Жылдамдық белгілі периодпен немесе әр түрлі өзгеруі мүмкін. Бірінші жағдайда жылдамдык, шамасы жетекші звеноның бұрыштық жылдамдығына байланысты белгілі заңмен немесе соған еселік қатынаста өзгеретін болса, ал екінші жағдайда машинаға түскен сыртқы кедергі күштерінің өзгеруіне байланысты жылдамдық шамасы қандай болса солай өзгереді.
Егер жылдамдық белгілі периодпен өзгеретін болса, онда жылдамдықты қалыпты режимге немесе жылдамдықтын, өзгеру коэффициентін () азайту үшін машинаның айналу жылдамдығы жоғары звеносына инерциялық диск немесе инерция моменті жоғары дөңгелек қойылады, ол маховик деп аталады. Ал жылдамдық әр түрлі өзгерген жағдайда арнаулы жылдамдық реттегіштер қолданылады.
7.2. Машина қозғалысын маховикпен реттеу.
Маховик жетекші білікке орналастырылады, оның инерция моменті жоғары болу үшін дөңгелек шығырын (обод — шеткі беті) қалың етіп жасайды.
Жетекші біліктің жылдамдығы өзгерсе, маховикте инерция моменті пайда болады және оның неғұрлым инерция моменті көп болса, соғұрлым инерция моменті де жоғары болады да білік жылдамдығының өзгеруіне кедергі жасайды. Білік жылдамдығының өсуіне байланысты маховиктің кинетикалық энергиясы арта түседі де қозғаушы күшінің, жұмысы кедергі күшінің жұмысынан асып түсіп (Ақоз >Акед ), біліктің, бұрыштық жылдамдығын кемітеді. Бұл жағдайда маховиктің кинетикалық энергиясы біліктің бұрыштық жылдамдығының тербелу амплитудасының шамасын азайтады.
Қозғалтқыш (двигатель) жасау өндірісінде маховик кеңінен пайдаланылады. Мұнда маховиктің жылдамдығын тез арада белгілі шамаға арттырып өзі сөніп қалады да, одан әрі жұмыс осы маховиктің кинетикалық энерғиясының есебінең жүзеге асады (гировозы).
Маховиктердің инерция моменті олардың негізгі көрсеткіші болып саналады және ол төмендегіше анықталады. Берілген механизмнің немесе машинаның инерция моментін жетекші білікке келтіріп, кедергі күш моменттерімен салыстыру қажет.
Жетекші біліктің бұрыштық жылдамдығы өзгерсе, онда келтірілген біліктегі кинетикалық энергияның өзгеру шамасын бұлайша анықтауға болады:
(7.3)
мнда —- бұрыштық жылдамдық wmin -нен wmax -гe дейін өзгерген кездегі келтірілген қозғалыс күш моментінің атқаратын артық жұмысының ең жоғарғы шамасы. Енді осы (7.3) өрнегін төменгіше түрлендіріп жазуға болады
Достарыңызбен бөлісу: |