9-бап. Бухгалтерлiк қызметтiң басшысы
…..
Жария мүдделi ұйымның бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтер тағайындалады.
|
9-бап. Бухгалтерлiк қызметтiң басшысы
….
Жария мүдделi ұйымның, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру брокері филиалының бас бухгалтерi лауазымына кәсiби бухгалтер тағайындалады.
|
БСҰ шеңберінде қазақстандық қаржы нарығына жіберілетін шетелдік қаржы ұйымдары филиалдарының бухгалтерлік есепті жүргізуін реттеу мақсатында редакцияны нақтылау.
Бұл норма 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі
|