2. Микроқаржы ұйымдарына:
1) өздерiнiң қызметi туралы оны жариялау күнінде шындыққа сай келмейтiн жарнама жасауға;
2) Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасына сәйкес келмейтін талаптарда микрокредитті ұсынумен байланысты жарнама жасауға тыйым салынады.
3. Уәкілетті орган микроқаржы ұйымынан шындыққа сай келмейтін жарнамаға өзгерістер енгізуді, оны тоқтатуды немесе оны теріске шығару туралы жариялауды талап етуге құқылы.
Осы талап уәкілетті орган белгілеген мерзімде орындалмаған жағдайда, уәкілетті орган жарнамада қамтылған мәліметтердің шындыққа сай келмейтіні туралы ақпаратты жариялауға не осындай жарнаманы жариялаған микроқаржы ұйымы есебінен оларды нақтылауға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |