байланысты сараланып белгіленеді.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік қызметшілерін қоспағанда, мемлекеттiк қызметшiлердің еңбегіне ақы төлеу Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызметшілерге бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайды.

      4. Мемлекеттік қызметшілердің еңбегіне ақы төлеу республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражаты есебiнен жүргізіледі.

      5. Мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлердiң жалақысы мен оларға төленетiн басқа да төлемдер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен индекстелуге тиіс.

      6. Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілі Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен есептеледі.

      Ескерту. 53-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2017 № 86-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

54-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердiң демалысы

      1. Мемлекеттiк қызметшiлерге екi лауазымдық айлықақысы мөлшерiнде сауықтыру жәрдемақысы төленiп, ұзақтығы күнтiзбелiк отыз күнді құрайтын жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы берiледi.

      Мемлекеттік қызметшілерге алғашқы және одан кейінгі жылдардағы жұмысы үшін жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысы тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында беріледі.

      Жыл сайынғы еңбек демалысына ақы төлеу оның басталуына күнтізбелік үш күн қалғаннан кешіктірілмей, ал еңбек демалысы графиктен тыс берілген жағдайда – берілген күнінен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

      2. Мемлекеттiк қызметшiлердiң қалауы бойынша жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалыстары оларға бөлiп-бөлiп берiлуi мүмкiн. Бұл ретте жыл сайынғы ақы төленетiн еңбек демалысының бір бөлігі демалыс ұзақтығының күнтізбелік екі аптасынан кем болмауға тиіс.

      3. Мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен, оның ішінде олар жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқыған жағдайда жалақысы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.

      4. Мемлекеттiк орган басшысының не жауапты хатшының, аппарат басшысының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамның шешiмi бойынша мемлекеттiк қызметшiлер өздерінің келісімімен жыл сайынғы немесе қосымша демалыстан шақыртылуы мүмкiн. Пайдаланылмаған демалыстың қалған бөлігі мемлекеттік қызметшілерге тиісті жылдың кез келген басқа уақытында беріледі не келесі жылғы демалысына қосылады.

55-бап. Мемлекеттiк қызметшiлердi зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандыру

      Мемлекеттiк қызметшiлердi зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

56-бап. Мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қорғау шаралары

      1. Мемлекеттiк қызметшiлер "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгiленген тәртiп бойынша тұрғын үймен қамтамасыз етіледi.

      2. Тұрғынжай жағдайларын жақсартуға мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге жеке тұрғынжай құрылысы үшiн жер учаскелерi берiледi. Жер учаскелерiн берудің шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

      3. Мемлекеттiк қызметшiлер және олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерi медициналық қызмет көрсетуді тиiстi мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде белгiленген тәртiппен пайдаланады.

      4. Мемлекеттік орган таратылған (жойылған) жағдайда мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі болған кезде функцияларын, өкілеттіктерін және (немесе) штат бірліктерін беретін мемлекеттік органның қаражаты есебінен төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді не осы тармақта көрсетілген жағдайларда мемлекеттік лауазым ұсынылады.

      5. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған кезде жаңадан құрылған мемлекеттік органның басшылығы қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органның мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне олардың біліктілігіне сәйкес мемлекеттік лауазым ұсынады.

      6. Басқа мемлекеттік органның, оның ішінде жойылған (таратылған) немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органның функциялары, өкілеттіктері және (немесе) штат бірліктері берілген мемлекеттік орган осы берілген функцияларды, өкілеттіктерді атқарған және (немесе) осы штат бірліктерінде тұрған мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге олардың біліктілігіне сәйкес мемлекеттік лауазым ұсынады.

      Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер жұмысқа орналасудан бас тартқан жағдайда жұмыстан шығарылуға тиіс. Кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі бар мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге басқа мемлекеттік органның, оның ішінде жойылған (таратылған) немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органның функциялары, өкілеттіктері және (немесе) штат бірліктері берілген мемлекеттік орган төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлейді.

      7. Мемлекеттік органның штат саны қысқартылған кезде қысқартылатын мемлекеттік лауазымды атқарып отырған мемлекеттік қызметшіге кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі болған кезде төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысы төленеді.

      7-1. Басқару құрылымының өзгеруі, лауазымдар атауларының өзгертілуі, мемлекеттік орган штатының, нақты саны қысқартылмай және (немесе) еңбек жағдайлары елеулі өзгермей, қысқартылуы мемлекеттік әкімшілік қызметшінің мемлекеттік қызметті тоқтатуына негіз болып табылмайды.

      Көрсетілген жағдайларда мемлекеттік әкімшілік қызметші Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен бұрынғы лауазымына тең дәрежелі, бұрын атқарған лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес келетін лауазымға жаңа штаттық кесте бойынша тағайындалады.

      Тең дәрежелі лауазым жоқ болған жағдайда, мемлекеттік қызметшінің келісімімен оған мемлекеттік органның штаттық бірлігінде көзделген төмен тұрған мемлекеттік лауазым ұсынылуы мүмкін.

      8. Мемлекеттiк қызметшi қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелерiне мемлекеттiк органдағы соңғы қызмет орны бойынша үш орташа айлық жалақысы мөлшерiнде бiржолғы жәрдемақы төленеді, бұл ретте жәрдемақының мөлшері "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленгеннен төмен болмауы керек.

      Ескерту. 56-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2016 № 484-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

57-бап. Мемлекеттік қызметшілердің іссапарлар кезіндегі кепілдіктері мен өтемақылары

      1. Мемлекеттiк қызметшілерге Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен қызметтiк iссапарларға, оның iшiнде шет мемлекеттерге iссапарға баруға арналған шығыстары өтеледi.

      Мемлекеттiк қызметшілерге iссапарда болған уақытына тәулікақы алуға, межелі жерге жету және кері қайту үшін жүріп-тұру шығыстарына, тұрғын үй-жай жалдау шығыстарына Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген кепiлдiктер мен құқық беріледі.

      2. Іссапардың барлық уақыты бойында іссапарға жiберiлген мемлекеттiк қызметшілердiң жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.

58-бап. Дипломатиялық қызмет персоналының кепілдіктері мен өтемақылары

      Дипломатиялық қызмет персоналының кепілдіктері мен өтемақылары Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметi жұмысының құқықтық негіздерін, сондай-ақ оны ұйымдастыру тәртібiн айқындайтын заңда белгіленеді.

10-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ТОҚТАТУЫ

59-бап. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметті тоқтатуы

      Мемлекеттік саяси қызметшінің саяси лауазымда атқаратын өкілеттіктері:

      1) ол Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан;

      2) мемлекеттік орган таратылған (жойылған);

      3) мемлекеттік саяси қызметші өзінің кірістері және өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсынған;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамаған;

      5) өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлікті сенімгерлік басқаруға бермеген;

      6) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

      7) мемлекеттік саяси қызметшіге қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген;

      8) мемлекеттік саяси қызметшінің өкілеттіктерін доғару туралы жеке жазбаша өтініші негізінде отставкасы қабылданған;

      9) мемлекеттік саяси қызметшіні ол атқаратын лауазымға тағайындау (сайлау) құқығы берілген лауазымды адам (орган) тиісті шешім қабылдаған;

      10) басқа жұмысқа ауысқан;

      11) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бұрын қызметтен шығарылған, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттік қызметке қабылдаған;

      12) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс туралы соған қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатқан адамды мемлекеттік қызметке қабылдаған;

      13) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабыбірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылған, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс туралы қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатқан;

      14) мемлекеттiк қызметке қабылдаудан бас тартуға негiз болып табылатын көрiнеу жалған құжаттарды немесе мәлiметтерді мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде ұсынған;

      15) егер Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында өзгеше көзделмесе, ол Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен жағдайларда тоқтатылады.

      Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер зейнеткерлік жасқа жеткені бойынша өз өкілеттіктерін жалғастыруды Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша бес жылға дейінгі мерзімге жүзеге асыра алады;

      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер туындаған жағдайларда тоқтатылады.

      Мемлекеттік саяси қызметшінің өкілеттіктері мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған, мемлекеттік қызметшілердің саны немесе штаты қысқартылған, мемлекеттік саяси лауазым мемлекеттік әкімшілік лауазымға өзгертілген жағдайларда да тоқтатылуы мүмкін.

60-бап. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң отставкаға шығуы және қызметтен шығарылуы

      1. Отставка дегенiмiз мемлекеттiк саяси қызметшiнiң тиiстi мемлекеттiк лауазымдағы мiндеттерiн атқаруды тоқтатуы, ол оның жазбаша өтініші негiзiнде жүзеге асырылады.

      2. Отставканы мемлекеттiк саяси қызметшiнi осы мемлекеттiк лауазымға тағайындаған (сайлаған) мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам қабылдайды немесе одан уәжді түрде бас тартады. Отставканы қабылдау немесе одан бас тарту туралы шешiм жазбаша өтініш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде қабылданады. Отставкадан бас тартылған жағдайда саяси қызметшi қызметтiк өкілеттiктерiн атқаруды жалғастыруға тиiс және оның қызметтен шығарылуға құқығы бар.

      3. Мемлекеттік саяси қызметшілер Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және өзге де заңнамасында белгіленген негіздерде және тәртіппен отставкаға өтініш береді және отставкаға кетеді.

      Егер отставкаға шығу негіздері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген болса, мемлекеттік саяси қызметшілер осы Заңда немесе Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жалпы негіздер бойынша қызметтен шығарылады.

      4. Лауазымдық өкiлеттiктерiн өрескел бұзу, мемлекеттiк қызметте болуға лайықсыз теріс қылықтар жасау мемлекеттiк саяси қызметшiнiң отставкаға шығуына негiз бола алмайды, ал қызметтен шығаруға негiз болып табылады. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердi қызметтен шығарудың негiздерi мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.

61-бап. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуы

      1. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi тоқтатуына мыналар негіз болып табылады:

      1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін олардың жауаптылығын қарау жағдайларын қоспағанда, олардың өз қалауы бойынша қызметтен шығару туралы өтініш беруi;

      2) басқа мемлекеттік лауазымға орналасуы;

      3) мемлекеттік қызметте болу мерзімін тараптардың өзара келісімі бойынша бір жылға ұзарту құқығы ескеріліп, олардың Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа толуы;

      4) еңбек шарты мерзiмiнiң аяқталуы не Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында көзделген негiздер бойынша еңбек шартының бұзылуы;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген олардың өкілеттік мерзімдерінің аяқталуы;

      6) олар атқаратын мемлекеттік лауазымдардың саяси лауазымдарға не жергілікті өкілді органдар азаматтарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тағайындайтын немесе олар сайланатын мемлекеттік лауазымдарға өзгертілуі;

      7) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң өз кірістері мен өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлкі туралы көрiнеу жалған мәлiметтер ұсынуы;

      8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мiндеттерді және (немесе) шектеулердi сақтамауы;

      9) өзіне заңды түрде тиесілі ақшаны, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлікті қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы меншiк құқығымен тиесілі үлестерді, акцияларды (акцияны) және пайдаланылуы кірістер алуға әкелетін өзге де мүлікті сенiмгерлік басқаруға бермеуi;

      10) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуы;

      11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауы;

      12) қылмыс не қасақана қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкiмiнің заңды күшіне енуi;

      13) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық не мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бұрын қызметтен шығарылған, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында қылмыс жасаған адамды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау;

      14) қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс туралы соған қатысты қылмыстық істі қылмыстық қудалау органы немесе сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатқан адамды мемлекеттік әкімшілік лауазымға қабылдау;

      15) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық істің Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатылуы, сондай-ақ қылмыстық топ құрамында жасалған қылмыс туралы қылмыстық істі қылмыстық қудалау органының немесе соттың Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлігінің тиісті бабында көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгі шегінің мерзімі аяқталғанға дейін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде тоқтатуы;

      16) мемлекеттiк қызметке қабылдаудан бас тартуға негiз болып табылатын көрiнеу жалған құжаттарды немесе мәлiметтердi мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде ұсынуы;

      17) мемлекеттiк лауазымға тағайындалу кезiнде осы Заңда белгіленген талаптарға сай келмеуі;

      18) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға конкурстан тыс орналасуы;

      19) аттестаттаудың терiс нәтижелерi;

      20) осы Заңға сәйкес олардың жұмысын бағалаудың қанағаттанарлықсыз нәтижелері;

      21) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасауы;

      22) Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де негiздемелер.

      2. "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерінің мемлекеттік қызметті тоқтатуына мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды адамның (органның) уәкілетті комиссия ұсынымы негізінде қабылданатын шешімі де негіз болып табылады.

      3. Осы баптың 1-тармағының 7), 8), 9), 11), 12), 13), 14), 15), 16) және 21) тармақшаларына сәйкес қызметтен шығарылған мемлекеттік әкімшілік қызметшілер терiс себептермен шығарылған болып танылады

      4. Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi қызметтен шығаруды мемлекеттiк органның мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға қабылдауға құқығы бар тиiстi лауазымды адамы осы Заңға сәйкес жүргiзедi.

      5. Қызметтен шығарумен келіспеген жағдайда мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiнiң жоғары тұрған басшылық алдында, уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне не сотқа өзін қызметтен шығару туралы шешімге қатысты шағым жасауға құқығы бар.

      6. Мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, сондай-ақ мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып табылатын басшыларының ауысуы жаңадан тағайындалған мемлекеттiк саяси және (немесе) әкімшілік қызметшілердің бастамасы бойынша мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшінің атқаратын мемлекеттік лауазымдағы мемлекеттiк қызметiн тоқтатуына негiз болып табылмайды.

11-тарау. ӨЗГЕ ДЕ МӘСЕЛЕЛЕР

62-бап. Мемлекеттік қызметке қайта орналастыру

      1. Адамды мемлекеттік қызметке қайта орналастыру, егер оның өтініші соттың ақтау үкімі күшіне енген не ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істің тоқтатылуы туралы қаулы шығарылған кезден бастап үш ай ішінде берілген болса, өтініш берген күнінен бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей жүргізіледі.

      2. Мемлекеттік қызметші сот шешімімен мемлекеттік лауазымға қайта орналастырылған жағдайда бұл лауазымнан осы негіз бойынша шығарылған адам үш ай ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ішкі конкурстарға қатысуға құқылы.

      3. Мемлекеттік органнан қылмыс жасағаны үшін сотталуына байланысты қызметтен шығарылып, кейіннен ақталған және тиісінше мемлекеттік лауазымға қайта орналастырылған мемлекеттік қызметшілерге жұмыста мәжбүрлі түрде болмаған уақыты үшін Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен қылмыстық процесті жүргізетін органдардың заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиян өтеледі.

      4. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен заңсыз шығарылған жағдайда осыған байланысты оларға келтірілген нұқсан олар қызметтен шығарылған мемлекеттік органның есебінен толық көлемде өтелуге тиіс.

      Қызметтен заңсыз шығарылған мемлекеттік қызметшілер біліктілік талаптарына сай келген жағдайда мемлекеттік қызметке бұрынғы (олардың келісімімен – соған тең) мемлекеттік лауазымға қайта орналастырылады және қызметтен заңсыз шығарылғаннан кейін қол жеткізе алмаған барлық құқықтармен қамтамасыз етіледі. Бұл кезең мемлекеттік қызмет өтіліне қосылады.

63-бап. Аттестаттау

      1. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестаттау тәртібін, оның мерзімдерін және аттестатталатын мемлекеттік қызметшілердің санаттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Президентінің шешімі бойынша өткізіледі.

      2. Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді аттестаттауды өткізу үшін құрамына кемінде бес адам кіруге тиіс аттестаттау комиссиясы құрылады. Аттестаттау комиссиясын төраға басқарады.

      3. Аттестаттау қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:

      1) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және мемлекеттік лауазымын жоғарылатуға ұсынылады;

      2) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді;

      3) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және мемлекеттік лауазымын төмендетуге ұсынылады;

      4) атқаратын мемлекеттік лауазымына сай емес және қызметтен шығаруға ұсынылады.

      4. Аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелсіз себеппен екі рет келмеген мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қызметтен шығарылуға ұсынылады.

      5. Аттестаттаудан өтпеген және (немесе) мемлекеттік органдарда өзге де, оның ішінде төмен тұрған мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызметті жалғастырудан бас тартқан мемлекеттік әкімшілік қызметшілер қызметтен шығарылуға тиіс.

      6. Аттестаттау қорытындысы бойынша мемлекеттік әкімшілік лауазымын жоғарылату жоғары тұрған бос мемлекеттік әкімшілік лауазым болған және мемлекеттік қызметші осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сай келген жағдайда конкурстық рәсімдер өткізілмей жүзеге асырылады.

      7. Аттестаттау комиссиясының аттестаттау қорытындысы бойынша қабылдаған шешімі мемлекеттік қызметшіні жоғары тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазымға ұсынуға, мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік әкімшілік лауазымын төмендетуге немесе оны қызметтен шығаруға негіз болып табылады.

      8. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік органның басшысына, уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне не сотқа аттестаттау комиссиясының шешіміне қатысты шағым жасай алады.

64-бап. Мемлекеттік органдарға шетелдік жұмыскерлерді тарту

      1. Мемлекеттік органдар уәкілетті комиссияның шешімі бойынша шетелдік жұмыскерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмысқа қабылдай алады. Шетелдік жұмыскерлер мемлекеттік лауазымдарға орналаса алмайды және лауазымды адамдар бола алмайды.

      Шетелдік жұмыскерлердің лауазымдарын мемлекеттік органдар уәкілетті комиссияның келісімі бойынша белгілейді. Мемлекеттік органдар қабылдайтын шетелдік жұмыскерлер қызметінің сапасы үшін дербес жауаптылық мемлекеттік органдардың басшыларына жүктеледі.

      2. Мемлекеттік органдарға жұмысқа қабылдау кезінде шетелдік жұмыскерлер Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары уәкілетті органмен бірлесе отырып айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының міндетті арнайы тексеруінен өтуге тиіс.

      3. Шетелдік жұмыскерлерді тарту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      Ескерту. 64-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 86-VI Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

65-бап. Мемлекеттік қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық

      Мемлекеттік қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Республикасы уәкілетті органының мемлекеттік қызметті одан әрі дамыту мен жетілдіруге бағытталған, шетелдік және халықаралық ұйымдар қатысатын бастамаларға, бағдарламалар мен жобаларға қатысуы арқылы жүзеге асырылады.

      Халықаралық ынтымақтастық мынадай бағыттарды қамтиды:

      1) мемлекеттік қызмет саласындағы халықаралық ұйымдарды құру және олардың қызметіне қатысу;

      2) мемлекеттік қызметшілерді шет елдерде оқыту;

      3) шетелдік мемлекеттік қызметшілерді және өзге де адамдарды Қазақстан Республикасында оқыту;

      4) мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша бірлескен зерттеулерді жүзеге асыру.

66-бап. Мемлекеттiк қызметті өткерудiң өзге де мәселелерi

      Мемлекеттiк қызметті өткерудің осы Заңда реттелмеген өзге де мәселелерi Қазақстан Республикасының заңдарында, уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнің актілерінде, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде регламенттеледі.

12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

67-бап. Мемлекеттік қызметті қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      Мемлекеттік қызметті қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген тәртіппен мемлекеттік бюджеттің қаражаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

68-бап. Өтпелі ережелер

      1. Осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне алынған азаматтар "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына "Б" корпусының кадр резервінде болудың бір жылдық мерзімі өткенге дейін конкурс өткізілмей тағайындалуы мүмкін.



      2. Алып тасталды - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. 68-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

69-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.



      2. "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжаттар; 2010 ж., № 24, 148-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 20, 158-құжат; 2012 ж., № 5, 36-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 123-құжат; 2013 ж., № 8, 50-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Ескерту. 69-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 20.12.2016 № 33-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).





Қазақстан Республикасының




Президенті

Н. НАЗАРБАЕВ

Түсініктемелер (0)

1

0



Жазылу

1

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз



Базаның жай-күйі

  • Барлық құжат: 249878

  • Қазақ тілінде: 125084

  • Орыс тілінде: 124228

  • Ағылшын тілінде: 566

  • Жаңартылған күні: 29.03.2019

  • 28.03.2019 күннің жағдайына құжаттар

Қолдау қызметі

  • Email: support@rkao.kz

  • Жұмыс уақыты: 09:00 - 18:30 
    (Нұр-Cұлтан қ. уақыты бойынша)


  • Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

  • Пайдаланушылық келiciм

  • Кері байланыс

  • Сайт картасы

Құқықтық ақпараттық қызметі

  • Қалалық телефондардан тегін қоңырау 
    119 Қазақстан бойынша 
    58-00-58 Нұр-Cұлтан, Алматы қ. үшін

Соңғы құжаттар 

  • Қазақстан Республикасындағы норма шығармашылығы қызметінің кейбір мәселелері туралы

  • Ә.Қ.Тұрсыновты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындау туралы

  • Қазақстан Республикасында тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) транспланттау бойынша медициналық қызметтерді және донорлар мен реципиенттерге медициналық көмектің басқа түрлерін көрсетуді ұйымдастыру стандартын және Тіндерді (тіннің бөлігін) және (немесе) ағзаларды (ағзалардың бөлігін) алу, дайындау, сақтау, консервациялау, тасымалдау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

  • Д.А.Кәлетаевты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметіне тағайындау туралы

  • Б.Ә.Сағынтаевты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындау туралы

барлық соңғы құжаттар

Кеңінен таралған құжаттар



  • Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

  • САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТКЕ ТӨЛЕНЕТІН БАСҚА ДА МІНДЕТТІ ТӨЛЕМДЕР ТУРАЛЫ (САЛЫҚ КОДЕКСІ)

  • Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі

  • Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

  • Мемлекеттiк сатып алу туралы

  • ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ КОДЕКСI

  • Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi

  • Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі (ерекше бөлім)

  • Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

  • Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

  • Қазақстан Республикасының Жер кодексі

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК

 
жүктеу 378,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау