Қазақстан Республикасының физикалық географиялық пәні бойынша 8класта өткізілетін сабақтар



жүктеу 5,17 Mb.
бет2/6
Дата04.12.2017
өлшемі5,17 Mb.
#3112
1   2   3   4   5   6
1 белет


  1. Қазақстанның шет нүктелерінің координатын анықтаңдар.

  2. Карта мен глобустан Москва қаласымен Алматының ара қашықтығын өлшеңдер.

  3. Қазақстан мен шекаралас егеменді мемлекеттердің аттарын атаңдар.

2 белет



  1. Градустық тор арқылы Қазақстанның солтүстігінен оңтүстігіне, шығысынан батысына дейінгі қашықтығын км есебімен өлшеңдер.

  2. Қазақстан территориясын кесіп өтетін сағаттық белдеуде орналасқанын анықтаңдар.

  3. Алматы мен Атырау қалалары қай сағаттық белдеуде орналасқанын анықтаңдар.

  4. Қазақстанның оңтүстік шекарасына жақын кіріп жатқан территорияларды атаңдар.

Оқушылар енді билет бойынша дайындалып отырған кезде, мұғалім класпен әңгіме жүргізеді.

    1. Қазақстан табиғатының ерекшелігі қандай?

    2. Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанды зерттеушілерді атаңдар

    3. Қазіргі уақытта республика байлығын зерттеуде қандай жұмыстар жүргізілуде?

Жаңа білімді түсіну практикалық жұмыстан басталады. Мұғалім оқушылардың дәптерлерін ашып, тақырыпты жазып қоюды талап етеді. Осыдан кейін атластарды ашып, Қазақстанның физикалық картасын мұқият қарауды тапсырады. Біраз уақыттан кейін мұғалім әңгіме бастайды:

Қазақстан жер бедерінің қандай ерекшелігімен көзге түседі.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Қазақстанның таулы аудандары қандай тектоникалық құрылымға жатады?

2. Кайназой эрасының шөгінділері қандай кезеңдерде қалыптасқан?

3. Вулкандық жыныстардың таралу аймақтарын картаға түсіріп, сипаттама жазу.


Төртінші сабақ

Кластың өз бетімен жұмысы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның жер бедері

Сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаты:

  1. Қазақстан территориясының жер бедерінің формалары туралы білімді жүйеге келтіру.

  2. Жазықтар, қырқалар, таулар туралы білімді тиянақтау.

  3. Оқушыларды картаны, суреттерді қолдана отырып ірі жер бедерінің түрлеріне сипаттама беруге дағдыландыру.

  4. Өтетін тақырыпқа оқушылардың ынтасын арттыру.

Сабақтың барысы: Сабақ картамен жұмыс істеуден басталады. Мұғалім мемлекет көлемінде биік, аласа таулардың ойпат пен қыраттардың орналасу ерекшеліктеріне көңіл аударады?

- Жер бедерінің қай түрі басым екенін анықтаңдар?

Қазақстанның физикалық геологиялық картасын және тектоникалық карталармен салыстырыңдар. Әртүрлі жер бедері түрлерінің таралу ерекшеліктерін түсіндіруге тырысыңдар. Өз беттеріңмен жұмыс істеуге дайындалыңдар. Тапсырманы жазыңдар. Жер бедері түрлерін мына жоспар бойынша құру керек:


  • аталуы

  • орны, координаты

  • бағыты

  • пайда болу кезеңі

  • қатпардың аты

  • көп кездесетін жыныстар.

Варианттары:

  1. 1 Алтай II. 1 Тянь-Шань

2 Іле ойпаты 2 Торғай ойпаты

Жұмыс барысында картаны, суретті, кітапты пайдалануға рұқсат етіледі.



Үйге тапсырма:

«Қазақ даласы» тақырыпқа әңгіме құрастырыңдар.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Қазақстанда жер бедерінің қандай түрлері кездеседі және олардың қайсысы басым?

2. Жер бедерін өзгертетін қандай сыртқы күштерді білесіңдер?

3. Жер бедері таулар, қыраттар, жазықтар, ойпаттарды кескін картаға түсіру.




Бесінші сабақ

Ғылыми конференция

Тақырыбы: Ойпаттар, қыраттар. аласа жоталы өлкелер

Сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаты:

  1. Оқушыларға жер бедерінің ұзақ жылдар бойы үздіксіз дамуы, жердің ішінде және сыртында болып жатқан процесстерінің қарым қатынасының әсерін дәлелдеу.

  2. Жер бедері құрылысы мен оны адамның шаруашылық мақсатта пайдалану арасында байланыс бар екендігін анықтау.

  3. Әр түрлі жер бедерінің таралу ерекшеліктерін түсіндіру.

Көрнекі құралдар: Физикалық, геологиялық карталар, жер бедері пішінінің жобасы, суреттер, фотосуреттер.

Бұл сабаққа дайындық өткен сабақта басталған болатын. Төртінші сабақтан кейін мұғалім оқушыларды шақырып, дайындалатын баяндамаларының тақырыбын тапсырып, оны бесінші сабақта хабарлайтынын түсіндіреді. Әр тақырыпты 2 не 3 оқушы дайындайды, оған баяндамашы, оны толықтырушы, қарсыласы, көреген адам, тілші қатысады. Сабақ ғылыми конференция түрінде өтеді. Мұғалім кіріспе сөзінде конференцияның жұмысының тәртібімен таныстырады. Оқушылардың баяндамашыларға ауызша және жазбаша түрде сұрақ қоюына және жауапты толықтыруына рұқсат етіледі. Конференция барысы төмендегідей болуы мүмкін.



Мұғалім: Жер бедерінің құрылысының адамдардың шаруашылық әрекеті үшін мәні зор. Жазықтар және тау арасындағы алқаптар ауыл шаруашылығы үшін өте қолайлы. Алуан түрлі өсімдіктермен көмкерілген тау жоталары таптырмайтын мал жайылымы. Тау қойнауында кездесетін әр түрлі пайда қазбалар кен өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік береді. Әр жердің ерекшелігін біле отырып адамзат оны шаруашылық мақсатқа пайдалануға болатындығына және табиғатты қорғап, меңгеру керектігін үйренеді. Оқымысты географтар осы жолда өте көп жұмыс атқарады. Өздерінің зерттеу жұмыстарының нәтижесін ғылыми конференцияларда хабарлайды. Осындай бір ғылыми конференцияға бізбен сіздер де шақырылдық. Біз енді Қазақстанның ойпат, қырыттары мен тау беткейлерінде болып, қайтадан «Жас ғалымдардың», «тілшілердің» баяндамасын тыңдайық. Бірінші баяндамашыға сөз беріледі ( жоспарын қолдануға рұқсат етіледі).

Баяндаманың мазмұны шамамен мынандай:

Қазақстанның кең даласын аралау үшін бір немесе бірнеше күндер жеткіліксіз, айлар қажет. Олардың арасындағы өңіріне Батыс Сібір, Тұран, Каспий жағалауындағы ойпаттар жатады. Батыс Сібір ойпаты жіңішке таспа тәрізденіп республиканың солтүстігі мен оңтүстік шығысынан басталып Орал тауынан Алтай тауына дейін созылып жатыр. Ойпаттың беті біркелкі болып келеді. Кей жерлерде солтүстік шығысқа бағытталған аласа төбелер кездеседі. Осы аласа жоталардың арасында ойыстарда ұсақ көлдер тізбегі бар. Бұл ойыстар көлбей орналасқан теңіз шөгінді жыныстарынан, саз, саздауыттан, құмнан түзілген. Батыс Сібір жазығы оңтүстіктен солтүстікке қарай еңкіш болып келеді. Оңтүстігінде теңіз деңгейінен 200 м биіктікте болса, солтүстігінде 100 м-ге дейін төмендейді. Бұл еңістікті тек ірі өзендердің өте жай ағуынан байқауға болады. Пойыз Батыс Сібір жазығын біржарым тәлікте кесіп өтеді, сонда да әлгі айтқан оның еңкіштігі сезілмейді. Омбы-Новосибирск жол торабында 1см көтерілу үшін төрт км жүру керек екен.

Шамамен 3 млн км2-ді алып жатқан Батыс Сібір жазығы жер шарындағы аса зор жазықтардың қатарына қосылады: аумағы жағынан оны тек Амазонка ойпатымен ғана салыстыруға болады.

Ойпат айқын байқалатын табиғи шекаралармен: солтүстікте – Қара теңізінің жағалауымен, оңтүстікте – Торғай, Төрткүл өлкесі, Қазақ ұсақ шоқылығы, Алтай, Салайыр және Кузнецк Алатауы етектерімен, батысында – Уралдың шығыс тау алдымен, шығыста – Енисей өзені аңғарымен шектеледі.

Жалпы орографиялық жағынан Батыс Сібір жазығы шет-шеті көтеріңкі келіп, орталық бөлігі төмен түскен ойыс формалы. Оның жиегін бойлай орталық бөлігіне қарай аласаратын қыраттар, үстірттер және еңіс жазықтар орналасқан. Олардың ішінде ең ірілері: Солтүстік Сосьва, Тобыл – Тавда, Есіл, Есіл – Ертіс және Павлодар еңіс жазықтары, Васюган, Обь бойы және Чулым – Енисей үстірттері, Вах-Кет және Орта Таз қыраттары және басқалар.

Қыс кезінде бүкіл территория қатты салқындайды. Батыс Сабір жазығынан шығысқа қарай Азиялық максимумның тұрақты облысы пайда болады. Қарашадан наурызға дейін жазықтың оңтүстік бөлігінде жайылып жатқан Воейков бөлігі оның тармағы саналады. Қыс тұрақты теріс температурамен сипатталады. Абсолют минимум -450-тан -540-қа дейін жетеді. Жазда бүкіл Азия, сондай-ақ Батыс Сбірі территориясының үстінде қысым төмендейді, сондықтан оның территорриясына арктикалық ауа еркін енеді. Қиыр солтүстікте, Белый аралы арқылы, +50С изотерма, поляр шеңберінен оңтүстікке тарта +150С изотерма жүреді, дала аудандары арқылы оңтүстік-шығысқа – Алтайға қарай +200,+220С созылған. Абсолют максимум солтүстікте +270-қа, ал оңтүстікте +410-қа жетеді. Жауын-шашын территорияның әр жерінде және жылдың әр мезгілінде әр түрлі түседі. Жауын-шашынның ең көбі – 400-ден 500 мм-ге дейін – жазықтың орталық өңіріне түседі. Солтүстікке және оңтүстікке қарай жауын-шашынның азаятыны байқалады. (Диксон аралында 257 мм-ге, Семейде – 207 мм-ге дейін).

Батыс Сібір жазағының өзендері Обь, Таз, Тур және Енисей бассейіндерінде жатыр. Обь бассейні – 3 млн.км2-ге жуық ауданды алып жатыр. Ірі өзендер - Обь, Ертіс, Есіл, Тобыл – бірнеше географиялық зоналар арқылы ағып өтеді, мұның өзі өзендердің жеке бөліктері мен олардың аңғарларының морфологиялық және гидрологиялық еркшеліктерінің әр түрлі болуын тудырады. Ірі өзендердің көптеген салалары таулардан басталады. Батыс Сібір жазығы көлдерге өте бай. Олар жазықтың барлық табиғат зоналарында бар және өзен аңғарларында да, сондай-ақ су айырықтарда да тараған. Ежелгі ағын қолаттарының терең жерлерінде пайда болған көл қазаншұңқырлар. Олардың пайда болуы ежелгі мұз басу кезіндегі Обь пен Енисей өзендерінің бөгелген су ағып шыққан аудандарындағы су тасқындарының әрекеттеріне байланысты.

Топырақ тайга өсімдігі жауып жатқан жазық, қатты батпақталған рельеф жағдайында пайда болады. Жазықтың орман зонасына күлгін, күлгінді-батпақты және шым тезекті-батпақты топырақтар тән.

Батыс Сібір жазығының өзендері мен көлдері халық шаруашылығында кең пайдаланылады. Жазықтың батпақталған территорияларында өзендер маңызды жол қатынасын құрайды. Обь өзені және оның ірі салалары – Ертіс, Тобыл, Васюган, Парабель, Кеть, Чулым, Томь Чарыш және басқалары – тұрақты кеме қатынасына пайдаланылады. Батыс Сібір жазығының кеме жүретін жолының жалпы ұзындығы 20000 км-ден астам. Жазықтың өзендерінің энергиялық ресурстары өте зор: Обь жыл сайын Қара теңізіне 394 млрд м3 су апарады.

Негізгі баяндамашыға екінші қосымша баяндамашы Тұран ойпатына сипаттама береді. Жалпы сипаттама бере келіп былай дейді: «Бұл ойпаттың ең бір таң қалдыратын жағдайы тақыр екендігі. Бұл жер әдейілеп қолдан тегістеліп қойғандай, бірде бір тоғай, не бір де бір шөп кездеспейді. Егер де зейін қойып қараса жер беті паркет төсеп тастағанға ұқсайды. Тақыр жер жарылып асфальты кеткен топырақ осындай бейне жасайды. Жазғы тұрым және күздің күні, жаңбыр жауған кезде тақырдың үстінде үлкен көл пайда болады, бірақта су топыраққа сінбей жердің бетінде тұрып қалады. Бұл кезде бет жағы сабын жағылғандай тайғанақ, жүруге өте ыңғайсыз. Күн сәулесі жерді қатты қыздырып суды буландырып жібереді. Тақырдың беті тез кеуіп, цементке ұқсап қатып, жер жарқышақтанып, жарылып кетеді. Сондықтан мұндай табиғат аэродромға ұшақ қонса да ауыр машина жүрсе де жер бетінде із қалмайды. Бұл аңызға айналған Қазақстан тақыры Тұран ойпатын Қазақстан жерінде асау Сырдария екіге бөледі. Оңтүстігін Қызылқұм, солтүстігін Қарақұм шөлі және Арал маңындағы, Үлкен және Кіші Борсық алып жатыр. Қызылқұмның жер бедерін құм төбелер мен қырқалардан тұратын, олардың аралығында кей жерде тақырлар да кездеседі. Өсімдіктен кей жерлерде құмдар тұрақталған, бірақ кейбір жерлерде шағылдар түзетін көшпелі құмдар да бар». Енді оқушы Каспий ойпаты туралы әңгімесін баяндайды. Каспий ойпаты солтүстігінде Жалпы Сырт, шығысында Орал алды үстірті, оңтүстігінде Каспий теңізінің аралығында жатыр. Ол теңіз және өзен шөгінділерінің – құм, саз және тұнба қабаттарынан түзілген. Каспий теңізі жағасындағы ойпат мұхит деңгейінен 28 м төмен жатыр. Теңізден қашықтаған сайын оның биіктігі бірте-бірте көтеріліп, солтүстігіндегі биіктеу жері 100 м-ге дейін барады. Каспий маңы ойпатының жер бедері біркелкі. Мұнда көбінесе тегіс сазды жазықтар мен құм массивтері басым, кейбір жерлерінде жекелеген шағын күмбез тәрізді қыраттар болады. Олардың кейбіреулерінің биіктігі 100 м-ге жетіп, мыйдай далада тау сиқтанып көрінеді. Көптеген қыраттардың негізінде 100 – 200 м тереңдікте кайназой заманында тектоникалық қозғалыстың әсерінен жасалған тас тұзының қабаттары жатыр. Мұндай, шым, калий және басқа пайдалы қазбалардың кен орындары мұндағы осы тұз күмбездерімен тікелей байланысты.

Мұғалім: республика территориясының көп жерін қыраттар алып жатыр. Олар: Үстірт, Торғай үстірті, Орал алды үстірті, Жалпы Сырт қыратының бір бөлігі. Бұл қыраттар ойпаттар аласа таулы аймақтардың аралығында жатыр, олар көлбей орналасқан шөгінді жыныстардан түзілген. Олардың көбінесе тегіс, бірақ жерлері белесті, ал кей жерлерінде беткейлері тік құлама келеді.

Сөз келесі баяндамашыға беріледі. Ол Үстірт қыратына қосымша етіп қызық сипаттама береді. Жаздың күні Үстіртте тірі жан болмайды. Жусаны ащы болғандықтан жайлымға жарамсыз. Кейінірек күздің аяғында қыста Үстірт үсті мал отарларына толады. Бұл кезеңде жусанның кермек дәмі жоғалады, осы маңдағы өсетін теріскен де малға жұғымды, терең құдықтарында ауыз су кездеседі, ал қазаншұңқырларда жауын-шашыннан жасырынуға болады. X ғасырда керуен сарайы құдығы бар Хорезм ханы, Хозар патшалығымен қарым-қатынас жасау үшін Үстірт арқылы керемет үлкен жол салдырған. Қазірдің өзінде сол керуен-сарайлардың бұзылған қалдықтары сақталған, сол кездегі қаздырған құдықтардан әлі су алуға болады, бірақта үлкен жолмен су жүреді. Сол жолдың орнына жаңа жол салынған ол Орта Азиядан Орск ет комбинатына, асықпай жайып мыңдаған қойлар айдалады. Үлкен жолда мал дәрігерлік пунктер, қой қора, адамға жайлы үйлер бар және оларды тамақпен, тауарлармен, газетпен қамтамасыз ететін автодүкендер жүріп жатады. Мұғалім Қазақстанның аласа таулы өлкелеріне, Қазақстан қырқаларына, Мұғалжар, Маңғыстау жоталары жатады. Енді сөзді тілшіге берейік. Сендер мынаға көңіл аударыңдар: Қазақтың деген сөзі оның жер бедерінің мұжылған таулы өлке екенін дәлелдейді. Ұсақ қырқалардың қазақша аты Сарыарқа сөзінің мәні «Сары Қырат». Бұл осылай аталу себебі жазда шөптері күйіп кетеді де тез сарғаяды. Қыста қатты жел қарды тау беткейінен үрлеп тастайды. Сондықтан да жыл бойы ол жер сары болып жатады. Сарыарқаның биік тауларының қатарына шығыс бөлігіндегі Қызыларай, Қарқарлы таулары мен Шыңғыстау, батыс бөлігінде Ұлытау жатады.

Сарыарқа өлкесі негізінен мүжілген және тегістелген қыраттардан, ұсақ шоқылы аласа таулардан турады. Араларында үлкенді – кішілі ойыстар, қазаншұңқырлар кездеседі. Олар геологиялық құрылысы мен жер бедерінің сипатына қарай іштей жіктеледі. Оның шығыс бөлігі батысына қарағанда биігірек. Ол палеозойдың магмалық және шөгінді жыныстарынан (гранит, порфирит, кварцит) құралған аласа таулы аймақ болып келеді. Бұл өлкенің жер бедерінің қалыптасуында жыныстардың жату бағыты мен үгілу процесі басты рөл атқарған. Сондықтан аласа таулар мүжілген. Кей жерлерде тау қалдықтары дөңді – жалды жазыққа жалғсады.

Бұл бөліктегі ең биік тауы - Қызыларай. Оның биік нүктесі Ақсораң (1565 м). Одан солтүстікке қарай Қарқаралы (1403 м) , Кент (1460 м ) таулары, одан әрірек Баянауыл (950 м), шығысында Шыңғыстау (1300 м) таулары жатыр. Бұл таулар жүйесі негізінен граниттерден турады. Солтүстік беткейлерінде қарағайлы орман өседі, оңтүстік беткейлері жалаңаш ,құзды болып келеді. Тау етектерінде үгінді қорым тастар кездеседі.

Сарыарқаның батыс бөлігінде тегіс және ойыс жерлер көп те, қалдық таулар мен шоқылар аз кездеседі. Онда ертедегі палеозойдың магмасы мен шөгінді жыныстары тек биік жерлерде ғана көрініп жатады. Олар жазықтар мен ойыстарда палеоген дәуіріндегі көл және теңіз шөгінділерінің астында қалған. Бұл жақтың жер бедерінің қалыптасуына ұзаққа созылған үгілумен бірге бор және неоген дәуірді шөгінділері әсер еткен. Мұндағы ірі ойыс - Теңіз – Қорғалжың қазаншұңқыры. Ол Сарыарқаның батыс бөлігін екіге бөліп жатады. Оның солтүстік – батысында – Көкшетау, оңтүстік – батысында Ұлытау тау жүйелері орналасқан. Көкшетау таулары онша биік емес (900 м шамасында). Олар палеозойдың әктастары, кварциттері мен парфиттерінен түзілген. Олар ағыс суларымен тілімделген. Таулар арасында табиғаты сұлу көлдері бар, олардың жағалауы мен тау беткейлерінде қарағайлы орман өседі. Ұлытау (1134 м) – негізі граниттен туратын меридиан бағытындағы ірі антиклинальдың қалдығы. Тау беткейлері кристалды тақтатастан, құмтастан, аралас жыныстардан (кангломерат) турады. Олар мықтап тілімделген. Шоқ – шоқ қайынды тоғай кездеседі. Оның шеткі аймақтары төменгі кайназойда әртүрлі саздан құралған дөңесті жазық болып келеді.

Сарыарқа - пайдалы бай өлке. Қарағанды мен Екібастұз көмір өндірудің ірі ошақтары болып табылады. Жезқазған, Қарсақпай, Атасу, Саяқ, Қоңырат кен орындары мыс, темір, марганец кендеріне бай. Жәйремде сирек металл өндіріледі. Оысларды қорытып, байыту мақсатында Қарағанды, Жезқазған, Балқаш және Теміртау қалаларында ірі металлургиялық комбинаттар жұмыс істейді.

Мұхиттан алыс жатқандықтан Сарыарқаның климаты құрғақ, континентті болып келеді. Қысы суық, қаңтардың орташа температурасы -14° -18° С. Суық күндері -40°С дейін төмендейді. Жазы құрғақ, ыстық, шілденің орташа температурасы +20° +24° С, кейде +35° С –қа дейін көтеріледі. Жылдық ылғал мөлшері 200-300 мм. Ұсақ шоқылы тауларды ылғал молырақ түседі (370 мм).

Басты өзендер – Есіл, Нұра, Сарысу, Сілеті, Шідерті, Толқырауын және т.б. Олардың көбі көктемгі қар суымен қоретенеді, көктемде тасиды. Жаз айларында құрғап, үзіліп – үзіліп қара суға айналады. Есілде ғана тұрақты су ағыны бар. Орталық Қазақстанды тұщы сумен қаматасыз ету мақсатында Ертіс – Қарағанды каналы салынған. Сарыарқада көл көп. Біразының суы тұщы. Тұщы көлдер Көкшетау аймағында Бурабай, Шортанды, және Қорғалжың көлі.

Сарыарқаның мыңдаған жылдар бойы жел, су әсерімен үгілген, мүжілген аласа таулары мен олардың баурайындағы көлдерде неше түрлі пішініндегі тас мүсіндер: Көкшетаудағы шөккен бура, жеке батыр бейнелері, жұмбақ тас, оқ жетпес, Қарқаралыдағы тас құрбақа, Баян тауындағы мыстан кемпір және т.б ұшырайды. Олар осы өлкелердің сұлу табиғатына қосылып, таң қалдырады. Көкшетау, Қарқаралы, Баянауыл Қазақстанның ең көрікті жерлері, демалыс орындары, туристер көп келетін аудандар.

Сарыарқаның таулары өзен аңғарлары мен шатқалдарға, сай-салаға бөлініп кетеді де өте әсем көрік береді. Әсіресе Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетаудың әдемілігі әлемге әйгілі. Бұл тауларды қарағайлы ормандар басым жатыр.Таулар аралығындағы аңғарларда ақындарға шабыт беретін, адамдарды өмірге жетелейтін айдын көлдер көп. Қарқаралы тауының аңғарында Абай, Біржан, Әсеттерді шабыттандыратын суы балдай мөлдір бұлақтар көп. Даладағы қырқа тізбектерін аралап Семей мен Қарақарылыға жол ашылған. Ол аралықтағы жолда Шыңғыстау етегінде ұлы Абай ақын тұрған. Ол жол арқылы ол уезді қалаға қатынас жасап тұрды. Ұлы ақын осы тасты шоқының соңғы асуының басына шығып көк желекке көз жіберіп, ақындық ой толғаған шығар. Қарқаралы басындағы мұнараға қарап ой тоқыған.

Абай үшін Қарқаралы өлкесі осылай басталғанын «Абай жолы» эпопеясында анық жазып, М.О.Әуезов өзінің оқырмандарына осы өңірдің кереметін жеткізе білген. Осыдан кейін баяндамашылар ауызша және жазбаша сұрақтарға жауап береді.

Үйге тапсырма: Баяндама жасаған оқушылар тыңдаушылардың білімін тексеру үшін сұрақтар дайындайды. Сұрақтың мағынасын келесі сабаққа дейін ешкім білмеу керек. Мұғалім өте жақсы баға қойылатынын ескертеді, оқушылардың дәптерлерін жинап алады.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Қазақстанның қазіргі жер бедері қандай күштердің әсерінен қалыптасқан?

2. Жаңа тектоникалық қозғалыстар деп нені түсіндіреді?

3. Төрттік дәуірдегі шөгінділерді анықтап, оқып кескін картаға белгілеу.

4. Тектоникалық құрылымдар мен қазіргі жер бедерінің арасында қандай байланыстар бар?

5. Аласа тауларға қандай таулар жатады? Олардың қазіргі жер бедері, пішіндерін қалай түсіндіруге болады?

6. Аласа таулы өлкелердің біреуін таңдап алып сипаттама жазу.



Алтыншы сабақ

Методикалық әдістер қызметін атқарады

Тақырыбы: Биік таулы өлкелер

Сабақтың оқу тәрбиелік мақсаты:

1. Оқушыларды геологиялық оқиғалардың құрылысындағы байланыстарды айыра білуге үйрету.

2. Геологиялық және физикалық картаның ғылыми танымдық және білімдік мақсатын түсіндіру.

3. Биік таулы өлкелердің ерекшелігін түсіндіру.



Көрнекі құралдар: Физикалық және тектоникалық карталар; суреттер, әртүрлі ойындар, атаулар және контурлар көрсетілген географиялық карточкалар.

Сабақтың барысы: Өткен сабақтағы баяндамашылар мұғалімге сұрақ жазылған билеттерін тапсырады. Мұғалім бірінші партаға билетке дайындалу жауап бере алмаса, онда сұрақ қойған оқушы өзі жауап беретінін түсіндіреді. Барлық оқушының жауаптарын тыңдап алған соң мұғалім баяндамашылардың жауапты бағалауын, сұрайды да, осыдан кейін өзі түсінік беріп бағалайды. Енді оқушылар ойынға қатысады. Стол үстінде өткен тақырып бойынша номенклатура жазылған карточкалар болады. Тақтаға екі оқушы шақырылады. Мұғалім бір оқушыға картосхемаға аласа таулы өлкелердің, қыраттардың атын тауып жапсыруды талап етеді. Класс қарап отырады. Оқушылар тапсырмаларын орындағаннан кейін, толықтырылып, қатесі болса түзетілгеннен кейін өз орындарына отырады. Мұғалім Тұран және Каспий маңы ойпатын дәптерлеріндегі жазылған жоспар боынша сипаттауды тапсырады. Торғай үстірті, Бетпақ дала үстірті, Қазақстан қырқаларын, Мұғалжар жоталарын ауызша суреттейді. Биік таулы өлкелермен танысу мұғалімнің әңгімесінен басталады. Биік таулы өлкелерге Қазақстанның шығысы мен оңтүстік шығыс шетіндегі Алтай, Сауыр, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань жатады. Тянь-Шань таулы өлкесі Қазақстанның Оңтүстік шығысын алып жатыр. «Тянь-Шань» деген сөз қытай тілінен аударғанда «Көк тіреген тау» деген мағына береді. Шынында төбесі көкке жеткен бұл тау сілемінің биіктігі 6000 метрге жетеді. Ал оның ортасындағы Хан тәңірі шоқысының биіктігі 6995 м. Тянь-Шаньның солтүстігіндегі ең биік тау жотасы Іле Алатауының етегінде мемлекетіміздің оңтүстіктегі астанасы Алматы қаласы орналасқан. Қырғыз Алатауы, Күнгей Алатауы және Іле Алатауының оңтүстік батысында оған Талас Алатауы жалғасады. Тянь-Шаньның солтүстік шығысында Жоңғар Алатауының биік таулы жоталары көп жерді алып жатыр. Біздің республикада Алатау көп-ақ. Жергілікті қазақтар неге осылай атаған? Оны түсіну қиын емес. Іле өзенінен оңтүстік жаққа қарасаңыз төбесін мәңгі қар басқан тау көрінеді. Жоңғар Алатауының солтүстігінде Тарбағатай тау жотасы созылып жатыр.

Қазақстанның таулы тізбегі солтүстік шығысында Алтай тауымен бітеді. Алтай тауының аты «Алтай-тау» деген сөзден шыққан.

Қазір сендер әдеттен тыс жұмыс істейсіңдер. ғалымдар баяндамаға дайындаған кезде, тексті түгелдей жазбайды, тек қысқаша тұжырымын жазады. Оны тезис деп атайды. Бүгін біз бірнеше география тақырыбының негізінде тезис жазуды үйренеміз.

Тапсырманы жазып алыңдар: Қазақстанның биік таулы өлкелері жөнінде тезис жазыңдар. Мұғалім жұмыстың тәртібімен таныстырады. (Көшпелі тақтаға жұмысқа нұсқау жазылады). Оқушылар оны дауыстап оқиды.



  1. «Биік таулы өлкелер» тақырыбын мұқият оқып шығып, дәптерлеріңе белгілі таулы өлкелердің аттарын жазып алыңдар.

  2. «Геотектоникалық аймақтар» тақырыбын қайталап шығып таулы өлкелердің жасалу кезеңін жазып алыңдар.

  3. «Жер бедерінің қазіргі кезеңдегі дамуы» деген тақырыпты қайталап шығып, тау түзетін жыныстар туралы мағлұматтарды толықтырып жазыңдар.

  4. Жетпеген мағлұматтарды басқа тақырыптардан алыңдар.

Бірінші тезисті бірігіп жазамыз. Оқушылар мұғалімнің басқаруымен көрсетілген тақырыптардан керектісін таңдап алып, тезисті тұжырымдайды. Осыдан кейін мұғалім үй тапсырмасын жазып алуды тапсырады. Оқушылар қоңырау соғылғанша тезис жазуымен шұғылданады.
Тапсырманы үйде аяқтауға рұқсат беріледі.


Қазақстанның биік таулы өлкелері

Тау жоталары

қалыптасуы

Тауды құрайтын жыныстар

Пайдалы қазбалар
















Сұрақтар мен тапсырмалар:



    1. Биік таулы өлкелер. Жер бедерлері не себепті әр түрлі?

    2. Өздерің тұрған жердің жер бедерін қысқаша сипаттап жазыңдар.

    3. Батыс Алтайдың Қазақстандық бөлігін не себептен Кенді Алтай деп атайды?

    4. Кескін картаға биік таулы өлкелерді белгілеңдер.


Жетінші сабақ

Проблемалық іздену сабағы

Тақырыбы: Қазақстанның пайдалы қазбалары

Сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаты:

  1. Қазақстан территориясында пайдалы қазбалардың орналасуының негізгі заңдылықтарын түсіндіру

  2. Жаңа кен орындарын болжай білуге баулу

  3. Туған Қазақстан жер асты байлығына да бай екендігіне оқушылардың ықыласын және сүйіспеншіліктерін арттыра түсу.

Көрнекі құралдар: физикалық, тектоникалық, геологиялық карталар. Минералдар коллекциясы.



Қазақстанның пайдалы қазбалар картасы

Сабақтың барысы: Мұғалім оқушылардың дәптерлерін ашқызады да, үйге берілген тапсырманы қалай орындағандарын қарап шығады.

Сендер мектепке автобуспен не жаяу келесіңдер. Жаз айында қонаққа ұшақпен, поезбен, параходпен барасыңдар. Сендер үшін биік және жарық мектеп, үйлер салынып, жылдың әр мезгіліне сай әсем киімдер тігіледі. Осының бәрін одан да әрі жақсарту үшін республикада пайдалы қазбаларды өңдейтін көптеген өнеркәсіптер жұмыс істейді. Осының бәрімен қанағаттандыру үшін жаңадан кен көздерін ашу керек. Егер бұл жұмыстарды бүгінде сендердің аға, әкелерің істесе, ертең сендер олардың ісін әрі қарай жалғастырасыңдар. Бұл жұмысты мен қазір бастайын. Біздің алдымыздағы ғылыми мақсатымыз Қазақстанның пайдалы қазбаларын ашу. Бұдан соң мұғалім әңгімесін ары қарай жалғастырады.

Бұл жұмысты неден бастау керек?


  • Қандай кендердің керектігін анықтап алайық.

  • Ал, оны қалай анықтаймыз?

  • Қандай пайдалы қазбалар бар екенін еске түсірейік.

  • Ең негізгі пайдалы қазбаларды атайық.

Оқушылар негізгі пайдалы қазбалардың түрлерін атайды (рудалы, рудасыз, жанатын пайдалы қазбалар).

- Енді осы қазбаларды іздейік. Оларды қай жерден, іздейміз табу үшін тағы да не білуіміз қажет?

- Қандай пайдалы қазбаны қай жерден іздеу керек?

- Оларды қалай анықтауға болады?

- Олардың қалыптасу себептерін қалай біледі?

- Қазбалардың қалыптасу себептері мен оның түрлерін еске түсірейік.

Оқушылар негізгі пайдалы қазбалардың қалыптасу ерекшеліктеріне (магмалық, метаморфозалық, шөгінді) сипаттама береді.

- Бұл жерден қандай пайдалы қазбаларды іздейміз?

- Тереңде жатқан жыныстардың жер бетіне шығып қалған жерінен.

- Ол үшін қандай карта қажет?

- Геологиялық карта.

- Сонымен әзірше физикалық картаны жаба тұрып, геологиялық картадан қазбаларды (болжап анықтайық).

- Қазақстанның бұл жердегі ойпаттары қандай жыныстардан құрылған.

- Тянь-Шань, Мұғалжар, Қазақстан қырқалары, таулары қандай жыныстардан құрылған?

- Бұл жерден қандай қазбаларды іздейміз?

- Сирек кездесетін: вольфрам, висмут, молибден сияқты металдар Қазақстанның қай жерінде кездеседі.

- Тұз, боксит, отқа төзімді саз қазбаларды қай жерден іздеуге болады?

Оқушылардың атағандарын мұғалім арнайы белгілермен кен орындарды, ғалымдардың ашқан кен орындарымен салыстырады. Біздің болжауымыз дәлелденді ме? Дәлелденген жоқ? Іздеп көрейік. Біз неге қателестік. Себебі геологияны және қазбалардың қалыптасу заңдылықтарын терең меңгермедік. Енді Қазақстанның кен орындарына толық талдау жасап оны геологиялық құбылыстармен байланысты екенін анықтайық. Оқытушы өз әңгімесін ары жалғастырып ғылыми болжау жылдан жылға жақсы дамып келетініне тоқталады. Бұған ғылым көмек жасайды. Анық қойылған болжау миллиондаған теңге пайда түсіреді. Сондықтан да біз пайдалы қазбалардың орналасу ерекшеліктерінің заңдылығын, оны жақсы білуіміз керек. Оны білмей тәуекел етудің қажеті жоқ. Мысалы, Қарағанды тас көмір бассейнінің ашылу тарихы мынадай: кедей қазақ Байжан ұлы Аппақ жергілікті бай Ордабай Игілік ұлының қойын жайып, ақысына қалған-құтқан сорпа су, ескі-құсқы киім алатын. Бұл оқиға 1833 жылы болған. Бір күні аппақ бір суыр іннен қап-қара тастың сыртқа шығып жатқанын көреді. Күндегі әдетімен тасты отқа қыздырып, қой сүтінен қорықтық пісіріп ішу үшін әлгі қара тасты отқа тастаса ол ағаш сияқты жаңа бастағанын байқайды. Ол тастың жану қасиетін білген соң, өз үйін және Өтеп байды да көмірімен жиі-жиі қамтамасыз етіп жүреді. Осыдан кейін тас көмірді жақын орналасқан ауылдарда отынға пайдаланады. Әсіресе оны жергілікті ұсталар үшін өте жақсы отын ретінде пайдаланған көрікте жақсы жанатын. Бұл қазіргі №3 шахтаның орны болатын. Кейінді көшпенді қазақтар Саран шатқалынан жер бетіне шығып жатқан көмірді тапты. Бұл жаңалық ірі тау іскері Ушаковтың құлағына жетті. Ол 1847 жылы Ақмола округіне кен орынын аштым деп жариялады, ал 1848 жылы Сараннан көлемі 10 текше км жерді 114 сом 30 тиынға арендаға сатып алады. Бұлай тегін сатып алу жергілікті халықты алдап ұстау еді. Сонымен, малшы байлардың негізгі тас көмірдің қорынан түсетін пайданы білмегендіктен пайдаланып келімсек Ушаков пен Рязанов қолдарына бай Қарағанды тас көмір кенін тегін өздеріне қаратып алады. Әртүрлі кендер, қазбалар туралы өте көп қызықты әңгімелер көп. Сондықтан біз «Қазақстан жер асты байлығы» тақырыбына неге кеш өткізбейміз? Бұл кеште сендер тағы да көп нәрселер білер едіңдер. Менделеев кестесіне қызықты саяхат жасар едік. Қазақстанның жер қойнауындағы элементтердің осы таблицада барлығы бар. Сендер кешке қатыссаңыздар мынандай әңгімені естір едіңдер. Оқушының әңгімесі: Эрмитажда мені бір үлкен кәсе таң қалдырды. Оның диаметрі 5 м (5,06 м), салмағы 11 тонна. Шамасы дүние жүзінде ол біреу ғана. Бізге бұл кәсе Алтайдың Колыван фабрикасында жасалғанын айтты. Оны жасау үшін шеберлер он жылдай уақыт, тер төгіпті. Петербургке төрт мың шақырымнан жеткізу үшін 100 пар ат шегуге тура келген.

Мұғалім кешке қатысқысы келгендерге сабақ соңынан қалуды талап етеді. Енді тақтаға үй тапсырмасын жазады. Қазақстанның пайдалы қазбаларын кескін картаға түсіру керек.

Әдебиеттер: А.Е.Ферсманның «Әртүрлі ғажайып түрлер», «Қызықты геохимия», «Қызықты минерология» қарап шығу тапсырылады.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Қазақстанның пайдалы қазбалар картасын тектоникалық картамен салыстырыңдар.

2. Рудалы және рудасыз пайдалы қазбалардың біріне төмендегі жоспар бойынша сипаттама беріңдер.

а) аты;


ә) географиялық жағдайы;

б) орналасу ерекшелігі;

в) кен орнының мөлшері;

г) өндіру әдісі;



жүктеу 5,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау