Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2016 жылғы 19 қазандағы №12 Бұйрығымен бекітілген
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілген ішкі талдау нәтижесі
2017 жылдың қаңтар - маусым айлары
Қазақстан Республикаының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» №410 Заңының 6 бабына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесінің бірі болып табылады. Аталған заң талаптары барлық мемлекеттік органдарға жеткізіліп, таныстырылды.
Бұйрығымен бекітілген (әрмен қарай мәтін бойынша бұйрық) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Күршім ауданы әкімінің 2017 жылдың 24 қазанындағы «Жұмыс тобын құру туралы» № 71-ө өкімімен жұмыс тобы құрылып, құрылымдық бөлімшелер қызметі бойынша дербес түрде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 2017 жылдың қаңтар айынан маусым айына дейінгі аралығында ішкі талдау жұмыстарын жүргізді. Талдау нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Бұйрықтың 8 тармағына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және
құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас
жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
мүдделер қақтығысын реттеу;
мемлекеттік қызмет көрсету;
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық нұсқаулықтарымен
таныстырлыған. Мемлекеттік қызметте болумен байланысты шектеуге қол қойған. Мемлекеттік қызметшілер арнайы тексеруінен өтіп, ант қабылдаған. Барлық мемлекеттік қызметшілер біліктілік талаптарға сәйкес келеді. Барлық санаттағы мемлекеттік қызметшілер уақытында қайта даярлықтан өтіп, біліктіліктерін арттырған. Мемлекеттік орган басшылары мен мемлекеттік қызметшілер арасында туыстық байланыс жоқ. Мүдделер қақтығысы болған жоқ.
Ішкі және жалпы конкурстар Бірыңғай конкурстық комиссия арқылы өткізіліп, конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объектілігін қамтамасыз ету мақсатында оның отырысына байқаушы, сарапшы қатысуда.
Әдеп Кодексі нормаларын бұзудың фактісі тіркелмеген. Тәртіптік шаралар заң талаптарына сәйкес қолданылған. Мемлекеттік қызметшілер «Өзіңнен баста акциясына қатысып, өздерінің кірістерін аудан әкімінің веб – сайтына жариялады.
«Персоналды басқару» бойынша сыбайлас жемқорлық қатерлері анықталған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенттері және стандарттары,
Күршім ауданы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімі,
электрондық мемлекеттік қызметті қалай алуға болатындығы туралы ақпарат
Күршім ауданы әкімінің ресми сайтында орналасқан.
2017 жылдың І жарты жылдығында жеке және заңды тұлғаларға 20425 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Соның ішінде 1125 мемлекеттік қызмет Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы, 17 мемлекеттік қызмет электрондық үкімет порталы арқылы көрсетілді.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері бойынша арыз-шағымдар тіркелген жоқ.
Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен жалпы өтініш саны 2017
жылдың І жарты жылдығында - 67. Оның ішінде; Күршім ауданы әкімі аппаратына - 5 өтініш, дербес бөлімдерге - 42 өтініш, басқаларына - 20 өтініш. Барлық өтініштерге жауаптар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңы негізінде берілді.
Жалпы қабылданған құқықтық актілер саны 2017 жылдың І жарты жылдығында - 1137. Құқықтық актілер қабылдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Қорытынды:
Күршім ауданы әкімі аппараты тарапынан заңдылық сараптама жасау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Аппарат басшысының м.у.а Ж.Мәжібаев
30.06.2017 ж
Достарыңызбен бөлісу: |