«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»



жүктеу 0,56 Mb.
бет42/591
Дата19.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#33443
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   591
Салыстырма кесте

220-бап. Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасын, клиенттерге банктік қызмет көрсетуге байланысты талаптарды бұзу

1. Банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындаудың немесе төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындаудан бас тартудың «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерін бұзуы –

заңды тұлғаларға төлем және (немесе) ақша аударымы жөнiндегi нұсқау сомасының бес пайызы мөлшерінде, бірақ орта кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіштен және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескертпе.





2. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган берген рұқсаттан айырылған және (немесе) «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерге сәйкес төлем және (немесе) ақша аударымы жөніндегі нұсқауды орындау күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шот бойынша шығыс операцияларын жүргізуге кедергі келтіретін орындалмаған талаптары немесе ақшаға билік етуге шектеулері бар банктер, Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы баптың бірінші бөлігінің мақсаттары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуға жатпайды.

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жеке мемлекеттік органға беруді заңнамалық тұрғыдан бекіту мақсатында.

Банк орындау үшін қабылдаған нұсқауды орындамаған және оны орындаудан бас тартқан жағдайлардың орын алуына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық құрамына редакциясына әкімшілік құқық бұзушылық құрамында әрекетсіздік түріндегі көрсетілген әрекетте қамтылатындай өзгеріс енгізу қажет (қолданыстағы редакцияға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық құрамы нұсқаулық уақтылы орындалмаған немесе оны орындаудан уақтылы бас тарту жағдайларында ғана, яғни әрекетсіздік жағдайлары қамтылмайтын іс-әрекет жасаған кезде құралады.

Ескертпе бойынша

Құқық қолдану практикасындағы әртүрлі түсіндіруді болдырмау мақсатында.

Банкте орындалмаған талаптардың болу мерзімін немесе шығыс операцияларын жүргізуге кедергі келтіретін ақшаға иелік етуді шектеу мақсатында.




223-бап

бірінші абзац



223-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жазбаша келісімін алмастан қаржы ұйымы акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама түрде құқыққа сыйымсыз иемденуге байланысты бұзушылықтар

Тұлғаның Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жазбаша келісімінсіз, қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде қаржы ұйымы акцияларын тікелей немесе жанама түрде иемденуі, сондай-ақ қаржы ұйымының орналастырылған акцияларының (артықшылықты және сатып алған акциялары шегеріле отырып) он немесе одан көп пайызы мөлшерінде қаржы ұйымы қабылдайтын шешімдерді бақылауды немесе ықпал ету мүмкіндігін иемденуі -

жеке тұлғаларға - екі жүз, заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.




жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   591




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау