9
Түркия медициналық туризм қауымдастығының бағалауы бойынша
(Turkish Healthcare Travel Council) 2018 жылы Түркияға негізінен
радиотерапия, онкология, нейрохирургия, реконструктивтік пластика және
оңалту сияқты бағыттар бойынша Қазақстаннан 7 мыңнан астам адам келді.
Жалпы алғанда, әр түрлі мәліметтер бойынша жыл сайын шамамен 50
мың қазақстандық шетелге емделуге шығады және "Harvard Medical
International" ұйымының есептеуіне сәйкес, біздің отандастарымыздың
шетелде медициналық қызметтерге жұмсайтын шамамен алғандағы сомасы
жылына 200 млн.долларды құрайды.
Жыл сайын шетелге қазақстандық медициналық туристер санының көп
болуына байланысты отандық медициналық ұйымдар, туристік операторлар
және жалпы мемлекет сияқты жеке кәсіпкерліктің басқа да түрлері
нәтижесінде әлеуетті экономикалық пайданы жоғалтады.
Бүгінгі
таңда
Қазақстанда
медициналық
туризмнің
дамуын
баяулататын негізгі себептер:
медициналық туристерге қызмет көрсету тәсілдерін реттейтін
заңнамалық база жеткіліксіз пысықталған;
медициналық визаның болмауы;
келу, ішкі және көшпелі медициналық туристер бойынша нақты
статистикалық деректердің және статистикалық есептің болмауы;
медициналық ұйымдардың медициналық туристерге қызмет
көрсетуге толық әзірліг (корпоративтік басқару мен сервистің төмен
деңгейі, икемді баға белгілеудің болмауы, медициналық персоналда
тілдік кедергілердің болуы және т. б.);
облыстық
маңызы
бар
медициналық
ұйымдардың
әлсіз
инфрақұрылымы;
медициналық ұйымдардың туристік операторлармен өзара іс-
қимылының жеткіліксіздігі;
медициналық туристік өнімнің болмауы;
медициналық ұйымдардың танымал брендтерінің болмауы және
маркетингтің нашар болуы;
қоғамда отандық денсаулық сақтаудың жағымсыз имиджін
қалыптастыру.
Медициналық туризмнің бәсекеге қабілетті саласын құру мемлекеттік
бюджетке түсетін салық түсімдері, инвестициялар ағыны, жаңа жұмыс
орындарының пайда болуы есебінен ел экономикасына үлес қосады, сондай-
ақ медициналық қызметтердің сапасын арттыруға және халықтың
денсаулығын жақсартуға ықпал етеді.
Мемлекеттік қолдау медициналық туризмді тұрақты дамытудың негізгі
факторы болып табылады. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай,
нормативтік құқықтық базаны қалыптастыруға, инфрақұрылымды дамытуға,
инвестициялар тартуға, Жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы
экономикалық жағдай жасауға бағытталған мемлекеттің белсенді саясаты
10
медициналық туризмге дамудың жаңа деңгейіне шығуға және ел
экономикасының басым бағыттарының бірі болуға ықпал етеді.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, медициналық туризмді
белсенді дамытатын елдер ұлттық жобалар мен бағдарламаларды іске
асыруға айтарлықтай бюджет қаражатын бағыттай отырып, өз азаматтарын
сапалы медициналық қызметтермен қамтамасыз ете отырып, осы саланың
дамуына үлкен көңіл бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: