заңнамасымен салыстырғанда жұмыскерлердің жағдайын нашарлататын
ережелері жарамсыз деп танылады және қолданылмауға тиіс.
3. Келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының талаптары біржақты
тәртіппен өзгертілмейді.
11-бап. Жұмыс берушінің актілері
Жұмыс беруші осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де
нормативтік құқықтық актілеріне, еңбек шартына, келісімдерге, ұжымдық
шартқа сәйкес өз құзыреті шегінде актілер шығарады.
12-бап. Жұмыс берушінің актілерін шығару кезінде жұмыскерлер өкілдерінің пікірін ескеру
тәртібі
1. Жұмыс беруші келісімдерде, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда
жұмыскерлер өкілдерінің пікірін ескере отырып актілер шығарады.
2. Жұмыс беруші өзінің актісінің жобасын және ол бойынша негіздемені
жұмыскерлердің өкілдеріне ұсынады. Жұмыскерлердің бірнеше өкілі болған
кезде олар жұмыс берушінің актілері бойынша пікірді есепке алу үшін сандық
құрамы олар мүдделерін білдіретін жұмыскерлердің санына пропорционалды
түрде болатын біртұтас өкілді орган құрады.
3. Жұмыскерлердің өкілдері жұмыс беруші актісінің жобасын табыс етілген
күннен бастап бес жұмыс күнінен асырмай талқылайды. Жұмыскерлердің
өкілдері шешімді осы Кодексте белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда,
жұмыс беруші актіні пікірді ескерместен қабылдауға құқылы.
4. Жұмыскерлер өкілдерінің шешімдері хаттамамен ресімделеді, онда
жұмыскерлер өкілдерінің жұмыс беруші актісінің жобасымен келісетіні
(келіспейтіні) көрсетіледі, олардың ұсыныстары болса олар жазылады.
5. Егер жұмыскерлер өкілдерінің пікірінде жұмыс беруші актісінің жобасына
келісім болмаған не оны өзгерту жөнінде ұсыныстар болған жағдайда, жұмыс
беруші:
1) келіскен жағдайда жұмыскерлер өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып
өзгертілген акт шығарады;
2) келіспеген кезде жұмыскерлердің өкілдерімен қосымша консультациялар
өткізуге құқылы.
6. Жұмыс беруші актілерін шығару үшін келісімдерге, ұжымдық шартқа
сәйкес жұмыскерлер өкілдерінің пікірін есепке алу қажет болатын олардың
жобалары бойынша келісімге қол жеткізілмеген кезде, туындаған
келіспеушіліктер, жұмыс берушінің және жұмыскерлердің бір өкілі қол қоятын
хаттамамен ресімделеді, одан кейін жұмыс беруші актіні қабылдауға құқылы.
7. Егер жұмыс берушінің шығарылған актісінде жұмыскерлердің осы
Кодексте, еңбек, ұжымдық шарттарда, келісімдерде көзделген құқықтары мен
кепілдіктерін бұзатын не нашарлататын ережелер қамтылған жағдайда, оған
еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға не сотқа шағым жасауға
болады.
13-бап. Осы Кодексте белгіленген мерзімдерді есептеу
1. Осы Кодексте, еңбек немесе ұжымдық шартта, келісімдерде белгіленген
мерзім күнтізбелік күнмен, жылдармен, айлармен, апталармен немесе күндермен
есептелетін уақыт кезеңінің аяқталуымен айқындалады. Мерзім басталуға тиіс
оқиғаны көрсетумен де айқындалуы мүмкін.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда мерзім жұмыс күндерімен
есептеледі.
3. Уақыт кезеңімен айқындалатын мерзімнің ағымы оқиғаның басталуы
айқындалған, оқиға басталған күнтізбелік күннен кейінгі келесі күні басталады.
4. Жылдармен, айлармен, апталармен есептелетін мерзімдер соңғы жылдың,
айдың, аптаның тиісті күндері аяқталады. Егер айлармен есептелетін мерзімнің
аяқталуы тиісті күні жоқ айға келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күні
аяқталады. Күнтізбелік апталармен немесе күндермен есептелетін мерзімге
жұмыс күні емес күндер де қосылады.
5. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, мерзімнің соңғы күні жұмыс күні
емес күнге келсе, онда одан кейінгі бірінші жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні
болып есептеледі.
14-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
2-тарау. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек қатынастарын реттеу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік
саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының
мөлшерлерін айқындайды;
3) Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық
компаниялардың, акционерлік қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне
ақы төлеу мен оларға сыйлықақы беру шарттары туралы үлгілік ережені
бекітеді;
4) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтылатын ұйымдардың
азаматтық қызметшілерінің, жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар
жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесін бекітеді;
5) жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерімен және
жұмыскерлердің республикалық бірлестіктерімен бас келісім жасасады;
6) тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдау тәртібін белгілейді;
7) өзіне Конституциямен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және
Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де
функцияларды орындайды.
16-бап. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның еңбек қатынастарын реттеу
саласындағы құзыреті
Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік
саясатты іске асырады;
2) Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының, оның ішінде еңбек
қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөніндегі талаптың, Қазақстан
Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының сақталуын
мемлекеттiк бақылауды ұйымдастырады, сондай-ақ еңбек инспекциясы
жөніндегі жергілікті органның қызметін үйлестіреді және қызметін тексеруді
жүзеге асырады;
3) еңбек қатынастарын реттеу саласындағы жергілікті атқарушы органдарға
әдістемелік басшылықты және оларды үйлестіруді жүзеге асырады;
4) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдардан еңбек қатынастары
мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұратады;
5) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас
мемлекеттік еңбек инспекторын тағайындауды келіседі;
6) мемлекеттік органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі қызметін
үйлестіреді;
7) еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласында
үйлестіруді және басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жұмыскерлердің
және жұмыс берушілердің өкілдерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
8) жұмыс берушінің еңбек нормаларын, еңбек жөнiндегi үлгiлiк нормалар
мен нормативтердi, қызметтің барлық салалары үшін еңбек жөніндегі бірыңғай
және (немесе) салааралық, үлгілік нормалар мен нормативтерді әзірлеу, бекіту,
ауыстыру және қайта қарау тәртiбiн белгiлейдi;
9) әкiмшiлiк персоналға жататын жұмыскерлер лауазымдары атауларының
тiзбесiн әзірлейді және бекітеді;
Достарыңызбен бөлісу: |