Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Мұрағаттық версия



жүктеу 0,71 Mb.
Pdf просмотр
бет24/53
Дата25.12.2019
өлшемі0,71 Mb.
#24953
түріКодекс
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53

 
даярлауға бағдарлауға;
 
      7) жұмыс күшін мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес өңіраралық қайта бөлуге;
 
      8) еңбек қатынастарын анықтау және жария ету жөніндегі шараларды әзірлеуге 
және іске асыруға;
 
      9) инвестициялық келісім-шарттарда инвестордың кәсіптік даярлау, жаңа жұмыс 
орындарын ашу және бар жұмыс орындарын сақтап қалу жөніндегі міндеттерін 
белгілеуге;
 
      10) кәсіптік даярлықты, қайта даярлықты және біліктілікті дамытуға тікелей 
ұйымдарда жағдай жасауға;
 
      11) жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдардың жұмыс берушілермен өзара 
іс-қимылына;
 
      12) нысаналы топтарға кіретін адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жағдайлармен 
қамтамасыз етуге кепілдіктер береді.
 
      
146-бап. Азаматтардың жұмысқа орналасу саласындағы
 
                
құқықтары
 
      Азаматтардың:
 
      1) жұмыс берушілерге тікелей өтініш білдіру жолымен, сондай-ақ халықтың 
жұмысқа орналасуына жәрдем көрсететін жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті 
органның немесе жұмыспен қамтудың жекеше агенттігінің еңбек делдалдығы арқылы 
қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға;
 
      2) жұмысты өзі іздеуге және жұмысқа орналасуға, соның ішінде шетелден жұмыс 
іздеуге және жұмысқа орналасуға;
 
      3) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардан және жұмыспен 
қамтудың жекеше агенттіктерінен консультациялар мен ақпараттар алуға;
 
      4) қоғамдық жұмыстарға қатысуға құқығы бар.
 
      
147-бап. Жұмыс берушінің жұмысқа орналастыру кезіндегі
 
                
құқықтары мен міндеттері
 
      1. Жұмыс берушінің:
 
      1) кадрлар іріктеуді жүзеге асыруға;
 
      2) жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардан еңбек нарығының 
жай-күйі және кәсіптік даярлаудың мүмкіндіктері туралы дәйекті, толық және жедел 
ақпарат алуға құқығы бар.
 
      2. Жұмыс беруші жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:
 
      қызметкерлердің ұйымның таратылуына, қызметкерлер санының немесе штатының 
қысқартылуына байланысты алдағы уақытта жұмыстан босатылуы туралы жұмыстан босату 
басталардан кемінде бір ай бұрын;
 
      қызметкерлерді жалдауға деген қажеттіктері туралы және жұмыспен қамту 
мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жіберген азаматтармен әңгімелесудің нәтижелері 
туралы бес жұмыс күні ішінде ақпарат беруге міндетті.
 
      
148-бап. Еңбек делдалдығы
 
      Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган немесе жұмыспен қамтудың 
жекеше агенттігі:
 
      1) азаматтарды - жұмысқа тұру мүмкіндігі туралы, ал жұмыс берушілерді жұмыс 
күшімен қамтылу мүмкіндігі туралы хабардар ету;
 
      2) азаматтардың жұмыс таңдауына жәрдем көрсету;
 
      3) азаматтарға бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін жұмыс берушіге жолдама 
беру;
 
      4) еңбек нарығы жөніндегі деректер базасын қалыптастыру;
 
      5) өтініш білдірген азаматтарды есепке алу мен тіркеу;
 
      6) кәсіптік бағдар жасауда қызметтер көрсету;
 


 
      7) жұмыс берушілермен шарттар негізінде жұмысқа орналасу мәселелері жөнінде 
өзара іс-қимыл жасасу арқылы еңбек делдалдығын жүзеге асырады.
 
 
13-тарау. КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ
 
      
149-бап. Қызметкерлер мемлекеттік немесе қоғамдық
 
                
міндеттерді орындаған кезде берілетін
 
                
кепілдіктер
 
      1. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда 
қызметкерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға тартылған уақытта 
оларды жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, еңбек міндеттерін орындаудан 
босатады.
 
      2. Қызметкерлерге мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындағаны үшін 
аталған міндеттерді орындайтын жері бойынша, бірақ негізгі жұмыс орнындағы орташа 
жалақысынан төмен емес жалақы төленеді.
 
      3. Мерзімді әскери қызметін өткеріп келген қызметкер өзі мерзімдік әскери 
қызметке шақырылғанға дейін жұмыс істеген кәсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде 
артықшылықты құқыққа ие болады.
 
      
150-бап. Медициналық тексеруге жіберілетін қызметкерлер
 
                
үшін кепілдіктер
 
      Осы Кодекске не ұжымдық шартқа сәйкес кезеңдік медициналық тексерулерден 
өтуге міндетті қызметкерлердің олардан өткен уақытта жұмыс берушінің қаражаты 
есебінен жұмыс орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.
 
      
151-бап. Донор болып табылатын қызметкерлер үшін
 
                
кепілдіктер
 
      Донор болып табылатын қызметкердің тексерілу және қан тапсыру уақытында жұмыс 
орны (лауазымы) мен орташа жалақысы сақталады.
 
      
152-бап. Іссапарларға жіберілетін қызметкерлер үшін
 
                
кепілдіктер мен өтемақы төлемдері
 
      1. Іссапар уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы 
сақталады.
 
      2. Іссапарларға жіберілетін қызметкерлерге:
 
      1) қызметтік іссапарда, оның ішінде жолда болған күнтізбелік күндері үшін 
тәуліктік төлемдер;
 
      2) баратын жеріне дейінгі және кері қайтудағы жол жүру шығыстары;
 
      3) тұрғын үй жалдау шығыстары төленеді.
 
      3. Қызметкерлерді іссапарларға жіберудің талаптары мен мерзімдері еңбек 
шартымен, ұжымдық шартпен немесе жұмыс берушінің актісімен айқындалады.
 
      4. Қызметкерлерді іссапарларға жіберу осы Кодекстің 183, 187, 226-баптарында 
көзделген шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
 
      
153-бап. Қызметкерді жұмыс берушімен бірге басқа жерге
 
                
ауыстыру кезіндегі кепілдіктер мен өтемақы
 
                
төлемдері
 
      1. Қызметкер жұмыс берушімен бірге басқа жерге ауыстырылған кезде жұмыс 
беруші қызметкерге:
 
      1) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің көшіп-қону;
 
      2) қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің мүлкін жеткізу жөніндегі шығыстарын 
өтеуге міндетті.
 
      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген өтемақы төлемдерінің тәртібі мен мөлшері 
еңбек шартында, ұжымдық шартта немесе жұмыс берушінің актісінде айқындалады. 
 
 


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау