188
сəйкес келетін техникалық элементтерді шамадан тыс көп
қолданудан аулақ болу керек.
Шаңғы
дайындығы
бойынша
сабақтарда
айналма
жаттығуларын пайдалану. Айналма жаттығу əдісін пайдалана
отырып, шаңғы бойынша сабақтарды қызықты да түрлендіріп
құрастыруға болады.
Қар əлі түспеген уақытта осындай осындай сабақтарды
спорт залдарда, сондай-ақ спорт алаңдарында да ұйымдастыруға
болады. Ең маңыздысы, кешенге қол, аяқ, дене бітімі, арқаны
қосымша тартылулар мен түрлі снарядтар пайдаланып,
жылдамдықты дамыту үшін қысқа аралықтарға жүгіруге,
секіруге байланысты жаттығулар, жалпы төзімділікке – жүкті
тасу, көтеру, жеке күрес, қиын қозғалыстар, ауыспалы
жылдамдықтағы аяқ ұшымен жүгіру, қоспалы, араластырып
түрлі кедергідегі қозғалыстарға ауысу, баспалдақпен жүгіру т.б.
жаттығулар кіргізу керек.
Шаңғы сабақтарында айналма жаттығуларын ІІ жəне ІІІ оқу
жылына
өткен
материалдарды
жетілдіру
жəне
бекіту
сабақтарына енгізуге болады. Мұндай сабақтарды өткізу үшін
айналма жаттығуларының формасы мен əдістерімен алдын-ала
таныстыру негізгі шарт болып табылады. Барлық ұйымдастыру
мəселелерін шаңғы базасында алдын-ала түсіндіру кезінде
шешуге болады.
1-ші сабақта станциялардағы жаттығуларды орындау мен
таныстыру ұсынылады. Келесі жаттығулар станцияларда
ауырлық жүгін қосып отыру тапсырмаларымен орындалады.
Келесі циклға өтуді оқытушы алдына қойылған міндеттің қалай
орындалғанына қарай өзгертуіне болады. Шаңғымен өткізілетін
сабақ жергілікті жердің рельефін білуді, жоғарғы ұйымшылдық
пен жақсы дайындықты талап етеді.
Сондықтан рельеф пен сабақтың нақты міндеттерін ескере
отырып, станцияларды білікті орналастырудың маңызы зор.
Сабақты кезектілік, жүйелік, көрнектілік жəне белсенділік
сияқты негізгі дидактикалық принциптерге сəйкес құру қажет.
Шаңғы
оқуында
айналма
жаттығуларының
типтері
бойынша сабақты құру жəне ұымдастыру əдісі төмендегідей
мəселелерді қарастырады:
- шаңғы сабағы үшін орынның болуы;
189
- сабақты өткізу үшін жердің рельефін зерттеу жəне
станцияларды іріктеу;
- 30х50 см көлеміндегі ылғалға неғұрлым төзімді плакат-
станциялар дайындау жəне оларды бекітетін биіктігі 1 м
шамасындағы таяқшалар дайындау;
Шаңғы оқуына шығар алдында алдын-ала станцияларды
белгілеп, зерттеу қажет;
Спорт алаңдары мен спорт залдарында өтетін сабақтарда
гимнастика, жеңіл атлетика жəне спорт ойындары бойынша
айналма жаттығуларын өткізуді ұйымдастыру мен оқушыларды
алдын-ала таныстыру;
Станциялық
плакаттар
мен
шектеулі
жалаушаларды
орналастыру (ол үшін түрлі жолдармен қиындыларын бірінші
рет оқушылардың өздерімен бірге жасау керек. Əуелі алдын-ала
оқытушының өзі не болмаса үздік оқушы жасап көрсету керек).
Егер қалың қар түссе станциялардың өзінде немесе бір
станциядай жиегіне дейін шаңғымен жол салып бастыру қажет.
Ол үшін қатарды бұзбай, бір ізбен барлық станциялардан өтіп
шығу керек.
Станциялардың саны:
А) Сабақта өтілетін міндеттерді шешуден;
Б) айналма сабақтарына жоспарланған уақытта;
В) жасы мен жынысына қарай дайындық дəрежесіне;
Г) əрбір станциядағы оқушылардың санына байланысты
(тəжірибелік жұмыстардың нəтижесі көрсеткендей, станция
саны нақты жағдайларға байланысты 8-15-тың шамасында
болуы мүмкін).
Айналма жаттығу əдісінің варианттары мен тəсілдері еркін
іріктеледі. Үзіліссіз жаттығуларды ұсынуға болады. Əсер ету
көлемі мұндай жағдайда 1-ден 3 айналып өтуге, ал əсер ету
ұзақтығы 30-дан 60 минөтты құрайды.
2. Семинарлық сабақтар
2.1. Қазіргі кезеңде «айналма жаттығу əдісінің»
ерекшеліктері жəне оны студенттердің кəсіптік-қолданбалы
дене дайындығында қолдануы.
190
Мақсаты – қазіргі кезеңде «айналма жаттығу əдісінің»
ерекшеліктерін жəне оны студенттердің кəсіптік-қолданбалы
дене дайындығында қолдануды анықтау.
Жоспар: 1. «Айналма жаттығу əдісінің» ерекшеліктері.
2. Айналма жаттығуды ұйымдастыру.
3. Айналма жаттығуды өткізудің əдістемесі.
4.«Айналма жаттығу əдісінің» студенттердің кəсіптік-
қолданбалы дене дайындығында қолдануы.
Əдістемелік нұсқаулар
1. «Айналма жаттығу əдісінің» ерекшеліктерін анықтаңыз.
2. «Айналма жаттығу əдісінің» студенттердің кəсіптік-
қолданбалы дене дайындығында қолданудың ерекшеліктерін
анықтаңыз.
3.ОСӨЖ
3.1 Тақырып: Айналма жаттығуды ұйымдастыру мен
өткізудің əдістемелік ерекшеліктері.
Мақсаты – Айналма жаттығуды ұйымдастыру мен
өткізудің əдістемелік ерекшеліктерін анықтау.
Жоспар:
1.
Айналма
жаттығуды
ұйымдастыру
ерекшеліктері.
2. Айналма жаттығуды өткізудің əдістемелік ерекшеліктері.
Əдістемелік нұсқаулар
1. Айналма жаттығуды ұйымдастыру ерекшеліктерін
дəптерге жазыңыз.
2. Айналма жаттығуды өткізудің əдістемелік ерекшеліктерін
дəлелдеңіз.
ОСӨЖ
3.2 Тақырып: Жоғары оқу орнында студенттердің
кəсіптік-қолданбалы дене дайындығында айналма жаттығу
əдісін қолдану ерекшеліктері.
Достарыңызбен бөлісу: |