292
философияның көркем транскрипциялануы (айтылуы). Бұл – филосо-
фиялық түсініктердің ауыспалы мәнді этимологиясы: философия
тілінің өзіндік құрылымдық психоталдауы, симультандық (сахна
алаңында бір мезгілде барлық қажетті өрнектеу құралдарын орнатып
қою), деструкция мен реконструкция, бөлшектеу және құрастыру.
Деконструкция құрылымдарға назар аударуға, сонымен бірге
лингвистикалық, логоорталықтық, фоноорталықтық құрылымдардың
жіктелуі, бөлшектенуі үдерістеріне байланысты. Әңгіме бұзу, бүлдіру
туралы емес, әлдебір бүтіндіктің қалай жасалғанын жете түсіну үшін,
қайта құрудың қажет екені туралы болып отыр. Деконструкцияның
әрбір оқиғасы идиома
1
немесе қойылған қол сияқты жеке, жалаң. Дерри-
да деконструкциялық тәсілді ұясынан құлап қалған балапанына қауіп-
қатер төнбеуіне жан ұшырған құстың әрекетімен байланыстырады.
Деррида жазудың дыбысталған сөзден (логос) артықшылығына
сендіреді. «Граммотология туралы» атты кітабында ол ғұмыры сөзге
қарағанда ұзақтау және адамдармен тікелей болмаса да «араласуға»
(мысалы, Руссо кітабындағы «тығылып алып жазуды» жөн көретін
кейіпкер істегендей емес), мүмкіндік беретін жазбаша мәтіндердің
басымдығын дәлелдейді. Сөйлеуге дейінгі жазу, бұл, әрине, сөздің
меншікті және тар мағынасындағы жазу емес, бірақ «прото-жа-
зу» – қандай да бір бөлшектеу және артикуляция (дыбыс шығару)
мүмкіндігінің өзін ауыспалы мағынасында (метафора түрінде) белгілеу
сияқты жазуға жақын.
Деррида үшін философтың шынайы бейнесі – ол «философ-суретші»
(Ницшені нақ осы бейнеде болғаны үшін бағалаған). Оған керегі өзі
талдайтын мәтіндер емес: ол үшін маңыздысы – мәтіннің оқылуына
өзінің жеке көзқарасы, сондай-ақ ондай жұмыстың меншікті стилі,
жазудан өз мәнерінің танылуы, оның басқа мәнерлер мен стильдерге
ұқсамауы. Деконструкция сұрақтың айқын қойылуын талап етпейді
және ешқандай шешімдер ұсынбайды, бірақ «ол өзінің айқын да
мәнерлі әрекетін назар аударуға тұрарлық нысан етіп істейді».
Деррида, негізінде, «кез келген нәрсенің» философия үшін ма-
териал бола алатынын жақсы түсінген және осы мағынасында ол,
поэзиядағыдай, кез келген «қоқымнан» өсе береді. Бірақ бір мезгілде
деструкция шатасуға да келтіреді: деструкцияның поэзиядан
айырмашылығы – ол «түйежапырақ, алабота» сияқты өспейді, ол үшін
1
Идиома – мағынасы құрамындағы сөздердің мағынасынан шықпайтын фразеологиялық
оралым.
293
қатаң жеке тәртіп және тілмен жай ғана жұмыс емес, сонымен бірге
ойды білдіру құралы ретінде тілдің әрлендірілуі маңызды.
Дәл осы ой оның Парижде халықаралық философиялық колледж
құруына, яғни әдеттегідей (дәстүрлі) емес жұмыс істелетін, яғни
әдебиетпен, ғылыммен, саясатпен тікелей тоқайласқанда, философия
өзін жете түсінетін орын әзірлеуге түрткі болды.
Мына бір факт қызық көрінеді: Францияда мектепте философиялық
білім беру жүйесіне қауіп төнгенде, Деррида философияны қорғап
қалып, ол қауіпке лайықты тосқауыл ұйымдастырды.
Постмодернизмде суреттеу жоспарының, яғни қайтадан пай-
да болған нақтылық сипаттамасының және ой мен мәдениет
құндылықтарының қайта бағалануына байланысты пікірталастық
жоспардың рөлі үлкен болды. Тұтас шындық сөздерден алшақтап,
постмодернизм оны теріске шығарды. Суреттеу ғана мойындалды. Су-
реттеу жалғыз шындық ретінде құрылатын болды. Нақты шындық пен
қиял «виртуалдық», яғни нақты емес болмыспен астасып кеткен.
Француз постмодернистері Батыс метафизикасының логоцентриз-
міне, «фонетикалық жазу метафизикасына», адамға Әлемді тар,
шектеулі шеңберде көруді, білім мен билік арасындағы қатынасты
телитін Жаңа заманның кітаби мәдениетіне «шабуыл жасады».
Мысалы, М.Фуко картезиандық
1
ойдың «натурализмін»
2
,
аристотельдік логика заңдарының табиғат заңдарына айналуын,
«ақсүйек ауқатты еркектер ойының жалған рационалдық гегемония-
сын» (жетекшілік етуші басшылығын) теріске шығарды. Нормалардан
ауытқушылықты Жаңа заман: иррационалдық – ол ауру, әйелге тән
десе, ал терінің қара түсін жетілмегендік деп түсіндірді.
Фуко «басқаға» – зорлық-зомбылықтың нәзік формаларының
нысанына айналған «плебске»
3
қорған болды. Ал осыдан билік
мәселесіне деген ерекше, оның бүкіл шығармашылығы арқылы өткен
қызығушылық (оның ішінде жыныстық та) туып, Фуконың талдауын
жалғастырған сол заман феминизмінің негізіне алынды.
1
Картезиандық (лат. – cartesius, фр. – descartes – картезианство) – XVII- XVIII ғғ. филосо-
фия мен жаратылыстануда шыққан, теориялық бастауы француз философы Рене Декарттың
идеялары болған (оның латыншаланған аты – Картезий) бағыт.
2
Натурализм – әдебиет пен өнерде XIX ғасырдың екінші жартысында болған реализмнен
бөлек табиғат заңы мен қоғам заңдарының арасына теңдік белгі қоюшы, мазмұнды есепке
алмай, болмыстың сырт көрінісіне ғана мән беретін бағыт.
3
Плебс – лат. plebejus – жалпыхалықтық, plebeii, plebs – жай, қарапайым халық.
294
Постмодернизм туралы айтқанда, қысқаша болса да, мағынасы
жағынан постмодернизмге өте жақын болғанмен, кейбір өзгешелігі
де бар «постмодерн» ұғымына тоқталып өткен дұрыс сияқты, оның
үстіне, бүгінгі таңда постмодерн жаңа, неоавангардтық өнер мен
мәдениет теориясынан шығып, жалпыфилософиялық тұжырымдамаға
айналды.
«Постмодерн» терминін адам құлдырауының (декаданс – мәдени
кері кету) қорлаушы сипаттамасы ретінде «Еуропа мәдениетінің
тоқырауы» (1917) атты кітабында алғаш рет Р.Панвиц қолданды.
Қазіргі заманға сай мағынасында Екінші Дүниежүзілік соғыстан
кейінгі кезең мәдениетінің өзіне тән өзгешелігін белгілеу ретінде
Ч.Дженкстің «Постмодернизм сәулетінің тілі» (1975) кітабында 1960
жылдардың аяғы, 1970 жылдардың басында дүниеге келген сәулет
стилінің талғамсыздығын анықтау үшін пайда болды. Содан кейін бұл
термин бейнелеу өнеріне, әдебиетке, ал, ақыр соңында, Ж.Лиотардың
«Постмодерн ахуалы» (1979) атты еңбегінің жарыққа шығуы арқылы
философияға да таралды.
Сөйтіп, постмодернизм, тұтастай алғанда, бәрінен бұрын сәулет,
кинематография, хореография, көркем әдебиет және поэзияның бүкіл
бейнесін айтарлықтай өзгертті. Ол өнердің бұрын болмаған: попарт,
боди-арт, ленд-арт, инсталляция, перфоманс, хеппенинг сияқты жаңа
түрлерін дүниеге келтірді, бірақ ол кезде постмодернизм эстетика-
сы оған XX ғасырдың ірі философтарының тікелей ықпал етуімен
қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: |