ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет113/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   142

338

Екінші  мәселе:  әлеуметтік  факторлар  ғылыми  ізденістердің 

қарқыны мен бағыттарына ғана ықпал ете ме, әлде зерттеу әдістері мен 

олардың ғылыми нәтижелеріне де әсері бола ма? XX ғасырдың 70 жыл-

дарына дейін ғалымдар сұрақтың бірінші бөлігіне ғана оң жауап беріп 

келді  (жаратылыстану  қоғам  құндылықтарына  бейтарап  қарайды). 

Олар  әлеуметтік-гуманитарлық  пәндер  ғана  әртүрлі  таптардың, 

әлеуметтік  топтардың  мүдделері  мен  мақсаттарының  билігінде  бола-

ды деп санайды (Э.Дюркгейм, М.Вебер, Ю.Хабермас және басқалары). 

Алайда кейінгі онжылдықтарда жаратылыстанудағы ғылыми зерттеу-

лер мен заман құндылықтарының өзара байланысы байқалды (Т.Кун, 

П.Фейерабенд).  Соның  түйінінде  ғана  әр  кездері  ғылымда  болып  жа-

татын  сапалы  өзгерістерді,  сондай-ақ  ғалымдардың  ғылыми  револю-

циялар кезіндегі әртүрлі құндылық ұстанымдарын; сан түрлі ғылыми-

зерттеу бағдарламаларының бір-бірлерімен күресін түсінуге болатыны 

белгілі болды.

Алайда  бұл  жердегі  қиындық  ғылым  дамуында  нені  ішкі,  ал  нені 

сыртқы  факторлар  деп  санауға  болатындығында  жатыр.  Мысалы, 

К.Поппердің  пікірі  бойынша,  ғылымда  жаңа  заңдарды  ашу  ғылыми 

таным дамуының сыртқы факторы болса, ал Дж.Гилберт оларды ішкі 

фактор деп айқындайды. Бір ғалымдар әлеуметтік және психологиялық 

факторларды  ішкі  деп  санаса,  Т.Кун  мен  М.Полани  ішкі  факторлар 

деп  есептейді.  Егер  К.Поппер  фактілерді  ғылымның  кумулятивтік 

әсері бар дара құндылығы санаса, Т.Кун салыстырмалы құндық дейді, 

өйткені  олардың  мазмұны  зерттеудің  алдын  ала  берілген  үлгісімен 

айқындалады.  Бұл  жағдайды  «Қазаншының  еркі  бар,  қайдан  құлақ 

шығарса» деген қазақ мәтелі әбден дұрыс түсіндіреді.

Біздің: «Шындық қайда?» – деген заңды сұрақ қоюымызға болады 

ғой.

Шындық,  сірә,  әдеттегідей,  ортада  жатқан  сияқты.  Егер  қоғамда 



сұраныс  болмаса,  ғылыми  қауымдастық  орын  мен  уақыттың  нақты 

жағдайларында бір немесе басқа ғылыми мәселеге көңіл аудармауы да 

ықтимал. Әлбетте, ерте ме, кеш пе, бұл жаңалық ашылуы мүмкін, бірақ 

көрсетілген  уақытта  ол  «terra  incognito»  (игерілмеген,  бейтаныс  жер) 

болуы  да  мүмкін.  Әлеуметтік  сұраныс  және  тапсырыс  дегендердің 

мағынасы ғалымдардың осы бағыттағы ізденістері үшін түрткі себеп 

ретінде әрекет ететіндігі болса керек. Бірақ, екінші жағынан, егер бір 

немесе басқа ғылыми қауымдастықтың ғылыми жетістіктерінің деңгейі 

төмен күйінде қалса, онда ғылыми мәселенің шешімі де орындалмаған 

болып шығады. Бейнелі түрде айтқанда, ғылым жаңа идеяға «жүкті» 




339

болуға,  ал  оның  дүниеге  келуі  үшін,  қолайлы  әлеуметтік  жағдайлар 

жасалуға тиіс.

Ч.Дарвиннің  эволюциялық  теориясы  ғылымның  өркендеуі 

мәселелерін  жете  ойластыруда  ғылыми  революциялар  тұжырым-

дамасының  негізін  салушы  бола  отырып,  үлкен  рөл  атқарды,  өйткені 

өрлеу идеясы өркендеу идеясымен алмасты. Ал XX ғасырдың басын-

да жаратылыстануда орын алған тоқырау, жалпы, танымның ғылыми 

сипатына қатысты күмән келтіре отырып, бірқатар сұрақтар туғызды. 

Шындығында,  әлемнің  жүзжылдықтар  бойы  қалыптасқан  ғылыми 

бейнесінің  барлық  негіздері  өзгерсе,  қандай  ғылыми  таным  туралы 

сөз  болуы  мүмкін?  Әлемнің  Қайта  өрлеу  және  Жаңа  дәуір  алыпта-

ры  (Г.Галилей,  Н.Коперник)  құрған  механикалық  бейнесі  көз  алды-

мызда  күл-талқан  болды.  Жоғарыда  аталған  факторлардың  барлығы 

ғылымда ғылыми революциялар тұжырымдамаларының пайда болуы-

на  келтірді.  Оның  жете  ойластырылуына  американдық  ғалым  томас 



кун үлкен үлес қосты.

Т.Кунның  пікірі  бойынша,  ғылымның  дамуы  біркелкі  емес: 

белгілі  бір  уақыт  өткенде,  дамудың  біртіндеп,  қалыпты  келе  жатқан 

кезеңдері  оның  парадигмалық  негіздерінің  өзгеруіне  байланыс-

ты  күрт  революциялық  секірістерге  ауысады.  Неге  олай  болады? 

Мәселе  кез  келген  қалыпты  ғылымның  белгілі  бір  үлгілер  негізінде 

дамитындығында. Сол деп ғалым: барлық жерде бірдей қабылданған, аз 

уақытқа болса да, мәселелер мен олардың шешімдерінің парадигмасы 

солардан  қалыптасатын,  осы  салада  зерттеумен  айналысатындардың 

барлығының көңілінен шығатын ғылыми жетістіктерді түсінді. Оның 

үстіне, ғылыми парадигма (кейіннен бұл терминді ол «тәртіп үлгілері» 

деген ұғыммен ауыстырды) бәсекелестік күрес жағдайында, сондай-ақ 

қоғамның  бүкіл  әлеуметтік-мәдени  өмірінің  ықпалымен  қабылданды. 

Парадигма  ғылыми  зерттеулердің  негізгі  бағыттарын,  пайда  болған 

мәселелерді шешудің әдістері мен жолдарын айқындайды.

Алайда  уақыттың  әлдебір  кезеңінде  бар  фактілердің  аясын-

да  бұрын  алынған  жаңа  фактілердің  түсіндірілуінде  белгісіздік, 

қиындық  жағдайы  туады.  Ол  ғылыми  қауымдастықтың  бір  бөлігінің 

іс  жағдайына  қанағаттанбауына  әкеліп  соқтырады,  нәтижесінде, 

зерттеудің жаңа балама үлгілерін іздеу арқылы жеңуге болатын ғылым 

тоқырауы  орын  алады.  Бәсекелес  күресте  ғылыми  қауымдастықтың 

көпшілігі  үшін  қабылдауға  тұрарлық  болған  тұжырымдама  (ғылыми 

болжам,  идея)  жеңіске  жетеді;  содан  кейін  ол  зерттеудің  жаңа  пара-



340

дигмасына  айналады.  Нәтижесінде,  тоқырау  еңсеріліп,  ғылымның 

қалыпты дамуының жаңа кезеңі басталады.

Айтылғандарды  қорытындылай  келе,  ғылыми  таным  ғылыми 

қауымдастық  санасының  аясында  өзгереді  деп  тұжыруға  болады. 

Сонымен  бірге  ғылыми  танымның  мазмұны  сыртқы  объективтік 

шындықтың әсерімен қалыптасады.

Ғылыми  таным  диалектикалық  тұрғыда  дамиды,  демек,  өз 



дамуының  бағыттылығы  және  кері  дамымайтын,  бұрылмайтын  си-

паты  бар.  Лобачевскийдің  немесе  Риманның  геометриясының  Ев-

клидов  геометриясынан  бұрын  пайда  болғанын  көзге  елестету  қиын. 

Сонымен  қатар  қазіргі  заман  білімі  тұрғысынан  алғанда,  біз  Евкли-

дов  геометриясының  заттардың  кеңістіктік  сипатын  «қарапайым 

өлшеуде»  қарабайыр  екенін  түсінеміз.  Евклидов  геометриясы  бойын-

ша,  бір  нүктеден  екіншісіне  қарай  бір  ғана  параллель  сызық  жүргізе 

аламыз,  ал  үшбұрыштың  үш  бұрышының  қосындысы  180  градусқа 

тең.  Лобачевскийдің  геометриясы  бойынша,  бір  нүктеден  екіншісіне 

қарай бірнеше параллель сызық жүргізуге болады, ал үшбұрыштың үш 

бұрышының қосындысы 180 градустан кем. Ал Риманның геометрия-

сында – бәрі керісінше.

Бұл айтылғандар ғылымдағы секірістерді мойындаудың қажеттігін 

көрсетеді,  ал  секіріс,  жаңа  сапаға  өту  бар  жерде  –  даму  да  бар,  ол 

соңғыға терістеу ілесе жүреді, ол, өз кезегінде, өткен кезеңнен өмірге 

барша  бейімділікті  сақтап,  оны  жаңа  деңгейге  шығара  алады.  Онсыз 

дамудың жібі үзілген болар еді.

Біздің көзқарасымыз бойынша, ғылым дамуының қозғаушы күштері 

мәселесін  қарай  отырып,  интернализмді  де,  экстернализмді  де  қатар 

алып  жүру  керек.  Басымдықтар,  артықшылықтар  жайында  айтсақ, 

онда,  әлбетте,  әлеуметтік  сұраныс  ерте  ме,  кеш  пе,  міндетті  түрде 

әртүрлі  ғылыми  мәселелердің  шешілуіне  жеткізеді.  Ал,  ақырында, 

ұлы  Альберт  Эйнштейннің:  «Ғылым  ешқашан  да  аяқталған  кітап 

болмаған  және  болмайды  да.  Әрбір  маңызды  жетістік  жаңа  сұрақтар 

тудырады.  Уақыт  өте  келе,  кез  келген  даму  жаңа  және  тереңірек 

қиындықтар  тауып  отырады»,  –  деген  сөздерін  есте  сақтау  керек 

(«Симфония разума» кітабы бойынша дәйексөз. – М.; 1976. – 292-бет).



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау