ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Abai University
СИЛЛАБУС
1. Пән туралы ақпарат
Пәннің атауы Педагогика
Кредит саны 5 ESTC
Курс, семестр, оқу жылы: 2, 3 2022-2023 оқу жылы; АОБ – 1 к.1 сем.
Шифр және ББ аталуы: 6В01512- Химия-биология
Институт: ПжПИ Педагогика кафедрасы
Оқытушы: Косшыгулова Алия Сериковна, оқытушы
Байланыс ақпараты (телефон, e-mail): 87016638560, alenti85@mail.ru
2. Бақылау түрі: тест түріндегі емтихан
Бағалау критерийі:
Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Құрастырушы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар орындау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей бөлінген.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар бар.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз
СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс.
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)∙0,3+Емт 0,4
3. Курстың академиялық презентациясы:
Оқу курсының типі: ББК/ЖООК
Пәннің мақсаты: орта білім беру жүйесінде педагогикалық қызметті жүзеге асыру үшін оқыту мен тәрбиелеудің заманауи теорияларын меңгеру негізінде болашақ педагогтың кәсіби-педагогикалық бағыты мен кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру.
«Педагогика» пәнінің негізгі міндеті білім алушыларда түйінді құзыреттермен қатар арнайы құзыреттерді және оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады:
1. педагогтың кәсіби қызметінің мәні мен ерекшелігін білу және түсіну;
2. педагогтың шығармашылық, зерттеу қызметін дамытуға, оның кәсіби-тұлғалық өсуін бағдарлай отырып, теориялық-әдіснамалық білімді жалпылау;
3. білім алушылар үшін қолайлы, қауіпсіз және коллаборативті орта құруды үйрете отырып, педагогикалық білімді, білім беру үрдісінің компоненттерін жіктеу және жүйелеу;
4. оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық даму үрдісі жағдайында тұлғаның әлеуетін дамытудың тиімділігін түсіндіру;
5. тәрбие және оқыту қызметін жүзеге асыру үшін тиімді стратегияларды, тактикаларды, тәсілдер мен әдістемелерді таңдау кезінде шешімдер қабылдау;
6. білім беру мен педагогикадағы инновацияларды ескере отырып, өзінің кәсіби қызметі мен дамуын бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |