Қазақстан Республикасының Заңы


Заңымен алып тасталды (бұр.ред



жүктеу 0,78 Mb.
бет3/5
Дата07.12.2017
өлшемі0,78 Mb.
#3397
1   2   3   4   5
Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің интернет-ресурсы мен Қазақстан Республикасы «электрондық үкіметінің» веб-порталын құру мен техникалық жағынан сүйемелдеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары интернет-ресурстарының мониторингін қамтамасыз етеді;

8) 2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

9) «электрондық үкіметті» қалыптастыру кезінде мемлекеттік органдарға консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;

10) 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

11) Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметін» қалыптастыру кезінде жобаларды басқару және техникалық жағынан сүйемелдеу функцияларын жүзеге асырады.

 

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен мазмұн 9-1-баппен толықтырылды



9-1-бап. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйымның  өкілеттігі

Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті ұйым:

1) мемлекеттік ақпараттық жүйелерді және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерді ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттауға қатысады;

2) мемлекеттік ақпараттық жүйелердің бағдарламалық өнімдерін, бағдарламалық кодтарын сынақтан өткізеді және олардың нормативтік-техникалық құжаттамасына сараптама жүргізеді;

3) ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтарды және нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке беруді жүзеге асырады;

4) мемлекеттік органдардың Интернет желісіне қол жеткізудің бірыңғай шлюзін сүйемелдеуді және дамытуды жүзеге асырады;

5) мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеруге қатысады;

6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға консультациялық және тәжірибелік көмек көрсетеді;

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді  (бұр.ред.қара)



7) «электрондық үкімет» ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік ақпараттық жүйелердің және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының қорғалуын ұйымдастыруды жүзеге асырады;

8) электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийін жүргізуді техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

9) мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды құруға және техникалық сүйемелдеуге қатысады.

 

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 9-2-баппен толықтырылды



9-2-бап. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы операторының өкілеттіктері

Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының операторы:

1) мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің ақпараттық-коммуникациялық желілерін интеграциялауды жүзеге асырады;

2) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасын жобалауды, құруды және дамытуды басқарады;

3) аппараттық-бағдарламалық құралдарға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасының телекоммуникация желісінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған техникалық іс-шараларды жүзеге асырады;

4) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына, сондай-ақ әлемдік ақпараттық ресурстарға қосуды жүзеге асырады.

 

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 9-3-баппен толықтырылды



9-3-бап. «Электрондық үкіметтің» төлем шлюзі операторының өкілеттіктері

«Электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің операторы:

1) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

2) мемлекеттік органдармен төлемақы талап ететін электрондық қызметтер көрсетудің тізбесін кеңейту мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

3) екінші деңгейдегі банктер мен ұйымдардың клиенттеріне «электрондық үкіметтің» транзакциялық сервистерін ұсыну мәселелері бойынша екінші деңгейдегі банктермен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

4) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі шеңберінде жүргізілетін операцияларға кепілдік берілуін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

5) аударым операцияларын лицензиясыз жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі операторының Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасын орындауын бақылауды жүзеге асырады.

 

 

3-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚПАРАТТЫҚ РЕСУРСТАР, ОЛАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ТӘРТІБІ



 

10-бап. Электрондық ақпараттық ресурстардың түрлері

1. Электрондық ақпараттық ресурстар меншік құқығына қарай:

1) мемлекеттік;

2) мемлекеттік емес болып бөлінеді.

2. Электрондық ақпараттық ресурстар қолжетімділік санатына қарай:



1) жалпыға ортақ қолжетімді;

2) қолжетімділігі шектелген болып бөлінеді.

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді  (бұр.ред.қара)



3. Бюджет қаражаты есебінен құрылатын, сатып алынатын және жинақталатын, сондай-ақ мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік болып табылады.

Мемлекеттің экономикасы мен қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар ұлттық болып табылады.

4. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен құрылатын және сатып алынатын, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алынған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік емес болып табылады.

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда  (бұр.ред.қара)

5. Меншік иесі немесе иемденушісі пайдалану шарттарын көрсетпей беретін немесе тарататын электрондық ақпараттық ресурстар, сондай-ақ өзіне қол жеткізу еркін болып табылатын және оларды беру және тарату тәсілінің нысанына байланысты болмайтын мәліметтер жалпыға ортақ қолжетімді болып табылады.

6. Оларға қолжетімділікті Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншік иесі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда иеленушісі шектейтін мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстар болып табылады.



 

11-бап. Мүлік құрамының элементі және меншік құқығының объектісі ретіндегі электрондық ақпараттық ресурстар

1. Электрондық ақпараттық ресурстар мүлік құрамының элементі ретінде мемлекеттік және жеке меншікте болуы мүмкін.

2. Электрондық ақпараттық ресурстарға меншік құқығы мен өзге де құқықтардың туындау, өзгеру және тоқтатылу негіздері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледі.

3. Электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады, оның ішінде:

1) электрондық ақпараттық ресурстарды шаруашылық жүргізуге немесе оралымды басқаруға беруге;

2) өз құзыреті шегінде электрондық ақпараттық ресурстарға өңдеу, қорғау және қол жеткізу режимі мен ережелерін белгілеуге;

3) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау, көшіру және тарату кезінде оларға билік ету шарттарын айқындауға құқылы.

4. Заңды тұлғалардың меншігі болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес олардың мүлкінің құрамына енгізіледі.

5. Мемлекеттік органдардың құзыретіне сәйкес олардың қарауындағы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік мүлік құрамында есепке алынуға және қорғалуға тиіс.

6. Субъектілер мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін міндетті тәртіппен өздері ұсынған электрондық ақпараттық ресурстарға өз құқықтарын жоғалтпайды.

7. Мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі оларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен билік етуге құқылы.

8. Электрондық ақпараттық ресурстар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларға жатқызылған жағдайда, мемлекет оларды жеке және заңды тұлғалардан сатып алуға міндетті. Меншік құқығы тоқтатылған кезде электрондық ақпараттық ресурстар олардың нарықтық бағасы негізге алына отырып бағаланады.

9. Ақпараттық жүйелерге және өзге де электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу құралдарына меншік құқығы басқа меншік иелеріне тиесілі электрондық ақпараттық ресурстарға меншік құқығын туындатпайды.

10. Ақпараттық жүйелер құрамына енгізілген электрондық ақпараттық ресурстарға құқықтар электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иелері арасындағы келісіммен айқындалады.

11. Қызмет көрсетулерді ұсыну тәртібімен немесе ақпараттық жүйелер мен өзге де өңдеу құралдарын бірлесіп пайдалану кезінде өңделетін электрондық ақпараттық ресурстар электрондық ақпараттық ресурстардың иеленушісіне тиесілі болады. Бұл ретте жасалып, шығарылған өнімнің тиесілігі және оны пайдалану шартпен реттеледі.

 

12-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану

1. Электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі және (немесе) иесі оларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, еркін пайдалануға және таратуға құқылы.

2. Ақпараттық жүйелер арасындағы ақпараттық алмасу нысанасы болып табылатын электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану мен тарату осы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иесі және (немесе) иеленушісі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді  (бұр.ред.қара)

3. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың ақпараттық қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ электрондық мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қалыптастырылады. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді қалыптастыру үшін сатып алынатын немесе жасалатын бағдарламалық өнімдердің қазақ тілінде интерфейсі болуға тиіс.

4. Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен пайдалануды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

5. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, сақтау және пайдалану, оларға қол жеткізу мен қорғау ережелерін олардың меншік иесі және (немесе) иеленушісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындайды және қамтамасыз етеді.

6. Осы Заңның 14-бабында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың электрондық ақпараттық ресурстарды беруі міндетті болып табылады.

7. Мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру жөніндегі қызметі бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.

 

13-бап. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерден тұратын электрондық ақпараттық ресурстар

1. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар санатына жатады, оларды алу, өңдеу және пайдалану жинақталу мақсатымен шектеледі.

2. Электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру үшін жеке тұлғалардан олардың жеке және отбасының құпиясын қамтитын жеке өмірі, оған қоса олардың шығу тегі, денсаулығы, көзқарастары, саяси және діни нанымдары туралы мәліметтер беруді қоса алғанда, жеке тұлғалардың хат алысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф және өзге де хабарларының құпияларын талап етуге немесе мұндай мәліметтерді олардың еркінен тыс өзгеше түрде алуға ешкімнің құқығы жоқ.

3. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар үшін сол деректер өзіне тиесілі жеке тұлға оларды берген кезден бастап құпиялылықтың сақталуы міндетті.

4. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды мүліктік және (немесе) моральдық зиян келтіру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтар мен бостандықтарды іске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берілмейді.



 

14-бап. Электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу

1. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары жалпыға ортақ қолжетімді болып табылады.

2. Қолжетімділігі шектелген электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік құпияларға жатқызылған және құпиялы электрондық ақпараттық ресурстар болып бөлінеді.

3. Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік құпияларға жатқызу Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық ақпараттық ресурстарды құпиялыққа жатқызу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

5. Мыналарды:

1) мемлекеттік құпиялардан тұратын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, нормативтік құқықтық актілерді;

2) төтенше жағдайлар, табиғи және техногендік апаттар, азаматтардың, елді мекендер мен өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті ауа райы, санитарлық-эпидемиологиялық, өзге де жағдайлар туралы мәліметтерді;

3) мемлекеттік органдардың қызметі туралы ресми мәліметтерді;

4) мемлекеттік органдардың, кітапханалардың, мұрағаттар мен өзге де ұйымдардың ашық ақпараттық жүйелерінде жинақталған мәліметтерді қамтитын мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді шектеуге болмайды.

 

4-тарау. АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР, ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚҰРАЛДАРЫ



 

15-бап. Ақпараттық жүйелердің түрлері

1. Ақпараттық жүйелер меншік құқығына қарай:

1) мемлекеттік;

2) мемлекеттік емес болып бөлінеді.

2. Ақпараттық жүйелер қолжетімділік санатына қарай:



1) жалпыға ортақ қолжетімді;

2) қолжетімділігі шектелген болып бөлінеді.

3. Бюджет қаражаты есебінен құрылатын және (немесе) сатып алынатын, сондай-ақ мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алған ақпараттық жүйелер мемлекеттік болып табылады.



Мемлекеттің экономикасы мен қауіпсіздігі үшін стратегиялық маңызы бар мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан тұратын ақпараттық жүйелер ұлттық болып табылады.

4. Жеке және заңды тұлғалардың қаражаты есебінен құрылатын және (немесе) сатып алынатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де тәсілдер арқылы алынған ақпараттық жүйелер мемлекеттік емес болып табылады.

5. Олардың меншік иесі немесе иеленушісі оларды пайдалану шарттарын көрсетпей беретін немесе тарататын электрондық ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ өзіне қол жеткізу еркін болып табылатын және оларды беру және тарату тәсілінің нысанына байланысты болмайтын электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер жалпыға ортақ қолжетімді болып табылады.

6. Оларға қолжетімділікті Қазақстан Республикасының заңдары немесе олардың меншік иесі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда иеленушісі шектейтін электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын ақпараттық жүйелер қолжетімділігі шектелген ақпараттық жүйелер болып табылады.



 

16-бап. Меншік құқығының объектісі ретіндегі ақпараттық жүйелер

1. Ақпараттық жүйенің меншік иесінің ақпараттық жүйеге тұтас мүлік кешені ретінде иелену, пайдалану және билік ету құқығы болады.

2. Техникалық құралдардың, электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің меншік иелері әртүрлі тұлғалар болған жағдайда, ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібі осы тұлғалар арасында келісіммен айқындалады.

3. Егер электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі өзгеше белгілемесе, ақпараттық жүйенің меншік иесі электрондық ақпараттық ресурстардың орнын ауыстыруға және таратуға тыйым салуға немесе оған шек қоюға құқылы.

 

17-бап. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру, қол жеткізу және пайдалану

1. Мемлекеттік ақпараттық жүйелер мемлекеттік органдар мен ұйымдарда электрондық қызметтер көрсету, ақпарат алмасуды қамтамасыз ету, қызметті үйлестіру және басқару процестерін оңтайландыру мақсатында құрылады.

2. Мемлекеттік ақпараттық жүйелер осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес құрылады.



Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді құру және оларды іске асыру тәртібі жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуді Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы жұмыстарды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы жүзеге асырады.

2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3. Мемлекеттік ақпараттық жүйені пайдалануға беру оның ақпараттық қауіпсіздік талаптарына және Қазақстан Республикасының аумағында қабылданған стандарттарға сәйкестігіне аттестаттаудың нәтижелері бойынша және сынақ зертханасында мемлекеттік ақпараттық жүйелердің бағдарламалық өнімдеріне, бағдарламалық кодтарына сынақтардың және олардың нормативтік-техникалық құжаттамасына сараптаманың оң нәтижесі болған кезде жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік ақпараттық жүйеге қол жеткізу мемлекеттік ақпараттық жүйенің иеленушісі әзірлейтін ережелермен айқындалады.

2010.15.07. № 337-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды

5. Мемлекеттік ақпараттық жүйелер қазақ және орыс тілдерінде жасалады және сақталады. Осы жүйелердегі қазақ тіліндегі ақпараттың көлемі орыс тіліндегі ақпараттың көлемінен кем болмауға тиіс.

 


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау