Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым Министрлігі Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет47/70
Дата29.01.2020
өлшемі1,14 Mb.
#27704
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70

 
155 
математикалық  байланыстылық  пен  бейнелеулер  түрінде 
білдіріледі.  Базалық  модель  синхронды  жəне  диахронды  түрде 
жасалып, 
ақпараттық 
сипатқа 
ие 
болады. 
Келешектік 
(жобаланған)  модель  болашақ  маман  жұмыс  істеуі  тиіс  адам 
қызметінің сол бір саласында болжау негізінде жасалады[7]. 
Жобалау  барысында  үш  кезеңді  атап  көрсетуге  болады. 
Бастапқы  кезең  жұмыс  істеуі  тиіс  қызмет  саласында  мұқият 
үйрену болып табылады, жекелей алғанда мамандық құрылымы 
( мамандық шеңберіндегі жекелеген нақты маманданулар), оның 
сипаты функционалдық міндеттері, сыртқы факторлардың əсері, 
басқа  мамандықтармен  салыстырғанда  əлеуметтік  тұрғыдан 
беделділігі. Осылардың барлығын қорыта келе біз мамандықтың 
қалыптасқан элементарлық моделіне ие боламыз. Модельдеудің 
екінші  кезеңінде  бұл  проекция  маманның  жоғары  деңгейде 
қызмет  етуіне  қажетті  сапаларды  анықтауға  мүмкіндік  береді. 
Бұл сапалар ақыл-парасат, ерік, адамгершілік, дене тұлғасының, 
психикалық  сапалары  мен  мінез  қырларынан  жəне  т.б  тұруы 
мүмкін (маманның өзінің элементарлық моделі). Соңында, яғни 
қорытындылау  кезеңінде  болашақ  мамандықтардың  пайдасы 
үшін осы сапаларды қарастыратын əдістер мен тəсілдер жүйесін 
жасау  қажет  (дайындық  жүйесі,  оның  элементарлық  моделі). 
Модельдеу  барысында  жүйелі  талдау,  жалпылау,  байқау, 
сауалнама  жүргізу,  тестер,  суреттеу,  рейтинг,  өлшеу  жəне  т.б. 
[8,19].  
В.Н.  Селуянов  [10]  дене  тəрбиесінің  теориясы  мен 
əдістемесі  -  эмпирикалық  ғылым  деп  санағандықтан,  ол  өзінің 
жұмысын  спорттың  жасанды  ортасын  объективті  шынайылық 
ретінде 
құру 
кезінде 
өзінің 
дамуын 
тоқтатқандығын 
монографиялар  мен  оқулықтарда  көрсете  білген.  Сондықтан 
дене  шынықтыру  саласында  жаңа  ғылыми  жəне  əдістемелік 
бағыттар жасау қажет.  
Ол  жаңа  ғылыми-əдістемелік  бағыт  –  спортологияны 
дамыту қажеттілігін ұсынады. 
Спортология  –  дене  тəрбиесі  мен  спорттың  инновациялық 
технологиясын жасау туралы ғылым.  
В.Н.  Селуянов  спортология  шеңберінде  ғылыми  жəне 
əдістемелік тұстарды дамыту жақтарын ұсынады. 


 
156 
Ғылыми  спортология  зерттеу  объектісі  ретінде  адамды 
(спортшыны) қарастырады жəне дене тəрбиесінің инновациялық 
технологиясын 
іске 
асыру 
нəтижесінде 
түрлі 
ткандер 
клеткасындағы өзгерістердің жүйелік дəрежесінде зерттейді. 
Əдістемелік  спортология  өз  алдына  дене  тəрбиесі  мен 
спорттың  жасанды  нысандарын,  əдістері  мен  тəсілдерін, 
технологияларын  жасау  мен  зерттеу  (мысалы,  тренажерларды) 
мақсаттарын қояды. 
Жаңа  педагогикалық  əдістерді  жасауға  арналған  тетік 
ретінде 
ағзаның 
ақыл-парасатты 
немесе 
компьютерлік 
модельдерін пайдалану арқылы имитациялық модельдеу қызмет 
етеді.  Имитациялық  модельдеу  көмегімен  алға  қойылған 
мақсаттардың 
шешімін 
табатын 
дене 
жаттығуларын 
орындаудың  анағұрлым  тиімді  нұсқалары  айқындалады[  10, 
б.11]. 
Маманның  базалық,  кəсіби  моделі  негізінде  маман 
формуласы  жасалуы  тиіс  болатын,  ол  дене  дайындығының 
əдістерін,  тəсілдерін,  түрлерін,  бағыттылығын,  индикаторлық 
белгілерін жəне тұлғаны бағалау əдістерін, дене, психологиялық 
жəне  психофизиологиялық  сапаларын,  кəсіби  сенімділігі 
параметрлерін,  динамикалық  денсаулығы  мен  кəсіби  ұзақ  өмір 
сүруін болжауды алдын-ала анықтаған болар еді[11]. 
Н.А. Рыбачук педагогикалық жоғары оқу орындарында дене 
шынықтыру  бойынша  қазіргі  мұғалімдердің  сабаққа  дайындық 
моделін  жасауға  тырысып  көрді.  Оның  зерттеу  идеясы 
педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  дене 
шынықтыру  бейініне  жатпайтын  білімдерді,  біліктіліктерді, 
денсаулық  педагогикасының  дағдылары  мен  оларды  оқытудың 
глобальдік  процесіне  енгізуді  меңгеру  мүмкіндігін  дəлелдеуден 
тұрады.  Бұл  дегеніміз  түрлі  типтегі  білім  мекемелерінің 
педагогикалық 
кеңістігіне 
қатысушылардың 
барлығының 
денсаулығын 
сақтау  мен 
нығайтуды  қамтамасыз 
етуге 
мүмкіндік береді [12, б.5 ]. 
С.Ю. Тюленьков, С.Н. Зуев, Л.М. Крыловтардың пікірінше, 
дене  шынықтырудың  жоғары  оқу  орнының  оқу  пəні  ретіндегі 
даму  болашағы  кафедралардың  халық  шаруашылығы  саласына 
бітірушілердің психофизикалық дайындық моделін жасау жолы 
арқылы  мамандар  сапасын  арттыру  жəне  оны  одан  ары 


 
157 
жетілдіруге 
бағытталуы 
болып 
табылады. 
«Кəсіби 
психофизикалық  дайындық»  ұғымы  өз  құрамында  келесі 
мəселелерді  қарастырады:  жеткілікті  кəсіби  жұмыс  қабілетін; 
жедел  өзгеріп  отыратын  өндірістік  жəне  сыртқы  орта 
жағдайларына өз уақытында бейімделу үшін ағзаның дене жəне 
функционалдық 
қызметтерінің 
қор 
мүмкіндіктеріне 
қажеттілігінің  болуы;  адамның  дене,  психикалық  жəне  рухани 
мүмкіндіктеріне негізделген мақсатқа жету үшін берілген уақыт 
шегінде  жəне  мотивациясының  болуын  толық  қалпына 
келтіретін қабілетінің болуы. 
Қазіргі  кəсіби  қызмет  адамнан  терең  теориялық  білімдерді 
ғана  талап  етіп  қоймай,  оған  қажетті  арнайы  психофизикалық 
дайындықты  да  қажет  етіп  отыр.  Сондықтан,  жоғары  білікті 
мамандарды  дайындауға  бағытталған  жоғары  оқу  орнын 
бітірушінің психофизикалық үлгісін іс жүзінде жасау жəне оны 
іске  асыру,  еңбектің  жаңа  жағдайларына  жедел  бейімделу, 
жоғары  кəсібилікті,  бəсекеге  қабілеттілікті  меңгеру  –  дене 
тəрбиесі  кафедрасы  қызметінің  соңғы  нəтижесіне  байланысты 
шешімін табуы тиіс мəселелердің бірі болып табылады[13]. 
Халық шаруашылығының түрлі салаларындағы мамандарды 
жоо-ларда тиімді түрде тəрбиелеу үшін талапкерлерді өзін ақтай 
білген  психофизикалық  іріктеу  негізінде  кəсіби  маңызды 
сапаларды  (КМС)  талап  ететін  базалық  тізбелер  негізі 
ұсынылды.  
КСМ  парадигмасы  -  халық  шаруашылығын  жоғары  білікті 
мамандармен 
қамтамасыз 
ету, 
кəсібилендіру 
процесінің 
құрылымдық  қызметі  мен  бағыттылығы,  мазмұндылығы 
арасындағы жоғары сəйкестікке қол жеткізу болып табылады. 
ЖОО  бітірушілерін  кəсібилендіру  процесін  басқаруды 
ұйымдастырудың 
концептуалдық 
тұжырымдамаларын 
қалыптастыру  міндеті  саланың  қазіргі  күйінен  шыққан 
талаптардан  ғана  тұрмайды,  сонымен  қатар  оның  даму 
болашағы 
маманның 
жеке 
дара 
сапаларының 
барлық 
жиынтығын  іске  асыру  барысында  ғана  шеше  алуы  мүмкін. 
Бұның  өзі  қызметтің  белгілі  бір  модельдері  бойынша  кəсіби 
дайындық пен мамандану ізбе-ізділігінің базасы ретінде қызмет 
атқарады. 
Осындай 
модельдер 
мамандықтың 
барлық 


жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау