Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



жүктеу 1,07 Mb.
бет183/277
Дата08.02.2022
өлшемі1,07 Mb.
#37398
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   277
аза стан республикасыны орта білім беру йымдарында

МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ

ИНФОРМАТИКА

» БІЛІМ САЛАСЫ

«Математика және информатика» білім саласы бойынша жаратылыстануматематика бағыты және қоғамдық-гуманитарлық бағытта келесі пәндер оқытылады: «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия»,

«Информатика».

«Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» (ЖМБ, ҚГБ) оқу

пәндері

Үлгілік оқу жоспарларының түріне байланысты білім беру ұйымдарында жалпы орта білім беру деңгейіндегі «Математика және информатика» білім саласы пәндерін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі болуы мүмкін.

Жалпы орта білім беру деңгейінде жаратылыстану-математика бағыты және қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытылатын «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» пәндері бойынша оқу жүктемесі 74-кестеде көрсетілген.

74-кесте. Оқу жүктемесінің көлемі


Сынып

Оқу пәнінің атауы

Жалпы жүктеме, сағат

Үлгілік оқу жоспары (жаңартылған мазмұн)

Үлгілік оқу жоспары

(төмендетілген оқу жүктемесімен)



Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық

10-сынып (ҚГБ)

Алгебра және анализ бастамалары

3

102

2

68

10-сынып (ЖМБ)

Алгебра және анализ бастамалары

4

136

3

102

10-сынып (ҚГБ)

Геометрия

1

34

1

34

10-сынып (ЖМБ)

Геометрия

2

68

2

68

11-сынып (ҚГБ)

Алгебра және анализ бастамалары

3

102

2

68

11-сынып (ЖМБ)

Алгебра және анализ бастамалары

4

136

3

102

11-сынып (ҚГБ)

Геометрия

1

34

1

34

11-сынып (ЖМБ)

Геометрия

2

68

2

68

74-кестеден көріп отырғандай, апталық оқу жүктемесі жаратылыстануматематика бағытында және қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытылатын «Алгебра және анализ бастамалары» пәндерінен ғана төмендетілген.

Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары бойынша

Үлгілік оқу бағдарламалары әзірленіп, ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «27» қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілді. Аталған оқу бағдарламаларын академия www.nao.kzсайтынан жүктеп алуға болады.

Жалпы орта білім беру деңгейінде «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» оқу пәндерін оқыту маңызды болып табылады, себебі оны оқыпүйрену барысында математиканың практикалық маңыздылығы, тұлғаның логикалық және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Сондай-ақ, ғылыми-жаратылыстану пәндерін оқып-білуге қажетті математикалық білім мен білік негіздерін игеру қоршаған ортаның біртұтастығы туралы түсінікті қалыптастыруға ықпал етеді.

«Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» оқу пәндерін оқыту мақсаты: қазіргі замандағы қоғамда өзін еркін сезінуге адамға қажетті ойлау қасиеттерін қалыптастыру арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту; практикалық іс-әрекеттерде қолдануда, басқа пәндерді үйренуде, білім алуды жалғастыруда қажетті математикалық білімді меңгеру.

Үлгілік оқу бағдарламаларының түрлеріне қарай жалпы орта білім беру деңгейінде «Алгебра және анализ бастамалары», «Геометрия» пәндерінің базалық білім мазмұны мен оқыту мақсаттарының жүйелеріне тоқталайық.

1. Үлгілік оқу бағдарламаларына (төмендетілген оқу жүктемесімен) сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 10-11-сыныптарда «Алгебра және анализ бастамалары» пәнін оқытуға аптасына 3 сағат бөлінген.

Осыған байланысты жаңартылған мазмұнның үлгілік оқу бағдарламаларында берілген келесі бөлімдер мен бөлімшелер қысқартылды:


  • «Функция, оның қасиеттері және графигі» бөлімінен «Бөлшек-сызықты функция»;

  • «Кері тригонометриялық функциялар» бөлімінен «Кері

тригонометриялық функциялары бар қарапайым теңдеулер»;

  • «Туынды» бөлімінен «Кері тригонометриялық функциялардың туындылары»;

  • «Туындының қолданылуы» бөлімінен «Функция графигінің иілу

нүктелері, функция графигінің дөңестігі»;

  • «Кездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары» бөлімінен «Үлкен сандар заңы»;

  • «Ықтималдық» бөлімінен «Жуықтап есептеулер үшін Ньютон биномы (натурал көрсеткішті)», «Толық ықтималдық формуласы және Байес формуласы», «Бернулли формуласы және оның салдарлары», «Нақты құбылыстар мен процестердің ықтималдық модельдері»;

  • «Алғашқы функция және интеграл» бөлімінен «Интегралдау әдістері» тақырыбы;

  • «Көпмүшелер» бөлімі;

  • «Комплекс сандар» бөлімі;

  • «Дифференциалдық теңдеулер» бөлімі.

2. Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 10-11-сыныптарда «Алгебра және анализ бастамалары» пәнін оқытуға аптасына 2 сағат бөлінген. Осыған байланысты жаңартылған мазмұнның үлгілік оқу бағдарламаларында берілген «Математикалық статистика элементтері» бөлімі (Басты жиын және таңдама. Дискретті және интервалды вариациялық қатарлар. Кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын таңдамалар бойынша бағалау) қысқартылды.

ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларының» 14-5-тармағына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді және бөлімді екі кезеңде өткізуге болады.

Үлгілік оқу бағдарламаларына (жаңартылған мазмұнның) сәйкес жаратылыстану-математика бағыты және қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытылатын «Алгебра және анализ бастамалары» оқу пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 75-кестеде көрсетілген.


жүктеу 1,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   277




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау