Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi



жүктеу 18,82 Mb.
бет1/234
Дата01.12.2017
өлшемі18,82 Mb.
#2477
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   234

ОӘК042-14-1-02.1.20.12/03-2009

Баспа №2

бет -



Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi


Шәкәрiм атындағы Семей Мемлекеттiк университетi


3 деңгейдегі құжат

ОӘК

ОӘК042-14-1-02.1.20.12/03-2013

«Машина және механизмдер теориясы » пәнінің кешені. Оқу-әдістемелік материалдары.



№2 Баспасы




Оқу-әдістемелік кешені

«Машина және механизмдер теориясы»
5В071200 -«Машинажасау» мамандығы үшiн
Оқу-әдістемелік материалдары

Семей 2013



МАЗМҰНЫ
1.Глоссарий ...............................................................3

2. Дәрістер..................................................................4

3. Тәжірбелік және зертханалық жұмыстар...........53

4.Зертханалық жұмыстар.........................................58

4.Курыстық жұмыстар.............................................61

5. Студенттердің өзіндік жұмыстары.....................81



1. Глоссарий.

Иінді механизмдер -звенолары тек айналмалы, ілгерлемелі, цилиндр және сфералық жұптардан тұратын механизмдер.

Стационар жүйе- барлық параметрлері уақытқа байланысты өзгермейтін жүйе.

Стационар емес жүйе - параметрлері уақытқа байланысты өзгеретін жүйе.

Топсалы механизмдер- звенолары тек айналмалы жұп құрайтын механизмддер.

Механизмның құрлымдық сұлбасы- механизмның тірегін, қозғалмалы звеноларын, кинематикалық жұптарды және олардың қалай орналасуын көрсетеді.

Құрлымдық синтез- механизмнің құрлымдық сұлбасын жобалау.

Кинематикалық синтез – механизмның сұлбасын жобалау.

Механизм звеносы – механизмның құрамына кіретін қатты дене.Звено бірнеше құралған бөлшектерден тұруы мүнкін.

Кинематикалық жұп – өзара салыстырмалы қозғалыста болатын екі звеноның қосылысы.

Кинематикалық тізбек - өзара кинематикалық жұп арқылы байланысқан звенолар жүйесі.

Механизмның қалыптасқан қозғалысы – механизмның қозғалысы және оның кинетикалық энергиясы уақытқа байланысты периодты функция болып табылады.

Механизмдердің динамикалық талдауы – берілген күш әсерінен болатын механизм звеносының қозғалысын анықтау.

Механизмдердің динамикалық синтезі - динамикалық қассиетерін ескере отырып механизмның кинематикалық сұлбасын жобалау.

Кинетика –күш әсер еткендегі механикалық жүйенің тепе-теңдігін және қозғалысын қарастыратын механика бөлімі.

.

Кинетостатика – күш әсер еткендегі механикалық жүйенің тепе-теңдігін және қозғалысын қарастырғанда Даламбер қағидасын қолданатын механика бөлімі.



Механизмдер жүйесінің циклограммасы – механизмдердің атқарушы звеноларының уақытқа тәуелді орын ауыстыруының келісу сұлбасы.

Механизмдер жүйесінің тактограммасы– механизмдердің атқарушы звеноларының орына тәуелді орын ауыстыруының келісу сұлбасы.

Кері айналдыру әдісі –механизмнің қозғалатын звеносы шартты түрде қозғалмайтын звено ретіде қарастырлып механизмның қалған барлық звенолары осы звеноға байланысты салыстырмалы қозғалыста болады және мұнда тіректе қозғалатын звено ретінде қарастырла отырып механизмды жобалау және зерттеу әдісі.

Келтірілген күш моменті– кез келген уақытта элемантар жұмысы механизмның жалпылама координатасына сәйкес келетін және келтірілген звеноға түсірлген қос күш моменті.

Келтірілген момент инерциясы – кинетикалық энергиясы кезкелген уақытта механизм барлық звеноларының кинетикалық энергияларының қосындысына тең келтірлген звеноның инерция моменті.

Механизмның келтірілген массасы- массасы шартты түрде механизмның нүктелерінің біріне түсірлген және кинетикалық энергиясы кезкелген уақытта механизм барлық звеноларының кинетикалық энергияларының қосындысына тең келтірлген звеноның массасы.

Қуат-белгілі уақытта істелетін жұмыс шамасы.

Теңгіргіш күш- шамасы келтірлген күшке тең, бірақ оған қарама-қарсы бағытта әсер ететін күш.

2. Дәрістер
Дәрістер – бұл оқулық сабақтарының түрі, оның мақсаты тәртібі ойша сақталып пәннің түсіндірілетін теориялық сұрақтарын қарастырудан тұрады.
1. Негізгі түсініктер. Жазық иінді механизмдер түрі.

Қарапайм төртзвенолы жазық механизм бір қозғалмайтын звенодан және үш қозғалатын звенолардан тұрады. Қозғалмайтын звеноны тірек деп атайды. Қарапайым жазық механизмдердің келесідей түрлері қарастырлады::

Егер механизмнің барлық жұптары айналмалы жұптан құралса, онда механизмы топсалы төртзвенолы механизм деп аталады. Қозғалмайтын өс бойымен толық айналмалы қозғалыс жасайтын звеноны кривошип деп,ал қозғалмайтын өс бойымен жартылай айналмалы (тербелмелі) қозғалыс жасайтын звеноны күйенте (коромысло)деп атайды. Жазық параллель қозғалыс жасайтын звено шатун деп аталады.

Егер звеноның тірекпен ілгерлемелі жұп арқылы қосақ, онда ол тиек деп аталады, ал механизм толықтай кривошип-тиекті механизм деп аталады.Тиек ілгермелі түзу сызықты қозғалыс жасайды. Егер ілгерлемелі жұп 2-ші және 3-ші звенолардың арасында жатса, немесе 2-ші звено жылжымалы бағыттаушы бойымен қозғалса онда механизм кулисалы механизм деп аталады. Жылжымалы бағыттаушы бойымен қозғалатын звеноны кулиса тасы деп атайды.



2. Механизмдердің құрлымдық талдауы және синтезі.

Механизмердің құрылымдық талдауы келесі ретпен жүргізіледі:



  1. Механизм қозғалыс дәрежесін анықтау (еркіндік дәрежелер санын)

  2. Құрылымдық топтарға бөлу (Ассур топтарына)

  3. І классты механизмдерді бөліп алу

Әрбір еркін дененің (звено) жазық параллель қозғалыстағы еркіндік дәрежесі үшке тең болады. Сондықтан звенолардың кинематикалық жұптар құрағанға дейінгі әрқайсысы еркіндік дәреже саны 3k тең. Звенолар өзара кинаметикалық жұп құрағаннан кейін оларда белгілі бір еркіндік дәрежелер саны қалады. 1-ші классты жұптан екі еркіндік саны алынады, біреуі қалады. 2-ші классты жұптан бір еркіндік саны алынады, екеуі қалады.

Онда жазықтықтағы кинаматикалық тізбектің жалпы еркіндік дәрежелер саны:



Егер кинематикалық тізбектің бір звеносын қозғалмайтын қылып жасаса, онда қозғалмайтын звеноға (тірек) байланысты еркіндік дәрежелер саны тағы да үшке кемиді



немесе

егер белгілеу еңгізсек k–1=n, онда механизмнің еркіндік дәрежелер саны келесі формулалармен анықталады:


жүктеу 18,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   234




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау