32
JavaScript - скрипттік объектке-негізделген бағдарламалау скрипттер
тілі, көбінесе веб саласында қолданылады. Бұл тілдің PHP тілінен
айырмашылығы - тіл серверде емес, клиенттің компьютерінде жұмыс істей
алады, көптеген амалдарды серверге сұраныс жібермей-ақ жасау керек
болған кезде пайдалануға тиімді болып табылады. Сонымен қатар, қазіргі
таңда кең етек алып жатқан Ajax технологиясы да Javascript тілінің көмегімен
жазылады. JavaScript тілінің құрылымын 3 бөліктен тұратын бірігулер
ретінде анықтауға болады: ECMAScript ядросы, Browser Object Model
браузердің объекттік моделі, Document Object Model құжаттың объекттік
моделі. JavaScript веб-қосымшалардың клиент жағында қолданылады: клиент
ретінде браузер болатын, ал сервер ретінде сервер мен клиент арасында
таратылған
логикасы
бар
веб-сервер
болатын
клиент-серверлік
бағдарламаларда қолданылады. Веб-қосымшаларда ақпарат алмасу желі
арқылы орындалады. Клиенттердің нақты операциялық жүйеге тәуелді
еместігі, соның салдарынан веб-қосымшалар кроссплатформалық болатыны
бұл тәсілдің артықшылығы болып саналады. JavaScript браузер
бетбелгілерінде орналасатын көлемі шағын бағдарламаларды құруда, сондай-
ақ қолданбалы бағдарламалық қамтама құруда қолданылады. Мұнда
Javascript спецификаторымен URL-адрес қолданылады.
Java-applet. Applet не JavaApplet – Java тіліндегі байт-код формасында
берілген қолданбалы бағдарлама. Java-апплеттер Java Virtual Machine (JVM)
көмегімен браузерде орындалады. Олар алғашқы рет 1995 жылы пайда
болды. Олар басқа тілде де жазылуы мүмкін, бұл жағдайда олар Java-ның
байт-кодтарына компиляцияланады. Апплет веб-қосымшаларға html тілінің
немесе басқа құралдардың көмегімен орындала алмайтын интерактивті
мүмкіндіктерді қосуда қолданылады. Java Applet–тер веб-парақтарды
безендіруде не веб-ойындарды құруда үлкен мүмкіндіктерді ұсынады.
Java Servlet. Оны кейде серверлік апплетпен салыстырады, бірақ ол
апплеттерден өзінің тілімен, функцияларымен және сипаттамаларымен
ажыратылады.
Active X объекттері. ActiveX – ActiveX бағдарламалық компонентіне
(басқарушы элементіне) басқа компоненттермен желі арқылы әрекеттесуге
мүмкіндік беретін сәулет. ActiveX басқарушы элементін құру үшін ActiveX
спецификациясына сәйкес Microsoft Visual C++ , Microsoft Visual Basic,
Visual С++ және Delphi тілдері қолданылуы мүмкін. ActiveX басқарушы
элементтері – бағдарламаның жеке бөліктері не дербес компоненттер. Олар
басқа
бағдарламаларда
да
қолданылуы
мүмкін.
ActiveX
OLE
технологиясының дамуы болып саналады. Компоненттерді көп рет қолдану
мүмкіншілігін қолдайтындықтан ActiveX клиент-серверлік бағдарламаларды
жазуға ыңғайлы. ActiveX Web-парақтарға анимация элементтерін енгізуге
жиі қолданылады. ActiveX басқарушы элементтері Web-түйін клиенттеріне
күрделі амалдарды орындауға, деректер қоры және қосымшалардан қажетті
ақпаратты алуға мүмкіндік береді. Платформа аралық қолдаудың жоқтығы
ActiveX басқарушы элементтерін қолдануда кедергі болып саналады. Бұл
элементтерді Internet Explorer браузері ғана қолдайды, басқа браузерлерде
33
қолдану үшін арнайы плагиндер қосылуы керек. Бұл кемшілік ActiveX
технологиясын Интернеттің түйіндерінде қолдануды шектейді.
Flash-компоненттер.
Macromedia
Flash
көмегімен
клиенттік
қосымшаларды бағдарламалау. Flash-технологияны қолданудың бір нұсқасы
– клиент жағында шағын қосымшаларды құру. Web-түйінді құру кезінде
белгілі бір технологияны таңдау мәселесі туады. Таңдау нәтижесі келесі екі
факторға тәуелді: қойылған мәселеге және құрастырушылардың қолындағы
бар құралдар жиынына. Flash шағын қосымшаларды құруға негізделген.
Қазіргі күштің талабына сай, интернет арқылы үлкен көлемді ақпаратпен
алмасуы, соның ішінде анимациялық (қозғалыстағы бейнелер қатары)
ақпаратпен жұмыс істеу үлкен көлемді жадыны қажет етуіне байланысты,
мәліметтердің көлемін қысқартуға мүмкіндік беретін Flash техналогиясын
пайдалану тиімді болып табылады. Flash технологиясының негізгі векторлық
графикалық форматынан Shockwave Flash (SWF) құрылды. Бірақ бұл ең
алғаш векторлық формат емес, SWF құрушылары ойдағыдай тапқан
графиканың бейнелеу мүмкіндігі арасындағы үйлесімді, онымен жұмыс
жасайтын инструментальді құралдар және қорытындысында Web –
парақтарының қосылуының механизмі. SWF қосымшасының артықшылығы
оның жеңіл тасымалдауында, яғни бұл формат әртүрлі аппараттық –
бағдарламалық платформада қолданылады (сонымен қатар, ОЖ – сі Mac OS
Macintosh компьютерлер және Windows ОЖ – мен жабдықталған IBM
компьютерлері). Тағы бір SWF – тың ерекшелігі: құрылған негізгі бейнелер
тек анимацияланып ғана қоймай, сонымен қатар олар қосымша
интербелсенді элементтер мен аудио құрылғылардың болуына мүмкіндік
туғызады. Интербелсенді мультимедиялық қосымшалардың тасымалдауы
мен құру мүмкіндігінің күрт өсуі танымал SWF форматының Web –
дизайнерлердің ортасында орындалады. Сондықтан бұл форматтың пайда
болуы Macromedia фирмасында Plug_In компонентінің қоса салынған 2
негізгі желі браузері үшін құрылған: Internet Explorer және Nestcape
Communicator. SWF форматының тарауына Бүкіләлемдік компьютерлік желі
көп әсерін тигізді. SWF форматының танымал болуының тағы бір себебі,
Macromedia фирмасы бұл форматтың жеңіл және оңай құрал – саймандармен
қолданылуы. Мультимедиялық презинтациялар құру үшін - Macromedia
Director Shockwave Studio, ал графикалық бейнелерді салу үшін - Macromedia
Freehand, Macromedia Fireworks,интербелсенді оқытушы курстарын құру
үшін - Macromedia Authorwave, Macromedia Course Builder. Сондықтан да
Web – публикациясының ішінде ең танымал, әрі жеңіл қолдануына ыңғайлы
болып келетін - Macromedia Flash болып табылады. Macromedia Flash Web –
парақтарын толық құруға және әрбір сайттың анимациясымен безендірілуіне
мүмкіндік береді. SWF форматының көмегімен, оны әдетте Flash деп атап
кетті.
Flash технологиясының құрамына мыналар кіреді:
1.
векторлық графика;
2.
анимацияларды қолдау;
3.
интерфейстің интерактивті элементтерін құру мүмкіндігі;
34
4.
әртүрлі графикалық форматтарды қолдау (сонымен қатар растрлы
графикалы);
5.
Flash фильмдерді HTML форматына қосу;
6.
Flash фильмдерін Web- браузерде көру мүмкіндігі;
7.
әртүрлі визуальді саймандардың болуы.
Достарыңызбен бөлісу: