2) 72-4-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының резиденті - жеке тұлға болып табылатын инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы осы баптың 1-тармағында көзделген есептіліктен бөлек, қаржы жылы аяқталған соң күнтізбелік бір жүз жиырма күн ішінде уәкілетті органға салық органының салық декларациясын қабылдағанын растайтын хабарламасымен қоса жеке табыс салығы бойынша декларацияның көшірмесін ұсынуға тиіс.».
|
Бұл норма жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялауды енгізуге байланысты.
Бұл ретте, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны, кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсыну жөніндегі міндет Қазақстан Республикасының заңнамасымен Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын жеке тұлғаларға жүктелетінін ескере отырып, көрсетілген декларацияларды ұсыну жөніндегі талаптардың Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын қаржы ұйымдарының ірі қатысушыларына қолдану бөлігінде тиісті нақтылау қажет.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 72-4-бабына өзгерістер енгізуге байланысты.
(2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
|
|
11-баптың 1-тармағының бірінші абзацы
|
11-бап.
1. Осы Заң 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, мыналарды қоспағанда:
…
|
11-бап
1. Осы Заң 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, мыналарды қоспағанда:
…
|
Осы норма жеке тұлғалардың кірісі мен мүлкін жалпыға бірдей декларациялауды енгізу мерзімдерін ұзарту және одан әрі кезең-кезеңімен көшу туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 29 наурыздағы № 5460-1 ПАБ қарарын орындау мақсатында әзірленді.
Көрсетілген нормамен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 412-V ҚРЗ Заңын қолданысқа енгізу мерзімін 2020 жылғы 1 қаңтардан 2021 жылғы 1 қаңтарға ауыстыру бөлігінде өзгерістер енгізілген.
|
|
|
11-баптың 1-тармағының
5) тармақшасы
|
11-бап.
…
5) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы Заңның 1-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының жиырма тоғызыншы, отызыншы, тоқсан бірінші – тоқсан жетінші абзацтарын, 4) және 5) тармақшаларын, 8) тармақшасының екінші абзацын, 9) тармақшасының екінші абзацын, 34), 51), 90), 91) және 92) тармақшаларын, 6-тармағының 1) және 3) тармақшаларын, 7 және 8-тармақтарын қоспағанда,
|
|