«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялау туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы
Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті
Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын біліктілік талаптары:
В-3 санаты бойынша: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-4, В-4, С-4, C-O-4, D-4, D-O-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;
5) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының орта басшы құрамынан немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші офицерлер құрамынан төмен емес немесе әскери атағында аға офицерлер құрамынан төмен емес Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейдегі немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда екі жылдан кем емес;*
7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
8) ғылыми дәрежесінің болуы;*
9) сот отырысының хатшысы ретінде жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде облыстық деңгейдегі сот отырысының хатшысы ретінде бір жылдан кем емес.**
* Ескертуге: осы талап "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін, сондай-ақ конкурстан тыс негізде мемлекеттік органдардың бірінші басшылары көмекшілерінің, кеңесшілерінің, баспасөз хатшыларының лауазымдарына тағайындалатын адамдарға қойылады.
** Ескертуге: осы талап сот жүйесінің лауазымдарына ғана белгіленген.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 14542 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық айлықақысы:
Санаты
|
Еңбек өтіліне қарай лауазымдық айлықақысы
|
min
|
max
|
В-3
|
199 044
|
268 168
|
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) ММ, 010000, Астана қаласы, Қонаев к-сі, 39, анықтама үшін телефон (7172) 71-00-60, e-mail: 707-0060@sud.kz бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
1. Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі нормативтік-құқықтық актілерді келісу және әзірлеу секторының бас консультанты, - 1 бірлік (В-3 санаты).
Функционалдық міндеттер: Құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізу; Департамент әзірлейтін құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, процессуалдық құжаттардың, сондай-ақ заңдық сипаттағы басқа құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу; Қазақстан Республикасы Парламентінің қараудағы заң жобалары бойынша жұмыс топтарының жұмысына қатысу, нормативтік құқықтық актілер жобаларын басқа мемлекеттік органдармен келісуді жүргізу; азаматтар мен ұйымдардың хаттарына, өтініштеріне жауаптардың жобаларын дайындау; ақпараттық-анықтамалық материалдарды дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, «құқық».
2. Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының хатшылығы сот практикасын талдау секторының бас консультанты, - 1 бірлік (В-3 санаты).
Функционалдық міндеттер: Сот практикасына қорытулар мен талдау жүргізу, шолуларды әзірлеу, нормативтік қаулылардың, анықтамалардың жобаларын дайындау; талдау материалдарын жинау және өңдеу; заңнаманы жетілдіру және сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім, «құқық».
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеу бағдарламасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді білуі (ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №12) және бюджеттік процесті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді; Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын білу. Word, ExceI, E-mail, Internet бағдарламалары бар компьютерде жұмыс істеу дағдысының болуы.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді. Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде, тапсырылуы тиіс.
Құжаттар қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылып конкурстық комиссияның қарауына қабылданады (құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей ұсынылады).
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)» ММ өтеді.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады және мемлекеттік органның басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Достарыңызбен бөлісу: |