кезеңінде қоғамдық тәртіпті, ұйымның мүлкін және қызметкерлердің қауіпсіздігін
сақтау, сондай-ақ тоқтап қалуы адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер
төндіретін машиналардың және жабдықтардың жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі өздеріне
байланысты шараларды қабылдауға міндетті.
302-бап. Қызметкерлерге ереуіл өткізуге байланысты
берілетін кепілдіктер
1. Ереуілді ұйымдастыру немесе оған қатысу (осы Кодекстің 303-бабының 1-
тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) қызметкердің еңбек тәртібін бұзуы деп
қаралмайды және осы Кодексте көзделген тәртіптік ықпал ету шараларының қолданылуына
әкеп соқпайды.
2. Ереуіл кезінде қызметкердің жұмыс орны (лауазымы), әлеуметтік сақтандыру
бойынша жәрдемақы төлеміне құқығы, еңбек өтілі сақталады, сондай-ақ еңбек
қатынастарынан туындайтын өзге де құқықтарына кепілдік беріледі.
Ереуілді жалақының төленбеуіне немесе уақтылы төленбеуіне байланысты
өткізуден басқа жағдайларда, ереуілге қатысушы қызметкерлердің ереуіл кезіндегі
жалақысы сақталмайды.
303-бап. Заңсыз ереуілдер
1. Ереуілдер:
1) соғыс жағдайы немесе төтенше жағдай не төтенше жағдай туралы заңнамаға
сәйкес айрықша шаралар енгізілген кезеңде; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
органдары мен ұйымдарында, елдің қорғанысын, мемлекеттің қауіпсіздігін, авариялық-
құтқару, іздестіру-құтқару, өртке қарсы жұмыстарды қамтамасыз ету, төтенше
жағдайлардың алдын алу немесе оларды жою мәселелерімен айналысатын басқа да әскери
құралымдар мен ұйымдарда; құқық қорғау органдарында; қауіпті өндірістік объектілер
болып табылатын ұйымдарда; жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету
станцияларында;
2) осы баптың 2-тармағында көрсетілген шарттар сақталмаған жағдайда, темір
жол көлігі, азаматтық авиация, денсаулық сақтау ұйымдарында, халықтың тыныс-
тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік, сумен, электр энергиясымен,
жылумен, байланыспен қамтамасыз ету), жұмысының тоқтатыла тұруы ауыр және қауіпті
зардаптарға әкеп соғуы мүмкін үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде;
3) осы Кодексте көзделген мерзімдер, рәсімдер және талаптар ескерілмей
жарияланған жағдайда;
4) адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қатер төндіретін жағдайларда;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда заңсыз
болып танылады.
Осы тармақта көрсетілген негіздердің біреуі болғанда, сот тиісті шешім
шығарғанға дейін прокурор ереуілді тоқтата тұруға құқылы.
2. Темір жол көлігі, азаматтық авиация, денсаулық сақтау ұйымдарында,
халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарда (қоғамдық көлік, сумен,
электр энергиясымен, жылумен, байланыспен қамтамасыз ету) ереуіл жергілікті
атқарушы органмен алдын ала келісу
негізінде айқындалатын халыққа қажетті тиісті қызмет көрсетулердің тізбесі мен
көлемі сақталған жағдайда өткізіледі.
Үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде ереуіл негізгі жабдықтардың, тетіктердің
іркіліссіз жұмысы қамтамасыз етілген жағдайда ғана өткізілуі мүмкін.
3. Ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімді сот Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес қабылдайды.
4. Ереуілді заңсыз деп тану туралы шешімді сот жұмыс берушінің немесе
прокурордың өтініші бойынша қабылдайды.
Сот шешімі қызметкерлерге ереуілді басқаратын орган арқылы жеткізіледі, ол
ереуілге қатысушыларды сот шешімі туралы дереу хабардар етуге міндетті.
Ереуілді заңсыз деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі дереу
орындалуға тиіс.
Адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда прокурор
немесе сот тиісті шешім қабылданғанға дейін ереуілді тоқтата тұруға құқылы.
5. Ереуілді басқарушы органның сот шешіміне Қазақстан Республикасының
заңдарында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқығы бар.
304-бап. Ереуілдерді заңсыз деп танудың салдары
Сот ереуілді заңсыз деп танығанда, жұмыс беруші ереуілді ұйымдастыруға немесе
өткізуге қатысқан қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тартуы мүмкін.
305-бап. Локаутқа тыйым салу
Ереуіл өткізуді қоса алғанда, ұжымдық еңбек дауын реттеу барысында локаутқа,
яғни қызметкерлердің ұжымдық еңбек дауына немесе ереуілге қатысуына байланысты
солармен жасалған еңбек шарттарын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзуға тыйым
салынады.
5-БӨЛІМ. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
33-тарау. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
306-бап. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
бағыттары
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясат:
1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан
Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге және қабылдауға;
2) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік, салалық
(секторлық) және өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге;
3) еңбек жағдайларын, оның қауіпсіздігі мен қорғалуын әзірлеу және жақсарту,
қауіпсіз техникалар мен технологияларды әзірлеу және енгізу, еңбекті қорғау,
қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғану құралдарын өндіру жөніндегі қызметті
экономикалық ынталандыру жүйелерін құруға және іске асыруға;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында мониторингті жүзеге
асыруға;
5) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау проблемалары бойынша ғылыми
зерттеулер жүргізуге;
6) өндірістегі жазатайым оқиғаларды және кәсіптік ауруларды есепке алудың
бірыңғай тәртібін белгілеуге;
7) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы
заңнамасының сақталуын мемлекеттік қадағалау мен бақылауға;
8) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қызметкерлердің құқықтары
мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру тәртібін
нормативті түрде бекітуге;
9) өндірістегі жазатайым оқиғалардан және кәсіптік аурулардан зардап шеккен
қызметкерлердің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің заңды мүдделерін қорғауға;
10) ауыр жұмыс және өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қазіргі заманғы
техникалық деңгейінде жойылмайтын зиянды (ерекше зиянды), қауіпті еңбек жағдайлары
бар жұмыс үшін еңбекақы төлеу шарттарын белгілеуге;
11) еңбек жағдайларын жақсарту және еңбекті қорғау жөніндегі отандық және
шетелдік озық жұмыс тәжірибесін таратуға;
12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандарды даярлауға
және олардың біліктілігін арттыруға;
13) өндірістік жарақат алу, кәсіптік ауру туралы мемлекеттік статистикалық
Достарыңызбен бөлісу: |