Қазақстан Республикасының Білім жəне Ғылым Министрлігі Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты



жүктеу 1,14 Mb.
Pdf просмотр
бет37/70
Дата29.01.2020
өлшемі1,14 Mb.
#27704
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70

 
123 
1. «Кəсіптік-педагогикалық дене дайындығы», «кəсіптік-
қолданбалы дене дайындығы», «кəсіптік-қолданбалы дене 
дайындылығы» жəне «қəсіптік-қолданбалы дене 
шынықтыру»деген ұғымдар. Олардың қазіргі тандағы 
өзектілігі 
 
Арнайы  оқу  орнындарындағы  дене  тəрбиесінің  кəсіптік 
бағыты  олардың  болашақтағы  мамандығына  қойылатын  нақты 
талаптар  бойынша  анықталуы  тиіс.  Студенттерді  кəсіптік-
қолданбалы  дене  дайындығына  үйрету  өздерінің  кəсіптік 
сапаларын  өзіндік  бағалау  барысында  көмегін  тигізеді.  Өзіндік 
тұрғыдан  берілген  бағаның  дəлдігі  мен  лайықтылығы  болашақ 
мамандықтың  сипаты  туралы  өзінің  анағұрлым  маңызды  деген 
көзқарасы  арқылы  анықталады.  Жоғары  оқу  орнында  оқу 
барысында  кəсіптік  бағыттылық  қызметі  өзінің  мазмұны  мен 
шарттарын  іске  асыру  жағынан  болашақ  маманның  атқаратын 
қызметіне  жақын  түрде  тəрбиеленеді.  Педагогикалық  процесс 
күрделі  де  көп  факторлы  құбылыс  ретінде  болғандықтан, 
жүйелілік  теориясына  сүйене  отырып,  тек  қана  қызметтің 
психологиялық теориясына жатқызылуы мүмкін. Оның дамуына 
едəуір  үлес  қосқан  А.Н.  Леонтьев  жеке  тұлғаның  қалай 
қалыптасатыны биологиялық тіршілік иелері мен жануарлардың 
инстинктілі  өмір  деңгейінен  дамудың  жоғары  дəрежесіне 
жеткен  адамға  ғана  қатысты  өз  мінез-құлқын  саналы  түрде 
басқаруға  ауысады  деген  маңызды  теориялық  тұжырымға 
келеді.  Осы  тұжырымдаманың  бастапқы  кезеңіндегі  негізгі  ой 
белгілі  бір  қызметке  жұмылдырылған  жеке  тұлға  деп  лайықты 
мотивациясы  бар  адамды  ғана  айта  аламыз.  Қызмет  теориясы 
туралы  маңыздылығы  жағынан  одан  кем  түспейтін  басқа 
тұжырымдама  осы  қызметке  мотивациясы  бар  тұлғадан  ғана 
толықтай 
осы 
іске 
өзіндік 
берлуімен, 
шығармашылық 
белсенділігімен  қоса  өмірлік  тəжірибе  арқылы  жинақталған 
тəжірибесі,  білімі,  біліктілігі  мен  дағдыларын  жинақтаған 
табиғат берген қабілеттерді өзіндік іске асыруымен байланысты. 
Жəне  осы  теорияның  шарықтау  шегі  бойынша  жеке  тұлғаның 
нақты  бір  қызметке  жұмылдырылуы  арқылы  ғана  оның  санасы 
қалыптасып,  тұлға  ретінде  дами  бастайды,  сонымен  қатар 
болашақ мамандығын меңгереді [10, 42 б.]. 


 
124 
Осылайша, қызмет теориясы тұрғысынан ЖОО жағдайында 
мамандар  дайындау  процесіне  деген  көзқарас  бойынша  оқыту 
тиімділігі оны ұйымдастыру мазмұны мен əдістеріне ғана емес, 
көп  жағдайда  оқу  барысында  студенттің  болашақ  меңгеретін 
мамандығына 
лайықты 
мотивациялауды 
қалыптастыруға 
байланысты болып келеді. Бұл жерде сөз педагогикалық еңбекті 
(оның  міндеттерін,  стилін,  тəсілдерін,  əдістерін,  мотивтерін 
жəне  т.  б.)  модельдеуде,  студенттің  алған  білімдері  мен 
тəжірибесі  негізінде  оқу-тəрбие  функциясын  тиімді  орындауға 
жаттығатын  жағдайлар  жасау  туралы  болып  отыр.  Дене 
тəрбиесіндегі  қолданбалы  бағыт  маңызды  қоғамдық  қажеттілік 
бола  отырып,  ең  алдымен  қоғамдық  өндірістің  қазіргі 
сипатындағы  сұраныстарға  байланысты  болуы  керектігі  атап 
көрсетіледі. 
Кəсіптік-қолданбалы  дене  дайындығы  теориясының  негізін 
қалаушылардың  бірі  Б.И.  Загорский.  Ол  «кəсіптік-қолданбалы 
дене  дайындығына  арнайы  дене  тəрбиесінің  бір  түрі  ретінде 
жеке  тұлғаның  дене  қабілеттерімен  байланысты  психикалық 
қасиеттерін дамытуға, сонымен қатар, нақты еңбек жəне əскери 
қызмет  ерекшеліктеріне  қатысты  қозғалыс  біліктіліктері  мен 
дағдыларын қалыптастыруда қолданылады» деп баяндаған. 
Бұндай  тіркеспен  барлық  оқымыстылар  келісе  қойған  жоқ. 
Кейбір  авторлар  оқулықта  келтірілген  КҚДД  ұғымы  көптеген 
ерекшеліктерді  көрсете  қоймайды,  ол  адамның  кəсіби  жұмыс 
қабілетін  арттыру  үшін  ғана  жүргізіліп  қоймай,  сонымен  қатар 
кəсіби  оқытудың  тиімділігін  арттыру  үшін  де  жүргізіледі  деп 
көрсетті. 
В.И. Жолдак [11] өз жұмыстарында КҚДД процесінде жеке 
тұлғаның  болашақ  мамандығына  қатысты  əлеуметтік  сапалары 
мен қасиеттерін дамыту қажеттілігін атап көрсетеді.  
В.И. Ильинич КҚДД туралы басқа ұғымды ұсынады. Оның 
пікірінше,  кəсіптік-қолданбалы  дене  дайындығы  –  бұл  адамды 
белгілі  бір  кəсіптік  қызметке  дайындау  үшін  дене  шынықтыру 
жəне  спорт  құралдарын  арнайы  бағытта  жəне  таңдамалы  түрде 
пайдалану [12] . 
Р.Т.  Раевский  КҚДД  ұғымы  көп  сатылы,  кəсіпқой  жеке 
тұлғасының  дене  тəрбиесі  мен  қалыптастыру  жүйесімен 
байланысты күрделі ұғым екендігін атап көрсетті. Ол өз пікірін 


 
125 
былайша баяндайды: «КҚДД деп нақты мамандық қызметі үшін 
аса  үлкен  маңызға  ие  жеке  тұлғаның  сапалары  мен  қасиеттерін 
қалыптастыру  мен  жетілдіруді  қамтамасыз  ететін  дене 
тəрбиесінің кіші бір жүйесін айтамыз» [13, 18 б.]. 
«Кəсіптік-қолданбалы  дене  дайындығы»  ұғымымен  қатар 
дене  тəрбиесінің  практикасында  «кəсіптік-қолданбалы  дене 
шынықтыру» ұғымы да іске асырылады. 
«Кəсіптік-қолданбалы 
дене 
шынықтыру» 
ұғымы 
қолданбалылық  көзқарас  тұрғысынан  өзінің  тар  жəне  кең 
мағыналы ұғымы арқылы түсіндіріледі. 
Кең  мағынасында  «кəсіптік-қолданбалы  дене  шынықтыру» 
таңдаған  еңбек  қызметіне  қатысты  өмірлік  тəжірибеде  қолдану 
арқылы көрінетін субъектінің əлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан 
дене  қабілеттерін  дамыту  деңгейі  деп  түсіну  керек.  Осындай 
қолданбалылықтың 
негізінде 
ағзаның 
функциялық 
мүмкіндіктерін  интеграциялы  түрде арттыру  құралдары  ретінде 
жəне 
өмірлік 
маңызды 
қозғалыс 
біліктіліктері 
мен 
дағдыларының  бай  жеке  қорын  жасау  дене  шынықтыру 
факторларын құрайды. 
Дене  шынықтырудың  «қолданбалылықтың»  тар  мағынасы 
деп  таңдаған  кəсіптік  қызметтің  арнайы  дайындалу  процесіне 
жарамды  белгілі  бір  факторларды  практикалық  тұрғыдан 
мақсатты  түрде  пайдалана  білу.  Сондықтан  ол  «кəсіптік-
қолданбалы  дене  шынықтыру»  деп  аталады,  ал  өндіріс 
саласында  жұмыс  қабілеті  мен  оны  орындаушыларға  деген 
еңбектің  əсерің  тікелей  қолдану  үшін  -  «өндірістік  дене 
шынықтыру» [8, б. 44]. 
Осылайша, 
«кəсіптік-қолданбалы 
дене 
шынықтыру» 
біріншіден,  жеке  тұлға  мен  жалпыға  тəн  кəсіптік-қолданбалы 
жеке  тұлғалық  қасиеттердің,  сапалар  мен  функциялардың, 
екіншіден,  білім  берудің  барлық  кезеңдерінде  мамандық 
меңгеруге  жəне  кəсіби  қызметті  одан  əрі  жетілдіруге  қажетті 
қолданбалы 
дене, 
психофизиологиялық 
сапалар 
мен 
функциялар,  қозғалыс  біліктіліктері  мен  дағдылары  кешенін 
қалыптастырудың 
қоғамдық 
жəне 
жеке 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға жұмылдырылған. 
Дене тəрбиесін бүкілодақтық іске айналдыруда, адамдардың 
салауатты  тұрмысын  ұйымдастыруда  маңызды  орын  олардың 


жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   70




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау