Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі алматы қаласы білім басқармасы



жүктеу 277,27 Kb.
бет1/8
Дата03.02.2022
өлшемі277,27 Kb.
#35559
  1   2   3   4   5   6   7   8
Талдау. Отчет






ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ



«ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІКТІ ТАЛДАУ»

(тәжірибе атауы)

оқу тәжірибесінен

ЕСЕП
Тюпеева Сезім Ақылбекқызы

(оқушының аты-жөні, тегі)

Курсы: 2

Тобы: ЕжА 19К

Мамандығы 0518033 Экономист-бухгалтер

Біліктілігі 0518000 Есеп және аудит
Тәжірибеден өту аралығы: басталу «24» мамыр 2021 ж.

аяқталу «12» мамыр 2021 ж.

Жетекшінің қолы______________________
Қабылдаған оқытушы: Мұратбекқызы А.

(Аты-жөні, тегі)

Қорғаған бағасы «__» __________________

Қорғаған күні «12» мамыр 2021ж.


МАЗМҰНЫ


бет

КІРІСПЕ

3

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

3

1.1 Ұлттық экономиканың мәні мен ерекшелігі

4

1.2 Ұлттық экономика және қоғамдық өндіріс

10

1.3 Жалпы экономикалық тепе-теңдік

17

2 АРНАЙЫ БӨЛІМ

17

2.1 Макроэкономика және оның мәселелері.

22

2.2 Макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы сипаттамасы.

24

2.3 Ұлттық есеп жүйесі

26

ҚОРЫТЫНДЫ

28

ҚОСЫМША

29

Пайдаланылған әдебиеттер


31







КІРІСПЕ


Экономикалық теория да шаруашылық практикасы сияқты қоғамдық өнімнің әр қилы өлшемдерін пайдаланады. Бұл әр қилылық мына жайлармен байланысты: біріншіден, қоғамдық өнімді сипаттауға теориялық тұрғыдан жан-жақты қарау; екіншіден (бұл бірінші жағдайдан туындайды) статистикалық есептеудің сан алуан методологиясы, үшіншіден, қоғамдық өнім қозғалысының әр түрлі сатысы тиісінше макроэкономикалық көрсеткіштерді талап етеді.

Кеңес елінің саяси экономикасында материалдық өндіріс саласына жұмсалған еңбек қоғамдық өнімді өндіреді деп түсіндіріледі. Материалдық өндірісте тысқары қалғандар қайта бөлуден кейін қоғамдық өнімді тұтыну саласын құрайды. Демек, бұрынғы КСРО-да жиынтық өнім материалдық өндіріс саласы өнімдерінің қосындысы ретінде анықталды (өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығыныңжүк транспортының, байланыстың (материалдық өндіріске қызмет ететін бөлігі), материалдық-техникалық жабдықтау, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудың, сауда мен қоғамдық тамақтандырудың, металл қалдықтарын жинау мен дайындау, кинофильм өндірісінің, кітап және газеттерді баспадан шығару, отын дайындау т.б. салалары). Айналыс саласында өндіріс процесінің қорытындысын саудадан анықтау практикалық тұрғыдан мүмкін болмағандықтан КСРО статистикасында сауда толығымен өндірістік салаға жатқызылды, сөйтіп жалпы өнім мен ұлттық табысты есептеудің құрамдас бөлігіне айналды.

Материалдық өндіріс саласы материалдық игіліктерді өндіруші салаларды қамтитыны белгілі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс), сонымен қатар материалдық қызмет көрсету саласы (өнімдерді) тұтынушыларға жеткізуші транспорт пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, атап айтқанда, киім тігу мен жөндеу, киімді жуу, тазалау, радио және электрлік тұрмыс тауарларын жөндеу т.б.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ



1.1 Ұлттық экономиканың мәні мен ерекшелігі

Ұлттық экономика —қызметі көбінесе елдің экономикалық аумағында жүзеге асырылатын шаруашылық бірліктердің жиынтығы (үкімет‚ жеке тұлғалар‚ пайда алмайтын жекеше ұйымдар‚ кәсіпорындар‚ фирмалар‚ компаниялар‚ т.б.).

Ұлттық есепшіліктің халықаралық тәжірибесінде экономика аумақ санатына мыналар жатады: елдегі әкімшілік басқарудың еркін тауар-ақша айналысы жүзеге асырылатын аумағы; әуе кеңістігі‚ мемлекеттің балық аулауға‚ шикізат‚ отын өндіруге айрықша құқығы бар аумақтық су мен құрлықтық қайраң; шет елдегі “аумақтық анклавтар”‚ яғни елдің дипломатикалық‚ әскери‚ ғылыми және басқа мақсаттар үшін меншікті жалдау негізінде немесе сатып алу жолымен басқа мемлекеттерде пайдаланатын экономикалық аймақтары; кеден бақылауынан азат аймақтар — бұл аймақта сыртқы сауда мәмілесінің заты болып табылатын кез келген материалдық құндылықтар кеден бақылауына жатпайды және импорт баждары мен алымдары салынбайды.

Ұлттық экономиканың тепе-теңдікте қызмет етуі деп, барлық бір-бірімен байланысты нарықтарда сұраныс пен ұсыныстың тең болған жағдайы түсініледі. Түпкі өнімдер мен қызметтер нарығында тепе-теңдік жағдай орнағанын өндірушілердің табыстары барынша мол болғаны және тұтынушылардың сатып алған өнімдерінен барынша мол пайдаға ие болғаны сипаттайды. Өндіріс факторлары нарығында тепе-теңдік орнағанын осы нарыққа түскен өндірістік ресурстардың өзінің сатып алушысының табылғаны көрсетеді, ал сұранысты қалыптастыратын ресурстардың иелерінің шекті табысы, ұсынысты қалыптастыратын әр ресурстың шекті өніміне тең болады. Егер ақша нарығында ұсынылған ақша қаржыларының саны, оның өздерінде болғанын ұнататын адамдар мен кәсіпкерлердің сұранысына тең болса, онда осы ақша нарығында тепе-теңдік болғаны.

Жалпы экономикалық тепе-теңдік идеясы бұдан көп бұрын экономист-классиктердің назарын аударған. А.Смиттің айтуы бойынша, өндірушілер мен тұтынушылардың бір-біріне еркін әсер еткен жағдайында хаос орын алмайды. Бұл жағдайда индивидтердің жеке табыс көздеп жасайтын іс-әрекеттерінде экономикалық тәртіп орын алады. Осы болмыс баршаға қолайлы жалпы тепе-теңдікке жетуге мүмкіндік әкеледі. Жетілген бәсеке жағдайында жалпы тепе-теңдіктің болу мүмкіндігін тұңғыш дәлелдеген Л.Вальрас.

Микродәрежедегі жалпы экономикалық тепе-теңдіктің болуы, тауарлардың, қызметтердің және өндірістік ресурстардың әр түрлерінің сұранысы мен

ұсынысының тең болуымен байланысты, ал макроэкономикалық тепе-теңдік — жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңесуімен белгіленеді. Басқаша айтқанда, Вальрастың заңы бойынша, егер кейбір нарықтарда артық сұраныс болса, онда басқа нарықтарда осы көлемде артық ұсыныс болуға тиісті. Нәтижесінде, артық сұраныс пен артық ұсыныстың сомасы, қашан болмасын, нелге тең болады.

Вальрастың тепе-теңдігі жетілген бәсекенің болуын тілеп қана қоймайды. Осымен қатар, ол бағадан басқа сұраныс пен ұсыныс факторларының барлығының тұрақты болуын тілейді. Ал осындай шарттар нақты экономикада болуы нөлге тең деуге болады. Сондықтан жалпы тепе-теңдік жалт етіп тез өтетін, өткінші жағдай — бәсекелік экономиканың идеалдық болмысы деуге болады. Бірақ «қайшылықсыз әлемнің» осындай үлгісін зерттеу, бәсекелік экономиканы түсінуге жол ашады. Және осы мақсатқа жетуге нақты экономикалық ситуациядағы қандай тежеулер кедергі жасайтынын білуге мүмкіндік береді.

Экономикалық тепе-теңдікке жету әдістерін сипаттау үшін А.Маршаллдың неоклассикалық концепциясы кең қолданылады. Бұның мәні мынада: өндірушілер мен тұтынушылар өздерінің сату және сатып алу жоспарларын экономикалық конъюнктураның жағдайына үйлестіреді. Нәтижесінде, нарықтағы тепе-теңдік сұраныс бағасының ұсыныс бағасынан артып кетуінің әсері арқасында орнайды. Немесе, керісінше, ұсыныс бағасының сұраныс бағасынан артық болуының арқасында орнайды. Осындай артық болуларды есепке ала отырып, өндірушілер ұсыныс көлемін өсіреді, немесе төмендетеді.





жүктеу 277,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау