ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет138/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   142

410

Тіпті  егер  адам  оқи  және  жаза  білсе  де,  ол  «қызмет  тұрғысынан  са-

уатсыз» болуы мүмкін, яғни компьютерлік бағдарламаларды білмейді 

және қазіргі заман ағымына сай құрылған кәсіпорындарда жұмыс істей 

алмайды.

Халықтың  денсаулығын  сақтау  да  адамзаттың  ғаламдық 

мәселесіне айналып отыр. Осы заманның ғылымы техникалық жетілу, 

қоршаған  ортаның  ластануы  және  халық  денсаулығының  нашарла-

уы  арасындағы  өзара  байланысты  анықтап  отыр.  Бұл  тұжырымның 

дәлелі ретінде «өркениет аурулары» деп аталатын: қатерлі ісік, жүрек-

қан тамырлары ауруларын, бүйрек пен бауыр ауруларын, СПИД және 

басқаларын атауға болады. Егер дамыған елдерде тамақты артық жеу, 

семіздік,  аз  қозғалу,  араққұмарлық  пен  шылым  шегу  үлкен  мәселе 

болса,  ал  дамушы  елдердің  қиын  мәселесіне  азық-түлік  сапасының 

төмендігі,  таза  ауызсудың  аздығы,  «әлеуметтік  аурулар»  деген  ат 

алған  туберкулез,  трахома  (жұқпалы  көз  ауруы),  безгек  және  т.б.  ау-

рулар  жатады.  Жаһандану  миллиондаған  адамның  бір  континенттен 

екіншісіне  көшуіне  жеткізсе,  ал  бұл  жұқпалы  аурулардың  таралуына 

себеп болады.

Адамзаттың  ғаламдық  мәселелерін  шешу  жолдарын  зерттеу-

де,  негізінен,  екі:  технооптимистік  (болашақ  керемет  дейтін)  және 

технопессимистік (болашақ қасіретті дейтін) бағыт қалыптасқан.

Технооптимистік  идеялар  өз  шыңына  XX  ғасырдың  60  жылдары 

шықты.  Сол  уақытта  өндірісте  ғылыми-техникалық  революцияның 

жетістіктері кең пайдаланыла бастады. Дж.Гелбрайт, Р.Арон және басқа 

ғалымдар ғылым мен техниканың дамуы бұқара халыққа қажетті та-

уарлар мен қызметтердің нарығын тудыратынын және болашақта жер 

бетіндегі барлық халықтарға бақытты да ауқатты өмір әкелетінін айта 

бастады.  80  жылдары  Д.Бэлл,  Ж.Фурастье,  А.Тофлер  және  басқалары 

ғылымның  қоғамдағы  тікелей  өндіргіш  күштерге  айналғанына, 

ал  болашақта  оның  адамзаттың  барлық  жинақталған  мәселелерін 

шешетініне сендірді.

Бірақ  көп  ұзамай,  ғылыми-техникалық  революцияның  (ҒТР) 

көлеңкелі  тұстары  да  айқындала  бастады.  Экологиялық  тоқырау 

бірқатар елдерді тұралатты, табиғи ресурстардың шектеулі екені белгілі 

болды,  дамыған  және  дамушы  елдер  арасындағы  қайшылық  өрши  

бастады. Осы жағдайлардың барлығы технопессимистік көзқарастарды 

тудырмай қоймады.

Технопессимизм 

(Г.Маркузе, 

К.Лоренц, 

Д.Гудмен 

және 


басқалары)  осы  заман  қоғамының  адамдарды  техниканың  құлдарына 


411

айналдырғанына  сендіреді.  К.Лоренц  ҒТР  миллиондаған  адамды 

мыңжылдықтар  бойы  өмір  сүрген  табиғат  аясынан  жұлып  алып,  «аң 

тұмсығы  өтпейтін  тас  ормандарға»  лақтырып  тастағанын  айтады.  Ірі 

қалалардағы  тар  пәтерлерде  зерігумен  өмір  сүріп,  адамдар  жылдар 

бойы табиғат аясына шыға алмайды.

Автоматтар адамдарды ауыр дене еңбегінен құтқарғанмен, олардың 

жүйке  жүйесіне  күш  түсірді,  соның  кесірінен  адамдар  әртүрлі  дәрі-

дәрмектер  пайдалануға  мәжбүр  болады.  Материалдық  қиындықсыз 

өмір  адамды  күшті  сезімдерден  айырып,  зерігуге  жеткізеді. 

Нәтижесінде,  адам  есірткіге  әуестене  бастайды...  Технопессимистер 

тұтынудың  тәндік-сезімдік  бағдарынан  бас  тартуға  және  жаңа  өмір 

бағдарламасын құруға үндейді.

Батыстың ірі ғалымдары 1968 жылы «Рим клубын» құрып, қазіргі 

заманның ғаламдық мәселелерін зерттей бастады. 1972 жылы әлемдік 

қоғамдық  пікірге  «жарылған  бомбадай»  әсер  еткен  «Жетілудің  шегі» 

(«The  Limit  of  Growth»)  деп  аталатын  елеулі  еңбек  дүниеге  келді. 

Кітаптың  негізгі  идеясы  –  жер  байлықтарының  шектеулілігі,  жаңа 

өндірістерді құруды тежеу қажеттігі, олай болмаса климаттың өзгеріп, 

экологиялық  апаттың  орын  алатыны.  А.Печчеи  адамзатқа  бүгінгі 

таңда  жетпейтіні  материалдық  игіліктер  емес,  руханилық,  әсіресе 

адамшылық екенін айтқан-ды. Орыс ойшылы Н.Моисеев XX ғасырдың 

адамзатқа ескерту жасағанын баса көрсеткен-ді.

Егер  XXI  ғасырда  адамзат  оған  құлақ  аспаса,  онда  жер 

бетіндегілерді, мүмкін, құрып кету қаупі күтіп тұрған шығар. 

Ондай  алаңдаушылықтарды  туғызатын  себептер  жеткілікті. 

Ағылшын публицисі, лорд Г.К.Честертон айтқандай, «адамды байлық 

аздырады». Өкінішке қарай, материалдық игіліктердің артуы әрдайым 

рухани  игіліктің  де  артуына  жеткізе  бермейді.  Көп  жағдайларда  ол 

рухани-адамгершілік  тұрғыда  құлдырауға  әкеліп  соқтырады.  Бүгінгі 

күні ол болып та жатыр.

Адамзат бұл қарама-қайшылықты шеше алар ма екен? Оны болашақ 

көрсетер.



412

ҚОРытынДы

Міне,  біз  оқу  құралымыздың  соңғы  бетін  де  жаптық.  Өкінішке 

қарай,  кітап  көлемінің  баспа  белгілеген  қатаң  шектері  оған  әлі  де 

айтқымыз келетін мәселелердің көпшілігін енгізуге мүмкіндік бермеді.

Өне бойы өзімізді шектеуге тура келгеніне сенуіңізге болады.

Мүмкін,  ойлаған  мақсаттарымыздың  барлығына  бірдей  жете 

алмаған шығармыз.

Бірақ сіздердің – болашақ ғалымдардың, жоғары оқу орындарының 

оқытушыларының, ең жоғары білікті мамандардың жан-жүректерінде 

ғылым  тарихы  мен  философиясына  деген  қызығушылық  ұшқынын 

жарқ  еткізе    алғанымызға  сенгіміз  келеді.  Ал  сіздер  таным  жолында  

тоқтап қалмайсыздар.

Осыған қатысты  француз астрономы, математик және физик Пьер 

Симон  Лапластың  айтқаны  естеріңізде  ме?  Жоқ?  Онда  есіңізге  сала-

мыз. Ол: «Біздің білетініміз – шектеулі ғана нәрсе, ал білмейтініміз – 

шексіз», – деген.

Сөздің толық мағынасында білімді болу үшін, Н.Г.Чернышевскийдің 

сөзі  бойынша,  көп  нәрсе  керек  те  емес,  керегі:  «Үш  қасиет  –  жан-

жақты  білім,  ойлай  білу  дағдысы  және  сезімдердің  ізгілігі».  Егер 

сіздер,  оқырмандар,  өздеріңіз  үшін  маңызды  ғылыми  зерттеулерге 

бағыттайтын  адам  өркениетінің  қандай  да  бір  жаңа  қабаттарын  аша 

алсаңыздар, біз, өз тарапымыздан,  терең қанағаттану сезіміне бөленер 

едік. 

«Мен  қолымнан  келгенін  істедім,  кімнің  қолынан  келсе,    енді  сол 



жақсырақ  істесін»,  –  деген  латын  тіліндегі  нақыл  ізденушілер  мен 

өнертапқыштарға,  адамзат  игілігі  үшін  техниканың  дамуына  үлес 

қосқан  адамдарға  тағайындалған  медальдарға  ойылып  жазылған. 

Уақыт  өте  келе,  сол  жоғары  марапаттың    біздің  Отанымыздың 

гүлдене  өркендеуі  жолындағы  сіздің  де  сіңірген  еңбегіңізді  көрсетіп, 

жарқырауына шын жүректен тілектеспіз.




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау