61-12-бап. Төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу ерекшеліктері
…
4. Активтер мен міндеттемелер тұрақтандыру банкіне берілгеннен кейін сыйақыны есепке жазу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелерді орындау он екі ай мерзімге тоқтатыла тұрады. Тұрақтандыру банкі жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдары бойынша міндеттемелерді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алдындағы міндеттемелерді, сондай-ақ тұрақтандыру банкіне берілген активтермен қамтамасыз етілген екінші деңгейдегі банктердің алдындағы міндеттемелерді қоса алғанда, орындау мерзімі басталған міндеттемелерді орындауға тиіс. Тұрақтандыру банкі жеке және заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары бойынша міндеттемелерді орындайды.
…
|
Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен жаңадан құрылатын уәкілеттік мемлекеттік органға беруге байланысты
|
|
|
|
74-2-бап
3-тармақ
1) тармақша
үшінші абзац
2) тармақша
6) тармақша
|
74-2-бап. Мәжбүрлеп таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағаттандырудың кезектілігі
…
3. Кредиторлардың белгіленген тәртіппен танылған талаптары мынадай кезектілікпен қанағаттандырылуға тиіс:
1) бірінші кезекте:
…
мәжбүрлеп таратылатын банктің басшы қызметкерлерін қоспағанда, еңбек шарты бойынша жұмыс істеген адамдардың еңбегіне ақы төлеу мен оларға өтемақы төлеу, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді, жалақыдан ұсталған міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, сондай-ақ авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі талаптар қанағаттандырылады;
2) екінші кезекте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның мәжбүрлеп таратылатын банк ұсынған есеп-қисапқа сәйкес, оның кепілдік берілетін депозиттер бойынша төлеген (төлейтін) өтем сомасы бойынша, банк мүлкінің мөлшері мен мәжбүрлеп таратылатын банктің активтері мен міндеттемелерін бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу шеңберінде басқа банкке (банктерге) берілетін кепілдік берілетін депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы орны толтырылған айырманың сомасы бойынша талаптары қанағаттандырылады;
...
6) алтыншы кезекте мәжбүрлеп таратылатын банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып табылмайтын депозиторлардың - заңды тұлғалардың талаптары қанағаттандырылады;
|