«Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі №188 бұйрығы



жүктеу 306,63 Kb.
Pdf просмотр
бет1/9
Дата25.01.2020
өлшемі306,63 Kb.
#27329
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


 

 



«Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық көмек көрсетуді 

ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 15 

сәуірдегі № 188 бұйрығы 

  

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2004  жылғы  28  қазандағы  №  1117 



қаулысымен  бекітілген  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  министрлігі 

туралы  ереженің  16-трамағының  16)  тармақшасын  орындау  үшін,  сондай-ақ 

наркологиялық кӛмек кӛрсетудің сапасын арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық 

кӛмек кӛрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін. 

2.  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  министрлігінің  Медициналық 

кӛмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ.Тӛлеғалиева): 

1)  осы  бұйрықтың  Қазақстан  Республикасы  Әділет  министрлігінде 

мемлекеттік тіркелуін; 

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 

интернет-ресурсында ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 

3)  Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  министрлігінің  Заң  қызметі 

департаменті  (Д.Е.Асайынова)  осы  бұйрық  Қазақстан  Республикасы  Әділет 

министрлігінде  мемлекеттік  тіркелгеннен  кейін  оның  заңнамада  белгіленген 

тәртіппен  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  ресми  жариялануын  қамтамасыз 

етсін. 


4. Осы бұйрықтың орындалуын ӛзім бақылаймын. 

5. Осы бұйрық алғашқы жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ӛткен 

соң қолданысқа енгізіледі. 

  

  



Министр  

С. Қайырбекова 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  



 

Қазақстан Республикасы 



Денсаулық сақтау министрінің 

2014 жылғы 15 сәуірдегі 

№ 188 бұйрығымен бекітілген 

  

  

Қазақстан Республикасының халқына наркологиялық көмек көрсетуді 

ұйымдастыру  

стандарты 

  

1. Жалпы ережелер 

  

1.  Қазақстан  Республикасының  халқына  наркологиялық  кӛмек  кӛрсетуді 



ұйымдастыру  стандарты  (бұдан  әрі  -  Стандарт)  Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің  2004  жылғы  28  қазандағы  №  1117  қаулысымен  бекітілген  Қазақстан 

Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 16) 

тармақшасына сәйкес әзірленді. 

2.  Осы  наркологиялық  кӛмек  кӛрсетуді  ұйымдастыру  стандарты 

наркологиялық  кӛмек  кӛрсетуді  ұйымдастыруға  талаптарды,  наркологиялық 

кӛмекті  ұйымдастыру  кезеңдерінің  (алғашқы-профилактикалық  наркологиялық 

кӛмек,  алғашқы  наркологиялық  кӛмек,  амбулаториялық  емдеу  және  оңалту, 

стационарлық  емдеу  және  оңалту,  рецидивке  қарсы  және  қолдау  терапиясы) 

қағидаларын, жалпы қағидаттары мен сипаттамаларын белгілейді. 

3.  Наркологиялық  тӛсектермен  қамтамасыз  ету  Қазақстан  Республикасы 

Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 5 қаңтардағы 

№  2  бұйрығымен  (Қазақстан  Республикасының  нормативтік  құқықтық  актілерді 

мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6744 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 2 бұйрық) 

бекітілген Наркологиялық ұйымдар (ауруханалар, диспансерлер) туралы ереженің 

талаптарына сәйкес кӛзделеді. 

4.  Шаруашылық  жүргізу  құқығындағы  мемлекеттік  кәсіпорындар  болып 

табылатын  ұйымдарды  қоспағанда  наркологиялық  ұйымдардың  штаттары 

Қазақстан  Республикасы  Денсаулық  сақтау  министрінің  2010  жылғы  7  сәуірдегі 

№ 238 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді 

мемлекеттік  тіркеу  тізілімінде  №  6173  болып  тіркелген)  (бұдан  әрі  -  №  238 

бұйрық) бекітілген штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді. 

5. Осы Стандартта мынадай қысқартулар пайдаланылады: 

АИТВ - адамның иммун тапшылығының вирусы; 

ЕДШ - емдік дене шынықтыру; 

АХЖ-10  -  Аурулар  мен  денсаулыққа  байланысты  мәселелердің  халықаралық 

статистикалық жіктемесі (оныншы қайта қаралуы); 

МӘО - медициналық-әлеуметтік оңалту; 

ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйым; 

ҰӘБ - ұйымдастыру-әдістемелік бӛлім; 

ПБЗ - психикалық белсенді зат; 



 

БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары; 



ЖИТС - жүре біткен иммундық тапшылық синдромы; 

СӚС ҚО - салауатты ӛмір салтын қалыптастыру орталығы. 

6. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар: 

1)  наркологиялық  кӛмек  -  ПБЗ  тәуелділік  және  асыра  пайдалануды 

профилактикалауға, зерттеп-қарауға, диагностикалауға, емдеуге, оңалтуға, қауіпті 

тӛмендетуге  және  ПБЗ  тұтынудың  салдарынан  болған  психикалық  және  мінез-

құлық бұзылыстары бар адамдардың ӛмір сүру сапасын арттыруға бағытталған іс-

шаралар жүйесі; 

2)  наркологиялық  кӛмек  кӛрсетуді  ұйымдастыру  -  наркологиялық  бейіндегі 

кӛрсетілетін  қызметтердің  сапасын  арттыруға,  кӛрсету  түрлері  мен  кӛлемдерін 

ұлғайтуға бағытталған ұйымдастыру іс-шараларының жүйесі; 

3)  наркологиялық  кӛмектің  сапасы  -  кӛрсетілетін  медициналық  кӛмектің  осы 

стандарттарға сәйкестігінің деңгейі; 

4)  психикалық  белсенді  заттарға  тәуелділік  -  ПБЗ  тұрақты  қабылдауға  күшті 

қажеттілігімен  және  белгілі  бір  психикаға  белсенді  әсер  ететін  заттарды  тұтыну 

кезінде  адам  құндылықтары  мен  мақсаттары  жүйесіне  басым  болатын 

физиологиялық  және  психологиялық  кӛріністердің  ерекше  үйлесімділігімен 

сипаталатын жағдай; 

5) тәуелдес болу - наркологиялық аурудың үдеуі мен рецидивтелуіне себепші 

болатын  ПБЗ  тәуелді  адамның  жақындарына  және  отбасына  қатынастарының 

патологиялық жүйесі; 

6)  тәуелдес  адамдар  -  наркологиялық  аурудың  үдеуі  мен  рецидивтелуіне 

себепші болатын ПБЗ тәуелді адамның туыстары мен жақындары; 

7)  бастапқы-профилактикалық  наркологиялық  кӛмек  -  халықтың  әртүрлі 

нысаналы  топтарында  шамадан  тыс  пайдалануға  және  ПБЗ  тәуелділікке 

тұрақтылықты  қалыптастыруға  бағытталған  наркологиялық  ауруды  бастапқы 

профилактикалаудың іс-шаралар жүйесі; 

8)  бастапқы  наркологиялық  кӛмек  -  инъекциялық  есірткіні  тұтынушылардың 

арасында  АИТВ/ЖИТС  таралуының  тиімді  профилактикасы,  сондай-ақ 

есірткілерді  тұтынушылардың  медициналық-әлеуметтік  оңалтудың  толыққанды 

бағдарламаларынан  ӛтулеріне  кезең-кезеңдік  уәждемелер  мақсатында  іске 

асырылатын аурудың үш реттік профилактикалық іс-шаралар жүйесі; 

9)  ПБЗ  тәуелді  адамдарды  рецедивке  қарсы  және  қолдаушы  терапия  - 

наркологиялық  медициналық  ұйымдарда  амбулаториялық  және  стационарлық 

емдеу  курсын  аяқтаған  ПБЗ  тәуелді  тұлғалардың  қайтадан  шамадан  тыс 

пайдаланбауын  профилактикалауға  бағытталған  медициналық-әлеуметтік  іс-

шаралар жүйесі; 

10)  халықтың  нысаналы  топтары  -  осы  топқа  әсер  ету  нәтижелерін  зерттеу, 

әсер  ету  және  айқындау  әдістерінің  ӛзіндік  ерекшелігі  бар  белгілер  бойынша 

айқындалатын халықтың топтары; 

11)  уытсыздандыру  технологиялары  -  ПБЗ  жіті  және  созылмалы  улану 

симптомдарын  жою  мақсатында  емдік  әсерлердің  ғылыми-негіздемеленген 

тәсілдері; 



жүктеу 306,63 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау