«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту және микроқаржылық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»



жүктеу 0,56 Mb.
бет31/591
Дата19.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#33443
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   591
Салыстырма кесте

Ескертпе.

1. Осы баптың 3-1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауаптылық ұсынылуы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде талап етілетін мерзімді есептіліктің сол бір нысаны ұсынылған жағдайларда басталады.

2. Осы баптың бесінші және жетінші бөліктерінің мақсаттары үшін микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға деп екінші деңгейдегі банк, коллекторлық агенттік, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым, секьюритилендiру мәмілесі кезінде Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясы, микроқаржы ұйымы қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруы немесе қарыз алуы кезінде микрокредит беру туралы шарт бойынша талап ету құқығын ұстаушы заңды тұлға түсініледі.

Уәкілетті органның Қазақстан Республикасында микрокредиттеу жөніндегі кез келген кәсіби қызметті, оның ішінде кредиттік серіктестіктердің, онлайн-кредиторлардың және ломбардтардың қызметін реттеуі мақсатында.

Кредиттік серіктестіктердің, онлайн-кредиторлардың және ломбардтардың қызметін реттеудің енгізілуіне байланысты редакциялық түзетулер.

«Микроқаржы ұйымдары туралы» Заң бойынша бірінші түзетуге негіздемені қараңыз
екінші бөлік бойынша

«Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (Заң жобасының редакциясындағы) (бұдан әрі ­- Микроқаржылық қызмет туралы заң) 10-1-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес микроқаржы ұйымдарына олардың жариялау күні шындыққа сәйкес келмейтін қызметін жарнамалауға; Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасына сәйкес келмейтін талаптармен микрокредит ұсынуға байланысты жарнамалауға тыйым салынады.

«Микроқаржы ұйымдары туралы» ҚР Заңы 1-бабының 8) тармақшасына сәйкес өтініш беруші - микроқаржы ұйымына микрокредит алуға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға.

Қаржылық қызмет туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін жарнама өтініш берушілердің дұрыс түсінбеуіне әкеледі, бұл өз кезегінде, оның қаржылық және басқа жай-күйіне теріс әсер етеді.

Өтініш берушілерді қорғау мақсатында Қаржылық қызмет туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті көздеу қажет деп санаймыз.

ӘҚтК 211-бабының үшінші бөлігі бойынша

ҚР Ұлттық Банкінде әкімшілік өндірісті жүргізу практикасында, жауапкершілік ӘҚтК 211-бабының 3-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықтарды жіктеу кезінде бірнеше рет жасалған құқық бұзушылықтарды жіктеу бөлігінде олар жасалған және анықталған кезең ескеріле отырып қиындықтар туындайды, осыған байланысты «бірнеше рет жасалу» құқық бұзушылықтардың құрамы үшін жіктеу белгісі ретінде алып тасталды, сондай-ақ құқық бұзушылықтарың құрамы жеке бөліктерге бөлінді.

ӘҚтК 211-бабының төртінші бөлігі бойынша

Микроқаржылық қызмет туралы заңға сәйкес микроқаржы ұйымы уәкілетті органның микроқаржылық қызметтің тиісті түріне қатысты нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген пруденциялық нормативтерді, сақталуы мiндеттi басқа да нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін сақтауға міндетті.

Микроқаржы ұйымдары үшін пруденциялық нормативтердің және (немесе) сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің құрамына оның ішінде жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері; меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері; меншікті капиталдың жеткіліктілігі; бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері; левередж коэфициенті және т.б. кіреді.

Осыған байланысты ӘҚтК 211-бабының төртінші бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу мақсатқа лайықты деп санаймыз, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілеген сол бір пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді бұзған жағдайда, өз кезегінде ӘҚтК 211-бабының төртінші бөлігі бойынша жіктелетін іс-әрекеттердің азаюына әкеледі, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарына салынатын жүктемені алып тастайды

бесінші бөлігі бойынша.

Жылдық тиімді мөлшерлеменің мөлшерлерін белгілеу бойынша тұлғалардың (оның ішінде, микроқаржы ұйымдарының) қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін құқықтық бұзуларын шектеу мақсатында.

Ескертенің 1-тармағына

ҚР Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде микроқаржы ұйымдарының әртүрдлі есептілік нысандарын ұсынуы жөніндегі талаптар көзделеді. Осыған байланысты, ұсынылуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісімен талап етілетін сол бір нысандағы анық емес қаржылық немесе өзге есептілік ұсынылған жағдайда, ӘҚтК 211-бабының 3-1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу орынды деп санаймыз, бұл өз кезегінде, ӘКтК 211-бабының 3-1-бөлігін бойынша жіктелетін іс-әрекеттерді азайтуға алып келеді.




211-1- бап

үшінші бөлік

жаңа 3-1-бөлік

жаңа 3-2-бөлік


жаңа 3-3-бөлік

төртінші бөлік



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   591




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау