211-бап. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы монополияға қарсы органды хабардар ету тәртібі
1. Табиғи монополия субъектісі реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) жатпайтын қызметті жүзеге асыруды бастаған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы монополияға қарсы органды хабардар етуге міндетті.
2. Табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы жазбаша хабарлама монополияға қарсы органға тікелей де, байланыс мекемелері арқылы да берілуі мүмкін.
19-тарау. МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫМЕН ЖӘНЕ БАСҚА МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ
МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАНДАРЫМЕН ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫ
212-бап. Монополияға қарсы органның басқа мемлекеттердің монополияға қарсы органдарымен өзара іс-қимылы
1. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің монополияға қарсы органдары өзара іс-қимылды, оның ішінде ақпарат беру туралы хабарламалар, сұрау салулар жіберу, консультациялар жүргізу, тергеп-тексерулер туралы хабарландыру арқылы жүзеге асырады.
2. Монополияға қарсы орган халықаралық ұйымдарға қатысу шеңберінде өзге де мемлекеттердің монополияға қарсы органдарына сұрау салулар жіберуге және олардың сұрау салулары бойынша ақпарат беруге құқылы.
213-бап. Монополияға қарсы орган мен құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы
1. Монополияға қарсы орган өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылды мынадай нысандарда жүзеге асырады:
1) құқық қорғау органдарына бәсекелестікті қорғау саласындағы құқық бұзушылықтардың анықталған фактілері туралы хабарлайды;
2) тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйі туралы талдамалық ақпаратты және мониторинг деректерін береді;
3) құқық қорғау органдарының сұрау салулары бойынша өз құзыреті шегінде зерттеулер, сараптамалар жүргізеді және Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының мәселелері бойынша қорытындылар береді;
4) құқық қорғау органдарының, олардың аумақтық бөлімшелерінің қаулылары мен сұрау салулары бойынша өз қызметкерлерін Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру жөніндегі процестік әрекеттер мен іс-шараларға қатысу үшін сарапшылар ретінде жібереді.
2. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары өз өкілеттіктері шегінде монополияға қарсы органмен өзара іс-қимылды мынадай нысандарда жүзеге асырады:
1) монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасы аясындағы анықталған құқық бұзушылықтар туралы хабарлайды;
2) монополияға қарсы органның және оның аумақтық органдарының сұрау салулары мен өтініштері бойынша:
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізу, сондай-ақ монополияға қарсы орган қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіретін құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу үшін қызметкерлерін жібереді;
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылардың тұрған жерін анықтау және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен монополияға қарсы органның жазбаша сұрау салуларына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін оларды монополияға қарсы органға жеткізу бойынша шаралар қолданады;
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген тәртіппен монополияға қарсы орган ұсынатын, қылмыстық жазаланатын бәсекелестікке қарсы әрекет белгілері бар материалдар бойынша қылмыстық істер қозғау туралы шешімдер қабылдайды, бұл жөнінде монополияға қарсы органға хабарлайды;
монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың дәлелдемелерін табуға және бекітуге практикалық көмек көрсетеді.
214-бап. Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің құқықтары
Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару, оның ішінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы өтініштерді қарау, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы істерді тергеп-тексеру, экономикалық шоғырлануға бақылауды жүзеге асыру және бәсекелестік деңгейінің жай-күйін айқындау кезінде, өздеріне жүктелген өкілеттіктерге сәйкес қызметтік куәліктерін және монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының сақталуына тергеп-тексеру жүргізу туралы шешімдерін көрсеткен кезінде:
1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік органдар мен нарық субъектілерінің үй-жайлары мен аумақтарына кедергісіз кіруге;
2) монополияға қарсы орган белгілеген, бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан, нарық субъектілерінен, лауазымды адамдардан және өзге де жеке және заңды тұлғалардан жазбаша ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының жол берілген бұзушылық фактілері бойынша жазбаша және (немесе) ауызша түсініктемелер сұратуға және алуға құқығы бар.
215-бап. Монополияға қарсы орган қызметкерлерінің коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау жөніндегі міндеті
1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, монополияға қарсы орган өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпарат жария етуге жатпайды.
2. Монополияға қарсы орган қызметкерлері коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
3. Монополияға қарсы органның не оның лауазымды адамдарының коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етуі нәтижесінде жеке немесе заңды тұлғаға келтірілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге жатады.
20-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ
САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫН АНЫҚТАУ
216-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруді бастау үшін негіздер
1. Монополияға қарсы орган өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексереді және тергеп-тексеру нәтижелері бойынша шешім қабылдайды.
Тергеп-тексеру деп монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтың жасалғанын растайтын немесе жоққа шығаратын нақты деректерді осы Кодексте көзделген тәртіппен жинауға бағытталған іс-шаралары түсініледі.
2. Монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы мәліметтердің келіп түсуі тергеп-тексеруді бастау үшін негіз болып табылады, олар:
1) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы көрсетіле отырып, мемлекеттік органдардан келіп түскен материалдар;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілерін көрсететін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші;
3) монополияға қарсы органның өз қызметін жүзеге асыруы кезінде нарық субъектісінің, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың әрекеттерінен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілерін анықтауы;
4) монополияға қарсы органға келіп түскен, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілерінің бар екендігі туралы бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауы болып табылады.
3. Тергеп-тексерудiң басталуы тергеп-тексеруді жүргізу туралы бұйрықпен ресiмделедi.
4. Әрекеттерінде картель белгілері қарастырылатын тергеп-тексеру объектілерін қоспағанда, тергеп-тексерудi жүргізу туралы бұйрықтың көшiрмесi қол қойылған күнiнен бастап үш жұмыс күнінен кешiктiрiлмей өтiнiш берушiге және тергеп-тексеру объектiсiне жiберiледi.
Әрекеттерінде картель белгілері қарастырылатын тергеп-тексеру объектілеріне тергеп-тексерудi жүргізу туралы бұйрықтың көшiрмесi тергеп-тексеруді жүргізу кезінде тапсырылады.
217-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруге қатысатын тұлғалар
1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруге қатысатын тұлғалар:
1) өтініш беруші – монополияға қарсы органға Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылғаны туралы мәліметтерді жіберген жеке немесе заңды тұлға;
2) тергеп-тексеру объектісі – өзінің әрекетіне қатысты тергеп-тексеру жүргізілетін жеке немесе заңды тұлға. Аталған тұлғалар тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарылған кезден бастап тергеп-тексеру объектісі деп танылады;
3) мүдделі тұлғалар – Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы істі қарауға байланысты құқықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке немесе заңды тұлғалар;
4) монополияға қарсы органның лауазымды адамы – монополияға қарсы органның тергеп-тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген қызметкері;
5) куә – тергеп-тексеру үшін маңызы бар қандай да бір мән-жайлар өзіне белгілі болуы мүмкін кез келген жеке тұлға;
6) сарапшы – арнайы ғылыми немесе практикалық білімі бар, іске мүдделі емес жеке тұлға болып табылады.
2. Тергеп-тексеру жүргізу кезінде іске қатысатын тұлғалар өз құқықтары мен міндеттерін өзі немесе өкілі арқылы жүзеге асыруға құқылы.
3. Егер тергеп-тексеру барысында тергеп-тексеру объектісінің емес, өзге тұлғаның әрекетінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері бар екендігі анықталса, монополияға қарсы орган мұндай тұлғаны осы Кодекстің 216-бабында көзделген тәртіппен тергеп-тексеру объектісі ретінде тартады.
218-бап. Тергеп-тексеруді жүргізу
1. Нарық субъектісінің, мемлекеттік органның, жергілікті атқарушы органның әрекеттерінде осы Кодекстің 216-бабының 2-тармағында көзделген мәліметтерді қарау шеңберінде белгіленетін Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің болуын көрсететін нақты деректер болған жағдайда, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргiзу туралы бұйрық шығарады.
2. Осы Кодекстің 174-бабының бұзылуы нысанына тергеп-тексеру жүргізу кезінде монополияға қарсы орган тауар нарықтарына талдау жүргізу арқылы өзіне қатысты өтініш (шағым) беріліп отырған нарық субъектісінің үстем немесе монополиялық жағдайын анықтауға құқылы. Бұл ретте, осы нарық субъектісіне қатысты монополияға қарсы ден қою шаралары оның нақты үстем болған кезеңі үшін де қолданылады.
3. Тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрықта:
1) тергеп-тексеру объектісінің атауы;
2) тергеп-тексеру барысында анықталуға жататын мәселелер тізбесі және мән-жайлар тобы;
3) тергеп-тексерудің басталу және аяқталу мерзімі;
4) монополияға қарсы органның тергеп-тексеру жүргізуге уәкілеттік берілген лауазымды адамдарының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) қамтылуға тиіс.
4. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзушылықтарын тергеп-тексеру Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзушылықтарына тергеп-тексеру жүргізу туралы бұйрық шығарылған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Істі тергеп-тексеру мерзімін монополияға қарсы орган ұзартуы, бірақ екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін. Мерзімін ұзарту туралы бұйрық шығарылады, бұйрықтың көшірмесі ол шығарылған күннен бстап үш күн ішінде өтініш беруші мен тергеп-тексеру объектісіне жіберіледі.
5. Монополияға қарсы орган тергеп-тексеру басталғанға дейін тергеп-тексеруді тағайындау туралы актіні құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, оның ішінде электрондық нысанда ұсыну арқылы оны құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркейді.
6. Монополияға қарсы орган тергеп-тексеру барысында бірнеше тергеп-тексеруді біреуіне біріктіру туралы немесе бөліп алу және жеке тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім қабылдай алады.
219-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру кезіндегі дәлелдемелер
1. Тергеп-тексеруді дұрыс жүргізу үшін маңызы бар кез келген нақты деректер, оның ішінде:
1) өтініш берушінің, тергеп-тексеру объектісінің, мүдделі тұлғалардың және куәлардың түсініктемелері;
2) сарапшылардың қорытындылары;
3) заттай дәлелдемелер;
4) өзге де құжаттар (оның ішінде, компьютерлік ақпараты, фото және кино түсірілімдері, дыбыс-, аудио- және бейнежазбалар бар материалдар) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу фактілерінің дәлелдемелері бола алады.
2. Дәлелдемелерді жинауды монополияға қарсы органның лауазымды адамы жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруге қатысатын тұлғалар нақты деректер ұсынуға және олардың анықтығын дәлелдеуге құқылы.
220-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруге қатысатын тұлғалардың құқықтары
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруге қатысатын тұлғалардың:
1) нарықтың басқа субъектiлерiнiң құпия ақпараты және (немесе) коммерциялық құпиясы бар материалдарын қоспағанда, iстің материалдарымен танысуға, олардан үзiндi көшірмелер жасауға және көшiрмелерiн алуға;
2) дәлелдемелер ұсынуға және оларды зерттеуге қатысуға;
3) іске қатысатын басқа да адамдарға сұрақтар қоюға;
4) сарапшылар тарту туралы өтінішхатпен шығуға;
5) жазбаша немесе ауызша нысанда түсіндірмелер беруге, тергеп-тексеру барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәйектерін келтіруге;
6) тергеп-тексеруге қатысатын басқа да тұлғалардың өтінішхаттарымен танысуға, тергеп-тексеруге қатысатын басқа да тұлғалардың өтінішхаттарына, дәйектеріне қарсылық білдіруге құқығы бар.
221-бап. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тергеп-тексеру жүргiзу кезiндегi құқықтары мен мiндеттерi
1. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тергеп-тексеруді жүргiзу кезiнде:
1) тергеп-тексеру объектiсiнiң аумағына және үй-жайларына кедергiсiз кiруге;
2) тергеп-тексеру нысанасына сәйкес тергеп-тексеру объектiсiнiң автоматтандырылған дерекқорына (ақпараттық жүйелерiне), оның ішінде құжаттар мен ақпараттың электрондық жеткізгіштерінен көшірмелерді түсіріп алу құқығымен қол жеткiзуге;
3) монополияға қарсы орган белгілеген, бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде тергеп-тексеру объектiсiнiң басшыларынан, лауазымды адамдарынан және басқа да қызметкерлерiнен тергеп-тексеру нысанасына қатысты қажеттi ақпаратты, құжаттарды немесе олардың көшiрмелерiн, тергеп-тексеру барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсiнiктемелер сұратуға;
4) тергеп-тексеру жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттiк органдарының мамандарын және өзге де адамдарды сарапшылар ретiнде тартуға құқығы бар.
2. Тергеп-тексеру объектiсiнiң басшысы және (немесе) лауазымды адамдары монополияға қарсы органның тергеп-тексеру жүргiзуге жауапты лауазымды адамының ауызша сұрау салуы бойынша ақпаратты, құжаттар немесе олардың көшiрмелерiн, сондай-ақ жазбаша не ауызша түсiнiктемелер беруден бас тартқан жағдайда, оларға тиiстi жазбаша сұрау салу тапсырылады. Жазбаша сұрау салуды тергеп-тексеру объектiсiнiң басшысына тапсыру мүмкiн болмаған жағдайда, сұрау салу тергеп-тексеру объектiсi басшысының атына хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта байланысы арқылы жiберiледi.
3. Сұратылатын ақпаратты тергеп-тексеру объектiсiнiң коммерциялық құпиясына жатқызу монополияға қарсы органның тергеп-тексерудi жүзеге асыратын лауазымды адамдарына ақпарат беруден бас тарту үшiн негiз бола алмайды.
Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының көрсетілген ақпаратты пайдалануы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптар сақтала отырып жүзеге асырылуға тиiс.
4. Нарық субъектiсi ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпия ақпаратқа жатқызған жағдайда, монополияға қарсы органға мәлiметтердi ұсынған кезде нарық субъектiсi белгi қою арқылы оның сипатының құпиялылығын көрсетуге мiндеттi.
5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақпаратты басқа мемлекеттiк органға беру жағдайларын қоспағанда, тергеп-тексеру барысында монополияға қарсы орган алған тергеп-тексеру объектiсi туралы кез келген ақпарат таратылуға жатпайды.
6. Монополияға қарсы органның тергеп-тексерудi жүзеге асыратын лауазымды адамдарының тергеп-тексеру нысанасына қатысы жоқ талаптар қоюына және өтiнiшпен жүгiнуiне тыйым салынады.
7. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдары бұзушылықтар туралы мәлiметтердi қарау және тергеп-тексеру жүргiзу кезінде:
1) дәлелдемелердiң жан-жақты, толық және объективтi жиналуына және зерттелуiне барлық шараларды қолдануға;
2) бұзушылықтар туралы мәлiметтердi алдын ала қарау нәтижелерi туралы қорытындыларды уақтылы әзiрлеуге;
3) тергеп-тексерудi тоқтата тұру, қайта бастау туралы және тергеп-тексеру нәтижелерi бойынша, сондай-ақ сараптама тағайындау туралы қорытындыларды уақтылы дайындауға;
4) аумақтық органдар қорытындыларды бекiткен не бұзушылықтар туралы мәлiметтердi қарау және бұзушылықтарды тергеп-тексеру туралы бұйрықтарға қол қойған күннен бастап үш жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде осы құжаттардың көшiрмелерiн орталық мемлекеттiк органға жiберуге мiндеттi.
222-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуы туралы iстiтергеп-тексеруді тоқтата тұру
1. Монополияға қарсы орган:
1) монополияға қарсы орган, сот, қылмыстық қудалау органдары Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру үшiн маңызы бар басқа iстi қараған;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуына сол бір осы тергеп-тексеру объектiсiне қатысты басқа тергеп-тексеру жүргiзiлген;
3) сараптама жүргiзiлген жағдайларда, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексерудi тоқтата тұруға құқылы.
2. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру мерзiмi тергеп-тексерудi тоқтата тұрған кезде үзiледi және тергеп-тексеру қайта басталған кезден бастап жалғасады.
3. Монополияға қарсы органның лауазымды адамы тергеп-тексерудi тоқтата тұру және қайта бастау, сондай-ақ сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады. Сараптама тағайындау туралы ұйғарымның көшiрмесi осындай ұйғарым шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде сарапшыға жiберiледi.
223-бап. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексерудi тоқтату
Монополияға қарсы орган:
1) тергеп-тексеру объектiсiнiң әрекеттерiнде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтар болмаған;
2) тергеп-тексерудің жалғыз объектiсi – заңды тұлға таратылған;
3) тергеп-тексерудің жалғыз объектiсi – жеке тұлға қайтыс болған;
4) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінде белгiленген ескіру мерзiмi өтiп кеткен;
5) монополияға қарсы орган қарайтын әрекеттерде (әрекетсiздiкте) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтың болуы немесе болмауы туралы түйіндер қамтылған, заңды күшiне енген сот актiсi болған жағдайда, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексерудi тоқтатады.
224-бап. Монополияға қарсы органның Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша шешімдері
1. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның лауазымды адамы қорытынды әзірлейді, оның негізінде монополияға қарсы орган:
1) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеруді осы Кодекстің 223-бабында көзделген негіздер бойынша тоқтату;
2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау;
3) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын жою туралы ұйығарым шығару;
4) материалдарды қылмыстық іс қозғау үшін құқық қорғау органдарына беру туралы тиісті шешім (шешімдер) қабылдайды.
2. Тергеп-тексеру аяқталуынан кемінде жеті жұмыс күні бұрын мерзімде тергеп-тексеру объектісі өтініш жасаған жағдайда, монополияға қарсы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының жобасын келісу комиссиясының қарауына шығарады.
Келісу комисссиясы енгізілген қорытынды жобасын ол енгізілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде тергеп-тексеруге қатысатын адамдарды отырысқа шақыра отырып, оның толықтығы мен Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу фактілердің онда келтірілген дәлелдемелердің сапасы нысанына қарайды.
Қорытынды жобасын қарау нәтижелері бойынша келісу комиссиясы жұмыс үшін лауазымды адамға (лауазымды адамдарға) жіберілетін өз ескертпелері мен ұсынымдарын енгізеді.
Келісу комиссиясының ережесін, регламентін және монополияға қарсы органның қызметкерлерінен басқа тергеп-тексеру объектісі тарапын қоса алғанда, тәуелсіз сарапшылар өкілдік етуге тиіс құрамын монополияға қарсы орган әзірлейді және бекітеді.
3. Монополияға қарсы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыға қол қойған күн тергеп-тексерудің аяқталуы деп есептеледі.
Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындының көшірмесі қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей тергеп-тексеру объектісіне тапсырылады немесе хабарламасы бар хатпен жіберіледі.
4. Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылуын тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде монополияға қарсы органның бұйрығымен ресімделеді.
5. Тергеп-тексеру нәтижелерi бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны қоса тіркей отырып, қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей тергеп-тексеру объектiсiне тапсырылады немесе хабарламасы бар хатпен жiберiледi. Өтiнiш берушiге қабылданған шешiм туралы нақ сол мерзiмде хабарланады.
6. Тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрыққа қол қойылған (шешім қабылданған) күн әкімшілік құқық бұзушылықты жасау фактісі анықталған кез деп есептеледі.
7. Тергеп-тексеру объектісі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрыққа Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде көзделген тәртіппен сотқа шағым жасай алады.
21-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСТІКТІ ҚОРҒАУ
САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗУДЫҢ ЖОЛЫН КЕСУ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯҒА
ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ НҰСҚАМАЛАРЫН ҚАЙТА ҚАРАУ
Достарыңызбен бөлісу: |