Ќазаќстан Республикасыныѕ єылым жјне білім министрлігі



жүктеу 314,5 Kb.
бет2/2
Дата09.01.2020
өлшемі314,5 Kb.
#26104
түріБағдарламасы
1   2
БЕКІТЕМІН

ФМжАТ факультенің деканы

________ Нурбекова Ж.К.

«____»_____________20__ ж.


Құрастырушы: аға оқытушы, ф.-м.ғ.к. __________ Досанов Т.С.
Физика және аспап жасау кафедрасы
050604 «Физика» мамандығының күндізгі жалпы орта білім негізінде оқу нысанының студенттеріне арналған электр және магнетизм

пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 20__ ж. __________ «____» бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген.
20__ ж. _____«____» кафедра отырысында ұсынылған

Хаттама №____


Кафедра меңгерушісі__________Биболов Ш.К. 20___ ж. _______ «____»
Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған 20___ ж. «____»_____________

Хаттама №_____


ОӘК төрағасы _______________________Муканова Ж.Г.

1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары

Досанов Талғат Сапарғалиевич ф.-м.ғ.к., физика және аспап жасау кафедрасының аға оқытушысы – дәріс және тәжірибе сабақтары.

Зейтова Шолпан Сериковна физика және аспап жасау кафедрасының оқытушысы – зертханалық және СӨЖМ сабақтары.

Қабылдау сағаттары: А-313, сабақ кестесі бойынша консультациялар.


2 Пән туралы мәліметтер

Пәннің ұзақтылығы 15 апта, 3 семестрде оқытылады. Пәннің жалпы көлемі 135 сағат, олардың ішінде 45 сағат –аудиториялық, 90 сағат – студенттердің өздік жұмысына (СӨЖ) арналған.

Аудиториялық сағаттардың үлесуі календарлық жоспарда көрсетілген.
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы


Семестр

Кредиттер саны

Аудиториялық сабақтар

түрі бойынша сағаттар саны



Студенттің өздік жұмысының сағаттары

Бақылау түрі

Барлығы

дәріс

тәжірибелік

зертханалық

студиялық

жеке

барлығы

СӨЖМ

3

3

135

15

15

15







90

45

Р1, Р2, емтихан


4 Пәннің мақсаты мен міндеттері

Мақсаты:

"Электр және магнетизм" пәнін оқыту мақсаты: тәжірибе және ғылыми эсперимент арқылы алынған нәтижелерді жалпылау негізінде электрмагниттік қүбылыстардың негізгі заңдылықтарын мазмұндау.

Міндеттері:

– электромагниттік қөбылыстардың негізгі принциптерін, заңдарын және олардын математикалық түрде түжырымдалуын жеткізу.



– электромагниттік қөбылыстарды тәжірибелік бақылау және эсперименталдық зерттеудің негізгі әдістерімен таныстыру.

– физикалық шамаларды дәл өлшеу әдістерін, негізгі физикалық кондырғыларда жөмыс істеуді, физикалық экспериментті автоматтандыру принциптерін және тәжірибе нәтижелерін компьютерде өңдеу тәсілдерін үйрету.



– физикалық идеяларды дұрыс тұжырымдап, сапалы және сандық түрінде есептерді шығаруды үйрету.

пәнді толық меңгеру нәтижесінде студенттер:



– негізгі физикалық қондырғыларды пайдаланып, қарапайым тәжірибелік (тептерді қойып, олардың нәтижелерін алып, өндеп және талқылай;

– қарапайым электромагниттік қебылыстардың математикалық моделін корып және осы моделдерді зерттеу үшін математикалық, компьютерлік кісілдерін қолдана;

– анықтамаларды, оқу әдебиеттерін қолданып, сонымен қатар қажетті черектерді өзге мәлімет көздерінен тауып, оларды пайдалана;

– физиканың және басқа білім салаларының нақты есептерін шешу оарысында электромагниттік құбылыстардың негізгі заңдарын қолдана білуге тиісті.
5 Студенттердің біліміне, шеберлігіне және дағдыларына қойылатын талаптар

Пәнді жоғары деңгейде меңгеру үшін сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия, математикалық талдау, диффренциалдық теңдеулер, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика элементтері саласында білімдер қажет.


6 Пререквизиттер

Электр және магнетизм курсын терең және нақты меңгеру үшін, сызықтық алгебра және аналитикалық геометрия, математикалық талдау, диффренциалдық теңдеулер, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика элементтері саласында білімдер қажет.


7 Постреквизиттер

«Оптика», «Атомдық физика», «Ядролық физика», «Классикалық механика», «Электродинамика», «Кванттық механика», «Термодинамика және статистикалық физика», «Физикалық процестерді модельдеу».


8 Тақырыптық жоспар


п/п

Бөлімдердің атауы

Сағаттар саны

Дәріс

Тәж.

Зерт.

СӨЖ

1

2

3

4

5

6



Электростатика

5

5

5

30



Тұрақты электр тогы

2

2

2

12



Магнетизм

5

5

5

30



Квазистационарлық токтар

2

2

2

12



Электромагниттік өріс. Электромагниттік толқындар

1

1

1

6

Барлығы

15

15

15

90


9 Пәннің қысқаша сипаттамасы

«Электр және магнетизм» курсы болашақ физика маманын дайындауда жетекші орындардың бірін алады және онсыз мамандырды дайындау мүмкін болмайтын іргелі міндеттерді атқарады.

Курста физикалық электр және магнитті құбылыстар зерттеледі.
10 Курстың компоненттері

10.1 Дәрістік сабақтардың мазмұны

Тақырып 1. Электростатика. Түрақты электр өрісі. Кулон заңы. Электр өрісі тұрақтылығы туралы ұғымның физикалык мазмұны және оны қолданудың шектеулері. Кулон заңының әртүрлі қашықтықтар үшін тәжірибе жүзінде тексерілуі. Кавендиш әдісі. Кулон заңының өрістік интерпретациясы. Электр өрісінің кернеулігі. Гаусс теоремасы. Кулон заңының дифференциалдық түрде тұжырымдалуы.

Электростатикалық өрістің потенциалдылығы. Скалярлық потенциал, оның бір мәнді еместігі жөне нормалануы. Электр өрісіндегі жұмыс. Нүктелік зарядтың, нүктелік зарядтар жүйесінің және үзіліссіз таралған зарядтың потенциалы. Электр өрісін табу үшін қажетті үш әдіс: Кулон заңын тікелей қолдану, потенциалды және Гаусс теоремасын пайдалану. Лаплас және Пуассон теңдеулері.

Өткізгіштердегі электростатикалық өріс. Өткізгіш бетінде зарядтардың таралуы. Электростатикалық индукция. Өткізгіш бетінің маңындағы өріс. Зарядтардың беттік тығыздығының беттің қисықтығына тоуелділігі. Зарядтардың өткізгіштен ағып шығуы. Өткізгіш потенциалы және металдық экран. Оңашаланған өткізгіштің сыйымдылығы. Өткізгіштер жүйесі. Конденсаторлар, олардың түрлері жоне сыйымдылықтары. Кейбір электростатикалық есептерді шешу үшін қолданылатын кескіндеу әдісі.

Диэлектриктердегі электростатиқалық өріс. Диэлектриктердің поляризациялануы. Полярлы және полярлы емес диэлектриктер. Дипольдің өрісі.. Үзіліссіз таралған зарядтардың дипольдык моменті. Поляризацияланғыштык – поляризацияланудың сандық сипаттамасы. Поляризацияның электр өрісіне әсері. Байланыстағы зарядтар. Байланыстағы зарядтардың беттік және көлемдік тығыздықтары. Диэлектриктердегі электр өрісі үшін Гаусстың электростатикалық теоремасы. Электрлік ығысу векторы жоне диэлектрлік өтімділік. Диэлектриктердің шекарасында электр өрісі сызықтарының сынуы.



Электростатикалық өріс энергиясы. Дискретті және үзіліссіз таралған зарядтардың озара әсерлесу энергиясы. Меншікті энергия. Электр орісі энергиясының колемдік тығыздығы. Беттік зарядтар орісінің энергиясы. Зарядталған откізгіштердің энергиясы. Сыртқы орістегі дипольдың энергиясы.

Электр өрісіндегі күштер. Электр өрісіндегі нүктелік зарядқа, дипольге және үзіліссіз таралған зарядқа әсер ететін күштер. Электр өрісіндегі диэлектрик және өткізгішке әсер ететін күштер. Күштердің энергия үшін өрнектен есептелуі.

Диэлектриктер. Локальдық өріс және оның сыртқы өрістен өзгешелігі. Полярлы және полярлы емес диэлектриктер. Полярлы диэлектриктер және олардың поляризацияланғыштык коэффициенттерінің температураға тәуелділігі. Сегнетоэлектриктер мен пьезоэлектриктер туралы негізгі мағлұматтар.

Тақырып 2. Тұрақты электр тоғы. Түрақты ток бар кездегі электр өрісі. Ом заңының дифференциалдық түрі. Бөгде электрқозғаушы күштер. Түйықталған тізбек үшін Ом заңы. Джоуль-Ленц заңы және оның дифференциалдық түрі. Ток жүрген кездегі жасалатын жөмыс жөне қуат. Сызықты электр тізбектері. Кирхгоф ережелері. Тұтас ортадағы тоқтар және оларды пайдалану.

Металдардағы ток тасымалдаушы зарядтардың табиғаты. Толмэн жөне Стюарт тәжірибесі. Электроткізгіштіктің классикалық теориясы және оның қиыншылыктары. Электрөткізгіштіктің (кедергінің) температураға тәуелділігі. Асқынөткізгіштік құбылысы. Қатты денелердің зоналық теориясы туралы түсініктер. Металдардың, шала откізгіштердің және диэлектриктердің энергетикалық зоналары.

Шала өткізгіштердің меншікті еткізгіштігі. Қоспалы (электрондық және кемтіктік) өткізгіштік. Донорлар мен акцепторлар. Шала откізгіштер өткізгіштігінің температураға төуелділігі. Металдағы шығу жұмысы. Потенциалдардың жапсарлық айырымы. Шала өткізгіштер және олардың жапсарының түзеткіштік әсері. Шала өткізгішті диод және транзистор. Микроэлектроника туралы түсінік.

Термоэлектрлік құбылыстар. Жылулық электроқозғаушы күш. Зеебек, Пельтье және Томсон құбылыстары. Металл емес қатты денелердің өткізгіштігі. Электролиттердің электрөткізгіштігінің механизмі және оның температураға тәуелділігі.

Газдардың электрөткізгіштігі. Иондау және рекомбинация. Иондық көшкін. Тәуелсіз газ разрядтарының негізгі түрлері: солғын, өшқын, тәж және доғалық разрядтар. Заттың плазмалық күйі. Термоэлектрондық эмиссия.

Тақырып 3. Магнетизм. Стационар магнит өрісі. Ток элементтерінің өзара әсерлесу заңы (Лаплас-Био-Савар-Ампер заңы). Ток элементтерінің өзара әсерлесу заңының өрістік интерпретациясы. Ампер төжірибесі. Магнит индукциясының векторы. Био-Савар-Лаплас заңы. Магнит өрісінің салыстырмалық табиғаты. Ампер заңы. Стационар жағдайдағы магнит индукциясы векторының циркуляциясы туралы теорема, толық тоқ заңы. Магнит өрісінің құйындылығы.

Магнетиктердегі магнит өрісі. Магнетиктер және олардың түрлері. Тұйықталған элементар токтың магнит өрісі. Магниттелу механизмдері, молекулалық, көлемдік және беттік токтар. Магнетиктердегі өріс. Магнит өрісінің кернеулігі. Тұрақты магниттер. Магнит өрісінің векторлары үшін шекаралық шарттар. Магниттік өтімділікті және магнетик ішіндегі өріс кернеулігі мен индукциясын өлшеу. Магниттік экрандау. Магнит өрісіндегі күштер. Лоренц күші. Зарядталған бөлшектердің электромагниттік өрісінде қозғалуы. Ампер заңы. Ток пен магниттік моментке әсер ететін күштер және күш моменттері. Сығылмайтын магнетиктерге әсер ететін көлемдік күштер жөне осы күштерді энергия үшін өрнектен есептеу. Холл эффекті.



Магнетиктер. Диа- және парамагнетиктер. Диа- және парамагнетиктердің магниттелу механизмдері. Лармор прецессиясы. Парамагниттік қабілеттіктің температураға тәуелділігі. Кюри заңы.

Ферромагнетизм. Гистерезис төзағы. Ферромагнетиктік қасиеттердің температураға тәуелділігі. Ферромагнетизм. Домендер. Қайта магниттелу механизмдері. Гиромагниттік эффектілер. Атомдар мен электрондардын механикалық және магниттік моменттерінің арасындағы қатынастар, Эйнштейн-де Гааз және Барнетт эффектілері. Антиферромагнетизм және ферримагнетизм туралы түсініктер.

Тақырып 4. Квазистационар токтар. Электромагниттік индукция және квазистационар айнымалы токтар. Қозғалыстағы өткізгіштердегі индукциялық тоқтар. Фарадейдің электромагниттік индукция заңы және оның дифференциалдық түрде тожырымдалуы. Ленц ережесі. Өздік және өзара индукция қобылыстары. Магнит өрісінің энергиясы. Магнит орісі энергиясының тығыздығы. Индуктивтілік. Магнетиктің сыртқы магнит өрісіндегі энергиясы.

Квазистационар айнымалы ток тізбектері. Айнымалы бөгде электрқозғаушы күші, кедергісі, сиымдылығы және индуктивтілігі бар тізбек. Импеданс. Векторлық диафаммалар одісі. Комплекстік амплитудалар өдісі. Айнымалы ток тізбегіндегі резонанс қобылыстары. Магниттік тізбектерді есептеу. Айнымалы тоқтың жемысы мен қуаты. Жүкті генератормен келістіру., Фуко токтары. Синхрондық жөне асинхрондық двигательтердің жомыс істеу принципы. Трансформаторлар және автотрансформаторлар. Үш фазалы ток туралы негізгі мәліметтер.

Скин-эффект. Скин-эффект, оның заңдылыктары, омдық кедергі мен өткізгіштің индуктивтілігіне әсері туралы негізгі мағлематтар. Скин-эффектін техникада қолданылуы. Томенгі, жоғарғы жиіліктердегі жөне жолақ сүзгілер, оларды жүзеге асырудың физикалық принциптері туралы негізгі мағломагтар.

Максвелл теңдеулері және электромагниттік толкындардыц негізгі қасиеттері. Ығысу тоғы. Максвелл теңдеулерінің жүйесі жоне жеке тендеулердің физикалық мағыналары. Электромагниттік оріс энергиясынын сақталу заңы. Энергия ағынының тығыздығы. Умов-Пойтинг векторы. Электромагниттік энергияның бағыттаушы сымдардың бойымен қозғалысы.



Тақырып 5. Электромагниттiк өрiс және толқындар. Электромагниттік толқындарды шыгару туралы негізгі мәліметтер. Сызықты осциллятордың шығаратын электромагниттік толкынынын орісін бейнелеу. Вакуумдегі жазық электромагниттік толқындар. Толқын өрісінің векторлары жоне олардың арасындағы қатынастар. Фазалық жылдамдық. Толқын энергиясы ағынының тығыздығы. Электромагниттік толқындардың қолданылуы. Бір инерциалдық координаталар жүйесінен екінші жүйеге кошкен кезде электромагниттік өрістің түрленуі. Максвелл теңдеулерінің Лоренц, түрлендіруіне қарағанда инварианттылығы.

10.2 Тәжірибелік сабақтар тізімі және мазмұны




Тақырыптардың аталуы

Мазмұны

Орындау мерзімі

1

2

3

5

1

Электростатика

Кулон заңы. Зарядталған денелердің әсерлесуі. Электр өрісінің кернеулігі. Суперпозиция принципі. Гаусс теоремасы. Электрсыйымдылық. Конденсаторлар. Зарядталған электрөткізгіштің энергиясы. Электр өрісінің энергиясы. Потенциал. Электр зарядтар жүйесінің энергиясы.

1-5 апта

2

Тұрақты электр тогы

Электр тоғы. Тiзбектiң бөлiгi үшiн Ом заңы. Өткiзгiштердiң кедергiсi. Тосын күштер және электр қозғаушы күш. Ом заңының дифференциалдық түрi. Электр қозғаушы күшi тұйық тiзбек үшiн Ом заңы (бiртектi емес тiзбек участкесiне арналған Ом заңы). Түрақты токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы және оның дифференциалдық түрi. Тармақталған тiзбек. Кирхгоф заңы.

6-9 апта

3

Магнетизм

Токтардың өзара әсерi. Магнит өрiсi және оның сипаттамасы. Магнит өрiсiнiң кернеулiгi және индукциясы. Магнит өрiсiнiң ағыны. Био-Савар-Лаплас заңы. Ампер күшi. Электромагниттiк индукция құбылысы. Фарадей тәжiрибесi және Ленц ережесi. Индукция электр қозғаушы күшi. Фарадей заңы. Өздiк индукция құбылысы. Өздiк индукцияның электр қозғаушы күшi.

10-13 апта

4

Квазистационарлық токтар

Электр тербелiстерi. Айнымалы электр қозғаушы күштi алу жолдары. Айнымалы токтың мәнi және орташа мәнi. Сыйымдылық, индуктивтiлiк және кедергiсi бар айнымалы ток тiзбегi. Айнымалы ток тiзбегi үшiн Ом заңы. Комплекстiк амплитуда әдiсi және векторлық диаграмма. Токтардың резонансы (параллель және тiзбектей қосылған тiзбек). Айнымалы токтың жұмысы мен қуаты.

14 апта

5

Электромагниттік өріс. Электромагниттік толқындар.

Жазық электромагниттiк толқындар және олардың вакуумдағы таралу жылдамдығы.

Электромагниттiк өрiстiң энергиясының көлемдiк тығыздығы. Энергия ағыны. Пойнтинга-Умова векторы.



15 апта


10.3 Зертханалық сабақтардың тізімі және мазмұны




Тақырыптардың аталуы

Сабақтардың мазмұны

Орынд. мерзімі

1

2

3

5

1

Электростатика

Кіріспе сабақ. «Электр және магнетизм» лабораториясында қаупсыздық техникасы. Электростатикалық өрісінің қабілеттерін зерттеу.

1-5 апта

2

Тұрақты ток

Активті кедергіні амперметр және вольтметр әдісімен өлшеу. Металдар кедергiсiнiң термиялық (жылулық) коэффициентiн анықтау. Термопараны градуировкалау және оның электр қозғаушы күшiн анықтау.

6-8 апта

3

Магнетизм

Жер магнит өрісінің индукциясының горизонтальдық құраушысын анықтау. Соленоидтың магнит өрiсiн зерттеу. Магниттесу және гистерезис тұзағаның сызықтарын осциллограф арқылы зерттеу.

9-13 апта

4
Квазистационарлық токтар
Электрондық осциллографтың жұмысын зерттеу. Тiзбектей жалғасқан айнымалы ток үшiн Ом заңының орындалуын тексеру. Тербелмелi контурдағы өшетiн тербелiстердi осциллограф арқылы зерттеу.

14-15 апта


10.4 Студенттердің өздік жұмысының мазмұны

10.4.1 СӨЖ түрі


п/п

СӨЖ түрі

Есеп түрі

Бақылау түрі

Сағаттарда көлемі

1

2

3

4

5



Дәріс сабақтарына дайындалу




Сабаққа қатысу

15



Практикалық сабақтарына дайындалу, үй жұмысын орындау

Жұмыс дәптері

Сабаққа қатысу

15



Зертханалық сабақтарына дайындалу

Конспект

Зертханалық жұмыстарды тапсыру

15



Аудиториялық сабақтарына кірмеген материалды зерттеу

Конспект (және т.б.)

Коллоквиум (және т.б.)

15



Бақылау жұмыстарына дайындалу




МБ 1, МБ 2, коллоквиум (тестілеу және т.б.)

30

Барлығы

90


10.4.2 Студенттер өз бетімен игеруге берілетін тақырыптардың тізімі




Тақырыптардың аталуы

Мазмұны

Ұсынылатын әдебиет



Электростатика

Элементар заряд. Кулон заңы. Электр өрісінің кернеулігі. зарядтары және өрiсi. Остроградский-Гаусс теоремасы. Электрлік диполь және оның өрісі.

[1,2]



Тұрақты ток

Тосын күштер және электр қозғаушы күш. Тұрақты ток заңдары. Металдардағы токты тасушылардың табиғаты. Папалекси және Мандельштам, Стюарта және Толмен тәжiрибелерi. Жартылай өткізгіштердің өткізгіштігі. Рекомбинация және ионизация процестерi. Газдардағы тәуелдi және тәуелсiз разряд. Газ разрядтарының (солғын, доғалық, ұшқындық және тәж разрядтар). Газ разрядты плазма. Газ разрядтарының техникады қолданылуы. Катод сәулелерi.

[1,2]



Магнетизм

Токтардың өзара әсерi. Магнит өрiсi және оның сипаттамасы. Магнит өрiсiнiң кернеулiгi және индукциясы. Магнит өрiсiнiң ағыны. Био-Савар-Лаплас заңы. Түзу токтың магнит өрiсi. Деңгелек және соленоид тәрiздес токтардың магнит өрiсi. Магнит өрiсiндегi токқа әсер етушi күштер. Ампер күшi.

[1,2]



Квазистационарлық токтар

Айнымалы электр қозғаушы күштi алу жолдары. Айнымалы токтың мәнi және орташа мәнi. Сыйымдылық, индуктивтiлiк және кедергiсi бар айнымалы ток тiзбегi. Айнымалы ток тiзбегi үшiн Ом заңы. Комплекстiк амплитуда әдiсi және векторлық диаграмма. Айнымалы токтың жұмысы мен қуаты. Электр энергиясын жеткiзу проблемалары, трансформаторлар. Электрлiк тербелмелi контур. Меншiктi тербелiс. Өшетiн тербелiс.

[1,2]



Электромагниттік өріс. Электромагниттік толқындар.

Құйынды электр өрiсi. Ығысу тоғы. Максвелл тендеулерiнiң дифференциалдық және интегралдық түрлерi. Жазық электромагниттiк толқындар және олардың вакуумдағы таралу жылдамдығы. Электромагниттiк толқындардың шағылысуы. Герц вибраторы. Герц тәжiрибесi. Электромагниттiк өрiстiң энергиясының келемдiк тығыздығы.

[1,2]


11 Курстың саясаты

Талаптар жүйесі:

  • оқу процесіне белсенді қатысу;

  • тапсырмаларды уақытымен және толық орындау;

  • ішкі тәртіп ережелерін бұзбау;

  • сабаққа кешікпеу және сабақты босатпау.

  • босатылған сабақтарды оқытушымен белгілеген уақытта өтеу;

  • курстастарымен және оқытушылармен тілектес, іскер стильді ұстану.

Әрбір сабаққа дайындалу ұсынылған материалды толық оқу сияқты міндетті.

Студенттердің білімін тексеру тәртібі

Сіздердің дайындықтарыңыз бақылау жұмыстарымен, тест тапсырмаларымен, ауызша және жазбаша сұраулармен тексеріледі.

Курсты оқу барысында студенттердің білімін рейтингілік бағалау жүйесі қолданылады.

1. Семестрдің ортасы мен соңында 100 балдық шкала бойынша пәннің оқылған модулі бойынша студенттің ағымдағы үлгерім (АҮ) бағасы анықталады. АҮ бағасы – бұл келесі жинаған балдардың қосындысы:

1) дәрістік бақылау рейтингісі;

2) зертханалық сабақтар рейтингісі;

3) үй тапсырмасын орындау рейтингісі;

4) өздік жұмыс рейтингісі кіреді.

Дәрістік бақылау рейтингісіне дәріске қатысу және дәріс сабақтарының тапсырмаларын орындау кіреді.

Зертханалық сабақтар рейтингісі – бұл зертханалық сабақтарда зертханалық жұмыстарды орындау, қорғау.

Үй тапсырмасының рейтингісі – бұл үй тапсырмасын орындауды бағалау.

Өздік жұмыс рейтингісі – бұл өздік жұмыстарын орындауға және қорғауға қойылатын баға.

Барлық тапсырмалар белгіленген мерзімде орындалу қажет. Егер студент сабақ үстінде тәртіп ережесін бұзса, ол қатаң түрде жазаланылады, тіпті аудиториядан босатылады. Сабақты босатқан үшін келесідей айып салынады:

Сабақ себепсіз босатылса - 0 балл; әрбір өтелмеген сабақ үшін 0 балл; уақытында тапсырылмаған тапсырмаға төмен балл қойылады.

Егер де сіз қандайда бір себептермен бақылау шарасына қатыспасаңыз, онда сізге оқытушымен кеңесу кезінде бақылауды жазуға мүмкіндік беріледі, керісінше жағдайда 0 балл қойылады.

Рейтингілік балдар бақылау шараларының күнтізбелік графигінде көрсетілген.

2. Межелік бақылау да (МБ) 100 балдық шкала бойынша анықталады.

Студенттің пән бойынша (Р1 және Р2) рейтингтері АҮ және МБ бағаларының қорытындысы бойынша анықталады
Р1(2)=АҮ1(2)*0,7+МБ1(2)*0,3.
Егер студент МБ-дан өтпесе немесе МБ-дан 50 балдан төмен алса, рейтинг анықталмайды. Бұл жағдайда декан МБ тапсырудың жеке мерзімдерін белгілейді.

3. Пән бойынша студенттің рұқсат рейтингісінің (РР) бағасы семестр бойынша мынаған тең:

РР=(Р1+Р2)/2.

4. Студенттердің пән бойынша оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды рейтингісімен (Қ) анықталады. Қорытынды рейтинг салмақтық үлестерін ескерумен рұқсат рейтинг (РР) және қорытынды бақылау (ҚБ) бағаларының қосындысынан құралады



Қ=РР*0,6+ҚБ*0,4
Салмақтық үлестер жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және ол РР үшін 0,6-дан кем, ал ҚБ үшін 0,4-тен кем болмау қажет.
Ескерту: АҮ – ағымдағы үлгерім; МБ – межелік бақылау; РР – рұқсат рейтингісі; СӨЖ – студенттің өздік жұмысы; СӨЖМ – студенттің оқытушымен бірге өздік жұмысы; ҚБ – қорытынды бақылау; Қ – қорытынды рейтинг.
Пән бойынша қорытынды рейтинг 1 кестеге сәйкес сандық, әріптік және дәстүрлік бағаға аударылып, «Студенттердің оқу жетістіктерінің журналы» мен «Рейтинг парағына» енгізіледі.
Кесте 1

Балл түріндегі қорытынды бағалау (Қ)

Балдардың сандық белгілері (С)

Әріптік жүйеде бағалау

Дәстүрлік жүйеде бағалау

Емтихан

Сынақ

95 - 100

4

A

Өте жақсы

Сынақ-талды

90 - 94

3,67

A-

85 - 89

3,33

B+

Жақсы

80 - 84

3,0

B

75 - 79

2,67

B-

70 - 74

2,33

C+

Қанағаттанарлық

65 – 69

2,0

C

60 – 64

1,67

C-

55 – 59

1,33

D+

50 – 54

1,0

D

0 - 49

0

F

Қанағаттанарлықсыз

Сынақ-талған жоқ


Бақылау шараларының күнтізбелік графигі

050604 – «Физика» мамандығының күндізгі оқу формасындағы студенттері үшін «Электр және магнетизм» пәні бойынша сабақтағы жұмыс және СӨЖ тапсырмаларын орындау мен тапсыру




Рейтинг 1 (3-семестр)

Барлығы балдар

Апта

1

2

3

4

5

6

7

8




Максималды балл,

оның ішінде бақылау турлері бойынша:



9

11

9

11

9

12

18

21

100

1. Дәріс сабақтары

1

1

1

1

1

1

2

2

10

2. Тәжірибелік сабақтар

4

4

4

4

4

4

8

8

40

3. Зертханалық сабақтар

4

4

4

4

4

4

8

8

40

СӨЖ сабақтарын орындау

0

2

0

2

0

3

0

3

10

Межелік бақылау






















МБ

100


100

Рейтинг 2 (3-семестр)

Барлығы балдар

Апта

9

10

11

12

13

14

15




Максималды балл,

оның ішінде бақылау турлері бойынша:

13

11

13

11

15

16

21

100

1. Дәріс сабақтары

1

1

1

1

2

2

2

10

2. Тәжірибелік сабақтар

5

5

5

5

5

7

8

40

3. Зертханалық сабақтар

5

5

5

5

5

7

8

40

СӨЖ сабақтарын орындау

2

0

2

0

3

0

3

10

Межелік бақылау



















МБ

100


100

Шартты белгілер: МБ – межелік бақылдау

20__ж. « » _____ кафедра отырысында ұсынылған



Хаттама №___

Кафедра меңгерушісі ___________ Ш. Қ. Биболов «___»_________20__ж.

12 Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиет

  1. Бәйімбетов Ф.Б., Рамазанов Т.С. Электр және магнетизм: Оқу қүралы. -Алматы: Қазақ университеті, 1997. - 116 бет.

  2. Иродов И.Е. Задачи по общей физике. - М.: Наука, 2003. -416 с.

  3. Иродов И.Е. Основные законы электромагнетизма: Учебное пособие.- М.: Высшая школа, 2001.

  4. Калашников С.Г. Электричество: Учебное пособие. - М.: Наука, 1985. -592 с.

  5. Матвеев А.Н. Электричество и магнетизм: Учебное пособие. - М.: Высшая школа, 2004

  6. Сивухин Д.В. Электричество. - М.: Высшая школа, 1995.

  7. Электричество и магнетизм//Берклеевский курс физики. - М.: Иностранная литература, 1984.

Қосымша әдебиет

  1. Антонов Л.И., Деденко Л.Г., Матвеев А.Н. Методика решения задач по электричеству. - М.: МГУ, 1982. - 168 с.

  2. Бәйімбетов Ф.Б. Электростатика. Тоқтар: Есептер жинағы. - Алматы: Қазақ университеті, 1981.

  3. Джанколи Д. Физика.- Т. 2. - М.: Мир, 1989. - 653 с.

  4. Тамм И.Е. Основы теории электричества. - М.: Наука, 1989.-504 с.

  5. Фейнман Р., Лейтон Р., Сэндс М. Фейнмановские лекции по физике.- Т. 5. -М.: Мир, 1976.

  6. Чертов А.Г., Воробьев А.А. Задачник по физике. М. Высшая школа, 1981.






жүктеу 314,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау