«Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі №188 бұйрығы



жүктеу 306,63 Kb.
Pdf просмотр
бет4/9
Дата25.01.2020
өлшемі306,63 Kb.
#27329
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

бұйрығының негізінде құрылатын наркологиялық кӛмекті жоспарлаудың арнайы 



тобы; 

4)  облыстық  орталықтың,  республикалық  маңызы  бар  қаланың  және 

астананың  наркологиялық  диспансерінің  құрылымында  жұмыс  істейтін  және 

бейінді ғылыми орталықтармен ӛзара іс-қимылды жүзеге асыратын медициналық 

ұйым басшысы бұйрығының негізінде құрылатын инновациялық енгізу жӛніндегі 

арнайы топ; 

5)  наркологиялық  кӛмек  кезеңдерінде  кӛрсетілетін  кӛмектің  сапасына 

бақылауды жүзеге асыратын медициналық ұйым басшысы бұйрығының негізінде 

құрылатын  наркологиялық  кӛмек  кӛрсететін  медициналық  ұйымның  ішкі  аудит 

және сапаны бақылау жӛніндегі комиссиясы. 

15.  Қазақстан  Республикасының  халқына  наркологиялық  кӛмек  кӛрсетудің 

ұсынылатын  кезеңдерінің  сапасы  осы  Стандартқа  1-5-қосымшаларға  сәйкес 

наркологиялық кӛмектің кезеңдерін ұйымдастыру стандартын іске асыру кезінде 

қол  жеткізілетін  индикаторлар  бойынша  наркологиялық  кӛмектің  тиімділігіне 

мониторинг жүргізу арқылы жүзеге асырылады. 

Наркологиялық  кӛмек  осы  Стандартқа  6-қосымшаға  сәйкес  наркологиялық 

кӛмек кӛрсету кезеңдерінде пайдаланылатын негізгі әдістемелерге сәйкес жүзеге 

асырады. 



  

  

4. Наркологиялық көмек алатын халықтың нысаналы топтары 

  

16.  Бастапқы  -  профилактикалық  наркологиялық  кӛмек  кезеңі  халқының 



нысаналы топтары: 

1) балалар, жастар; 

2)  ПБЗ-ға  тәуелдікке  тарту  бейіні  бойынша  жоғары  қауіпті  топтар  (қараусыз 

қалған  балалар,  бас  бостандығынан  айыру  орындарынан  босатылған  тұлғалар, 

жұмыссыздар,  белгілі  тұрғылықты  жері  жоқ  адамдар,  мигранттар  және 

басқалары); 

3)  ПБЗ-ға  тәуелділікті  қалыптастырудың  жоғары  қаупі  бар  балалардың 

отбасылары. 

17. Бастапқы наркологиялық кӛмек кезеңінің нысаналы топтары: 

1)  зиян  салдары  бар  ПБЗ  тұтынушы,  бірақ  қалыптасқан  тәуелділік  белгілері 

бар адамдардың тобы; 

2) ПБЗ тәуелді тұлғалар тобы; 

3) тәуелдес тұлғалар тобы. 

18. Амбулаториялық ем және оңалту кезеңінің нысаналы топтары: 

1)  жас  ерекшеліктері  және  тәуелділіктің  негізгі  үлгілері  бойынша  сараланған 

ПБЗ-ға тәуелді адамдардың тобы; 

2) тәуелдес тұлғалар тобы. 

19. Стационарлық емдеу және оңалту кезеңінің нысаналы топтары: 

1)  жас  ерекшеліктері  және  тәуелділіктің  негізгі  үлгілері  бойынша  сараланған 

ПБЗ-ға тәуелді адамдардың тобы; 




 

2) тәуелдес тұлғалар тобы. 



20. Рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңіндегі нысаналы топтар: 

1)  жас  ерекшеліктері  және  тәуелділік  түрлері  бойынша  сараланған 

амбулаториялық 

және 


стационарлық 

медициналық-әлеуметтік 

оңалту 

курстарынан ӛткен ПБЗ тәуелді тұлғалардың тобы; 



2) рецидивке қарсы және қолдаушы терапия кезеңіне қатысу үшін уәжделген 

және  детоксификация  курстарынан  ӛткен  ПБЗ-ға  тәуелді  тұлғалардың  тобы 

(амбулаториялық немесе стационарлық МӘО кезеңдерінен алдын ала ӛтусіз); 

3)  спонтанды  ремиссия  (ӛзіндік  емдеу  -  оңалту  құралдарын  қолданусыз  қол 

жеткізілетін) жағдайында тұрған және редицивке қарсы және қолдаушы терапия 

кезеңінің  іс-шаралары  есебінен  аталған  статусты  ұстауға  уәжделген  ПБЗ-ға 

тәуелді тұлғалардың тобы; 

4) тәуелді тұлғалардың тобы. 



  

  

5. Наркологиялық көмекті көрсету кезеңдерінің мақсаттары мен міндеттері 

  

21.  Бастапқы  -  профилактикалық  наркологиялық  кӛмек  кезеңінің  негізгі 



мақсаты - қазіргі заманғы диагностикалық және түзету әдістемелерін қолданумен 

халықтың  нысаналы  топтарынан  ПБЗ-ға  тәуелділікке  тартудың  тиімді  бастапқы 

профилактиканы қамтамасыз ету. 

22.  Бастапқы  -  профилактикалық  наркологиялық  кӛмек  кезеңінің  негізгі 

міндеттері: 

1) халықтың нысаналы топтары арасында ПБЗ тәуелділікке тарту қауіптерінің 

таралуы  және  бастапқы  профилактика  бейіні  бойынша  қарсы  іс-әрекеттер 

тиімділігі саласындағы наркологиялық жағдай мониторингі; 

2)  халықтың  нысаналы  топтары  арасында  ПБЗ-ға  тәуелділікті  тұтыну  бейіні 

бойынша  жоғары  қауіп  топтарын  кең  ауқымды  диагностикалау  және 

қалыптастыру (балалар, жастар); 

3)  халықтың  нысаналы  топтарында  ПБЗ-ға  тәуелділікке  тартудың  жоғары 

қауіптерін тиімді түзету (балалар, жастар); 

4) халықтың басқа топтарының арасында зиян салдары бар ПБЗ-ды тұтынудың 

және  ПБЗ-ға  тәуелділікке  тартылудың  белгілерін  белсенді  анықтау,  анықталған 

контингентті  аталған  топтарға  арналған  бағдарламалардың  тиімділігін  ескере 

отырып наркологиялық кӛмек бағдарламаларында қатысуға уәждеу; 

5) 


бұқаралық 

ақпарат 


құралдары 

арқылы 


халықтың 

уәждемелік 

ақпараттануының бастапқы профилактикалық технологияларын іске асыру. 

23. Бастапқы наркологиялық кӛмек кезеңдерінің негізгі мақсаттары: 

1) зиян салдары бар ПБЗ тұтынушы және ПБЗ тәуелді тұлғалардың бастапқы 

наркологиялық кӛмек бағдарламаларымен толық қамту жетістіктері; 

2)  зиян  салдары  бар  ПБЗ  тұтынушы  және  ПБЗ  тәуелді  тұлғаларды  толық 

амбулаториялық  және  стационарлық  емдеу  мен  оңалтудың  кезеңдеріне  тиімді 

уәждеу және ауыстыру. 

24. Бастапқы наркологиялық кӛмек кезеңінің негізгі міндеттері: 




10 

 

1)  халықтың  әртүрлі  топтары  арасында  зиян  салдары  бар  ПБЗ  тұтыну 



белгілерін  белсенді  анықтау  және  ПБЗ  тәуелділікке  тарту  және  бастапқы 

наркологиялық кӛмек бағдарламаларына қатысуға уәждеу; 

2)  зиянды  салдары  бар  ПБЗ  тұтынушы  және  бастапқы  наркологиялық  кӛмек 

кезеңінде  ПБЗ  тәуелді  тұлғаларға  наркологиялық  кӛмектің  қауіпсіздігін, 

қолжетімділігін, кӛлемі мен сапасын қамтамасыз ету; 

3) ПБЗ жіті және созылмалы улануының асқынуларын және салдарын одан әрі 

медициналық-әлеуметтік оңалтудың толық курстарын ӛтуге уәждеумен экспресс-

терапия және профилактика; 

4)  бекітілген  хаттамалар  бойынша  емдеуге  уәжделмеген  және  теріс 

қатынастағы тұлғаларда ПБЗ-ды жүйелі тұтынудың барынша ауыр медициналық 

(АИТВ,  ерте  мүгедектік,  ӛлімді  қоспағанда  коморбидті  патологияны  қосу)  және 

әлеуметтік 

(қылмыстық 

белсенділік,  асоциаль 

мінез-құлық) 

салдарын 

профилактикалау. 

25. ПБЗ тәуелді тұлғаларды амбулаториялық емдеу және оңалту кезеңдерінің 

мақсаты  -  диагностикалау  және  емдеу  хаттамаларына  сәйкес  ұзақ  және  тұрақты 

ремиссияға  қол  жеткізумен  наркологиялық  кӛмек  кӛрсететін  медициналық 

ұйымдарда тиімді амбулаториялық емдеу және оңалту. 

26.  ПБЗ  тұлғаларды  амбулаториялық  емдеу  және  оңалту  кезеңінің  негізгі 

міндеттері: 

1)  нысаналы  топтардағы  тұлғаларға  амбулаториялық  емдеу  және  оңалту 

кезеңінде 

ұсынылатын 

қызметтердің 

қауіпсіздігін, 

қолжетімділігін, 

жинақталымын, кӛлемі мен сапасын қамтамасыз ету; 

2)  негізгі  нозологиялық  және  жас  ерекшеліктері  бойынша  топтар  бойынша 

сараланған  клиникалық  хаттамалармен  бекітілгенге  сәйкес  ПБЗ-ға  тәуелді 

тұлғаларды амбулаториялық емдеу және оңалту; 

3)  амбулаториялық  емдеу  кезеңіндегі  пациентті  толық  стационарлық  емдеу 

мен 

оңалтудың 



курстарынан 

(айғақтар 

бойынша) 

ӛтуге, 


сондай-ақ 

амбулаториялық  емдеу  аяқталғаннан  кейін  рецидивке  қарсы  және  қолдаушы 

терапия курстарынан ӛтуге уәждейді; 

4)  амбулаториялық  емдеу  және  оңалту  курстарын  алған  ПБЗ-ға  тәуелді 

тұлғалардың жақын айналасындағы тұлғалардың отбасы ішілік және тұлға аралық 

қатынастарын түзету бойынша бірге тәуелді тұлғалармен мақсатты жұмыс. 

27.  ПБЗ-ға  тәуелді  тұлғаларды  стационарлық  емдеу  және  оңалту  кезеңінің 

мақсаты  -  ұзақ  және  тұрақты  ремиссияға  қол  жеткізумен  наркологиялық  кӛмек 

кӛрсететін  медициналық  ұйымдарда  тиімді  стационарлық  кӛмек  кӛрсету  және 

оңалту. 


28.  ПБЗ-ға  тәуелді  тұлғаларды  стационарлық  емдеу  және  оңалту  кезеңінің 

негізгі міндеттері: 

1)  нысаналы  топтардың  адамдарына  стационарлық  емдеу  және  оңалту 

кезеңінде  ұсынылатын  қызметтердің  қауіпсіздігін,  қолжетімділігін,  диапазонын, 

кӛлемі мен сапасын қамтамасыз ету; 



жүктеу 306,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау