3
Кіріспе
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә.
Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында
Елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық
дамудың жаңа моделін құруды көздейтін Қазақстанды Үшінші жаңғыртуды
іске асыруды қамтамасыз ету міндеті қойылды. Осыған байланысты бес
негізгі басымдық анықталды, оның біріншісі - Денсаулық сақтау және білім
беру сияқты салаларды дамытуға негізделген «Экономиканы жедел
технологиялық жаңғырту».
Осының салдарынан Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрлігі «Денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасын іске асыруда,
онда алты бастама айқындалған, олардың бірі медициналық туризмді және
импорт алмастыруды дамыту болып табылады.
Бүгінгі таңда әлемнің жетекші елдерінің даму үрдісі азаматтардың өмір
сүру сапасын арттыру үшін оңтайлы жағдай жасауға бағытталған. Мақсаты
әлемнің алдыңғы қатарлы отыз елінің қатарына кіру болып табылатын
Қазақстан да әлеуметтік бағдарланған экономикалық даму үлгісіне көшу
бағытын ұстанады. Еңбекке қабілеттілікті арттыру, азаматтардың
денсаулығын қолдау және нығайту үшін жағдайлар жасауға елде демалыс
пен туризм инфрақұрылымын дамытуға ықпал ететін болады.
Денсаулықты нығайту, белсенді өмір салтын жүргізу қазіргі қоғамда
тренд болды. Жыл сайын жақсы дене бітімін сақтауға және қажет болған
жағдайда сапалы медициналық көмек алуға ұмтылатын адамдар саны өсуде.
Қазіргі әлемде туризмнің жаңа бағыты - медициналық туризм танымал
болып келеді. Көптеген адамдар, көбінесе олардың тұрақты тұрғылықты
жерлерінен тыс жерлерде, оның ішінде елден тыс жерде орналасқан білікті
медициналық көмек алғысы келеді.
Медициналық туризм саласындағы әлемдік ахуал үнемі өзгеріп келеді.
Егер бұрын Батыс Еуропа мен АҚШ елдері көшбасшылар болып саналса,
бүгінде оларды Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан және Оңтүстік-Шығыс
Азия елдері де ығыстырды. Соңғы уақытта медициналық туризм Қазақстанда
да қарқын алып келе жатқаны анық.
Қазақстан
Республикасында
медициналық
туризмді
дамыту
тұжырымдамасында (бұдан әрі - тұжырымдама) экономикалық және
әлеуметтік дамуға, азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға
бағытталған медициналық туризм саласындағы әлемнің жетекші елдерінің
тәжірибесі пайдаланылған.
Тұжырымдама мемлекеттік саясаттың стратегиялық мақсаттары мен
міндеттерін, сондай-ақ медициналық туризмді дамытудың өзекті міндеттерін
ескере отырып, оларды іске асыру тетіктерін айқындауға арналған.
Достарыңызбен бөлісу: