Ќазаќстан Республикасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі


-тақырып. Жүргізушінің назары мен қозғалыс қауіпсіздігі



жүктеу 0,58 Mb.
бет3/3
Дата17.11.2017
өлшемі0,58 Mb.
#1069
1   2   3

5-тақырып. Жүргізушінің назары мен қозғалыс қауіпсіздігі.
Шұғылданудың жоспары:

  1. Назар салу түсінігі мен оның сапасын оқып, уйрену.

  2. Автомобиль жүргізушісінің қызметіндегі назар салудың ролін толық меңгеру.

Бақылау сұрақтары.



  1. Назар салуды қалайша жоғарлатуға болады?

  2. Жүргіншінің көргіштігін қалай анықтаймыз?


6- тақырып. Жүргізуші қызметіндегі ойлау мен ес.
Шұғылданудың жоспары:

1) Ойлау туралы түсінік. Ойлаудың түрлері. Ойлау, болжау және автомобиль жүргізуші қызметіндегі рөлі.

2) Естің сапалары.
Бақылау сұрақтары.


    1. Ойлау, есте сақтау қабілетін қалайша жүзеге асыруға болады?

    2. Адамның ойы, есі туралы айырмашылықтары?


7- тақырып. Жүргізушінің тұлғасы және оның мамандандырылған қызметіндегі рөлі.
Шұғылданудың жоспары:

1) Тұлға түсінігі. Жүргізуші тұлғасының моральді ерекшеліктері мен оның сенімділігі.Жүргізуші тұлғасы мен жол қозғалысының қауіпсіздігін толық түрде оқып, уйрену.


Бақылау сұрақтары.

  1. Тұлға қасиеттері: бағыттары, қабілеттері, темперамент, мінездің көлік жүргізуге әсер ететін орны?

  2. Жалпы, адамның тұлға ретіндегі қалыптасуы?



8 – тақырып. Автомобиль жүргізушісінің шаршауы мен жұмыс қабілеттілігі.
Шұғылдану жоспары:

Шаршаудың жүргізушінің жұмыс істеу қабілеттілігі мен жағдайына тигізетін әсерін толық окып білу керек.


Бақылау сұрақтары.

  1. Шаршау. Шаршаудың фазалары?

  2. Физикалық, ақыл-естік және эмоционалдық шаршау?


9 – тақырып. Жүргізуші денсаулығының жағдайы мен жұмыс қабілеттілігі. Алкоголь мен жол қозғалысының қауіпсіздігі.
Шұғылданудың жоспары:

  1. Жүргізушінің денсаулық жағдайының жұмыс қабілеттілігіне тигізетін әсерлерін оқу және анықтай білу.

  2. Жұмыс қабілеттілігіне алкогольдің тигізетін теріс әсері туралы өткізілетін шаралар.


Бақылау сұрақтары.

  1. Жүргізушілерде жиі кездесетін өткінші және ұзаққа сақталатын аурулар түрлері?

  2. Жүргізушілерді рейс алдындағы медициналық тексеру тәсілдері?


10 – тақырып. Автомобиль жүргізушісінің жұмыс орнына қойылатын инженерлік – психологиялық талаптары.Жүргізуші еңбек гигиенасы.
Шұғылданудың жоспары:

  1. Автомобильдің конструкциялық құрылымының жүргізушіге ыңғайлы, жақсы жағдайда, көру сапасының жоғары болуы т.б. жақсарту тәсілдерін оқып білу.

Бақылау сұрақтары.



  1. Рөльдік, тежегіштік басқаруларын жеңілдету әдістерін анықтау?

  2. Кабина – салондағы температуралық режимді (жылу, салқындату) адамға лайықты түрде қалайша жақсартуға болады?


11– тақырып. Автомобиль жүргізушілерін мамандық бойынша таңдау.
Шұғылданудың жоспары:

  1. Жүргізушіні жұмысқа қабылдау барысындағы өткізілетін таңдау-талдау өткізу тәсілдерін оқып білу.

Бақылау сұрақтары.

  1. Жүргізушімен ауызша түрде кеңес өткізу тәсілі және оның психикалық тұрақтылық қасиеттерін қалайша анықтауға болады?

  2. Жүргізушінің қабілеттілігін анықтау?


12 – тақырып. Жүргізуші еңбегін қорғау.
Шұғылданудың жоспары:

  1. Жалпы еңбек қорғау ережелерінен түсінік.

  2. Еңбек қорғау заңына байланысты жұмысшы мен мекеме басқармасы арасындағы шарттарды оқу.


Бақылау сұрақтары:

  1. Автомобиль көлігіне қажетті еңбек қорғауға арналған медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету.

  2. Көлік-жол апаты кезінде жапа шеккендерге көрсетілетін медициналық көмектер.

  3. Жүргізушінің тамақтану гигиенасы.


13 – тақырып.Күрделі шарттарда автомобильді басқарудың психофизиологиялық ерекшеліктері.
Шұғылданудың жоспары:

  1. Тәжірибелі жүргізушілердің автокөлікті басқарғанда көптеген операцияларды ойланбастан орындайды және қозғалыста қауіпсіздік тәртібін сақтай алады, осыны оқып білу.

  2. Автомобильді жоғары жылдамдықпен жүргізу, тәуліктің қараңғы уақыттарында, жолдың тайғақ (мұз) жағдайларында басқару шарттарын білу.


Бақылау сұрақтары:

  1. Жоғары дәрежеде жұмысты орындау мен жоғарғы сапалы көрсеткіштерді қалайша көрсетуге болады?

  2. Жүргізушілердің техникасының күрделі шарттарда автомобильді басқару барысындағы физиологиялық өзгерістер?



7 Студенттердің өздік жұмысының мазмұны
1- тақырып. Инженерлік психология пәні,міндеттері мен әдістері

Нақтылықтың психикалық бейнесінің негізгі түрлері. Автокөлік психологиясы пәні мен міндеттері



2 -тақырып. Жүргізуші ЖАЖ жүйесінде адам оператор ретінде. Басқару жүйесінде адам звено ретінде. Автомобиль жүргізушінің сенімділігі. КЖА- дағы адамзат факторының рөлі.

3 - тақырып. Жүргізуші қызметінің психофизиологиялық негіздері.

Жүргізуші еңбегінің психофизиологиясы туралы түсінік. Жүйке жүйесінің функциясы мен құрылымы туралы түсінік.



4 - тақырып. Автомобиль жүргізушісінің сезінуі мен қабылдауы.

Сезіну мен қабылдау туралы түсінік кеңістіктің, уақыттың және автомобиль қозғалыс жылдамдығын қабылдаудың жеке түрлерінің мәні.



5 - тақырып. Жүргізушінің назары мен қозғалыс қауіпсіздігі.

Назар салу түсінігі мен оның сапасы. Назар салудың физикалық механизмі.



6 - тақырып. Жүргізуші қызметіндегі ойлау мен ес.

Ойлау туралы түсінік. Ойлаудың түрлері. Болжау және автомобиль жүргізуші қызметіндегі рөлі. Ес. Естің түрлері.



7 - тақырып. Жүргізушінің тұлғасы және оның мамандандырылған мәтіндегі рөлі.

Тұлға түсінігі. Тұлға қасиеттері және жүргізуші мамандығы мен оны үйрену үшін алатын орны.



8 - тақырып. Автомобиль жүргізушісінің шаршауы мен жұмыс қабілеттілігі.

Жүргізушілердің жұмыс қабілеттілігі.Шаршау. Шаршаудың фазалары. Шаршаудың жүргізушінің жұмыс қабілеттілігіне, жағдайына тигізетін әсері.



9 - тақырып. Жүргізуші деңсаулығының жағдайы мен жұмыс қабілеттілігі. Алкоголь мен ЖҚҚ.

Жүргізушінің деңсаулық жағдайының жұмыс қабілеттілігіне әсері.Дәрілерді қабылдау мен жұмыс қабілеттілігі.Алкогольдік мас болудың экспертизасы.



10 - тақырып. Автомобиль жүргізушісінің жұмыс орнына қойылатын инженерлік-психологиялық талаптар.

Жүргізуші еңбегінің жұмыс гигиенасы.



11 - тақырып. Автомобиль жүргізушілерін мамандық бойынша таңдау.

Маман таңдау. Профессиограмма.



12 - тақырып. Жүргізуші еңбегін қорғау.

Жолдық жарақат алу мен оны ескерту. Жүргізушінің тамақтануының гигиенасы.



13 - тақырып. Күрделі шарттарда автомобильді басқарудың психофизиологиялық ерекшеліктері.

Үлкен жылдамдықта. Түнгі уақыттарда.



Автокөлік психологиясы пәнінен қорытынды бақылау (емтихан) сұрақтары
1. Автокөлік психолгия пәні мен міндеттері.

2. Ақиқаттың психологиялық бейнесінің негізгі түрлері.

3. Сезіну мен қабылдау жөнінде түсінік.

4. Көліктік жол-апатындағы адам факторының рөлі.

5. Қабылдау қателіктері.

6. Ойлаудың түрлері мен формалары.

7. Тұлға түсінігі. Тұлғаның қасиеттері.

8. Көңіл бөлудің физиологиялық механизмдері.

9. Жүйке жүйесінің функциялары мен құрылуы жөнінде түсінік.

10. Атомобиль жүргізушінің сенімділігі.

11. Жұмыс орнына қойылатын негізгі талаптар.

12. Жол жарақаты және оны ескерту.

13. Жүргізушінің жұмыс қабілеттілігі.

14. Жүргізушінің жұмыс қабілеттілігіне денсаулық жағдайының әсері.

15. Жүйке жүйесінің функциялары мен құрылуы жөніндегі түсінік.

16. Ойлаудың түрлері мен формалары.

17. Қиын шарттарда автомобильді басқару

18. Жүргізушілердің мамандық таңдаудың әдісі мен тәсілдері.

19. Жүргізуші еңбегінің психологиясы.

20. Жүргізушінің білімінің жүзеге асырылуы.

21. Жұмыс қабылеттілігінің жүргізуші денсаулық жағдайына тәуелділігі.

22. Психология, жүргізуші қызметінің сенімділігі.

23. Жүргізушінің көңіл бөлуі және қозғалыс қауіпсіздігі.

24. Автомобильді тәуліктің түңгі уақытында басқару.

25. Жүргізушінің сезіну уақытының тәуелділігі және ұлғаюының себептері қандай?

26. Жүргізушінің тұлғалығы және қозғалыс қауіпсіздігі.

27. Бас жүйке жұмысының негізгі заңдылықтарын атау?

28. Жүргізуші қызметіндегі ойлау мен ес.

29. Жүргізушілер реакциясы жөніндегі түсінік.

30. Кеңістікті қабылдау.

31. Адамның ми жүйесінің функциялары.

32. Көңіл бөлу түрлері. Көңіл бөлудің сапасы.

33. Сенсомоторлы реакциялар және оның түрлері.

34. Сезіну түсінігі және жүргізуші қызметіндегі оның рөлі.

35. Жүргізушінің психофизиологиясы туралы түсініктер.

36. Көңіл бөлмеудің түрлері және оның қозғалысқа берілетін әсерлері.

37. Автомобиль жүргізушілерінің мамандық таңдау әдістері мен түрлері.

38. Жүргізушінің жағдайы мен жұмыс қабілеттілігіне шаршаудың әсері.

39. Ойлау қабілетінің формалары мен түсінігі.

40. Автомобиль жүргізушінің сезімі мен қабылдауы.

41. Жүргізушінің негізгі мамандырылған сапасы.

42. Түнгі уақытта автомобильді жүргізу.

43. Көліктік жарақаттану және оны алдын алу.

44. Жолға шығар алдындағы жүргізушілерді медициналық тексеру.

45. Көңіл бөлу түсігіні және оның сапасы.

46. Адамның талдауыштары және оның мінездемелері.

47. Жолдың қиын шарттарында көлікті басқару.

48. Жүргізушінің жұмыс қабілеті.

49. Жүргізушілер реакциясы және оның түрлері.

50. Жүргізушілер жұмысының гигиенасын сақтаудың негізгі тәсілдерін ұйымдастыру.



Бір дұрыс жауабы бар тест түріндегі тапсырма
1.Еңбек психологиясы ғылымы келесі сұрақтарды қарастырады:

A) Адамның жеке ерекшеліктеріне және мүмкіндіктеріне қарай «жүргізуші- автомобиль – жол» жүйесіндегі буындарымен байланыстыру;

B) Қызмет көрсететін техника талаптарының және адамның жеке анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерінің есебі;

C) Адамның физиологиялық, психологиялық антропологиялық қасиеттері және адам мен техниканың өзара байланысы;

D) Көлік конструкциясының адамның психологиялық және физиологиялық мүмкіндіктерімен байланыстыру;

E) «Адам машина» жүйесіндегі адам мен техниканың өзара байланысы.


2.Келесі мүмкіндіктердің қайсысы «Адам - машина» жүйесінде адам буынына жатады:

A) Есептеу операцияларын жылдам және дәл шығарады;

B) Өткізу қабілеттілігі жоғары;

C) Жеке оқиғалар арқылы толық кескінді көре алу қабілеті;

D) Жұмыс істеу қабілеті тұрақты;

E) Операцияларды жасау жылдамдығы жоғары және дәл.


3.Инженерлік психологияның қай бағыты операторларды психофизиологиялық тұрғыдан таңдау шараларын өткізеді?

A) Психофизиологиялық;

B) Инженер-педагогикалық;

C) Эксплуатациялық;

D) Конструкторлық;

E) барлық аталған бағыттар.


4.Қандай әдіс арқылы «Адам машина» жүйесінде еңбек жағдайындағы оператордың физиологиялық жағдайы қарастырылады?

A) Психофизиологиялық;

B) Физиологиялық;

C) Математикалық;

D) Ешқайсысы емес;

E) барлық аталғандар.


5.Өздерінің психофизиологиялық қасиеттері бойынша нақты мамандықтың жеке еңбек түрлеріне сәйкес келетін адамдарды тағайындау бұл қайсы білім қызметіне жатады:

A) Мамандандыру бөлімі;

B) Мамандандыру бағыты;

C) Мамандықты таңдау;

D) Ешқайсысы емес;

E) барлық аталғандар.



6. Сезіну деп нені айтамыз?

А. Адам есінде заттардың және болмыстың құбылыстарының әр түрлі қасиеттерінің бірігуінің бірлік образы түрінде келу процесі.

В. Адам есінде заттардың және бірлік образдарды құрастыруға келтірмейтін құбылыстардың білінуі.

С. Адам ағзасының сезім мүшелеріне әсер ететін заттардың жеке қасиеттері мен материалды әлемнің құбылысы.

Д. Адам ағзасының сезім мүшелеріне әсер етпейтін заттардың жеке қасиеттері мен материалды әлемнің құбылысы.

Е. Адам есінде заттардың жеке қасиеттері мен материалды әлемнің құбылысының бірігуінің келуі.


7. Есте сақтау қабілеті деп нені айтамыз?

А. Алдыңғы уақытта алынған білімнің сақталу процесі.

В. Адамның ертерек қабылданған ақпараттың сақталуы мен ұзақ сақталатын процесс.

С. Адамның ертерек қабылдаған түрлі үйренгендерді орындау процесі.

Д. Сақтау мен өткен білімдердің орындалу процесі.

Е. Сақтау мен өткенді және ертеректе қабылдаған ақпаратты орындау процесі.


8. Сезіну мен қабылдаудың арасында қандай байланыс бар?

А. Қабылдау әрқашанда өзіне әр түрлі сезінулерді қосады, бірақ ол сезінулердің суммасына келмейді.

В. Қабылдау дегеніміз сезімдердің бірігуі.

С. Барлық жағдайда сезіну қабылдауға ауысады.

Д. Сезіну өздігінен болмысын жалғастыруы мүмкін, яғни қабылдануға ауыспайды.

Е. Барлық жауаптар дұрыс емес.


9. Реакция деп нені айтамыз?

А. Жүргізушінің алынған ақпараттың қорытындысынан қабылдаған шешімдері.

В. Ақпаратты қорыту процесі.

С. Жүйкелердің импульстерді бұлшықеттерге жіберу процесі.

Д. Ішкі және сыртқы қоздырғыштарға жауап әрекеті.

Е. Қоздырғыштарды қабылдап және бірінші импульстердің бұлшықеттерге жіберілу процесі.


10.Бұлшықет-қозғалтқыштық анализаторлардың милық орталығы деп нені айтамыз?

А. Бас миының қабықшасының үстіңгі үлесі.

В. Бас миының қабықшасының артқы үлесі.
С. Бас миының қабықшасының самайлық үлесі.

Д. Арқалық миы.

Е. Мишық

11. Аталған анализаторлардың ішінде қайсысы ішкі және сыртқы орта әсерінен қозады?

А. Температуралық

В. Бұлшықет-қозғалтқыштық

С. Көру


Д. Есту

Е. Иістану


12. Бұл жұмысты денсаулық жағдайына байланысты атқара алмайтын тұлғаларды тану және оларды жұмыстан босатумен айналысады...

А. Білім беру таңдауы

В. Психофизиологиялық таңдау

С. Медициналық таңдау

Д. Әлеуметтік таңдау

Е. Аталғанның барлығы


13. Адам құлағының қабылдай алатын дыбыс диапазонының деңгейі...

А. 0-50 ДБ

В. 50-100ДБ

С. 0-100ДБ

Д. 0-130ДБ

Е. 0-150ДБ


14. Торлық келесі процесске қатысады...

А. Көру


В. Есту

С. Кеңістіктегі дененің орналасуын реттеу

Д. Бұлшықеттердің жиырылуы созылуы және босауы туралы мәлімет алу.

Е. Дәм сезу


15.«Екі бейне» әдістемесі ... зерттеуге арналған

А. Көзбен өлшеу

В. Зейін салу

С. Сенсомоторлық реакция

Д. Ойлау

Е. Жады
16. Адамның негізгі жүйке жүйесінің жоғарғы бөлігі:

А. Арқа миы

В. Мишық


С. Вегативті жүйке жүйесі

Д. Бас мидың үлкен шары

Е. Перифириялық жүйке жүйесі
17. Есте сақтау қабілеттің ең басты көрсеткіші болып:

А. Білімнің тереңділігі мен оны мамандырылған шаруаға қолдану

В. Жүргізушінің әр түрлі жаттығулары

С. Жағдайға байланысты керекті мәліметті еске алу

Д. Қиын жол жағдайында дұрыс қимылды таңдау

Е. Бір сәтте бірнеше сәттерді есте сақтау


18. Көрудің үшкірлігі деген не?

А. Көздің заттың формасын көруі

В. Көздің заттардың кішкентай бөліктерін көруі

С. Көзден әр түрлі қашықтықта орналасқан заттарды анық көру қабілеті

Д. Хрусталик арқылы өтетін сәулені өзгерту қабілеті

Е. Назар аударатын заттарға дейінгі қашықтықты анықтау қабілеті


19. Жадтың сапасы:

А. Психологиялық және физиологиялық адамның туу кезіндегі жағдайына байланысты

В. Гендер арқылы

С. Адамның өмір сүруінде өзгеріссіз қалады

Д. Еңбек ету мен жаттығу процессі кезінде анықталады

Е. Систематикалық жаттығу мен табиғи берумен анықтауы


20. Жадтың көлемі деген не?

А. Шығарылған материал мен алынған деңгейі арасында

В. Есте сақтау мен дайындылық, жылдамдық,дәлдік

С. Материал саны мен оны бір сәтте алу қабілеті

Д. Материалдың максималды уақыт аралығында шығарылуы

Е. Қозғалудың орындалуы мен сақталуы


21. Зейін орнықтылығы

А. Бір обьектіден екіншісіне көшу жылдамдығы

В. Бірнеше обьектіге зейін қою

С. Жатырқау

Д. Пассивтілік

Е. Ұзақ уақыт бойы сақталу


22. Ойлау жүзеге асады.

А. Жылдам қозғалыста

В. Жадты толтыруда

С. Жаттап алуда

Д. Қоршаған ортаны анализ бен синтиздеуде

Е. Кәсіпқой деңгейге жетуде


23.Автомобильмен жүргенде қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін...

А. Тек ұзақ мерзімді жад

В. Ұзақ мерзімді және оперативтік жад

С. Көзбен көрудің артықшылығы

Д. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жадтың керекті мағлұматты, әртүрлі ақпаратты дер кезде қамтамасыз ету.

Е. Бейнелік және мәндік жадтың ерекшелігі


24. Кәсіпқой автомобиль жүргізушілерді мына әдіспен анықтайды.

А. Білім алуға және әрі қарай кәсіпқой болуға жарамды адамды анықтайды

В. Жолдағы қиындықты ұзақ және табанды өтуден анықтау

С. Жүргізушінің жол жағдайының өзгеру туралы алдын ала жорамал жасау қабілеттілігі анықтайды

Д. Жолда жүру ережелері туралы білімі анықтайды

Е. Жүргізушінің жұмыс істеуін барлық анализаторлар арқылы анықтайды


25. Жүргізушінің шаршауы

А. Рационалған еңбек режимі

В. Жүргізушінің сенімділігі

С. Аман сау жағдайы, алкоголь ішуі

Д. Автомобиль жылдамдығын минимал асыру

Е. Жүргізушінің деңгей төменділігі


26.Әдістеме «Өзгерту» іздеуге арналған.

А) Көзбен өлшеу

В) Зейін тұрақтылығы

С) Сенсомоторлық реакция

Д) Ойлау

Е) Жады
27. Әдістеме «Екі бейне» санға арналған.

А) Қозғалыстың жылдамдығы

В) Уақыттың тұрақтылығы

С) Көру көрсеткішінің нашарлауы

Д) Назар аударылуы

Е) Құрылыстың пайдалануы
28. Адамның құлағы бір дыбысқа үйренуі (мың Гц секунд).

А) 5-тен 9-ға

В) 7-ден 11-ға

С) 10-нан 14-ға

Д) 17-ден 20-ға

Е) жоғары 20 Гц


29. Рефлекс.....аталады.

А) Организмде ыдырау реакциясы

В) Жүйке-жүйесінің реакциясы

С) Импульстің көрінуі

Д) Әрбір дыбыс әртүрлі болып естіледі

Е) Уақытты пайдалану


30. Кәсіптік жүргізушіні мына бағыттармен қарауға болады...

А) мазмұнына қарай қалады,білу,түсіну

В) сабыр,ойлану,ұсталыну

С) өзінің тұрақтылығына икемделу

Д) автокөліктің бір бағытқа көңіл аударуы.

Е) нақты және тез бағыт , жақсы еске сақтау қабілеті, нақты қозғалыстың тұрақтылығы және транспорттылығы.


31. Автомобильдің түнде жүрудегі негізгі қозғалу режимдері?

А) жылдам, қарсы қиылыс және қысылған

В) көру қабілеті, қозғалыс жылдамдылығын дұрыс талдау

С) бұлшықеттің күші және жиырылуы

Д) зейіннің шаршауы және тұрақсыздығы

Е) дұрыс жауап жоқ


32. Рецептордың функциясы?

А) барлық мүшелердің біртұтас болуы

В) қозудың анализі

С) жүйке импульстерінің бас қабықшасына берілуі

Д) қоздырғыш энергиясын жүйке процесіне айналдыру

Е) ішкі органдардың жұмыс реті


33. Ақпаратты қабылдау және өңдеу процесстерінің қайсысында жол қозғалысы бағаланады?

А) ақпаратты қабылдау

В) ақпаратты өңдеу

С) шешім жасау

Д) шешім қабылдау

Е) шешімді жүзеге асыруды бақылау


34. Автомобильді жүргізудің бастапқы оқытылуы өткізіледі...

А) электрондық-есептік машинада

В)автомобиль тренажеры

С) басты көшеде

Д) реттелінетін қиылыста

Е) қосалқы көшеде


35. Жүргізушілер базалық оқуды меңгеру және квалификациясын жоғарылатуды келесі жағдайда алынады...

А) жол қозғалыс ережесін өздігінен меңгерсе

В) автомобильдің құрылысымен танысу

С) автодромда жүруді үйрену

Д) автодромды құруды жобалау және құрастыру

Е) жергілікті жердің макетімен жұмыс істеу


36. Жүргізушінің сенімділігіне темекінің зияндылығы?

А) қозғалыс координациясын жақсартады

В) қателік санын төмендетеді

С) жұмыс қабілетін жоғарылатады

Д) ұйқы келуін төмендетеді

Е) көңіл бөлуіне назар аудармайды, жұмыс қабілеттілігін төмендетеді және қателік жасауы жиі


37. Жүргізушіге ішімдік қандай әсер етеді?

А) сенімділігін жақсартады

В) жұмыс қабілеттілігін төмендетеді, қабылдау процесін баяулатады, ойлау, назар аудару функциясы төмендетеді

С) бұлшық ет күші жоғарылайды

Д) көру қабілетінің нашарлауын жоғарылатады

Е) жұмыс қабілетін жоғарылатады


38. Жүргізушінің уақыт реакциясы неге тең?

А) мінезіне

В) қан тобына

С) темпераментіне

Д) сенсомоторлық реакциясының уақытын жоғарылатады,шалыққан кезде мазаландыруға

Е) жол жағдайларына


39. Көру аймағын не деп айтады?

А) кеңістік көлденең және тік жазықтықтағы айқындалған шектегі бір орнынан екінші орынға орналасуын көру

В) қозғалыс жағдайындағы көз қарашығының көру кеңістігі

С) көлденең жазықтықтағы бір шеткі орыннан басқа бір шеткі орынға орналасудағы көріну кеңістігі

Д) барлық жауап дұрыс

Е) дұрыс жауап жоқ


40. Жүргізушінің мамандандырылған жарамдылығын не анықтайды?

А) білім деңгейіндегі таңдау

В) техникалық сапасымен

С) өзіндік қасиетімен

Д) барлық үш жауап дұрыс

Е) дұрыс жауап жоқ


41. Жүргізушінің дайындылығын не анықтайды?

А) профессионалдық білім деңгейі

В) профессионалдық тәжірибе деңгейі

С) жоғары жұмыс қабілеті

Д) А және В жауаптары дұрыс

Е) жүргізушінің сенімділігі


42. Жүргізушінің шаршау себептерін атаңыз

А) ауырып қалу

В) шылым шегу және дәрі-дәрмек қабылдау

С) берілген жұмысты орындау керек деген жауапкершілік

Д) автокөлікті ұзақ уақыт бойы демалыссыз жүргізу

Е) барлық жауап дұрыс


43. Қараңғы тәулік уақытында жаяу жүргіншілердің жолды өтіп келе жатқандағы қауіпсіздігін жоғарылату шаралары

А) автокөліктің дұрыс жылдамдығын қадағалау

В) көшелердің жарықтануы

С) автокөліктің фарының дұрыс орнатылып, жақсы жарықтануын қадағалау

Д) ЖЖЕ-ні қатаң түрде қадағалау

Е) барлық жауап дұрыс


44. Жылдамдықтың жоғарылау кезіндегі ЖЖЕ-нің ескертулері:

А) нақты бақылау шаралары

В) жүргізушіге әсер ететін жолдарды өңдеу

С) жол шетіне жылдамдықты бақылайтын индукциялық датчиктерді орнату

Д) жылдамдық жол белгілері

Е) бағдаршамдар көрсеткіштері


45. Апта ішіндегі жұмыс қабілетінің дәрежесі?

А) Жұмыс қабілеті сенбі күні жоғары

В) Жұмыс қабілеті сәрсенбі күні жоғары

С) Жұмыс қабілеті дүйсенбі күні жоғары

Д) Жұмыс қабілеті сенбі күні төмен

Е) Сейсенбі күні еңбек қабілеті жоғары



46. Автомобиль жүргізудің ең қарапайым түрін көрсет:

А) алаңға алдымен кіру

В) көшеден алаңға артпен кіру

С) жол қозғалысы ережелерін орындау

Д) алаңнан артпен шығу

Е) барлық жауап дұрыс


47. Негізгі оқыту элементтерін ата:

А) шеңбер бойымен қозғалу

В) сегіздік бойымен қозғалу

С) зигзак бойымен қозғалу

Д) артқы жүріс қозғалысы

Е) барлық жауап дұрыс


48. Негізгі ақпаратты жүргізуші қайдан алады:

А) жолдан және қозғалыс ортасынан

В) автомобильдің өлшемдік бақылау құралдарынан

С) жолаушыдан

Д) жол белгілерінен

Е) барлық жауап дұрыс


49. Жүйке жүйесі бөлінеді:

А) орталық

В) торға

С) өсіндіге

Д) перифириялық

Е) А және Д жауаптары дұрыс


50.Автокөлік психологияның негізгі бағыттарын көрсету:

А) автомобиль конструкциясын оқыту

В) автомобильді жүргізуде психо-физиологиялық ерекшеліктерін оқыту

С) жүргізушінің сенімділігі

Д) жүргізушінің өзін-өзі ұстауы

Е) техникалық құралдарды дұрыс анықтау



Әдебиеттер тізімі

1.Тәжібаев Т. Жалпы психология, - М, 1999. – 165б.

2. Методические указания к лабораторным работам по курсу «Автотранспортная психология». Усть – Каменогорск.: АКТУ, 1999. – 175с.

3. Мишурин В.М, Романов А.Н., надежность водителя и безопасность движения. М.: Транспорт, 1990. – 170 с.

4. Мишурин В.М, Романов А.Н., Игнатов Н.А. Психофизиологеские основы труда водителей автомобилей. Учебные пособие / М.:МАДИ, 1982. – 89 с.

5.Құмаров Т.Қ. Автокөлік психологиясы. Оқу құралы. Павлодар.: «Кереку»; 2010. – 79б.

6. Романов А.Н. Автотранспортная психология. М.:Академия 2002-511б.

Пікірсарап
Құмаров Т.Қ
«Автокөлік психологиясы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

«Автокөлік психологиясы» пәні бойынша «5В090100 – Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығының оқу нысанындағы студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешені.

Пікірсарапталатын оқу-әдістемелік кешені базалық оқу бағдарламасына сәйкес құрастырылған дәріс кешені, пәнді оқыту бағдарламасы «Syllabus», тәжірибелік жұмыстары, өздік сабаққа дайындалу тапсырмалары, әртүрлі бақылауға арналған материалдар, бақылау шараларының күнтізбелік кестесі, т.б толық түрде ұсынылған.

Пәннің оқу-әдістемелік кешенін «Кереку» баспаханасына басып шығаруға ұсынамын.

Көліктік техника және Логистика

кафедрасының меңгерушісі



Т.Ғ.К., доцент К.Қ. Абишев
жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау