Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі Мұрағаттық версия



жүктеу 0,71 Mb.
Pdf просмотр
бет20/53
Дата25.12.2019
өлшемі0,71 Mb.
#24953
түріКодекс
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53

 
демалысына қосылады.
 
      3. Қызметкерді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алған кезде 
демалыстың пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына қызметкер мен жұмыс 
берушінің арасындағы келісім бойынша қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек 
демалысының пайдаланылмаған бөлігінің күндері үшін өтемақы төлемі жүргізілуі 
мүмкін.
 
      4. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлерді, жүкті әйелдерді және ауыр 
жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды), қауіпті жұмыстарда істейтін 
қызметкерлерді жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алуға жол берілмейді.
 
      
110-бап. Еңбек шарты тоқтатылған кезде пайдаланылмаған
 
                
жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы үшін өтемақы
 
                
төлемі
 
      Еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын (жыл сайынғы 
еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған қызметкерге жыл 
сайынғы ақылы еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған 
күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі.
 
      
111-бап. Жалақы сақталмайтын демалыс
 
      1. Еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша қызметкердің өтініші негізінде 
оған жалақы сақталмайтын демалыс берілуі мүмкін.
 
      2. Жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы қызметкер мен жұмыс берушінің 
арасындағы келісім бойынша айқындалады.
 
      3. Жұмыс беруші:
 
      1) неке тіркелген;
 
      2) бала туылған;
 
      3) жақын туыстары қайтыс болған;
 
      4) еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген өзге де жағдайлар кезінде 
қызметкердің жазбаша өтініші негізінде күнтізбелік бес күнге дейін жалақы 
сақталмайтын демалыс беруге міндетті.
 
      
112-бап. Оқу демалысы
 
      1. Білім беру ұйымдарында оқып жүрген қызметкерлерге сынақтар мен 
емтихандарға дайындалу және оларды тапсыру, зертханалық жұмыстарды орындау, 
дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау мен қорғау үшін оқу демалыстары беріледі.
 
      2. Оқу демалысына ақы төлеу еңбек шартында, ұжымдық шартта, оқу шартында 
айқындалады.
 
      
113-бап. Баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы
 
                
(балаларды) асырап алуға байланысты демалыстар
 
      1. Жүкті әйелдерге, баланы (балаларды) туған әйелдерге, жаңа туған баланы 
(балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) баланың туылуына байланысты мынадай 
демалыстар:
 
      1) жүктілікке және босануға байланысты ақылы демалыс;
 
      2) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге ақылы демалыс;
 
      3) бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын 
демалыс беріледі.
 
      2. Баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға 
байланысты демалыстар беру осы Кодекстің 192 - 195-баптарында көзделген шарттармен 
жүзеге асырылады.
 
      3. Жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, сондай-ақ жаңа туған баланы 
(балаларды) асырап алған әйелдерге (еркектерге) берілетін демалысқа ақы төлеу үшін 
орташа жалақыны есептеу тәртібі осы Кодекстің 136-бабына сәйкес айқындалады. 
 
 


 
 
      
114-бап. Демалысты ресімдеу
 
      Демалысты беру, ауыстыру, ұзарту не демалыстан шақырып алу жұмыс берушінің 
актісімен ресімделеді.
 
 
9-тарау. ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУ
 
      
115-бап. Еңбекті нормалауды ұйымдастыру саласындағы
 
                
мемлекеттік кепілдіктер
 
      Еңбекті нормалауды ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер:
 
      еңбектің үлгілік нормалары мен нормативтерін;
 
      мемлекеттік органдардың еңбектің техникалық негізделген үлгілік нормалары мен 
нормативтерін әзірлеуді қамтамасыз етуін;
 
      жұмыс берушілердің еңбек нормаларын әзірлеуді, енгізуді және қайта қарауды 
қамтамасыз етуін бақылауды қамтиды.
 
      
116-бап. Еңбек нормалары
 
      1. Еңбек (өндірім, уақыт, қызмет ету) нормалары еңбек шығындарының өлшемі 
болып табылады және тиісті біліктілігі бар қызметкері үшін техниканың, 
технологияның, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың қол жеткізілген деңгейіне сәйкес 
белгіленеді.
 
      2. Он сегіз жасқа толмаған қызметкерлер үшін өндірім нормалары осы Кодекстің 
182-бабына сәйкес белгіленеді.
 
      3. Қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбегіне уақыт бойынша ақы төлеу 
кезінде нормаланған тапсырмалар белгіленеді. Жұмыс беруші жекелеген функциялар мен 
жұмыс көлемдерінің орындалуы үшін қызмет ету нормаларын немесе қызметкерлер санының 
нормаларын
 
(нормативтерін) белгілеуі мүмкін.
 
      
117-бап. Жаңа еңбек нормаларын әзірлеу, енгізу,
 
                
қолданыстағы еңбек нормаларын ауыстыру және
 
                
қайта қарау
 
      1. Жұмыс беруші еңбек нормаларын жаңадан енгізуді, қолданыстағы еңбек 
нормаларын ауыстыруды және қайта қарауды қызметкерлер өкілдерімен келісе отырып, 
еңбектің үлгілік нормалары мен нормативтерін ескеріп жүргізеді.
 
      2. Еңбектің үлгілік нормалары мен нормативтерін тиісті қызмет салаларындағы 
уәкілетті мемлекеттік органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен 
келісе отырып, өздері белгілеген тәртіппен бекітеді.
 
      3. Еңбектің үлгілік нормалары мен нормативтерін ауыстыруды және қайта қарауды 
оларды бекіткен органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген 
тәртіппен жүзеге асырады.
 
      4. Еңбек нормалары жұмыс орындарына аттестаттау мен рационализациялау 
жүргізу, еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз ететін жаңа техника, технология және 
ұйымдық-техникалық іс-шаралар енгізу шамасына қарай міндетті түрде ауыстырылуға 
тиіс.
 
      Жекелеген қызметкерлердің өз бастамасы бойынша жаңа еңбек тәсілдерін қолдануы 
және жұмыс орындарын жетілдіруі есебінен өнім шығарудың (қызметтер көрсетудің) 
жоғары деңгейіне қол жеткізу бұрын белгіленген еңбек нормаларын қайта қарауға негіз 
болып табылмайды.
 
      5. Қызметкерлер кемінде бір ай бұрын жұмыс берушінің жаңа еңбек нормаларын 
енгізуі туралы хабардар етіледі.
 
      
118-бап. Еңбек нормаларын әзірлеуге қойылатын талаптар
 
      Еңбектің нормаларын әзірлеу кезінде:
 
      1) еңбек нормаларының сапасы, оны қажетті еңбек шығындарына оңтайлы 
жақындату;
 


жүктеу 0,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау