18
IV қауіптілік класына құрылыс қалдықтары жатады: құрылыс топырағы, қалдықтар, бетон,
ерітінділер, кірпіш қалдықтары, керамикалық бұйымдар қалдықтары, саман, саз балшық және
т.б.
IV қауіптілік класының ӛндірістік қалдықтары конус пішінді үйінді ретінде ӛндіріс алаңдарында
ашық сақталуы мүмкін, ол жерден оны автожүктеу арқылы автокӛлікке жүктейді де пайдалану
немесе кӛму орындарына жеткізеді. Бұл қалдықтар соңғыларды кӛму орындарында тұтыну
қалдықтарымен біріктіруге болады немесе оны жекелегіш материал түрінде немесе
аймақтардағы жоспарланған жұмыстарға пайдалануға болады. Ӛндірістік қалдықтарды
залалсыздандыру үшін (III–IV қауіптілік класындағы) тиісті мекемелерде ӛндірістік қалдық
бӛлшектерін тұтыну қалдықтарымен біріктіріп ӛңдеуге болады және ӛндірістік қалдық
бӛлшектерін ТБО полигонында қаптауға болады және ол жекелегіш материал ретінде
пайдаланылады.
ЖДҰ мәліметтері бойынша зертханалық зерттеулердің салыстырмалы салмағы емдеу
мекемелерінде науқасқа жүргізілетін барлық зерттеу түрлерінің жалпы санынан 75–90%
құрайды. Сонымен бірге, ЖДҰ мәліметтері бойынша медициналық мекеменің қызметі
нәтижесінде түзілетін қалдықтардың жалпы санынан шамамен 80% қарапайым қоқыс болып
табылады.
Қалған 20% инфекциялық, токсикалық немесе радиоактивті әсері бар қауіпті медициналық
материалдар болып табылады.
Емдеу-профилактикалық мекемелерінде түзілген қалдықтар құрамы бойынша әртекті.
Олардың құрамында инфекциялық ауру қоздырғыштары немесе қауіпті әсерге ие заттар болады.
Бұл қолданылған таңу материалдары, бір реттік пайдаланылатын шприцтер және инфузиялық
жүйелер, қолғаптар, халаттар, рентген пленкалары, ас әзірлейтін блоктың инфекцияланған
қалдықтары, зақымдалған қан, тері кесінділері, алынып тасталған ағзалар. Медициналық
қалдықтарға сонымен бірге мерзімі ӛткен, бұрмаланған және тәркіленген дәрілік заттар;
инфекцияланған қалдықтар: қанмен және оның ӛнімдерімен зақымданған қалдықтар,
инфекциялық агенттердің ӛсінділері мен инфекциялық агент қорлары; қан, несеп және басқа да
ағзаның биологиялық сұйықтықтарынан тұратын диагностикалық үлгілерді жоятын жеке
палаталардағы пациенттердің қалдықтары, сонымен бірге зақымдалған материалдар(тампондар
мен таңылар) мен жабдықтар (медициналық мақсаттағы бір рет қолданылатын құралдар);
патологиялық қалдықтар: сәйкес ағза бӛліктері; ӛткір құралдар:: шприцтер, инелер, бір реттік
қолданылатын скальпелдер мен жүздер және т.б.; радиоактивті қалдықтар: радиоактивтік
диагностикалық немесе радиотерапевтикалық материалдармен зақымданған шығы ыдыстар;
ауыр металл қалдықтары: қорғасынды термометрлер жатады.
Қауіптілік дәрежесі бойынша медициналық қалдықтар бес қауіптілік класына бӛлінеді:
А класы –ТБО тәрізді қауіпсіз медициналық қалдықтар;
Б класы – қауіпті (қатерлі) медициналық қалдықтар;
В класы –ӛте қауіпті медициналық қалдықтар;
Г класы –құрамы бойынша ӛндірістік қалдықтарға жақын медициналық қалдықтар;
Д класы – радиоактивті медициналық қалдықтар.
19
Медициналық қалдықтарды жинау, қабылдау және тасымалдау бір реттік пайдалануға
арналған пакеттерде, сыйымдылықтарда, пайдалануға қауіпсіз контейнерлерде (УҚК) жүзеге
асырылады. Медициналық қалдықтардың әр класының қалдықтарын жинауға арналған
контейнерлер, сыйымдылықтар мен пакеттердің түстері (таңбалануы) әртүрлі болуы қажет.
Контейнерлердің конструкциясы ылғалды ӛткізбейтін, ішіндегісімен басқа тұлғалардың
байланысын болдырмауы қажет.
Медициналық қалдықтарды қолмен тығыздауға және жеке қорғаныш құралдарының
кӛмегінсіз жинауға, талдауға жол берілмейді.
Б класының медициналық қалдықтары арнайы жағдайларда залалсыздандырылады.
Алдын ала талдауды қажет етпей пайдалануға жататын шанышпалы және басқа да ӛткір
қолданылатын заттар УҚК пайдаланылады (инелер, ұстаралар, ампулалар).
Инфекциялық емес аурулардың операциялық органикалық қалдықтары (ағзалар, ұлпалар)
зираттардың арнайы жеке орындарында кӛмілуге жатқызылады.
Пайдаланылған люминесцентті лампалар, құрамында қорғасын бар құралдар мен сақтау
және тасымалдау кезінде сынуды алдын алатын тығыз жабылмалы сыйымдылықтарда
сақталады және тығыз жабылады.
Медициналық қалдықтарды ӛртеу кезіндегі ӛнімдер немесе күл А класының қалдықтары
сияқты жойылады.
Г класының медициналық қалдықтарын кӛму токсикалық қалдықтарға арналған
полигондарда жүзеге асырылады.
Медициналық қалдықтарды тасымалдау Қазақстан Республикасы тұрғындарының
санитариялық-эпидемиологиялық саулығы саласындағы органның кӛлікке санитариялық –
эпидемиологиялық қорытындысы болған жағдайда су жібермейтін жабық себетімен
жабдықталған, залалсыздандыру жұмыстарын оңай жүргізуге болатын кӛлікте жүргізіледі.
Медициналық қалдықтарды шығарғаннан кейін құрал жууға және залалсыздандыруға
жіберіледі, тазалықта ұсталады.
Арнайы қондырғылардан тыс объектілер мен елдімекендер аймағында медициналық
қалдықтарды ӛртеуге тыйым салынады.
Медициналық қалдықтарды термиялық әдіспен залалсыздандыру (ӛртеу) – медициналық
қалдықтарға 800-1000
о
С тӛмен болмайтын температурада термиялық әсер ету арқылы
жүргізіледі.
Залалсыздандыруға медициналық қалдықтар қалдықтардың класы мен кӛлемін кӛрсету арқылы
денсаулық сақтау объектісінің басшысымен (жауапты тұлғамен) қол қойылған ілеспе актісінің
болуы кезінде қабылданады.
Медициналық қалдықтарды қабылдау қапталған түрде арнайы журналға сапа мен санын
есепке алуды енгізумен жүзеге асырылады.
Медициналық
қалдықтарды
зазалсыздандыру
бойынша
арнайы
қондырғыны
дайындаушының техникалық құжаттарына сәйкес орналастыру және пайдалану қажет.
Медициналық қалдықтарды іріктеу және уақытша сақтау бӛлмесі 12 шаршы метрден (бұдан әрі
– м
2
) кем болмауы қажет және биологиялық қалдықтарды сақтауға арналған ағымдық-сорғыш
желдеткіш жабдықтарымен, стеллаждармен, медициналық қалдықтары бар пакеттерді жинауға