12.Жұдырықшалы механизмдер
Жұдырықша механизмдер машина және аспап жасау өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Жұдырықша механизмдер машина мен аспаптың жұмыс атқаратын тетіктерінің белгілі бір заңмен қозғалуын немесе белгілі шамаға жылжып берілген уақытта тоқтап қайта қозғалуын қамтамасыз етеді. Олар іштен жанатын қозғалтқыштарда, машина автоматтарда, есептеуіш машиналарында уақыт релесінде және т.б қолданылады. Жұдырықша механизмі негізінен 3 звенодан құралады. 1 жетекші жұдырықша, 2- жұмыс атқаратын итергіш, 3- тірек.
Егер 2 звено ілгермешені қозғалатын болса, күйенте деп атайды. Жазықтық жұдырықша механизмнің еркіндік дәрежесі белгіл өрнектен табылады.
яғни механизмнің жалпы еркіндік дәрежесі бірге тең: Бұл механизмдердің жұдырықша звеносы ілгерлемелі немесе айналмашы қозғалыста болады. Жұдырықша осі итергіш осімен сәйкес бір түзу бойында жатпаса центрден тыс, ал егер екеуі бір түзу бойында жатса центрлік деп атайды.Кейбір аспаптар мен есептеуіш машиналарында 4 звенолы екі еркіндік дәрежелі жұдырықша механизмдері пайдаланылады, ол конойдтар деп аталады. Конойдтар (ке43ст3к жұдырықшалар) бет пішініне қарай итергіш ілгерлемелі, және айналу қозғалысын бірдей жасауға мүмкіндік алады. Механизмнің жұмысшы звеносының қозғалысы жұдырықшаның бет пішініне, бұлацша айтқанда ең үлкен (R max) және ең кіші (R min) радиусі мен жұмыс бұрыштарына байланысты болады.
Жұдырықшаның жұмыс бетін салу:
Кіші радиус бойынша шеңбер сызамыз.Содан кейін көлбеу бір сызық түсіріп центрмен қосамыз. Сызықтың шеңбермен қиылысқанжерін А0 деп белгілеп шеңбердің сыртына қарай А1, А2, А3......нүктелерін өзгертпей саламызда көтерілу бұрышын көрсетеміз, осы бұрышты қақ 10-ға бөлемізде, оларды О нүктесімен қосамыз. Енді А0 А1 нүктесін өлшеп, А1 нүктесінен жоғары қарай саламыз. Ол нүктені бөлгеннен кейін ОО1 түзуі пайда болады. Сөйтіп әр он нүктені осы жағдай мен тұрғызамыз. Тұрғызылған нүктелерді ақырындап бір бірімен қоса бастаймыз. Осы табылған нүктелерден және қисық сызықтан роликтің радиусын саламыз. Әрнүктеге роликті салып болғаннан кейін жұдырықшаның жұмыс беті шығады.Осылай енді жұдырықшаның түсу бұрышын анықтаймыз.
Жұдырықшаның толық жұмыс беті табылғаннан кейін роликтің басталған жерін және аяқталған жерін қосып, радиус арқылы қоссақ жұдырықшаның толық өз суреті шығады. Ескере кететін түсу бұрышы кезінде нүктелерді кемімелі бағытта аламыз.
Машиналар және механизмдер пәні бойынша сұрақтар.
1.Жазық итергішті жұдырықшалы механизмдердің динамикалық синтезі
2.Жұдырықшалы механизмдерді синтездау ерекшеліктері.
3.Жұдырқшалы механизмдердің түрлері және ерекшеліктері.
4.Итергіштің қозғалыс заңы және оны таңдау.
Тәжірбелік және зертханалық сабақтар.
Тәжірбелік және зертханалық сабақтар – студенттердің дербестігін және дағдылар мен іскерлікке ие болуын дамытуға бағытталған, оқу сабақтарының бір формасы.
Тәжірбелік және зертханалық сабақтар, пәннің қиын сұрақтарын терең оқып үйренуге жағдай жасауы және студенттердің өздік жұмыстарына қортынды жасаудың негізгі формасы ретінде қызмет етуі керек. Осы сабақтарда студентер мәлелелерді сауатты баядауға оқып үйренеді және кәсіптік жете білуін дамытуға жағдай жасайтын жағдайларды қарастырады, өз ойларын мен пікірлерін еркін айтады. Осының бәрі қазіргі маманға қажетті, дағдылар мен іскерлікке ие болуына көмектеседі.
9. Тәжірбелік сабақтар.
№1. Жазық механизмдердің классын анықтау. Механизмдердің
құрлымдық формуласы.
Есепті шығаруға арналған әдістемелік нұсқау.
Жазық механизмдердің классын анықтау есебі келесідей тәртіп бойынша жүзеге асырлады:
а) Механизм сұлбасы сызылады және Чебышев формуласы бойынша механи змның қозғалыс дәрежесі анықталад
в) І класстан және тіректен тұратын жетекші звено таңдалып алынады.
г) Механизм звеноларын Асур топтарына жіктейміз.
д) Механизмның құрлымдық формуласы анықталып және оның классы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |