171.
|
Мына мәселелерді қарау:
- әлеуметтік маңызы бар аурулардың тіркелімін құру;
- шалғайдағы ауылдық елді мекендер үшін коммуникация және инфрақұрылымдық бағдарламалық шешімдер құру, аудан орталықтарынан шалғайдағы ауылдық медицина қызметкерлеріне денсаулық сақтаудың ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
- жедел медициналық көмек бригадаларын GPS-навигациясы бар ұтқыр терминалдармен жарақтандыру, жедел медициналық көмек бригадаларының денсаулық сақтаудың
ақпараттық ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз ету;
- қан қызметінің ақпараттық жүйесін құру;
-Ұлттық телемедицина жүйесін кеңейту
|
|
|
ДСӘДМ
|
|
|
|
| | |
Әлеуметтік маңызы бар аурулардың тіркелімін құруына қатысты.
Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мақсатында веб-технологиялар негізінде «Онкологиялық аурумен науқастардың электрондық регистрі», «Диспансердегі науқастардың электрондық регистрі», «Стационардағы науқастардың электрондық регистрі» ақпараттық жүйелер әзірленді.
2014 жылы «Диспансердегі науқастардың электрондық регистрі» ақпараттық жүйесінің мынадай: "Қант диабет" БК, «Психикалық нпуқастар регистрі», ПК "Туберкулезбен ауратың науқастардың ұлттық регистрі", «Наркологиялық аурумен науқастардың регистрі» ішкі жүйелер әзірленді. Осы регистрлер ДСӘДМ-нің, облыстардың, Астана және Алматы каларының денсаулық сақтау басқармаларының және амбулаториялық емханалық көмек көрсететін, Д-есепте тұрған науқастарды диспансерліқ бақылауға алған (қант диабетпен, туберкулезбен, психикалық және наркологиялық бұзылықпен науқастарды жүргізуі және есебі) медикалық ұйымдарының мамандарына арналған.
Жедел медициналық көмек бригадаларын GPS-навигациясы бар ұтқыр терминалдармен жарақтандыру, жедел медициналық көмек бригадаларының денсаулық сақтаудың ақпараттық ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысты.
Соған байланысты, жедел медициналық жәрдем қызметін жаңғырту мақсатында барлық жерде GPS-навигация жүйесі енгізілуде, бұл жедел медициналық жәрдемді уақтылы және қолжетімді көрсетуді жоғарлатуға мүмкіндік береді.
GPS-навигация жүйесін енгізу нақты уақытта санитариялық автокөліктің тұрған жерін және жүрген жүрісін бақылауға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде шақыру түскен орынға жақын тұрған жедел медициналық жәрдем бригадалырын қысқа уақытта жолдауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезінде ҚР бойынша GPS-навигация жүйесін енгізуі 51,1 % болды, сонымен бірге, Манғыстау, Жамбыл, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында және Астана мен Алматы қалаларынды осы жүйесімін енгізілуі 100 % болды.
Сонымен қатар, «Алматы және Астана қалаларында жедел медициналық жәрдем қызметін оңтайландыру бойынша пилоттық жобаны енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 13 бұйрығына сәйкес Павлодар облысы, Астана және Алматы облыстарында «Жедел жәрдем» атты пилоттық жоба (бұдан әрі – пилоттық жоба) жүргізілді.
Пилоттық жобаның нәтижелерін ескере отырып, «Облыстарда, Астана және Алматы қалаларында жедел медициналық жәрдем қызметін жетілдіру шаралары туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы 11 мамырдағы 236 бұйрығы бекітілді. Осы бағытта жұмыс жалғасуда.
Ұлттық телемедицина жүйесін кеңейтуге қатысты.
Қазақстан Республикасында 2004 жылдан бастап Ұлттық телемедицина желісін (бұдан әрі – ҰТМЖ) құру және дамыту жөніндегі бағдарлама іске асырылуда.
ІІ. 2014 жылға Қазақстан Республикасының Ұлттық телемедицина желісіне 192 объект кіреді: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі, 14 облыстық аурухана, 2 қалалық аурухана, 137 аудандық орталық, 14 республикалық клиника, 6 медициналық ЖОО мен АМДЖИ, 14 облыстық және Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы, Ана мен бала орталығы, ҚР ДСӘДМ «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК.
2014 жылы ҰТМЖ-не 2 объект қосылды; Алматы мемлекеттік дәрігерлерді жетілдіру институты және Өскемен қаласының Ана мен бала орталығы.
2014 жылы Телемедицина және бейне-консультацияларды өткізу жоспарына сәйкес (ҚР ДСМ 2014 жылғы 10 қаңтардағы № 6 бұйрығы) 24243 консультация жүргізілді, бұл жоспарды орындаудан 138 % құрайды. 2013 жылмен салыстырғанда 6473 консультацияға артық өткізілді (36%-қа ұлғаю).
2014 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің және Республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының өтінімдері бойынша бейнеконференцбайланысының 325 сеансы селекторлық кеңестер, теледәрістер мен телесеминарлар нысанында өткізілді, бұл 2013 жылмен салыстырғанда БКБ 84 сеансқа артық (35%-ға ұлғаю).
Телемедициналық жабдықтың моральдік және физикалық ескіруіне байланысты қазіргі уақытта 2016-2020 жылдарға арналған ҰТМЖ дамыту мен жаңғырту жөніндегі ТЭН әзірлеу жүргізілуде, оның шеңберінде 181 қолданыстағы жабдықты жаңғырту және 219 жаңа телемедицина орталығын қосу жоспарлануда.
|